Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы



бет1/16
Дата11.04.2022
өлшемі56,27 Kb.
#138885
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ақиық АҚЫН Мұқағали


Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы — болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы.
Зейнолла Серікқалиев
Мүқағалидың ата тегі қысқаша былай тарайды:Албан-Сары-Сүйерқұл–Алжан Сырымбет-Кангелді-Қойбас пен Түке. Түкеден Райымбек туады. Ал Койбастан Менжі Дәлі-Қамысбай-Макатай-Сүлеймен Мұқаметқали.Яғни,әжесі оны Мұқағали деп атап кетеді.,Демек, Мұқағалидың 6-атасы Койбас – Райымбектің әкесі Түкемен бірге туған ағайынды кісілер. Мұкағалидың Тоқтарбай, Көрпеш деген інілері бар, Мүкағалидан Жұлдыз,Айбар атты екі ұл, Ләззәт, Майгүл, Алма, Шолпан деген төрт қыз туған. Немере, жиендері өсіп келеді. Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты-Мухаметқали. "Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады" деп әрі еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен.Шешесі Нағиманның айтуы бойынша, 1931-жылы 13-наурызда (куәлікте 9-ақпан деп қате жазылған) Алматы облысы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында туған. Ол кезде әкесі Сүлеймен 1930-жылы ұйымдасқан Энгеліс атыңдағы колхоздың алғашқы төрағасы еді. 1941-жылы Отан соғысы басталғанда, яғни Мұқағали 10 жасқа келген кезде әкесі майданға аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза табады. Үй ішінің бар ауыртпалығы баланың тұңғышы Мұқағалидың иығына түсті. Сөйтіп балалық, оқушылық кезі қой бағып, егін орып, кетпен шабумен өтеді. Сол кездерде өлең жаза бастайды. 1948-жылы ауыл орта мектебін үздік бітіріп, Алматыға жоғары оқу орнына аттанып, зеректігінің арқасында, еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология фәкүлтетіне оқуға түседі. Бірақ орталыққа жақын аудандардың студенттеріне жатақхана берілмегендіктен, стипендиясы не тамағына, не пәтер ақысына жетпей, асыраусыз қалған үй ішінің ауыр түрмысы оқуын әрі қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бермей, бір жылдан соң оқуын тастап, Шибүт деп аталатын көрші ауылда ауылдық кеңестің хатшысы болып қызметке орналасады. Әрі қызыл отау меңгерушісі, кітапханашы да болады. Комсомол мүшесі әрі жас кадр ретінде қоғамдық үгіт-насихатқа,Көркем өнерпаздардың ойын-сауық жұмыстарына белсене атсалысады, 1949-жылы "Советтік шекара" газетінде екі өлеңі жарық көреді. Сол ауылда мүғалім бойжеткен қыз Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жүмыстарында Мұқағалиға сенімді серік болады. "Қозы Көрпеш - Баян Сүлу" пиесасында Мүқағали - Қозы, Лашын -- Баян рөлін ойнап жүріп, бірін бірі үнатады. Сөйтіп жүріп, 1949-жылдың көктемінде екеуі үйленеді.
Мүқағали үзіліп қалған оқуын жалғастыруды армандайды. Лашын: "Қызметім, жалақым бар, үй ішіне мен қараймын, сен алаңсыз оқуыңды жалғастыр", - деген кеңес беріп, Мұкағали екінші рет Алматыға оқуға аттанады. 1950-жылы Шет тілдер институтының неміс тілі фәкүлтетіне түсіп, оны да түрмыс жағдайына байланысты орта жолдан тастауға мәжбүр болады.Ақын болам деген кісі заңды жете білгені дұрыс деген оймен Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң фәкүлтетіне оқуға түседі. 1952-жылы Қ.Аманжолов құрастырған "Жастық жыры" атты жинаққа өлендері М.Әлімбаев, F.Қайырбеков,I.Мәмбетовтермен бірге енеді. 1954-жылы ауылға кайтып, өзінің туған жері Қарасаздағы орта мектепке орыс тілінен сабақ береді. Ауыл мектебіндегі мұғалімдігін дипломы бар кадр алып,Мұқағали жұмыссыз қалған соң, қалаға келіп, 1957-жылы Алматыда Республикалық радиоға диктор болып қызмет істейді.1960 - 62-жылдары аудан орталығы Нарынқолда "Советтік шекара" газетінде жауапты хатшы болады.
1962-жылы Алматы қаласына қоныс аударып, "Социалистік Қазақстан" газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Одан Жазушылар одағында кеңесші, "Жұлдыз" жұрналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.1964-жылы "Ильич" атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады, "Армысыңдар, достарым!" (1966), "Қарлығашым,келдің бе?" (1967), "Мавр" (1969),Аудармадан У.Уитмен "Шөп жапырақтар" (1969), У.Шекспир "Сонеттер" (1970) жинақтары жарық көргеннен кейін 1970-жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. Дантенің "Құдіретті комедиясын"аударады (1971), "Дариға жүрек" (1972) жинағы басылады.1973-жылы Қазақстан Жазушылар одағының жолдамасымен Мәскеудегі М.Горький атындағы халықаралық әдебиет институтына оқуға барады, "Аққулар ұйқтағанда" (1974),
"Шуағым менің" (1975), "Өмірдастан" (1976) атты кітаптары жарық көрді.Өмірінің соңғы кезінде денсаулығы нашарлап, ауруханаға жиі түсіп жүріп, 1976-жылы 27-наурызда қайтыс болады.Бейіті Алматы іргесіндегі Кеңсай зиратында. Туған жері Қарасазда еңселі мұражайы, Алматыда өз атында кең көше бар. Алматыда және көптеген елді мекенде Мұқағали атымен мектеп, гимназиялар аталады.
Жазушылар одағының үздік шыққан жас ақындарға берілетін сыйлығы Мұқағали атында.Ғасырлар тоғысында Мұқағали ғасыр ақыны болып танылды.Казақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет