Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Кредиттік оқыту жүйесі МФЕК-211: Болатбаев Е. Тексерген: Байдалиев Д.Д. 2021 Кредиттік оқыту технологиясы — бұл өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады.
Кредит» ұғымы жоғарғы оқу орындарында оқылатын әрбір пәннің еңбексиымдылығын мөлшерлеу және студенттің оқу жұмысын өлшеу үшін қолданылады.
Кредиттік жүйе алғаш рет 1870 жылы Гарвард университетінің президенті Американдық қайраткер Чарльз Элиот кредит ұғымын қоғамға енгізуі арқылы АҚШ – та пайда болды.
Қазақстанда кредиттік оқыту ұғымы 19 ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қалыптасты. Қазақстанда 2007 жылдың 15 тамызында кредиттік, дистанциялық оқыту жүйесі көрсетілген “Білім туралы” жаңа заң қабылданды. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
білім көлемін біріздендіру
оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу
білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту
білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады
Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағда, артықшылығында белгілейміз. Тек оқытушының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады.
Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.
Білім — бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету.