М. С. Смағұлов Қр мәдениет қайраткері, аға оқытушы, ҚазМемҚызпу алматы, Қазақстан



Дата10.06.2017
өлшемі66,46 Kb.
#18715
М.С.Смағұлов

ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы,

ҚазМемҚызПУ Алматы, Қазақстан

Әншілер анасы

«Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын.... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсететін адам болуы керек» – деген екен бүкіл әлемге әйгілі данагөй бабамыз Әл Фараби. Міне сондай ардақты ұстаздардың бірі – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Мәдениет және өнер» факультетінің ардагері Галина Жұмабекқызы Қарамолдаева.

Галина Жұмабекқызы 1946 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты шағын ғана 8 жылдық мектебі бар «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. Жастайынан өнер жолын таңдауына ән айтып күй шертетін әжесі мен ата-анасы себепкер болған екен. Содан да болар, мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезінен-ақ көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, белсенді шәкірттердің санатына қосылды. Өнерді сүйді, қастерледі. Сөйтіп өзінің болашақ өмір жолын өнермен байланыстырды.

Қызылорда педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін, туған ауылында музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Жеткен жетістігіне тоқмейілсіп тоқтап қалмады. Білімін одан әрі жетілдіру үшін Алматыдағы қыздар педагогикалық институтының музыка факултетіне оқуға түсті. Институт қабырғасында жүріп, осы оқу орнында құрылған «Айгүл» ансамбілінің белсенді мүшесіне айналды.

– 1962 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналының соңғы мұқабасынан аккардионның сүйемелдеуімен ән айтып тұрған бір талдырмаш қыздың суретін көрдім. Суреттің астында, «Қызылорда педагогикалық училищесінің студенті Галина Қарамолдаева құрбысымен бірге «Жан ерке» әнін орындауда» – деп жазылған екен. Содан біз иниститутты бітіретін жылы Галина осы біздің Қыздар педагогикалқ институтының музыка факультетіне оқуға түсті. Мен оған бірнеше жыл бұрын «Мәдениет және тұрмыс» журналынан суретін көргенімді айттым. Сол кездерден бастап біз сыйлас әрі сырлас кұрбы болып кеттік. Екеуміздің жасымыздың арасы да 1-ақ жыл. Туған күндеріміз ақпан айының 12-ші жұлдызы. Мен институтты бұрын бітіргендіктен алғашқы жылдары оларға тәлім-тәрбие үйретіп дәріс те бердім. Сондықтан Галина бір жағынан менің шәкіртім болып саналады. Мен Галинаны көп сөйлемейтін, адамдармен қарым-қатынасы салмақты, ойы терең, өте зерделі адам ретінде таныдым, – дейді Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ағайша Исағұлова, өзінің көп жылдардан бері қызметтес болған, өнер жолында бірге келе жатқан құрбысы Галина Жұмабекқызы жайлы – Галина аккардионда ойнауды үйренген кезде атақты Константин Ошлаковтан дәріс алды. Бірнеше жыл осы пәннен сабақ берді. 1968 жылы 8 наурызда Ескендір Хасанғалиевтың басқаруымен «Айгүл» квартетін құрдық. Сол кездегі Қазақстан жастар қоғамының бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков біздің бұл бастамамызға үлкен қолдау көрсетті. Квартеттің атын «Айгүл» деп атаған сол ағамыз болатын. Біздің концерттік сапарларымыз міне сол уақыттан басталды.

Еліміздегі музыка саласының мамандары жақсы білетін Марат Балтабаев сол жылдары Москвадағы мәдениет институтын бітіріп келген болатын. Ол кісі бізге, «Қыздар сендер квартетсіңдер. Енді сендерді вокалдық-аспаптық ансамблге айналдырсақ қалай қарайсыңдар?» – деді. Әрине, бұл ұсыныспен біз келістік. Марат Хамитұлы қайсымыз қандай аспапта ойнайтынымызды бөліп берді. Мен гитарада немесе саксафонда ойнайын дедім. «Ағайша, сен ритімді жақсы ұстайсың ғой, барабанда ойнашы. Содан кейін ауыса жатарсың» – деді маған. Марфуғаның бойы биік болғаннан кейін контрабасқа қойды, Динаны саксафонға, ал Жібек Оспанова деген қызымызды фортепианоға отырғызды. Галина кезінде прима аспабында ойнағаннан кейін гитараға жақындығы бар ғой деп қолына гитара берді. Галинаны гитараға сол кездегі аспап шебері Георги Инокентьевич деген кәріс жігіті үйретті. Талантты қыз бұл аспапты да тез игеріп алды. Сонымен қатар әдемі сопрано даусы болды. Институтта Галинаға вокал пәнінен сабақ берген Сергей Владимирович Бреусов деген азамат еді. Дауыс қоюдың шебері болатын.

Кейіннен Әмина Нұғманова апамыз вокал секциясын ашты. Содан бастап Галина вокалдан сабақ беруге ауысты. Міне 40-жылдан аса уақыт бойы осы мамандықта тер төгіп дәріс беріп келеді. «Ән және хореография», кафедраларын басқарды. Басшылық қызметтерде өзін жақсы қырынан көрсете білді. – Кезінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры біраз жылға күрделі жөндеуге жабылып қалғаны жұртшылыққа белгілі, – дейді профессор Ағайша Исағұлова, әңгімесін әрі қарай жалғап, – Міне сол кезде Галина, ауылдан келген қарапайым қазақ қыздары опера жанрының не екенін түсінбей қалар деген оймен «Өнер жастан» деген атпен опера театрын ашты. Бұл шаруа да оңайшылықпен бола қалған жоқ. Операдағы би көріністерін хореография студенттері орындады. Хор жанрына да студенттер тартылды. Әйел дауысын орындайтын партияларға да студенттер атсалысты. Ал ер дауысын орындайтындарға институттағы музыка факультетінің мұғалімдерін тартты. Орындаушылар жетпей қалған жағдайда басқа жақтан іздеуге тура келді. Театрдың репертуарында Евгений Брусиловскидің «Қыз –жібек», Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара», шетел композиторларынан Джузеппе Вердидің «Травиаттасы» және басқа да опералар болды. Бір айта кететін жәйт, бізге сол кездегі институтымыздың ректоры Сейілбек Мұхамеджанұлы Исаев көп қолдау көрсетті. Театрдың «Өнер жастан» деген атын Галинаның өзі қойды. Гастрольдік сапармен біраз жерлерді араладық. Біздің қойылымды тыңдағын қаламгерлердің біразы және жалпы қазақ зиялылары өздерінің жылы лебіздерін айтып ризашылықтарын білдіретін.

Галина кейін «Томирис» атты вокалдық ансамблін ашты. Ол кейіннен «Томирис» би ансамблі болып қайта құрылды.

Галина екеуміз өнер жолында да, ұстаз ретінде де бірге жүріп, бірге қартайып келеміз. Өзінің 70 жасына әдемі қалпында жетті. Рухы биік, өмірге деген құлшынысы зор. Ел игілігі жолындағы адал еңбегін әлі жалғастыруда. Әріптес құрбыма тек қана сәттілік тілейміз! Мерейлі 70 жасы құтты болсын! Лайым денсаулығы жақсы, өмірі берекелі болсын!

Галина Жұмабекқызы 1971 жылы институтты қызыл дипломмен бітіреді. Сол кезде жатақханада бірге жатып, бірге оқыған құрбылары Галинаның пысықтығын, алғырлығын сабақты ылғи бес деген бағаға оқығандығын айтады.

Кезінде Галинаға дәріс берген атақты ұстаз, композитор Өмірбек Байділдаев, талабы мен талантына байланысты институтқа оқытушы қылып қалдырдық деген еді. Міне содан бері көптеген жылдар өтсе де Галина Жұмабекқызы шаршамай-талмай музыка факультетінде вокал пәнінің оқытушысы болып жемісті қызмет атқарып келеді. Өнегелі ұстаздан дәріс алған шәкірттері бұл күндері еліміздегі музыкалық педагогикалық училищелерде, мектептерде, обылыстық филармонияларда қызмет атқарып жүр. Егер солардың бірқатарын атап айтар болсақ, опера балет театрының белді әншісі, бірнеше дүркін халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина және Дана Сағынтаева, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген артисі Ұлжан Айнақұлова, халықаралық «Азия даусы» шеңберінде өткен «Алтын домбыра» және «Жаңа ғасырға – жаңа ән» конкурстарының лауреаты Гүлнұр Өмірбаева. Сонымен қатар республикалық конкурстарының лауреаттары мен дипломанттары – С.Абдраймова, Б.Исалиева, Ү.Сейілбекова, Ұ.Белғозиева тәрізді көптеген студенттері үлкен жүректі ұстаз – Галина Жұмабекқызын әрдайым үлкен құрметпен айтады.

Галина Жұмабекқызы студенттерге жеке дауысты қою және вокалдық әдістемені зерттеу процесінде «вокалдық дыбыс тыңдау» қасиетін дамытуға айрықша көңіл бөледі. Әсіресе қазіргідей алмағайып кезеңде жоғарғы оқу орындарына білікті әрі тәжірибелі ұстаздар ауадай қажет екені белгілі. Галина Жұмабекқызы бүгінде Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында да дәріс беріп жүр. Бүкіл ғұмырын шәкірт тәрбиелеумен өткізіп келе жатқан құрметті ұстазды «Әншілердің ардақты анасы» десек артық болмас.

«Ән – жүректің алтын көпірі» демекші, кезінде Ағайша Исағұлова екеуі халық әндерін екі дауыста төгілте шырқағандары әлі есімізде. «Қарағымай», «Гауһартас», «Алқызыл тас», «Ой көк», «Шилі өзен» секілді халық әндерін, әсіресе «Қыз-Жібек» операсынан Дүрияның әнін сызылта шырқап барша тыңдармандарды тәнті еткенін білеміз. Мұндай шеберлікті халқымыздың фольклорлық музыкасына қосылған үлкен үлес десек артық айтқандық болмас.

Осы айтылғандармен қатар Галина Жұмабекқызы ұзақ жылдар бойы ғылыми жұмыспен айналысып келе жатқан зерттеуші ғалым ретінде де танылған маман. Ғылыми зерттеу саласы бойынша 50-ге жуық еңбегі жарық көрді. Галина Жұмабекқызы – қазақ мектептеріне арналған «Музыка» бағдарламасының авторы. Бұл бағдарлама республика мектептеріндегі оқу бағдарламасына енгізілген. Сонымен бірге «Музыка мұғалімінің даусын қою проблемалары», «Музыканың қайнар көзі – өмір», «Дауыс қалыптастыру проблемалары» тәрізді көптеген ғылыми мақалалары мен «Ән салу өнері», «Концертмеистрлік класс» 3-жинақ, «Халық және халық композиторларының әндері» секілді оқу әдістемелік құралдарын ол кісінің вокалдық педагогика ғылымына қосқан орасан үлесі дегеніміз жөн. Галина Жұмабекқызының бұл еңбектері музыка мектептерінде және жоғары оқу орындарында оқытылады.

Бұл күндері Галина Қарамолдаева Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, құрметті профессор. Үш мәрте білім беру ісінің үздігі атанған құрметті ұстаз. Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль және тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медалдармен марапатталған.

Галина Жұмабекқызы үлкен әулеттің үлгілі де қамқоршы анасы. Қызы Дана ана жолын қуып Қыздар педогогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінде мәдени тынығу кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Немересі Қарлығаш Ермекова да осы өнер жолын таңдап, Күләш Байсейтова атындағы музыка мектебінің фортепиано бөліміне оқуға түсті. Әнді де жақсы айтады, әдемі сопрано даусы бар. Қарлығашты әнге баулыған Галинаның өзі. Бұл күндері Қарлығаш Қазақ мемлекеттік консерваториясының «Хорды дирижерлау және ән» кафедрасының 3-ші курс студенті.



Иә, біз де Галина Жұмабекқызына өнер аспанында қалықтай беріңіз, қанатыңыз талмасын, мерейлі жасыңыз құтты, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын деген тілек айтамыз!
Мұхаметқұл Смағұлов,Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің аға оқытушысы, Мәдениет қайраткері.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет