Мухатаева Қ., Ғылыми жетекші: ф.ғ. к., доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



Дата15.04.2020
өлшемі38,04 Kb.
#62612
Байланысты:
07.04.20.макала edu
07.04.20.макала edu
Мухатаева Қ.,

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Мергенбаева Г.,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2-курс магистранты

АУДАРМА ІСІН КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕТУ - ЗАМАНАУИ САПА СТАНДАРТЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ
Қоғамның дамуында соңғы жарты ғасырдың өзінде басқа тілдерден қазақ тіліне аударылған әдебиеттің саны көп, бұл дегеніміз біздің мәдениетке, ғылымға, қоғамға ең үлкен үлес қосуда деген кең көлемді, ауқымды мағынаны білдіретіні анық. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік, саяси құрылымдарын сипаттасақ халықтың қандай да бір саяси жағы, тіл дамуы, өркендеуі, руханилығы, мәдениеттілігі тығыз аударманың тәжірибесінің дамуын қалыптастырады десекте болады. ХХ ғасырдың басында басқа елдің мәдениеті мен әдебиетімен танысу, оқу, даму салаларының мақсаттарымен жүзеге асатын көптеген еңбектер осы аударма ісімен ұштасып жатыр. Нақтырақ айтқанда, ХХ ғасырдың 50 жылдарынан кейін орыс көркем әдебиетінің қазақ тіліне аударылған еңбектердің саны 2000-нан асады екен, ал бұл аударылған әдебиеттер қазақ қоғамына қаншама үлес қосты деп айтарлықтай. Аударылған әдебиеттер болсын, қоғамдық-саяси шығармалардың да саны да көлемі де ауқымды.

Басқа тілден көркем әдебиетті аудару саласына қазақ қоғамы жазушыларының түгелдей бәрі атсалысты десекте болады. Әр аударма шығармалары төл туындының түпнұсқасымен бірдей қабылданып, бірдей деңгейді тұрды. Қазақ қоғамы болсын, басқа халықтарда қоғамды, адамды қалыптастыруға, тәрбиелеу ісінде ұлттық мәдениетті дамытуға, дәрежесін көтеруге де аударма шығармашылығының рөлі орасан зор. Себебі, аударылған тілдің мәдениетін, саяси-қоғамдық, оқу-ағарту салаларының қызметін, үлгілерін пайдалануда шаралар қарқынды жүзеге асырылды.

Барлық кезде де аударма ісі – аудармашының шығармашылық жемісі ретінде баға берілді. Қазіргі жағдайда аударма ісімен айналысу біраз дамыды, бір тілден басқа тілге аудару процесі неғұрлым алға жылжыды. Қазақстан Респубикасы тәуелсіздік алғаннан бастап шетелдік мемлекеттермен байланыста болып, олардың саяси қоғамына, ел экономикасына, мәдениетіне байланысты елді дамыту мүддесінде ақпарат алмасу, ақпараттарды қабылдап алу, және халыққа жеткізу процесі басқа тілден аудару арқылы іске асты.

Аударма сөзі белгілі бір тілден екінші бір сөйлеу тілін ауызша немесе жазбаша түрде қайталап жеткізу болып табылатын сқйлеу құралының бір түрі. Оның маұсаты сөйеу құрылымының аударылған тілде қайта құру, сөйлеу тілінің еш өзгеріссіз сақталуы, ойды жеткзу, және бір тілмен екінші тілдің байланысын жақындату мақсатында жүзеге асатын үрдіс. Сондықтан, аударма тілі өалықтың арасындағы байланысу құралы, үзілмейтін процес деп түсіну керек [1, 19 б.].

Негізі аударма ісі – қай тұрғыдан алсақ та қиындау, күрделі, көпқырлы құбылыс, сондықтан аударма жолында әр ғылым саласына байланысты болған соң, барлық саланы бірдей қамтып аударуды қажет ететін сала. Басқа тілден аудару процесінде сол аударылып жатқан тілдің, мәдениеті, психологиясынан ауытқымауы үшін тіл білімі, әлеуметтік лингвистикасы, жалпы салыстырмалы тіл білімінің тармақтары қамтылуы тиіс. Әрине, қай салада аударылған шығарма болмасын аударма процесінің әр аспектісі аталған ғылымның категорияларын таразылуы міндетті болып келеді. Ең бастысы ғылымдағы табиғи жағдай болып келетін зерттеу объектісінің бір мәселесін бөлек алып қарастыру болып табылады.

Жалпы алғанда, осы мәселелермен қатар, белгілі бір кезде бір тілге аударылған әдебиет тіліне лигвистикалық талдау қажеттіліг туындайды: мысалы, аударманың негізі құралы тіл болып табылғандықтан, аударма езіде қоғамдық, саяси, мәдениетіне, танымдық көзқарасына, эстетикасына, көркемдік қызметтерінің іске асуындағы негізгі міндеттер дің тізімі осы тілдің үлесіне ықпалын тигізеді.

Аударма тілін зерттеу барысында аударылып жатқан екі тілдің тілдік категориялары, бір-бірінен ерекшеліктері, салыстырмалы түрде қарау бұның бәрі дегенмен бірдей шаруа емес.

Аудармада көркем әдебиеттің тілін зерттеу барысынданың негізгі мақсаттарыдң юірі болып саналатын сөз тағдаудағы жалпы заңдылықтар. Мысалы, аударма кезінде көркем аударма белгілі бір нобайдан өткізіледі. Аударылу ісіндегі бағалану процесі деп түсіндірсек болады. Бағалану процесін талдау аударманың ұтымды, ұтымсыз болуында. Бұл дегеніміз әр аудармашы сөз таңдаудағы тілдік фактілерді пайдалануы, аудармашының мәтіннің түпнұсқаны аударуда тілдік құралдарды, сөз тіркестерін таңдау жолдарын дәлелду қажеттілігі туындайды. Ал, аудармада сөз таңдау құзыреті аударамада қойылатын талаптарға сайкес тығыз байластағы мәселе, заңдылық деп білеміз.

Басқа тілден аудару ұзақ уақытты талап ететін дәстүрлі тәсілдерді, аударманың әр қилы бағдарларын, бағытын бірден-бір қалыптастырған бұрыннан келе жатқан үрдіс. Ал, керісінше соңғы жылдары қазақ тілінен басқа шет тілдеріне аударылып жатқан туындылар қаншама. Бұл дегеніміз, тіларалық байланысты, халықтық мәдениеттің дамуын байланыстыру қоғамға жаңа бетбұрыс әкелді. Қазақ халқының классикалық шығармаларын, шешендік сөздерін, мақал-мәтелдерін, ресми мәтіндерін, прозасын, поэзиясын басқа тілге аудару, мысалы, ағылшын, араб, парсы, түрік, қытау, француз аудару тәжірибесі мықты орын алды. Бұл аудармаларда көбінесе, мән берілгені, әсіресе, ұлттық, мәдениеттік белгілері сақталып, тілдік өлшемдерге салыстырмалы қарау маңыздырақ екенін айта кету керек.

Қазіргі кезде аударма ісінде тіларалық байланыстың жаңашыл түрі – бұл ауызша аударма. Ауызша аударма ілеспе немесе қосарласа аударма деген түсінікті білдіреді. Ауызша аударма аударма ісінің ерекше түрі болғандықтан, психолингвистикаға тікелей байланысты, себебі, ауызша аударудың өзі айтып тұрғандай шапшаң аударуда психикалық әрекеттің рөлі бірінші орында, келесі аударма түрі балама аударма – мәтіннің стильдік ерекшелігіне, байланысу мақсатына, жағдайдың сипатына юайланысты. Бұл аударма процесінде стильдік құралдарды қолдануда заңдылықтардың қалыптасуын дәлелдейді [1, 231 б.].

Аударманың тағы бір мәселелерінің бірі қазақ тілін басқа тілге аударудағы оқыту дәсісін, сөздік құру, білікті мамандарды даярлау ісімен де тікелей байланысты. ХХ ғасырдың соңғы кездерінде аударма ісіне елеулі орын алған аударма ісіне байланысты ойлар, пікірлер, ұсыныстар, тұжырымдар қазақ тіл білімі саласына жаңа ғылым саласының тууына ықпалыг тигізді десекте болады.

Ал ғылыми-теориялық көзқараста аударма процесіне талдау жасасақ аударманың нормасына қатысты мәтіннің қызметтік белгілері деңгейінде сөз таңдаудың өзіндік заңдылықтарынан ауытқымау негізгі аударма үдерісінде кездесетін басты проблема. Аударма процесі деген аударма мәтінін жасаудағы аудармашының іс-әрекеттері (дұрысын айтқанда аударма) дегенді білдіреді. Аударма процесіне «екі тілді қолдана отырып, коммуникация ерекшелігі мен негізгі буынын құрайтын аудармашының түпнұсқа мәтінін қабылдаудан бастап аударма мәтінін жасағанға дейінгі қызметі» [2, 424 б.] деген анықтама беріледі. Айта кету керек, нақты аударма процесі аудармашының ақыл-ой арқылы жүзеге асырылады және іс-әрекет бірізділікпен орындалмайды. Аударма кезінде аудармашы бір уақытта бірнеше операцияны орындайды. Сондықтан аударма процесін зерттеу түрлі теориялық үлгілерді әзірлеу арқылы жанама жолмен жүргізіледі. Аударма процесін зерделеудің ең бір кең тараған әдісі аударманың теориялық үлгілерін жасау және түпнұсқа мәтінінен аударма мәтінінің бөлігіне ауысу мүмкін болатын түрлендірулердің (өзгерту) әртүрлі түрлерін сипаттау болып табылады. Мәселен, Х. Сагер көркем мәтіндерге арналған аударма үлгілерінен өзгеше болып табылатын «өндірістік» аударма процесін ұсынады [3, 102 б.]. Ол барлық өндірістік аудармалар қойылған міндеттерге және тапсырыс берушіге байланысты нақты коммуникативтік мақсатқа ие деп есептейді.

Аударма процесінің өзі келесі кезеңдерге бөлінеді:

НАҚТЫЛАУ КЕЗЕҢІ (ерекшеліктер):

1. Құжаттың бастапқы тілін анықтау.

2. Коммуникативтік мақсатын анықтау.

3. Нұсқауларды түсіндіру.

4. Мәтінді жылдам оқу.

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ:

1. Аударма мәтінінің түрін таңдау.

2. Аударма стратегиясын таңдау.

3. Мәтінді түсіну.

4. Қажетті сөздік баптарын зерттеу.

АУДАРМА КЕЗЕҢІ (АУЫСТЫРУ):

1. Эквиваленттерді іздеу.

2. Элементтерді келісу.

3. Өзгерту.

4. Мәтіннің пайда болуы.

БАҒАЛАУ/РЕДАКЦИЯЛАУ КЕЗЕҢІ:

1. Бағалау.

2. Редакциялау.

3. Аударманы ұсыну.

Біз редакциялау фазасы тікелей аударма процесіне дербес бірлік ретінде енгенін көре аламыз. С. Лоффер әзірлеген үлгісінде осы мақсатқа жету үшін арнайы тәжірибе жасады. С. Лоффердің айтуынша, аударма процесін үш негізгі кезеңге бөлуге болады: түсіну және негіздеу, іздеу және тексеру. Бұл кезеңдердің нақты шегі жоқ, олар бірінен кейін бірі келе береді және аударма процесінде бірнеше рет кездесуі мүмкін [4, 39 б.]. Түсіну және негіздеу кезеңі, әсіресе аудармадан хабары жоқ адамдардың өзіне түсінікті. Осы кезеңде аудармашылар мәтінмен танысып, одан кейін аударма тілінде баламалы мәтінді жүргізуі тиіс. Ол үшін олар аударманың түрлі стратегияларын пайдаланады: оқу, түпнұсқа мәтінін және аударма мәтінін салыстыру, әріптестерімен кеңесу, дауыстап оқу, тілдік құрылымдарды салыстыру және қолайлы эквивалентті табу. Бұл кезең аудармашыдан дұрыс шешім қабылдауды талап етеді [5, 13 б.]. Іздеу кезеңінде аудармашылар әр түрлі дереккөздерді, соның ішінде сөздіктерді, веб-сайттарды, деректер базасын және әріптестерінің кеңестеріне сүйене отырып, сөздерді, оралымдарды, терминдер мен сөз тіркестерін іздейді. Аударма процесі бірнеше мәрте тексеру кезеңінен өтеді. Тексеру стратегиясына мәтінді қайта оқу, түпнұсқаның мәтінін және аударма мәтінін идиоматикалыққа салыстыру, таңдалған лексикалық құрылымдарды тексеру және түзету, грамматикалық құрылымдарды түзету, сөз тәртібін өзгерту, синтаксисті қайта қарау және мәтіннің жалпы құрылымын жақсарту кіреді.

Сапалы аударма дайындауда жауапкершілік аудармашыға, ал аударма сапасын бақылау редакторға жүктеледі. Редакторға аударманы бергенге дейін аудармашы ықтимал қателерді, жаңылыстарды анықтау және жою мақсатында аударманың мәтініне дербес тексеру жүргізуі тиіс. Редакциялау аударма сапасы стандарттарына және сапаны бақылау жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманғы аудармашылардың айтуынша, бүгінгі күні тапсырыс берушілер қысқа мерзім ішінде шұғыл аударма жасауды талап етеді. Ол аударма сапасына әсер ететінін айтып өту керек. Редакциялауға дағдыланған аудармашы аударманы талап етілетін сапа деңгейіне дейін жеткізеді, бұл өз кезегінде аударуға жұмсалатын уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын айтылғандай, редакциялау туралы лингвистер түрлі пікірде. Осылайша, Б. Моссоп [14, 177 б.] өзінің құралында «редакциялау», «сапаны бақылау», «тексеру», «қайта оқу» синонимдес терминдері деп жазады. Д. Грэхэм аударма процесіне қатысушылардың және оның сапасын бақылау деңгейінің әртүрлі екенін атап көрсетеді. Ол үш кезеңнен тұратын жіктемені ұсынады: тексеру, редакциялау және түзету. Бұл кезеңдерді дәлірек сипаттап көрелік:

1. Қайта оқу немесе тексеру. Қайта оқуды аудармашының өзі мәтінді аудару кезінде түсіп қалған тұсын немесе орфографиялық қателерді анықтау мақсатында міндетті түрде орындайды. Аударма қызметін көрсетуге арналған еуропалық стандартқа сәйкес, аудармашы бастапқы аударма аяқталғаннан кейін барлық анықталған кемшіліктерді жоюы тиіс: – мағынаның дұрыс берілуіне; – қалдырып кеткен тұстар мен қателердің болмауына; – аударманың қызмет көрсету сипаттамасына сәйкестігіне ерекше назар аудара отырып,өз жұмысын тексеруі тиіс.

Егер аудармашының тәжірибесі жеткіліксіз болса және аударма жасап дағдыланбаған болса, бұл тексеруді үшінші тұлға да жүзеге асыра алады. Бұдан басқа екі аудармашы бір-бірін тексеретін «өзара тексеру» әдісі де бар. Қайта оқу немесе тексеру мәтін дайындаудың бастапқы (алғашқы) кезеңі болып саналады.

2. Редакциялау. Б. Моссоп редакциялауды «аударма мәтінінің қолайсыз элементтерін анықтаудан және тиісті түзетулер мен жақсартуларды енгізуден тұратын кәсіби аудармашылардың қызметі» ретінде анықтайды. Ол сондай-ақ редакциялауда жауапкершілік аудармашыға немесе редакторға жүктелетінін атап өтеді. Я.Рецкердің пікірінше, редактор – бұл «аудармашыға қарағанда, аударма мәтінін тілдік, техникалық және функционалдық тұрғыда талап етілетін сапа деңгейіне жеткізу үшін аударма процесіне қатысатын тәжірибелі, жоғары деңгейлі маман» [15, 98 б.]. Редакциялау - бұл стилистикалық, грамматикалық және лексикалық қателерді түзету ғана емес, сонымен қатар мақсатты оқырманға мәтінді функционалдық бағыттау. Редакциялау тек аударылған мәтінді (бір тілді) тексеруге және бастапқы құжатпен (екі тілді редакциялау немесе салыстырмалы редакциялау) салыстыру арқылы аударманы тексеруге бөлінеді. Редакциялаудың түзетілімнен тағы бір ерекшелігі - редактор аудармашыға аудармаға енгізілген қателіктер мен өзгерістер туралы хабарлауы, сондай-ақ соңғысына қандай да бір түсініктеме қалдыруы. Редакциялау аударма сапасын жақсартудың тамаша құралы болып табылады: алынған түсініктемелердің арқасында аудармашы жасалған қателіктерді келесі жұмыстарда қайталамауға тырысатын болады, бұл өзінің тәжірибе мен дағдыларының деңгейін арттыруға және аударма процесіне жұмсалатын уақыт пен ресурстарды қысқартуға мүмкіндік береді.

3. Түзету және тексеру. Редактордан айырмашылығы, корректор аудармашыға енгізілген өзгерістер туралы айтылмайды. Түзету редакциялық түзетуден кейін және түпнұсқа мәтінімен салыстырусыз аударма мәтінімен жұмыстың қорытынды кезеңіне жатады, яғни аударма мәтінінің аударма тілінің нормаларына сәйкестігін тексеру.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде редакциялау функцияларын тұжырымдауға болады. Аудармалық редакциялау: - аударма сапасын жақсартады; - сапаны бақылау құралы ретінде қызмет етеді; - аудармашы үшін де, редактор үшін де кәсіби дағдыларды жаттықтыру тәсілін ұсынады. Соңғы уақытта аудармашыға қойылатын талаптардың артқаны байқалады. Аудармашылар кәсібилікке дағдыланады, өзіндік редакциялаудың өзектілігі де осында. Редакциялау кезеңі заманауи сапа стандартының ажырамас бөлігі болып табылады, яғни ол аударманың жоғары сапасын қамтамасыз етуде өте маңызды. Редакциялау ұғымы аударма сапасын бағалау ұғымынан ажыратылмайды. Редакциялау барысында редактор аударманың сапасын тексеруді және бағалауды жүзеге асырады. Осылайша, аударма процесінің негізгі кезеңдері: аударма дайындау немесе аударма алдындағы талдау, тікелей мәтінді аудару, аудармадан кейінгі талдау (бақылау, түзету, редакциялау) болып табылады. Демек, редакциялау кезеңі тікелей аударма процесіне дербес бірлік ретінде енгізілген. Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес аудармашы «аударма мәтінін өзгертуден кейінгі өздігінен редакциялауды және бақылауды жүзеге асыруды» білуі тиіс. Аударманы редакциялау - бұл аударма дайындау процесінің бір бөлігі, аударма тапсырысын орындаудың міндетті кезеңі, аударма жүйесін оқытылуы қажет сапаны бақылау элементі.

Аударма процесі аударма мәтіні мен аудармашыға қойылатын басты талаптарды ғалымдар негізі әр түрлі атайды. Мысалы, аударма мәтіні аударылатын мәтінге қойылатын басты талаптар аударылатын мәтіннің баламасы болуы керек, тыңдаушыға не болмаса оқушыға әсері түспнұсқада берілетін әсермен бірдей болуы міндетті десе, кей талаптарда аудару мәтіндерінің мүмкіндігінше семантикалық құрылымдық жағын тепе-тең ұстау, бүл дегеніміз калькаландыру емес, керісінше басқа тілдік құрылымдағы сәйкестіктерді, жақындықты сақтауға, мәтіннің дұрыс орналасуын арттырады деген ойда.

Бұл айтылып отырған барлық талаптар аударма процесінде жалпыға бірдей қойылатын талаптар болып табылдаы. Аударманың түрлерін қатысты бұдан да басқа ерекше, өзгеше талаптарды да таратып айтуға болады. Аудармаға қойылатын талаптарды Х.Савори төмендегідей аударма түпнұсқасының сөздерін, мағынасын, тұпнұсқа тәрізді оқылуын, стилін, түпнұсқа ретінде оқылуы тиіс немесе, аудармашыға сай шығарма ретінде, аудармада автордың қосқан сөздерінің болуы, немесе болмауы, өлең сөздерінің қара сөз ретінде аударылуы, өлеңнің өлең ретінде аударылуы сияқты талаптарды негізге алады.

Жоғарыда айтылып кеткендей аударма тек тілдік бірлікті аудару ғана емес дедік, бірақ аударма процесінде негізгі рөл атқаратын құрал – ол мәтін, тілдің әр деңгейдегі бірліктердің сөйлеу кезінде жұмсалуы. Аударма тілінің қай деңгейде іске асатындығы Л.С. Бархударовтың пікірімен сәйкес: фонема деңгейіндегі; морфема деңгейіндегі; сөз деңгейіндегі; сөз тіркесі деңгейіндегі аударма; сөйлем деңгейіндегі; мәтін деңгейіндегі аудармалар. Бұл пәкірге қысқаша тоқтала кетсек, фонема деңгейіндегі тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің бірліктеріне икемдеу арқылы аударуға тілдік морфологиялық қосымшаларына мән беру, ал басқа деңгеулерінде аударманың түрлері аударма процесімен айналысатындарға айқын екендігін білдіреді.

Сонымен мәселені нақты толығырақ қорытындыласақ, аудармаға соңғы кездері қандай нақты талаптар қойылуда? Қазіргі таңда аударама саласының барлығына тән аударманың сапасын бағалайтын критерийлері бар.

Аударма тілінің ержесі, заңдылықтарына сәйкес болуы. Яғни, аударма тілінде тілдік қателер кездессе (орфографиялық, жіктелу жағынан болсын, септелу, және сөздерді қолдану, лексикалық) бұндай аударма мәтіні дұрыс деп саналмайды. Мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнында кездесетін олқылықтар деректік қателер деп саналады. Осы аталған критерийлерді аударма мәтінінде қолданылмаса онда сапасы төмендейді. Мұндай олқылықтар түпнұсқа жарыққа шыққан кезде автордың алға қойған мақсаттары аударма мәтінінде сәл ғана өзгеретін болса, бұл дегеніміз, автордың астарлы мағынасын, қанатты сөздерін, идиомаларын, сөз тіркестерін екінші тілге аудару кезінде жете білмегендіктен пайда болатындығын білдіреді. Аудармада түпнүсқа тілін нейтралды реңін сақтауды көздеді, ол үшін мәтіннің тәжірибесін, тарихи, мәдение, танымдық тілін бағалауы қажет. Ең бастысы аударма кезінде аудармашы автордың тұспнісқасымен келіспесе де мағынасын сақтап қалуы тиіс, егер келсіпейтін жағдай туындаса мәтіннің мазмқны өзгеріп идеясына сай болмаса, онда аударма деп саналмайды.

Әрине, бұл қаралған талаптар аударманың барлық түріне ортақ айтылған. Ал ілеспе аударманың жалпы талабы бар, нақтырақ айтсақ сөйлеуші мен тыңдаушының ауызекі тіл арқылы қатынас құралы ретінде бір бірімен қатынаста болуы сөйлеуден әсер алуында. Түпнұсқа авторға қалай әсер етсе тыңдаушыға сондай әсер қалдыруы керек.

Демек, аударма саласының басты мақсаты – аудармашының тапқырлығы, шешендігі, тәжірибелігі, шешімдігі. Яғни, аударма ісімен айналысатын адам кешенді түрде филололгиялық білімді талап ететіндігі, халықтың, сонымен аударылатын тілдің халықтың тарихын, мәдениетін, ұлттық этникасынан хабардар екендігі, және бірнеше тілді жақсы білетін маман екендігін білідіретін ең жоғарғы сападағы деңгейдегі кқрделі құбылыс деп айтуға болады.



Әдебиеттер тізімі


  1. Алдашева А. Аударматану: (Лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер) – алматы, Арда, 2006, - 248 б.

  2. Комиссаров В. Н. Современное переводоведение. М.: ЭТС, 2002. 424 с.

  3. Sager Juan C. Practical Course in Terminology Processing. The Translator’s Handbook. Catriona Picken (ed.). London: ASLIB, 2ème ed. 1989. P. 91–102.

  4. Lauffer S. The translation process: an analysis of observational methodology, Glendon College, York University. Р.39.

  5. Андреева, Оксана Владимировна. Особенности научных текстов экономического содержания на английском языке в контексте предпереводческого анализа текста / О. В. Андреева // Мировая культура и язык: взгляд молодых исследователей материалы X Всероссийской научно-практической конференции, 28-30 апреля 2010 г. г. Томск: в 4 ч.: / Томский политехнический университет (ТПУ), Энергетический институт (ЭНИН); гл. ред. Н. А. Качалов . — 2010 . — Ч. 2 . — С. 8-13.

  6. Samuelsson-Brown G. Working Procedures, Quality and Quality Assurance. The Translator’s Handbook. Rachel Owens (ed.). London: Aslib, 3 ed. 1996. Р. 3.

  7. Перевод и переводоведение. Федеральный государственный образовательный стандарт высшего профессионального образования (квалификация «специалист»). URL: http://window.edu.ru/resource/341/74341

  8. Образовательный стандарт, самостоятельно устанавливаемый Московским государственным университетом имени М. В. Ломоносова для реализуемых образовательных программ высшего профессионального образования по специальности «перевод и переводоведение». М., 2011, URL: http://standart.msu.ru/sites/default/fi les/standards/035701_perevod_i_perevodovedenie.pdf

  9. Université de Genève. Programme des cours de l’Unité d’anglais – Ma en traduction. URL: http://www.unige.ch/traduction-interpretation/ enseignements/programme-des-cours/trad/uan/ma-traduction.html

  10. Hernández Morin, K., "Évolution des technologies et des usages en traduction : pratique et enseignement de la post-édition". Des mots aux actes. Traduction et technologie, regards croisés sur de nouvelles pratiques, Elisabeth Lavault-Olléon et Maria Zimina (éd.), p.239-256, 2019.

  11. Nida E. A. & Taber C. A. The Theory and Practice of Translation, Leiden: E. J. Brill, 1974. 218 p.

  12. Horguelin P. A. et Louise Brunette: Pratique de la révision, 3 édition revue et augmentée, Brossard (Québec), Linguatech éditeur. 2008, 263 p.

  13. Латышев Л.К. Курс перевода. Эквивалентность перевода и способы ее достижения. — М.: Международные отношения, 1981. С.101.

  14. Mossop B. Revising and Editing for Translators. Manchester: St Jerome, 2001. 177 p.

  15. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. — М.: Международные отношения, 1974. С. 98.



Түйіндеме
Мақалада аударманы тексеру, редакциялау және түзету мәселесі туралы сөз қозғалады. Аударма саласында екі аудармашы бір-бірін тексеретін «өзара тексеру» әдісі де бар. Аударма мәтіндерін редакциялау - бұл стилистикалық, грамматикалық және лексикалық қателерді түзету ғана емес, сонымен қатар мақсатты оқырманға мәтінді функционалдық бағыттау.

Аударма мәтінінің аударма тілінің нормаларына сәйкестігін тексеру.

аудармашыға қойылатын талаптардың артқаны байқалады.

аударма процесінің негізгі кезеңдері: аударма дайындау немесе аударма алдындағы талдау, тікелей мәтінді аудару, аудармадан кейінгі талдау (бақылау, түзету, редакциялау) болып табылады. Демек, редакциялау кезеңі тәуелсіз бөлім ретінде аударма процесіне тікелей қосылады. Жоғары білім беру стандартына сәйкес, аудармашы «аудармадан кейінгі өздігінен редакциялауды және аударма мәтінін басқаруды бақылауды» жүзеге асыра алуы керек. Алайда, ЖОО аударма ісіндегі редакциялау жаттығуларына көп уақыт бөлінбейтіндігі туралы да айтылған.


Түйінсөздер: өзін-өзі редакциялау, редакциялау, аударма сапасы, аударманы оқыту әдістемесі, жазбаша аударма.

Summary
The article deals with the issue of checking, editing and correcting the translation. In the field of translation, there is also a "cross-checking" method in which two translators check each other. Editing translated texts is not only the correction of stylistic, grammatical and lexical errors, but also the functional orientation of the text to the target reader.

Checking the compliance of the translated text with the norms of the target language.

There is an increase in the requirements for translators.

The main stages of the translation process are: translation preparation or pre-translation analysis, direct text translation, post-translation analysis (control, correction, editing). Therefore, the editing phase is directly involved in the translation process as an independent section. According to the standard of higher education, the translator must be able to "control the post-translation self-editing and management of the translation text." However, it was noted that the university does not spend much time on editing exercises in translation.


Key words: self-revision, revision, translation quality, translators training, translation.

Резюме

В статье рассматриваются вопросы проверки, редактирования и исправления перевода. В области перевода также существует метод «перекрестной проверки», при котором два переводчика проверяют друг друга. Редактирование переведенных текстов - это не только исправление стилистических, грамматических и лексических ошибок, но и функциональная ориентация текста для целевого читателя.

Проверка соответствия переведенного текста нормам целевого языка.

Увеличиваются требования к переводчикам.



Основными этапами процесса перевода являются: подготовка перевода или анализ перед переводом, прямой перевод текста, анализ после перевода (контроль, исправление, редактирование). Поэтому фаза редактирования напрямую участвует в процессе перевода как самостоятельный раздел. В соответствии со стандартом высшего образования переводчик должен уметь «контролировать постредакторное саморедактирование и управление текстом перевода». Однако было отмечено, что в университете не уделяют много времени редактированию упражнений по переводу.
Ключевые слова: самостоятельное редактирование, редактирование, качество перевода, методика преподавания перевода, письменный перевод.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет