Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы


Халықтық дәстүр – ақын өлеңдерінде өзіндік қолтаңбасын ерекше қырынан танытады



бет3/16
Дата11.04.2022
өлшемі56,27 Kb.
#138885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ақиық АҚЫН Мұқағали

Халықтық дәстүр – ақын өлеңдерінде өзіндік қолтаңбасын ерекше қырынан танытады
Қазақ ақынының түйсінуі,қазақ ақынының тебіренісі сол мәңгілік тақырыпты өзгеше бір реңде жеткізеді. М.Мақатаев өлеңдерін отты, жігерлі десек те, бірыңғай сазды, сыршыл, шешендік, ақылгөйлік сарындары бар десек те, нақ басып дәл сипаттай алмас едік.
Мақатаев-жырлары-азаматтық жан-дүние сырлары. Кәдімгі жұмыр басты пенденің күнделікті тұрмыс-күйінен туындап жататын жан тебіреністері. Әрине,ақынжанды адамның, ақын жүректің бұлқыныстары.
Мұқағали Мақатаев таланты жетпісінші жылдар поэзиясында кемел биігінде, қазақ лирикасының кең төрінде дер кезінде көрінеді.
Мұқағали ақын ретінде ойды ойып алып, дайын күйінде қалтаңа салып бермейді,ойды өрбітеді, ойды тіршілік процесіндей дамытады, шоғын маздатып, қызуын өршітеді.
М.Мақатаевтың поэма, дастандары суреткердің дүниетаным кеңдігін,білім-парасатын, ұлттық әдебиеттің тынысын әлемдік әдеби ізденістер, адамзаттық тебіреністер арнасымен тоғыстыра алуымен бірге, ақын шығармаларының тақырыптық-көркемдік кеңістігін барынша кеңейтті. Поэзияның ірі жанрларында күрделі тақырыптарды, ұлттық мәселелерді,тарихи таным табиғатын талантты толғаумен ол жетпісінші,сексенінші жылдар әдебиетінде өзгеге ұқсамайтын, бітімі бөлек, терең із қалдырды.
Қазақ өлеңінің сыршылдық,ұлттық нақыштарына өз өрнегін қосып түрлік, стилистикалық, троптық жағынан құнарландырып байытқан Мұқағали Мақатаев таланты, туабітті ақындық дарыны ұлттық поэзиямыздың мәртебесін өсірген осындай шығармалармен дараланды. Ақынның барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін,тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық.Біз үшін сарқылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтін қазақтар өте көп. Дінін сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті.
- Ұлттық болмысты қалыптастыру үшін не қажет? Осы сұрақ төңірегінде ойланғанда, Франциядағы бала тәрбиесі жайындағы айтылған мынадай ойлар есімізге түседі. Француздар 3-4 жастағы сәбилер үшін елінің тарихы мен атақты адамдары туралы түрлі-түсті, әдемі кітапшаларды көптеп шығарады екен. Сондай-ақ,Францияның төл тарихы туралы өз сәбиіне түсіндіріп айту ата-аналардың басты міндетіне кіреді екен. Біз де бұл ойға толығымен қосыламыз. Отбасынан бастап, балабақшада, мектепте жалғасын табардай ұлттық болмысты қалыптастыратын жүйелі тәрбие жемісін берері сөзсіз ғой. Біз жаңа дамып келе жатқан мемлекетпіз. Өткеніміз бен бүгінімізге, ертеңімізге сынмен қарап, сара жолды таңдай білуіміз – жарқын болашақ кепілі.[10, 15-бет]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет