Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі
ғалымдардың қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары»
Орындаған: Маханбетова М.Б.
Қабылдаған: Жұбай О.С.
Алматы, 2022
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі ғалымдардың қазақ
тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары
Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қ.Күдеринова
«Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты оқу құралында қазақ жазуының
қалыптасу жолдарының көшбасында тілдің жаңа жүйесінің бағыт-бағдарын
нақтылайтын екі мектеп болғандығын айтады. Оның бірі А.Байтұрсынұлы,
Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамбетұлы
ұстанымдары үйлескен сингармониялық жазу мектебі болса, екіншісі
Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы дамуының жаңа кезеңі өкілдерінің, атап
айтқанда, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев сынды ғалымдардың
қалыптандыру мектебі болды.
Профессор О.Жұбай «Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен
лингвистикалық тұжырымдамалары» атты кандидаттық диссертациясында
қазақ тіл білімінің тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырады:
І кезең
– ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең: (1860-1912ж);
а. Ы. Алтынсарин, И. Құнанбаев, М.Ж. Көпеев;
ә. Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов
еңбектері.
ІІ кезең
–ұлттық тіл білімінің қалыптаса бастаған кезеңі: А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, Ж.Аймауытов
(1912-1930 ж);
Достарыңызбен бөлісу: |