«Мал азықтандыру» пәні



бет1/14
Дата08.02.2022
өлшемі95,88 Kb.
#124621
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
2 ДӘРІС-1

«Мал азықтандыру» пәні

№2 ДӘРІС Тақырып: Азықтар және азықтарды жіктеу

Дәріскер: аға оқытушы Жалғабаева Жанат Жұмабекқызы

Дәріс жоспары:

  • Азыққа жалпы сипаттама
  • Азықтарды жіктеу
  • Азықтардың құрамы мен қоректілігіне әсер ететін факторлар

Азыққа жалпы сипаттама

Азық деп – құрамында оңай сіңірілетін қоректік заттары бар малдың денсаулығына және одан алынатын өнімділік сапасына зиян келтірмейтін, өсімдік, жануар және микроб тектес өнімдерді айтады.

Ас қорыту процессі кезінде азықтан қоректік заттар бөлініп, мал организмінде ұлпалардың, органдардың құрылуына, зат алмасуын реттеуге өміршеңдігіне және өнім алынуына көмектеседі.

Мал азығын түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына т.б. қасиеттеріне қарай топтастырып жіктейді. Олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи азықтар шығу тегіне қарай өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді. Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді. Энергетикалық қоректілігіне қарай барлық азықтық құралдарды аумақты (объемистые) және құнарлы (одан да жоғары) деп бөледі. Сонымен қатар, аумақты азықтарға 1кг құрғақ затында 0,5кг төмен қорытылатын қоректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдылығы немесе клетчаткасы мол азықтар жатады. 1кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65г өлшемінен, яғни 7,1 мДж-ден аспайды. Соған қарамастан, олар шаруашылықтың азық қорының негізін құрастырады. Бұл топқа барлық көк, ірі және шырынды жемшөп кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет