4.2. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі
Теориялық бөлімінде зерттеуддің теориялық алғы шарттары суреттеледі, мәселеге қатысты ғылыми дерекке қысқаша шолу жасалады,жұмыста қолданылатын терминдерге анықтама беріледі, ғылыми деректің талдауы негізінде зерттеудің зерделенген деңгейі дәлелденеді, зерттелетін көзқарас мәселесіне қатысты сынды талдау жасалады, осы көзқарастарға деген өзінің пікірін дәлелдейді, сол негізде қандай да бір ғылыми гипотеза ұсынылады.
Негізгі бөлімнің тарауларының мазмұны жұмыс тақырыбымен тоық сәйкес болуы керек және оы толығымен ашу керек. Мазмұны зерттеушінің жинақталған материалды қысқаша, қисынды және аргументті баяндай білетіндігін көрсетуі керек.
Қолданбалы (тәжірибелік–зерттеу) бөлігінде өткізілген зерттеудің сипаттамасы, алынған ақпараттардың талдауы мен интерпретациясы көрсетіледі. Материалдың баяндама жағына аса көңіл аудару қажет: сипатталу қисындылығы, жүйелілігі, қарапайымылығы мен қысқалығы, толықтылығы мен дәлелділігі.
Автор өзінің ғылыми гипотезасының дәлелдеп шығуы керек, өткізілген зерттеуден алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдану мүмкіншілігін жинақтап, қорытады.
4.3. Қорытындыда автормен жасалған жұмыс қорытылады, тиісті тұжырымдамалар жасалады, жұмыстың тәжірибелік және теориялық маңыздылығы дәлелденеді, мәселені ары қарай зерттеу белгіленеді.
4.4. Пайдаланылған дерек тізімі студенттің қарастырылып отырған негізгі ғылыми-теориялық жұмысымен қаншалықты кең көлемде танысқандығын куәландыруы керек. Тізімге жұмыста цитатталған әдебиет қана емес, студентпен осы мәселе бойынша оқылып, зереленген барлық деректер енгізіледі.
Пайдаланылған дерек тізімі Б Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
4.5. Қосымшада курстық жұмыстың (жобаның) негізгі мазмұнын толықтыратын материалдал көрсетіледі. Қосымшалар жеке парақтарда рәсімделеді және бас әріптермен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |