Лекция Лекцияның тақырыбы: Композицияның сюжеттен тыс элементтері Лекцияның жоспары: Тақырыптың атауы Эпилог, пролог Көркем кеңістік пен уақыт композициясы. Лекцияның мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі476,15 Kb.
#154466
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
9 лекция



№9- лекция 
Лекцияның тақырыбы:
Композицияның сюжеттен тыс элементтері 
Лекцияның жоспары: 
Тақырыптың атауы 
Эпилог, пролог 
Көркем кеңістік пен уақыт композициясы. 
Лекцияның мақсаты: 
Студенттерді ғылыми-теориялық білімін шыңдауға
талдауға үйрету 
Лекцияның мазмұны:
Сюжет құрылымы, әрбір образ, сурет, сәт, эпизод, 
деталь, пейзаж, лирикалық шегініс, монолог пен диалог, жеке сөз-
композиция құрайтын бейнелеу құралдары. Туындының композициясын 
сатылап былайша қарастырамыз: 1.Сыртқы композиция; 2. Сюжет пен 
фабула құрылымы; 3. Тақырыптар жүйесі; 4. Образдар қатарының 
композициясы; 5. Шығарманың уақыт пен кеңістіктегі ұйымдасуы; 5. 
Баяндау түрлері. 
Әр жазушы шығармасының тексін бөліктерге ажыратып, өзінше түр 
береді, мағына үстейді, эмоциялық-экспрессивтік мәнін арттыруға күш 
салады. Прозалық шығарманың сыртқы композициясын мыналар құрайды: 
Шығарманың аталуы; авторлық арнау; эпиграф; алғысөз, кіріспе; тарау, 
бөлім, кітап, том; абзац, өлең немесе драмалыққосымша; эпилог. Драмалық 
шығармаларда бұларға қоса акт, көрініс, перде, реплика сияқты құралдары 
болады. 
Сыртқы композиция есебіне әңгімелер циклі, жинақтар, топтамалар да 
кіреді. 
Шығарманың бет-бейнесін анықтайтын нәрсе-аталуы. Ол жазушы 
идеясынан хабар беретін, туындының жанрын, стилін анықтайтын мағлұмат 
береді. Әр жазушының атауға қояр өз талабы бар, сондықтан зерттеуші оған 
ой жүгірте тексергені жөн. Романға немесе драмаға ат қоюды арнайы 
зерттеуге де болады.
Әдеби шығарманың жалпы атауымен бірге ішкі бөліктерінің де атауы 
болады. «Абай жолы» эпопеясында әрбір бөлімнің атауына ерекше мағына 
берілген, сөйтіп «¤рден», «Ылдидан» өткен Абай ақынның ата ұлынан халық 
ұлына дейінгі жүріп өткен жолы көрсетілген. 
Сыртқы композицияның екінші элементі-эпиграф. Көне Грек елінде 
құлпытастағы жазуларды эпиграф деп атаған. Эпиграф барынша қысқа 
алынады. Егер шығарманың аталуы-автордың тақырыпты белгілеуі болса, 
онда эпиграф-автор идеясының меңзелуі. Эпиграф кітаптан, кез-келген 
басылымнан, ойдан шығарылған негізден алынып жүр, сонымен қатар бұған 
хаттар, әңгіме-сұхбаттар да пайдаланылуда. Бір шығармада бірнеше эпиграф 
те кездесе береді, бұл жағдайда олардың логикалық, көркемдік байланысына 
ден қоя қарау көп нәрсені айқындайды. 
Қазіргі 
қазақ 
жазушыларының 
ішінде 
эпиграфты 
жиі 
қолданылатындардың бірі - О.Бөкеев. «Қар қызы», «Атау кере» сияқты 
повестерінде қаламгер басқа басылымдардан, жазбалардан үзінділер 
келтіреді. Аталған шығармалардың композициясында, образдарды түсінуде, 


тақырыпты танытуда эпиграфтардың орны ерекше. Бір қарағанда оқуға ауыр, 
шұбалаңқы текстерді эпиграфтағы ойлармен байланыстыра оқыса, 
повестерден бас алмауға болады. 
Туындыдағы арнаудың тарихын, себебін, мағынасын талдау да қызықты 
ойларға және шығарманың проблематикасы мен идеялық ерекшелігін 
айқындауға жетелеуі мүмкін. 
Әрине, арнаудың себебі кейде көркемдік мазмұнмен байланысты 
болмауы да ғажап емес, бірақәдебиетші арнауды талдау назарынан тыс 
қалдырмауға міндетті. 
Композицияның келесі екі құрамдас бөліктері пролог /алғысөз/ пен 
эпилог /соңғысөз/ прозаға драматургиядан енген. Алғысөз роман, повесть, 
драма оқиғаларымен тікелей байланысбайды, ол кейде баспаның, кейде 
баяндаушы автордың атына беріледі, онда жалпы оқиғаға, болмаса 
кейіпкерлер мен шығарманың жанры, стилі, мақсаты сияқты мәселелерге 
сипаттама берілуі мүмкін. С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешудің» алғашқы 
басылымында алғысөзінде өз туындысының жазылу мақсатын баяндайды, 
оны көркем шығарма қатарына қоспайды, әрі оны роман деп те айтпайды. 
Аталмыш туындының жанрлық ерекшеліктерін зерттегенде осы пікірге 
ерекше назар аударған жөн. 
Соңғысөз, әдетте, романдарда жиі кездеседі, ол шығармалардағы 
оқиғалардан уақыт жағынан алшақтатылады. Эпилогта оқиға барысы тез 
өзгереді, басты желілер ғана әңгімеге арқау болады.
Сюжет — сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі 
бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен 
композицияға тән бірлік. Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара 
бірлігін түсіне тұра олардың бір-бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн. 
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді, ал 
композицияның барлық шығармаларда түгел болатыны — оның сюжеттен 
бір өзгешелігі десек, екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін 
жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара 
қиюластырып, белгілі бір арнаға салады. Бұл ретте, композиция сюжеттен 
гөрі кең деп білу қажет. (Дәл осы арада композиция арқылы тұтасып, 
қиюласатын сюжеттің өрбу кезеңдері туралы түсінік беріп өткен жөн.) 
Әр суреткер өз шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады. Демек, 
сюжеттің композициялық бітімі де әркімде әр түрлі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет