А.С. Джолдинова
Қарқаралы ауданы . Теректі орта мектебі
Мектепалды даярлық тобында балалардың әлемді тану және шығармашылық қызығушылықтары мен мотивациясын дамыту жолдары
Мектеп қабырғасын аттаған мектепалды даярлық тобының балдырғандары еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені сөзсіз. Бүгінгі таң тәрбиешілерден жаңашыл әдіс-тәсілдерді, шығармашылық ізденістерді талап етіп отыр. Сондықтан алғашқы білімді сапалы алып, әрі-қарай білімін жетілдіру үшін, баланың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары орында болу керек. Белсенділік деп баланың іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер Я. А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған. Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, оқу белсенділігінің мәні ерекше. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануынан таным ынтасын байқаймыз. Балабақшадан мектепке қадам басқан балаларды жан-жақты танымдық қызығушылық сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Ал,баланың алдымен мектепке деген қызығушылығынан, іс-әрекетінің дербестігін, білімінің нәтижесін көруге болады. Кез-келген сабақты қызықты өткізу үшін, ізденіс, жаңаға ұмытылу жұмысын жүргізу әрбір білім беруші маман үшін бұлжымас қағида. Өзі жаңалыққа қызыққан мұғалім ғана балаларға сабақты қызықты өткізе алады. Қызығығушылықты арттыру, сабаққа деген белсенділікті арттыру. Мектепалды даярлық топтарында сабақты басынан аяғына дейін қызықты өткізу арқылы ғана баланың жүрегінен орын табасың. Себебі әлі ойыншықпен ойнағысы келетін баланың іс-әрекетін оқуға жетелеу үлкен еңбекті қажет етеді. Әр сабақты тартымды өткізу арқылы, баланың логикалық ойлауының еркін дамуына, шығармашылығын шыңдай түсуге, өзіндік «менін» қалыптастыруға көп үлес қосуға болады. Осы мақсатта мектепалды даярлық топтарында сабақ өткізу кезінде интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, баланың сабаққа деген белсенділігін арттырудың маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы баланың ой-өрісін,қиялын арттыру бүгінгі күннің талабы болып саналады.
Интерактивті тақтаны пайдалану-балалардың интелектуалдық ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалануға,сабақты қызықты әдемі процеске айналдыруға көп мүмкіндік береді. 5-6 жастағы балалар көрнекі ақпаратты бәрінен жақсы қабылдайды.Қабылдаған ой-пікірлерін анық еркін жеткізуге үйренді. Интерактивті әдістерді қолдану нәтижесінде қандай басты жетістіктерді байқадым.
Баланың сабақтағы белсенділігі артады.
Балалардың назарын бірден аударуға болады.
Жалпы барлық пәнге деген қызығушылықтың пайда болуы.
Сұраққа қысқаша жауап берудің толық жауапқа айналуы.
Әр бала өз пікірін айтуға талпынады.
Анық түрлі –түсті көрнекі ақпарат баланы қызықтырады.
Ақпараттық сауаттылықтың алғашқы қадамы басталады.
Естігеннен гөрі, көру арқылы есте сақтау дамиды.
Баланың мадақтау арқылы бағалау жаппай ұйымдастырылады.
Үйде тек компьютер арқылы ойын ойнай алатын бала,сабақта түрлі сызбаны сызу, жылжыту арқылы басқа қызығушылық пайда болады.
Тұлғалық сапалары сатылап дамып,бәсекелестік пайда болады.
«Тіл дамыту», «Балалар әдебиетімен таныстыру», «Қоршаған ортамен таныстыру. Экология негіздері» бөлімдеріндегі кейбір тақырыптар бойынша флипчарт сабақтарға тоқталып өтейін. Мысалы «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыпта өткен сабақта балалар әр мамандық түрлеріне байланысты топтарға бөлінді. Топқа бөліну арқылы өткізілген сабақтың ұйымшылдыққа тәрбиелейтінін білеміз. Берілген тапсырманы алдымен жұптасып орындап, кейін топтасқан балалар өз белсенділіктерін құрастырумен, жапсырумен,би қимылдарымен байланыстырды. Өз жетістіктерінің нәтижесін көрсетуге жоғары талпыныс көрсетті. Мысалы «Сәйкес құралын тап» ойын түрінде ұйымдастырылды. Яғни, бала интерактивті тақтадағы мамандыққа сай құрал-жабдығын, Activ қалам арқылы жылжытып жанына апарады. Қателесіп кетсе орнына апарып қоя алады. Бала үшін бұл өте қызықты. Ойлайды, саналы әрекет жасап, тапсырманы дұрыс орындауға белсенділігі артады. «Сәйкес құралын тауып, жанына жылжыт»
Осы сабақ «Егер.....,онда........» ойыны арқылы қорытындыланды. Мысалы: «
Достарыңызбен бөлісу: |