Мқкк «Шапағат» бөбекжай балабақшасының «Балдырған» сәбилер тобының тәрбиеленушісі Түелбай Рамазанға Мінездеме



Дата25.05.2022
өлшемі18,44 Kb.
#144941
Байланысты:
ICT.Sherkhan ., 1336436

МҚКК «Шапағат» бөбекжай балабақшасының « Балдырған»
сәбилер тобының тәрбиеленушісі
Түелбай Рамазанға
Мінездеме
Түелбай Рамазан 2015 жылдың 7 шілдесінде дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, балабақшаның диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты карым қатынас. Ата анасы баланың үйлeсімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмекесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Рамазан холерик – ол өте шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді, психикалық процестер шапшаң өтеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан Рамазан болған жерде ұрыстар жиі болады. Рамазанның жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Тақтада жауап бергенде Рамазан тыныш тұрмайды , өте жылдам жауап береді. Бұл бала тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Және әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, тәрбиешілерден сабақ үстінде ұрыс естейді. Рамазанның оқу үлгірімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өте зерек, тапқыр.
Ол тапсырылған жұмыстардың мерзiмiнен бұрын орындалуына ұйытқы бола бiлетiн, iскер оқушы. Тәрбиешілері оның озат оқушы болатындығына сенедi. 

Балабақша директоры:
Психолог:


МҚКК « Шапағат» бөбекжай
балабақшасының « Балдырған»
сәбилер тобының тәрбиеленушісі
Ғабидұлы Алиге


Мінездеме
Ғабидұлы Али 2014 жылдың 9 қарашасында дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, балабақшаның диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты карым қатынас. Ата анасы баланың үйлeсімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмекесіп отырады.
Али меланхолик- психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, ол жұмыс істей алмайды. Ол өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде Али балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Али өте сезімтал, реніштерін , қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Ол тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Али коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады
Алидің мінезіне көңіл бөлсе, түрлі психологиялық жұмыстар жүргізсе көп заттарға деген қызығушылығын оятуға болады. . Тәрбиешілері оның озат оқушы болатындығына сенедi. 

Балабақша директоры:
Психолог

МҚКК « Шапағат» бөбекжай
балабақшасының « Балдырған»
сәбилер тобының тәрбиеленушісі
Мұрат Рамазанға


Мінездеме
Мұрат Рамазан 2015 жылдың 17 маусымында толық-қанды отбасында дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, балабақшаның диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты карым қатынас. Ата анасы баланың үйлeсімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмекесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Рамазан флегматик - баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер Рамазанда баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде ол жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста ол бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Рамазанның байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Ол ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Рамазан дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды немесе қойған сұрақтарға жауап қайтармай үнсіз тұрады.
Кейде ондай оқушылар тәрбиешіні ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, Рамазан оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Рамазанға көп көңіл бөлініп, оқу үлгеріміне көмектесетін болса, тәрбиешілері оның озат оқушы болатындығына сенедi. 
Балабақша директоры:
Психолог


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет