Лекция: 30 сағ. СӨЖ: 30 сағ. ОбсөЖ 30 сағ. Барлық сағат: 90 сағ. Қорытынды бақылау: емтихан іvсеместр



бет8/14
Дата20.06.2018
өлшемі1,43 Mb.
#43939
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Қарастырылатын мәселелер.


1. Қазақ этнопедагогикасының методологиялық мәселері.

2. Қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетпен сабақтастығы


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. C.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы Алматы 2003.

  2. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2001.

  3. Қ.Жарықбаев С.Қалиев Қазақ тәлім – тәрбиесі Алматы 1995

  4. Г.Н.Волков. Этнопедагогика. Чебоксары 1974

  5. Г.С. Виноградов. Народная педагогика. Иркутск 1926.

Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасының методологиялық мәчселері жөніндегі түсініктерін нығайту.

Тірек ұғымдары: Методология, этнопедагогика, бағдарлама, халықтық ғылым.

1. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.


Қазақ этнопедагогикасы — 20 ғасырдың соңында қалыптасқан қолданылмалы ғылым. Этнопедагогика — жалпы педагогиканың бастау негізі, қозғаушы, түрткі түбі болғанымен, оның ғылыми-теориялық болмысы айқындалып, тұғырлы ойлар тұжырымдалған соң ғана, бұл ғылымның методологиялық (әдіснамалық) мәселелерін сараптап айтуға мүмкіндік бар.

Қазақ этнопедагогикасы — ғасырлар бойы халық қалыптастырған мәдени мұра, халықтық ғылым болып табылады. Зерттеушілердің міндеті — сол қасиетті ғылымды жүйелеп, сапасын саралап көрсету.

Этнопедагогика этностық ғылым. "этнос" ұғымы "белгілі бір жүйеге негізделген топ. Қазақ халқының ұлттық болмысы ерекшеленіп, тәлім – тәрбиелік негіздері қалыптасқандығын айқындайтын оның ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, жазу мәдениеті ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға негіз бола алады.

Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазактың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктері, сол ұлтгық тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты.

Ұлттық салт-сананың калыптасуының екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп (этика, этника) болып қалыптасады. Бұл — халықтың рухани өміріндегі мәдени іргенегіз болып табылады.

Қазақ -халқының ұлттық (этностық) ерекшеліктеріне сәйкес калыптасқан этнопедагогика ғылымының негізі — халық педагогикасы.

Этнопедагогика—- ұлттық тәлім-тәрбиенін қайнар бастауынан бастап, осы уақытка дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым. Ал ұлттық тәлім-тәрбиенің түпкі негіздері сол ұлттың ұлт болып калыптасуына дейін бастау алып, ұлтгық қасиеттерге сәйкес дамып, қалыптас

Қазақ халқының ұлттык тәрбие бастау негіздері сақтар империясы кезінде (біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар), ғұндар дәуірінен (б.д.д. III, біздің ғасырымыздың І-ІІ ғасырлары) басталады. Ғұн империясының құрамына енген сол кездегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпаларының этностық болмыстары бір-біріне кірігіп, өз ерешеліктерін қальштастырғанын тарихи дәлелдер айқын-дайды. Ғұ көсемі Атилла (Еділ) бастаған қалың қолдың ерлігін сипаттайтын жырлар, аңыз әнгімелер кейінгі батырлар жырларымен, аңыздарымен арқауласып, этнопедагогиканың халық педагогикасы деп аталатын негізгі саласын құрайтын ауыз әдебиетінің қайнар көзі болып табылады.

Ұлы Тїркі қағанаты (VІ-ІХ ғғ.) уақтысынан бастап казақтың тәлім-тәрбиедегі этностық ерекшеліктері айқын көріне бастады. Орхон-Енисей бойынан табылған тас жазулары ұлтымыздың арғы тегіндегі жазу мәдениетінің белгілерін ғана көрсетіп қоймай, Білгеқаған, Күлтегін батырлар мен ақылгөй Тоныкөктің сөздері арқылы казіргі қазақтың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі үлгілерінің қайнар көзін байқаймыз.

Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр кешкен ақын, ірі сазгер, небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Яғни, этнопедагогиканың негізгі саласы халық педагогикасы болса, сол халық педагогикасының арқауы — ауыз әдебиеті, жазу әдебиеті (қолтаңбалық көшірмелер болса да) ұлттық тәрбиенің басты құралы болғандығын айқындайды.

ІХ-Х ғасырларда Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территориясына үстемдік жїргізуіне байланысты казақгың халық, педагогикасына араб мәдениеті ерекше әсер етті. ХІ-ХІІ ғасырда казақ жерінде тїркі тілінде (яғни, қазақ тілінің түпкі негізінде) жазылған шығармалар ұлттық тәрбиенің құнды құралдары болды ("Диуани Хикмет", "Құтадғубілік", т.б.). Казақ халқының сол кездегі ғұлама ғалымдары Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Жїсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар МырзаДулати ұлттық тәлім-тәрбие мен білім беру, халықты кемелдендіру мақсаттарын орындау жолдарын көрсетіп берді.

Ұлттык білім беру ісі мен ұлттық тәрбие ісін ғұламалар жалпы адамзатгық іс деп қарады. Әлемнің Екінші ұстазы аталған Әл-Фараби "тәрбиесіз білім — адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті... Білім беру мен тәрбиелеу — біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып кұра білді.

ХІІІ-ХV ғасырларда монғол шапқыншылығы, Алтын Орданың ыдырауы кезінде қазақ жерінде болған зобалаң ұлттық тәрбие мен ұлттық білім беру ісіне тосқауыл болды.

XV ғасырдан бастап "қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес косқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар... жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен, өлең -жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып" халықгық педагогиканың жыр, шешендік сөздер, өнеге, өсиет түрлерін ұлттық тәрбиенің басты құралдары етіп ұсынды. Ақын-жыраулар мен билердің, шешендердің өсиеттері, өнегелері, халықгың ауыз әдебиеті мен ұлттық әдебі, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ұлттық тәрбиенің нағыз мектебі болды.

XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін Ресейдің бодандығында болу — қазақ халкының ұлттық тәрбиесіне, ұлттық білім беру ісіне кесір-кедергілерін тигізгенімен, халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлер) дамып, қалыптаса берді. Ақын халыктың ауыз әдебиеті дамып, қалыптасып, қазақ ұлтының өз мәдениетінің, рухани мұрасының сәулетін көрсетті.

XIX ғасырда Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов ұлттық тәрбие беріп, мәдениетті дамыту ұлтгық білім берумен байланысты екенін дәлелдеп, оку-білімге шақырды, мектептер ашты.

XX ғырдың басында Ахмет Байтұрсынов, Жїсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін қалады. Сөйтіп этнопедагогика ғылымының негізгі тіректері жасалынды. XX ғасыр соңында қазақ этнопедагогикасының ғылым болып калыптасып, пән болып оқытылуына жол ашылды.

Казақ этнопедагогикасының негізгі ерекшеліктері: халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері) жан-жақты, қарымды қалыптасқан, ұлттық педагогикалық ойлар тарихының материалы бай.

Этнопедагогика — ғасырлар бойы қалыптасып, одан әрі қарай дамып, келешекте кемелдене беретін ғылым. Оның философиялық, дүниетанымдық, мәдениеттанымдык, тәрбиелік мәнін жан-жақты терең зерттеп, ғылыми жүйесін салалап, сараптап пайдалану ісі аса жауапкершілік пен кажырлы ғылыми еңбектерге байланысты.

2. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ¥ЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТПЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті — тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Этнопедагогика — ұлттың мәдени мұрасы, тербие негіздер.

Қазақтың ұлтгық тәрбие негіздері (халық педагогикасы) ең әуелі дүниетанытуды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықгарын үйретуді көздейді.

Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) — ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуатты-лығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.

Мәдениеттің өмірдегі көрінісі — ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет — тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп, адамдығын қалыптастырады.

Ұлттық салт-сана сол ұлтгың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді.

Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық, мейірімділік, кайырымдылық сиякты мәдени көріністерін табады.

Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі — сәлемдесу. Сәлем — әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі.

¥лттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді.

Халық отбасынан кейінгі сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондыктан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйренумен қатар, ұстазбен мәдениетті түрде қарым-катынас жасай білуге міндетті.

Қазақтың ұлттық; имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері — ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады.

Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор.

Ер намысы, қыз абыройы — қазақ халкының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуте міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу — міндет.

Ұлтық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді. Этнопедагогика пәнін оқытудың негізгі бір мақсаты — ұлттық мәдени мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп, оның тәрбиелік қолданылмалы тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады.
15 тақырып

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ САХНА АРҚЫЛЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Эпостық шығармаларды мектеп сақнасында лайықтап көрсету жолдары.

2. Батырлық жырларды оқыту кезінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

3. Этнопедагогикалықшығармаларды пайдаланудың сахналық әдістері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


1. C.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы Алматы 2003.

  1. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2001.

  2. Қ.Жарықбаев С.Қалиев Қазақ тәлім – тәрбиесі Алматы 1995

  3. Г.Н.Волков. Этнопедагогика. Чебоксары 1974

  4. Г.С. Виноградов. Народная педагогика. Иркутск 1926.

Мақсаты: эпостық шығармаларды сахналауды үйрету

Тірек ұғымдары: Ұлттық тәрбие, сахна, эпостық шығарма, эпостық шығарма, қойылым
1. Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында лайықтап көрсету жолдары.

Эпостық шығармалар (батырлық, ғашықтық жырлар) эстетикалық ерекшеліктеріне қарай, театрлық сахналардан және экрандардан орын алды.

Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында көрсету - ойланып – толғануды, шеберлік пен білімді, өнерді талап ететін күрделі проблема.

Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында көрсету- оқу тәрбие жұмыстары үшін, өте қажет нәрсе. Өйткені эпостық шығармалардың оқу – тәрбиеллік мәні ерекше орындалады. Эпостық шығармаларды мектеп сахнасында көрсету үшін не істеу керек: ол үшін сол эпостық шығармаларды (батырлық жырлар мен ғашықтық жырларды) мектеп жағдайына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ықшамдап, ыңғайлап, дайындай білу керек.

Мектеп сахнасында эпостық шығармаларды үлкен фонада көрсетуге мүмкіндік жоқ, сондықтан оларды сахнада көрсетудің мына төмендегіше түрлерін қолдану керек: 1. Эпостық шығармалардың үзінділерін жатқа, көркемдеп орындау. 2. Эпостық шығармалардың диалогы менүзінділерін ролдерге бөліп жаттап, декорация құрып эпизодтық көрініс ретінде көрсету. 3 Эпостық шығармалардың үзінділерін белгілі бір тақырыпқа іріктеп жаттап, көркемдеп орындау (әдеби монтаж). 4. Эпостық шығарманың ықшамдалған инсценировкасын сахнада қою. 5. Қуыршақ театры арқылы эпостық шығарманың толық инсценировкасын көрсету.

Мектеп сахнаксында эпостық шығармалардың этикалық, эстетикалық, тарнихи мәнін тереңірек көрсету үшін тақырыптық инсценировканы қуыршақ театры арқылы мектептерде көрсету қолайлы. Мектепте эпостық шығармалардың инсценировкаларын толық түрде және үзінді ретінде қуыршақ театры арқылы эпостық шығарманың толық инсцерировкасын көрсету.

Мектеп сахнасында эпостық шығармалардың этикалық, эстетикалық, тарихи мәнін тереңірек көрсету үшін тақырыптық инсценировканы қуыршақ театры арқылы көрсету мектептерде қолайлы. Қуыршақ театры балалар үшін қызықты. Мысалы: «Қобыланды батыр »жырынан Қобыландының мергендігін, ал «Алпамыс батыр» эпосының инсценировкасын толық түрде қуыршақ театры көрсете алады. Қуыршақ театры арқылы кейіпкерлердің өздерін сөйлетіп, әдеби монтажда көрсету ұйымдастырылады.

2. Батырлық жырларды оқыту кезінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

Әдеби кеш. Әдеби кешті өткізу үшін, оқытушы күні бұрын дайындық жұмыстарын ұйымдастырады (кештің жоспарын, көркемдігін, мақсатын, қорытындылау т.б.).

Сәулелі сабақ. Әрбір эпостық шығарма оқылып болған соң, сол эпостық шығарманың мазмұнына сәйкес сәулелі сабақ ұйымдастырылады. Сәулелі сабақта эпосты оқыту кезінде қолданылған көрнекіліктерді тізбелеп құраған диафильм, эпидоскоп арқылы әртүрлі иллюстрациялар т.б. көрсетіледі талданады.

Дыбыстық талдау. Дыбыстық талдау көбінесе тексті көркемдеп оқу кезінде ұйымдастырылады. Дыбыстық талдау сабағында көркемдеп оқудың үлгісі тыңдалады, оқушылардың көркемдеп оқу үлгілері талданады, эпостық шығарманы орындаушының сөзі, эпостық шығармалар бойынша жазылған опералық, драмалық шығармалардан ариялар, күйлер, драмалық үзінділер тыңдалып талқыланады.

Әдеби газет. Әдебиет үйірмесінің газеті баитырлық жырлар бойынша өтілетін әрбір кештің алдында, сол кештің тақырыбына байланысты шығарылады. Әдеби газеттің көркем және мазмұнды шығуына оқытушы тікелей басшылық етеді.

Инсценировка. Батырлық жырларда драматизм басым екендігін білеміз. Эпостық шығармалар инсценировка жасауға өте қолайлы.

Инсценировка ұйымдастыруда оқытушы мектептің драма үйірмесімен артистермен байланыс жасайды.



Кино. Қазақтың батырлық жырларын экранға түсіру қажет – ақ. Егер кинофильм болса, сынып бойынша киноны топталып көруді ұйымдастырып, соңынан пікірлесу ретінде әңгіме өткізіп, оқушылардың пікірлерін қорытады.

Пікірлесу. Оқытушы жырды оқыту кезінде бұрынғы оқиғаларды қазіргі оқиғалармен, бұрынғы ерліктергі қазіргі ерліктермен бұрынғы эпоспен қазіргі эпосты салыстыра талдайтын, жырдағы кейбір кейіпкерлер туралы пікірлерді талдайтын пікірлесуді ұйымдастырады.

Оқушылар конференциясы. Әсіресе сыныптан тыс оқылатын эпостық шығармалар бойынша оқушылар конференциясы өткізіледі. Оқушылар конференциясының тақырыбы, жоспары күні бұрын хабарланып, баяндамашылар мен сөйлеушілер дайындығы ұйымдастырылады.

Театр. Оқушыларға арналған пъесаны, операны мүмкіндігі болғанша, оқушылардың ұйымдасып көруіне оқытушы басшылық етеді. Соңынан оқушылар көрген театр бойынша талдау әңгіме өткізіледі.

Экскурсия. Жергілікті жағдайға байланысты эпостық шығармаларда аталған географиялық деректерге, тарихи орындарға, театрға, музейге оқушылардың экскурсиясы ұйымдастырылады.

3. Этнопедагогикалықшығармаларды пайдаланудың сахналық әдістері.

Оқыту әдістемесін былайша топтауға болады: өлең шумақтарын оқушыларға жаттату әдістері; сюжетті өлеңнің инсценировкасы мен мерекелік және тақырыптық кештерге арналған сценарийлерді сахнаға дайындау жолдары; ән мен тексті жаттату әдістері; жұмбақ, жаңылтпаш т.б. поэзиялық шығармаларды сахнада оқушыларға айтыс түрінде айтқызу тәсілдері; қысқа көріністерді сахнаға қою әдістері; оқушылардың көркем творчестволық шығармаларын сахнаға дайындап, оқушылар конференциясы мен айтыстарға сахнаны пайдалана білу жолдары.

Оқушыларға жеке өлең жолдарын жаттату үшін мұғалім әуелі көркем поэзиялық шығарманы таңдайды, содан кейін сабақта немесе сабақтан тыс кезде оқушыларға көркем сөзді жатқа айтудың үлгісін тыңдатып, дәл үлгідегідей орындауды оқушылардан талап етеді. Бұл істе мұғалім оқу – тәрбие жұмыстарының жоспары мен бағдарламасына сүйенеді, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескереді.

Сахналық қойылымдарды дайындау кезінде мұғалімдер мен тәрбиешілерге мынадай педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі; тақырып таңдау, тақпақ және өлең жолдарын іріктеп табу, тзалды әдеби безендіру, эвристикалық әңгіме, пікір алысу.

Сахзнаны безендіру, қажет заттарды дайындау, техникалық құралдардың керектілерін дер кезінде әзірлеу жұмыстарын мұғалімдер мен тәрбиешілердің басшылығымен оқушылар атқарады.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

1. C.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы Алматы 2003.

2. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2001.

3. Қ.Жарықбаев С.Қалиев Қазақ тәлім – тәрбиесі Алматы 1995

Қосымша:

4. Ж.Б Қоянбаев. Р.М.Қоянбаев Педагогика Астана 1998ж.

5. А.Жүнісов Бабалар дәстүрі Алматы 1992.

6.Б.А. Ақназаров. Сынып жетекшісі. Алматы-1980ж.

7. С. А. Ұзақбаева. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі.

Алматы-1990ж.

8. А. Ақшораев. Тоғыз құмалақ . Алматы-1979ж.

9. А. Асарбаев. Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие

жұмыстарына пайдалану. Алматы-1993ж.

10. Е.Сағындықұлы. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы1992ж.

11. Қ.Қ.Ж.Қожахметова. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми

және теориялық мәселелері Алматы 1998.

12. М.Тілеужанов. Халық тағлымы. Алматы 1996

13. К.Б.Сейдалиев. Тәрбие теориясы. Алматы 1986

14. Ә.Табылдиев. Қазақ халық педагогикасы және тәрбие. Алматы 1992.

15. Қ. Бержанов. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. Алматы 1991.

16. Ә.Жұмақанов. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір

мәселері. Алматы 1985.

17. Р.К.Тілеубеков. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы 1991

18. Н.Елікбаев. Ұлттық психология. Алматы 1992.

19. Н.Айғабылова. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары

Алматы 1972.

20. И.А.Кайров. Адамгершілікке тәрбиелеудің әліппесі. Алматы 1998

21.Е.Әбдіразақов. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. Шымкент 1994.

22. И.С. Марьенко. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез – құлық

мәдениетіне тәрбиелеу. Алматы 1987

23. Ғ.Айдаров. Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы 1990

24. Б.Адамбаев . Шешендік өнер, Халық даналығы, Қазақтардың шешендік

өнері. Алматы 1993

25. М.Ақынжанов. Қазақтың тегі туралы. Алматы 1956.

26. М.Әлімбаев. Халық – ғажап тәлімгер. Алматы 1994.

27. А.Байтұрсынов. Ақжол. Өлеңдер мен тәржімелер. Мақалалар, әдеби

зерттеулер. Алматы 1991.

28. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы 1986.

29. Г.Н.Волков. Этнопедагогика. Чебоксары 1974

30. Г.С. Виноградов. Народная педагогика. Иркутск 1926.

31. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы 1971.

32. Х.Досмұқамедов. Аламан. Алматы 1991.

33. Ә.Диваев. Тарту. Алматы 1992.

34. М.Х.Дулати. Көне дәуір мұралары. Алматы 1960.

35. Ә. Жиреншин. Қазақ кітаптарының тарихынан. Алматы 1971.

36. М.Жолдасбеков. Асыл арналар. Алматы 1986

37. Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев. Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбие

атауларының түсіндірмелі сөздігі. Алматы 1993.

38. С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы

1987


39. С.Қалиев. XV – XIX ғғ. Ақын – жыраулар поэзиясындағы педагогикалық

ойлар. Алматы 1990

40. С.Қалиев. К.Аюбаев. Европа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы

ойлары. Алматы 1992

41. С.Қалиев, Ж.Базилов. Қазақ халқының салт – дәстүрлері және демократ

- ағартушылары. Алматы 1993.

42. Ш.Құдайбердиев. Үш анық . Алматы 1991

43. А.Құнанбаев. Шығармалары екі томдық. Алматы 1968

44. Ә.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1993.

45. К.Ж:Қожахметова. Халықтық педагогика зерттеудің кейбір ғылыми

және теориялық мәселелері. Алматы 1993,

46. Ә.Марғұлан. Ежелгі мәдениет куәлігі. Алматы 1966

47. М.Мұқанов. Қазақ жерінің тарихы. Алматы 1994

48. Б.Момышұлы. Қанмен жазылған кітап. Алматы 1991

49. А.Нілдібаев. Абайдың педагогикалық көзқарастары “Халық мұғалімі”

1946.№ 1,2

50. А.Сембаев. Қазақстан мектептерінің тарихы. Алматы 1973.

51. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы 1992.

52. Ә.Тәжібаев. Өмір және поэзия. Алматы 1970

53. Ә.Табылдиев. Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. Алматы 1991

54. Шаңырақ. Алматы 1990.

55. М.Шоқайұлы. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы 1992.

56. С.Мұқанов. Қазақ қауымы. Алматы 1995

57. С.Қалиев. Үлгілі үйдің ұл – қызы. Алматы 2000

58. Л.Н.Гумилиев. Көне түріктер. Алматы 1994

59. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті. Алматы 1999

60. С.Кенжеахметұлы. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптар.

Алматы 1994

61. Ж.Аймауытов. Психология . Алматы 1995

62. К.Оразбекова Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясы, Қазақстан

мұғалімі.

63. К.Оразбекова. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми – педагогикалық

негіздегі. Алматы 2000

64. Б.Садықов. И. Сариев. А.Отарбаев. Ақ дастарқан. Алматы 1991

65. С.Қалиев. М.Оразаев. М.Смайылова. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.

Алматы 1994

66. А.Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы 1998.

67. А.Машанов. Әл –Фараби және Абай. Алматы 1994

68. М.Мырзахметов. Абайдың адамгершілік мұралары. Алматы 1993

69. Н.Осеров, Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет – ғұрпы. Алматы

1992.

70. Н.Ә.Назарбаев . Қазақстан – 2030. Алматы 1997



71. В.В.Радлов. Алтын сандық. Алматы 1993.

72. М.Мағауин. Қазақ тарихының әлдіппесі. Алматы 1995

73. Ж.Нұсқабаев. Ұ.Әбілдаұлы. Инабат. Алматы 1995

74. А.Сейдімбек. Қазақ әлемі. Алматы 1997


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі




Каталог: pdf -> foreign
pdf -> -
pdf -> Бағдарламасы 6М010300 «Педагогика және психология»
pdf -> ТүсуГе арналған емтихан бағдарламасы
pdf -> Қабылдау емтиханы бағдарламасы
pdf -> МагистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы
pdf -> Г. К. Шахажанова 20 ж
pdf -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 4 Павлодар 2014 Құрастырушылардан
foreign -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері
foreign -> ОҚулық Өқделіп, толықтырылып 2-басылуы а алматы санат* 1999 алғы сөЗ
foreign -> «физика» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен 050113 – «Биология» мамандығы үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет