Лекция №2 Лекция тақырыбы: Модель. Модельдеу. Модельдердің классификациялануы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата19.01.2023
өлшемі360,49 Kb.
#165944
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №2 ФКА 1502-19 1510-19



Лекция № 2 
Лекция тақырыбы:
Модель. Модельдеу. Модельдердің классификациялануы. 
Жоспары:
2.1. Модельдеу жайында жалпы мағлұмат. 
2.2. Модельдердің классификациялануы. 
Модель дегеніміз
- нақты объектіні, процессті немесе құбылысты 
ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. 
Модельдеу
– объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу 
мақсатында олардың моделін (макетін) құру. 
Біздің өміріміздегі модельдер: 
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы 
мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін 
прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель 
жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип 
жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық 
арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз 
білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол 
қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен 
танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, 
ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған 
моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен 
ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта 
жаңарту болып табылады. 
Түпнұсқа және модельдер: 
Бір түпнұсқаға бірнеше модельдер сәйкес келуі мүмкін. Модельдерді 
қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді: 
1. Қолдану аймағы. 
2. Модельде уақыт факторын ескеру. 
3. Білім саласына қарай топтау. 
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау. 
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа 
қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, 
ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі. 
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, 
үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін. 
Тәжірбиелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте 
майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. 
Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды 
зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың 
жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы 
құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады. 


Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар 
жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға
жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда 
психологиялық көмек көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет