Мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері,мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу,бағалай білу және өзін-өзі дамытып жетілдіре алу және өсу



бет1/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#7133
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Мектеп: М.Әуезов орта мектебі

№__1___

Тақырып: Көкірек көзін ашалық

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдық, әділдік

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып___7_ Оқушылар саны__


Мақсаты:

Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері,мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу,бағалай білу және өзін-өзі дамытып жетілдіре алу және өсу,есею жолында түсінік беру.



Міндеттері:

-адам өмірінің үнемі дамып, өсіп,жетіліп отыратын құбылыс екенін ұғындыру.

-адам бойындағы барлық қасиеттерді,өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып,оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету.

-оқушыларды өзін-өзі басқара алуға,өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.




Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, бейнетаспа, нақыл сөздер т.б



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1. Тыныштық сәтi. Орманға саяхат

- Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды тізелеріңнің үстіне қойып, көздеріңізді жұмыңыздар. Елестетіп көріңіз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда.Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз.

1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңыздар?

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар 6 – сыныпта өзін – өзі танудан үйренгендерін, жазгы демалыс кезіндегі жақсылық істеріне түсіріп айтып береді.



Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып, орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


3. Дәйексөз.

Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.

                                                                                     Абай

        Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

        Адам өзі армандаған жетістіктеріне қол жеткізу үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?

        Оқушылар нақыл сөздің мағынасын өз пікірлерімен дәйектейді. Дәйексөз дәптерге жазылады.






4. Мұғалім сыйы

Көзі көрмесе де көкірегі ояу жандар. Бейнетаспа көрсету.

Сұрақтар қою арқылы талқылау.






5. Шығармашылық жұмыс

3 топқа бөлінеді
«Маған ең қымбат жан» деген тақырыпта үш топқа үш тапсырма беріледі.
Бірінші топ: Өлең шығару
Екінші топ: Сурет салу
Үшінші топ: Эссе жазу
Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.




6. Топпен ән айту

Бала күн.

Сөзі: Б.Қорғандікі

Әні: Р.Гайсиндікі





7. Үйге тапсырма

9-бет жаттау, дәптер 1-тапсырма, шығарма жазу;






8. Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Үнемі жылы сөздер айтуға дағдыланайық. Ішкі тыныштығымызды сақтайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегіміздің түбіне түйіп алайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Рахмет!



Бекітемін: __________М.Тулепова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

«______» қыркүйек 2015 жыл
Мектеп: Кулагино ұлттық гимназиясы

№__2___

Тақырып: Көкірек көзін ашалық

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Адалдық, әділдік

Мұғалiм: Р.Хасанова Сынып___7_ Оқушылар саны__


Мақсаты:

Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері,мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу,бағалай білу және өзін-өзі дамытып жетілдіре алу және өсу,есею жолында түсінік беру.



Міндеттері:

-адам өмірінің үнемі дамып, өсіп,жетіліп отыратын құбылыс екенін ұғындыру.

-адам бойындағы барлық қасиеттерді,өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып,оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету.

-оқушыларды өзін-өзі басқара алуға,өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.




Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, оқулық, аққағаз т.б



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

9-беттегі жаттауды сұрау, дәптердегі 1-тапсырманы, шығарманы тексеру;

Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып, орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


  1. Дәйексөз:

Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен,

Алысың да сыйлайды,жақының да

Өзіңді өзің төменге түсірмесең

Ә.Тәжібаев

Оқушыларға шын ықылас, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі болады. Жүректен шыққан жылы сөздің адамды тебірентіп, көңілін марқайтады, оқушылар рухани қуаттың адамгершілік негізісіздер. Әр адамның өсіп жетілуі, тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне байланысты болады.

Адам әр ісін шын жүрекпен, ниетпен, сергек сезіммен, ыстық ықыласпен бастап, саналы түрде жақсылыққа бағыттап отырса, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді.





  1. Мұғалім сыйы

Әр адам — бір-бір жұмбақ. (әңгіме)

Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі болып келеді. Олай деген себебім: адам өз өмірінің ашық-жарқын, сәулелі болғанын, сонымен қатар арманының орныдалғанын қалайды, сондықтан олар өмірді сырлап бояуға, көркейтуге, оны өрнектеуге талпынады және еңбек етеді. Оның дем алмай істеген еңбегі, алдына мақсат қойғаны өзіне деген сенімділігі. Адамдар өз өмірі үшін күш – қайратын, ой – қиялын, қуатын сарп етеді де өмірді өз тағынан құлатпайды. Осының арқасында адам баласы үнемі өсу жолында жүреді. Ананың ақ сүтінен дарыған құштарлық сезім, әкенің берген тәрбиесімен ұштасып, ол әрқашан көп нәрсеге қызығады. Алдына қойған мұратына жету үшін адамның көкірегі ояу, дүниетанымы кең болуы керек және табандылық пен ерік – жігерді қажет етеді. Осы ерік- жігерін бағындыра білген адамның ісі оң нәтиже береді. «Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ» деп Абай атамыз айтып кеткен екен. Кей адамдар бар әркімнің айтқанына еріп өз күшіне сенбейтін, олар өз-өзіне күмән келтіреді. Сондықтан әрқашанда үміттен қол үзбей алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін! Тек қана алға ұмтыла біліңіздер!






  1. Шығармашылық жұмыс

Адамдық борышың

Ш.Құдайбердіұлы

*Ақын адамдық борышың деп нені атайды?

*Ақ жолда айнымай ар сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

* «Менің борышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазу.





  1. Топпен ән айту

Өмір жолы. Ернар Айдардың орындауында

  1. Құп көріп тәңір болумен әмір жаралып іште денеміз 
    Өмірге біздер келеміз 
    Ақ пенен қара бақ пенен нала күреске бірден енеміз 
    Жеңілеміз де жеңеміз 
    Қайырмасы 
    Бұл өмір сынақ 
    Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер 
    Имандық бір тек жаманнан бүркеп 
    Жақсыға жүр Деп жетелер 
    Жақсыға жүр Деп, жүр деп жетелер 

  2. Жақсы да болсын жаман да болсын 
    Ұяда нені көреміз ұрпаққа соны береміз 
    Белгісіз бақыт байқатпай уақыт 
    Аялдамаға жетеміз 
    Тоқтайды сөйтіп кемеміз 
    Қайырмасы 2х 

  3. Бұл өмір сынақ 
    Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер 
    Имандық бір тек жаманнан бүркеп 
    Жақсыға жүр Деп жетелер 
    Жақсыға жүр Деп, жүр деп жетелер 




  1. Үйге тапсырма

11-бет жаттау, дәптер 1-тапсырма, шығарма жазу




  1. Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!





Бекітемін: __________ М.Тулепова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

«______» қыркүйек 2015 жыл

Мектеп: Кулагино ұлттық гимназиясы

№__3___

Тақырып: «Сәулесімен санаңның, жігерленсін талабың».

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер : Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Р.Хасанова Сынып___7 _Оқушылар саны___



Мақсаты:

-оқушыларға ерік-жігер,күш-қуат,сана-сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.



Міндеттері:

-оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға,күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;

-оқушылардың ерік-жігерін,күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту.

-оқушыларды табандылққа, төзімділікке, жігерлілікке,қажырлылыққа,ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу



Ресурстар

(құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, оқулық, аққағаз, бейнетаспа т.б


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

11-бет жаттауды сұрай, дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.



  • «Ерік күші мықты адам» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

  • Саналы әрекет дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып,орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


3. Дәйексөз.

Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, соның ішінде берік адамның еркі–ғаламат күш.

А.И.Герцен

Адамның алдына қойған мақсатына жетуі табандылық пен ерік-жігерді қажет етеді.

Қай уақытта болсын ерік-күшін бағындыра білген адамның ісі оң нәтиже береді. Өз күш-қуатына сенімді адамның қолынан бәрі келеді.





4. Мұғалім сыйы

«Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың» бейнетаспа





5. Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу, дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау) 
1-топ: «Жер» тобы-Жұмбақты шешу, сұраққа жауап. 
2-топ: «Су» тобы- Ребусты шешу. 
3-топ: «От» тобы- Аңыз- әнгімені сахналау. 
4-топ: «Ауа» тобы-Жақсы қасиеттер, пайдасын әңгімелеу. 




6. Топпен ән айту

Ерлікке шақыру

Сөзі мен әні: М.Шаханов

Міне,саған ойланатын келді күн,

Азамат боп атқа міндің сен бүгін,

Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда

Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің

А-а-а


Бозбала,

Қанатыңды талдырма

Алай-түлей жаңбырда

Тізгініңді беріп қойған тағдырға

Қуанышым

Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,

Сүйе алмағаның үшін

Табиғаттың






7. Үйге тапсырма

14-бет оқу, дәптер 1-тапсырма, мақал-мәтел жазу;







  1. 8. Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!







Каталог: uploads -> doc -> 0f7b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7b -> Сабақ Топ: 37 Күні: 23. 10. 2015 ж Тақырыбы: «Экономикалық білім-заман талабы». Сабақтың мақсаты
0f7b -> ТҰсаукесер рәсiмi "Теңге"
0f7b -> Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы. (10-сынып) Міндеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет