Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет26/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп
ЖМК хим СӨЖ, ктп 10-11 жаңа, ТАРСИЯ
Полигексаметиленадипамид (АНИД) – адипин қышқылы мен гексаметилендиамин метанолда әрекеттесуінен пайда болады (тұз АГ). Марка ПА-66, М = 15 ÷ 40 мың. ПА – полимерлер кристалдану дәрежесі 40 – 70%, тығыздығы 1010 ÷ 1130 кг/м3, tдеструк = 3500С. ПА – гидрофильді, қышқылда, фенолда, амидтерде ериді, майда, бензинде тұрақты, биологиялық инертті. ПА – инженерлік пластиктер, мықты, соғуға шыдамды, суыққа минус 600С дейін шыдамды, антифрикциялық, тозбайды, желемделеді және дәнекерленеді. Негізгі кемшілігі – суды көп сіңіреді, нашар диэлектрик.
Полифениленизофталамид – қан иісті полиамид. Өнім – лак, талшық және пленка, маркасы – фенилон; М = 20-70 мың, tш = 2850С, тығыздығы 1350-1400 кг/м3. химиялық тұрақты, суда тұрақты, сілтіде тұрақсыз, қыздыруға шыдамды, антифрикциялық және электроизоляциялық жақсы материал. Көп таралғаны сұйық кристалды полимер (ЖК – полимерлер), олардан өте мықты, жоғары модульді талшықтар өндіреді.
Ректопласттар – жылу, қатаюшылар, катализаторлар немесе химиялық реакциялардың инициаторлары әсерінен ерімейтін және балқымайтын күйге өтетін үшөлшемді торлы құрылымды полимерлі материалдар.
Термопласттар – таза күйінде сирек қолданылады, негізінде оларға толтырушы, сұйылтушы, қоюландырушы, стабилизаторлар, бояушылар, майлаушылар қосады да көпкомпонентті материалдар – термопласттар өндіреді. Сондықтан термореактивті полимерді “шайыр” немесе “байланыстырушы” деп аталады.
Фенолальдегидті шайырлар және олардың негізіндегі материалдар.
а) Фенолформальдегидті шайырлар (ФФШ) – резолді және новолакты.
Резолді шайырды фенолды формальдегидтің артық мөлшерімен (6:7) сілтілі ортада әрекеттестіру арқылы өндіреді. Молекулалық массасы М = 400 ÷ 1000, аморфты, 60 – 900С дейін қыздырғанда оңай ағылатын, спиртте, ацетонда, бензолда еритін, құрамында реакцияға толық түспеген метилолдік топтары бар шайыр “резол” деп аталады. Өңдеудің ақырғы стадиясында ерімейтін және балқымайтын фенол мен формальдегид поликонденсация өнімін “резит” деп аталады. Новолакты шайырды фенолдың артық мөлшерінде (6:5) қышқыл ортада төмен молекулалы (М = 600 ÷ 1300) өндіреді (новолак). Өнім сызықты құрылымда метилолды топ болмайды, сондықтан полимеризация кезінде (қыздыру) реакцияға қатыспайды (резолдан ерекшелігі).
Новолакты гексаметилентетраминмен (уротропин) бірге қыздырғанда ол резитке өтеді. Қатаймаған ФФШ фенолда, сілтілер ерітіндісінде, органикалық еріткіштерде ериді. Резолды шайырларада поликонденсация реакциялары жүре береді, сондықтан оны ұзақ уақыт сақтауға болмайды, ал новолакты шайырды құрғақ жерде сақтауға болады. Фенолдың бір бөлігін крезолмен (СН3С6Н4ОН), ксилолмен (СН3)2С6Н4, ксиленолмен (СН3)2С6Н3ОН ауыстыру арқылы жақсы диэлектрикті резит алуға болады. Фенолға резорцин [С6Н4(ОН)2] қосу арқылы шайырдың қатаю температурасын төмендетуге және химиялық пен жылуға төзімділігін арттыруға болады.
Фенопласттар – фенолальдегидтер байланыстырушылар негізіндегі конструкциялық материалдар. Толтырушылар ретінде пресс-ұнтақтар, (ағаш ұнтағы, уроторпин, каолин, доломит т.б.), талшықтар, қабатты пластиктер (қағаз, мата, т.б.), газдар бөлетін заттарды қолданады. Пресс – ұнтақтар құрамына байланысты жалпы техникалық және арнайы мақсатты болып жіктеледі.
Волокниттер – 1) мақтамен толтырылған резолды шайырдан жасалған материал;
2) асбоволокниттер;
3) шыныволокниттер т.б.
Қабатты пластиктер - фенолформальдегид, фенолокрезолоформальдегид, крезолоформальдегид, феноланилиноформальдегид т.б. олигомерлер негізіндегі материалдар (текстолит, ДСП, асботекстолит, шынытекстолит т.б.).
Көбікті фенопласттар – олигомер, уроторпин, каучук, күкірт, кеуек түзегіш материалдар негізіндегі пластмассалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет