Мәтіндегі негізгі және қосымша (жанама) ақпарат. Қазақ тілі, Т2, 7-сынып



Дата29.01.2020
өлшемі22,95 Kb.
#56732
түріСабақ
Байланысты:
МӘТІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША (ЖАНАМА) АҚПАРАТ


Мәтіндегі негізгі және қосымша (жанама) ақпарат. Қазақ тілі, Т2, 7-сынып

Жунусов Д.Б.

Көкшетау қаласындағы физика-матемаикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі



Мәтіндегі негізгі және қосымша (жанама) ақпарат дегеніміз не?

Мәтіннің мағыналық бөлігінде негізгі және қосымша (жанама) ақпарат көрсетіледі.

Мәтіннің негізгі ақпаратына түсініксіз ұғымдарды автордың талқылауы, сипаттаулар, баяндаулар, логикалық тұжырымдар кіреді. Мағыналық бөліктің негізгі мәліметтерін көрсету үшін онда тезистер мен тұжырымдар қолданылады және олар көбінесе азатжолдың басты идеясы - бірінші және екінші сөйлемдер болады.

Қосымша (жанама) ақпарат түрлері мыналарды қамтиды: қосымша, суреттейтін және анықтайтын, қайталанатын, жинақтайтын ақпараттар. Қосымша ақпарат кеңейтеді, онда қарастырылатын құбылыстардың мәнін ашып түсіндіреді. Мәтіндегі нақты және суреттеуші ақпараттарды автор мынадай сөйлемдер арқылы береді: 1) берілген идеяны нақтылайтын, растайтын немесе түсіндіретін нақты мысалдар келтіреді; 2) басқа ғалымдардың пікірлерін, дәйексөздерін келтіріп, өзінің ойларын растайды, көрсетеді.

Мұндай ақпарат мынадай қыстырма сөздер мен шылау сөздер арқылы енгізілуі мүмкін: мысалы; сондықтан; мәселен, сол сияқты; атап айтқанда; Мәтінде қайталанатын ақпарат болуы мүмкін, яғни, бұрын берілген ақпараттың қайталануы, олар түсініктің дәлдігін қамтамасыз етеді, айқындап тұрады. Олар мынадай қыстырма сөздермен енгізіледі: яғни, басқаша айтқанда, басқаша түсіндіре кетсек, , дәлірек айтқанда, дәлірек және т.б.

Түйінді ақпараттар қорытынды шығарады, қорытындылайды, мәтіннің негізгі ойларын қорытындылайды. Бұл ақпарат сөздермен енгізіледі: осылайша, осылайша, қорытындылай келе, авторлар жоғарыда айтылғандардың жалпылап, жинақтайды.[1]

Сабақ барысында қосымша және жанама ақпараттарды мәтіннен қалай табуға болады?

Қазақ тілі мен әдебиеті. Т2. 7-сынып. 3-бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінез-құлқы.

Оқу мақсаты: 7.О1. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру. [3]

Оқылым тапсырмасы: Мәтіндердегі негізгі және жанама ақпаратты анықтап, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырыңыз.

Бағалау критерийлері:


  • Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды;

  • Қандай мақсатта, не үшін қолданғанын түсінідіреді;

  • Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып, нақты мысал келтіреді.

1-мәтін

Адамды тану - даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес, өйткені оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы. [2]


1-мәтін

Негізгі ақпарат

Не үшін келтірген?

Адамды танудың қыр-сыры және оның бір ғана ісі арқылы баға беруге асығыс танытпау керектігі туралы автордың алғашқы азатжолдағы пікірі

Автор мәтіннің негізгі идеясын, қарастырылатын мәселенің төркініне кіріспе ретінде берген.

Жанама ақпарат

Қандай мақсатта пайдаланған?

Жүсіп Баласағұнидың «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара»,-деген дәйексөзі және адамның бойындағы ізгі қасиеттер мен жүріс-тұрысы, мәдениеті, өмір салтына оның мінез-құлқына баға беруге болатындығы туралы ақпарат

Өз тұжырымына дәлел келтіру, ойын растау үшін пайдаланған.

Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстылығы

Соңғы уақытта басы даудан арылмаған Төреғалидың қазіргі жағдайы осы мәтінге сәйкес келеді. Тентек қылықтарымен жұртты дүрліктірген Ұлы дала баласының жастықтың қызумен жасаған қателігін халқы кешірді, өйткені оның өнерін жоғары бағалап, осы жайдан сабақ алуына мүмкіндік берді.


2-мәтін__Адамның_жан_дүниесі_және_сыртқы_келбеті'>2-мәтін

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді.



Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.[2]

2-мәтін

Негізгі ақпарат

Не үшін келтірген?

Жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді екендігі туралы автордың пікірі.


Осы ақпарат арқылы автор адам мінезін тануда айқын да нақты ұстанымын көрсеткен.

Жанама ақпарат

Қандай мақсатта пайдаланған?

Адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.

Зерттеу нәтижесін ақпаратты кеңейтіп, онда қарастырылатын құбылыстардың мәнін ашып түсіндіру үшін қолданған.

Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстылығы

Кейбір психологтар адам мінезін жазуына, күлкісіне қарап біліп, баға беріп жатады. Жақында «Массагет. кз» сайтынан мынадай мәліметті оқыдым: Үнемі шалқасынан ұйықтағанды позитивті, көңілді адамдар ұнатады. Сіз жұрт назарын өзіңізге аудартып, шулы кездесулердің ортасында жүргенді қалайсыз. Жұмыста еңбекқорсыз, бірбеткей және шындықты бетке айтқанды ұнатасыз. Отбасында да, жұмыста да көшбасшысыз. Бар назар тек қана өзіңізде. Бұл кейіпте көбіне ер адамдар ұйықтайды екен.[4]


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сулейменова Сауле Сейлхановна  - старший преподаватель кафедры довузовского образования Казахского национального университета им.аль-Фараби, г.Алматы, Казахстан «Развитие коммуникативной комптенции студентов       на основе анализа учебно-научного текста» http://www.rusnauka.com/13_EISN_2013/Pedagogica/2_137256.doc.htm

  2. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. «Педагогикалық шеберлік ортадығы» ДББҰ филиалы. Астана. 2017


  3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. Негізгі мектеп. 2018-2019 оқу жылында оқу үдерісін 6-10-сыныптарда жүзеге асыруға арналған. Астана. 2018

  4. https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/37495/ Адамның мінезін ұйқысына қарап қалай анықтауға болады?



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет