Лекция сфералық стереографикалық кескіндер. Стереографиялық кескіннің қасиеттері. Лекция жоспары: Сфералық проекция. Стереографикалық проекция



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі364,96 Kb.
#80967
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс №2 (1)
Туындыны табу ережелері


№2 ЛЕКЦИЯ 
Сфералық стереографикалық кескіндер. 
Стереографиялық кескіннің қасиеттері. 
 
Лекция жоспары:
1.
Сфералық проекция. 
2.
 
Стереографикалық проекция.
 
 
Лекция 
мақсаты: 
кристалдардың 
кеңістікте 
симметриялы 
бөлшектердің орналасуы, магниттік, оптикалық қасиеттерін таныстырып 
қалыптастыру. Кристалдардың қасиеттерін талдау үшін негізгі теориялар мен 
заңдар туралы түсінікке ие болу. 
Лекция мазмұны:
Бұрыштар тұрақтылығы заңына сәйкес, кез келген 
кристалл затқа тән параметрлер кристаллдың жақтарының арасындағы (яғни, 
құрылымындағы белгілі бір жазық торлар арасындағы) бұрыштар болып 
табылады. Кристалл өскен кезде жақтардың өлшемдері мен формасы өзгеруі 
мүмкін, бірақ жақтар арасындағы бұрыштар өзгеріссіз қалады. Сондықтан 
кристалдық көпжақтың формасын, оның симметрия элементтерінің 
орналасуын, қасиеттер анизотропиясын жақтар арасындағы бұрыштар 
жинағы деп сипаттауға болады. 
Кристаллографияда жақтарға жүргізілген нормаль қолданылады; нақ 
осы бұрыштар гониометрикалық өлшеулер және рентгенограммалар 
бойынша анықталады. Жақтарға жүргізілген нормальдар арасындағы 
бұрыштарды біле отырып, кристаллдық көпжақтыны ойша оның 
полярлық 
кешенімен
, яғни кристалдың жартылай түзу, перпендикуляр жақтарының 
және кешеннің центріндегі бір нүкте арқылы өтетін жиынтығымен 
ауыстыруға болады (23 сурет). Егер жақ, нормаль оған кешеннің центрі 
арқылы өтпейтіндей етіп орналасса, онда нормальды (немесе жақ) өзіне 
параллель етіп көшіру керек, ол бұрыштық қатынастарды бұзбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет