Қазіргі таңда климаттық жағдайларды ұйымдастыруды бағалау тек қана жаздық рекреациялық сау ересек адамдар ғана арналған. Дезадаптациондық және метерневроздық аурулар ауа райының өзгеруіне қатты әсерін беруі мүмкін. Әсіресе солтүстік және оңтүстік тұрғындарына. Ауа райының тоғыз турінің бесеуі бағалау түріне бөлінеді, олар: комфортты, ыстық дискомфортты, ыстық субкомфортты, салқын субкомфортты, суық дискомфортты. Комфортты жағдайда адам организімі немесе физиологиялық оптимумға 31-33градус температурада адам денесіне әсер етеді. Комфортты ауа райында жаздық демалыс пен туризм жақсы әсерін береді. Дискомфортты ауа райында рекреациялық жазғы демалысты өткізуге тыйым салынады. Ал субкомфорттық ауа райында жаздык демалыс кейбір шарттармен ғана орындалады. Комфортты және субкомфортты ауа райы бірге қосылып жаздық демалыс пен туризмде жағымды әсер қалдырады.
Туристік ресурстар
Туристік ресурстар – туризм мақсатында және үрдісінде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, табиғи-климаттық, әлеуметтік-мәдени, тарихи, архитектуралық және археологиялық, ғылыми және өндірістік және т.б.объектілер мен көріністер. Туристік ресурстар – туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, физикалық күштің қалыптасып, дамуын қамтамасыз ететін туристік объектінің көрсетілімдерін қамтитын табиғи, тарихи және әлеуметтік-мәдени объектілер.
Геоморфология жайлы түсінік
Геоморфология (гео... және morphe — пішін және logos — ілім) — құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж. Геоморфология болып бөлінеді. Геоморфология Жердің пайда болуын, жасын, құрылымдық ерекшелігін, дамуы мен элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен геоморфол. түсірімдер жасалынады. Қазіргі кезде геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты әдістерді қолданады. Геоморфология ғылымы гляциология, тектоника, төрттік геология, вулканология, спелеология, т.б. геогр. және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Г-ның деректері кен байлықтарын іздеуде, жолдар мен әр түрлі құрылыстарды салғанда, эрозия, сырғыма, дефляция, сел, қар көшкіндері сияқты табиғат құбылыстарының алдын алу кезінде пайдаланылады.