Музей және музей ісі құрылымы, қорлардың сақталу ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі283,26 Kb.
#87374
түріСабақ
Байланысты:
8С 1-сабақ Бимырза Динара

Музей және музей ісі құрылымы, қорлардың сақталу ерекшеліктері

Дайындаған: Бимырза Динара

Тексерген: Нурмухамедова Шарипа

Жоспары:

1 - сабақ

1. Көрме - жаңа мұражай қалыптасуының бірінші кезеңі ретінде.

2. Мұражай коллекциясының басылымын көрмеге дайындау.

3. Мұражай көрмесіне қорларды жинақтау.


Көрме дайындау үшін мұрағат директорының бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылады. Онда жауапты бөлімнің қызметкерлері, қажет болған жағдайда мұрағаттың басқа да құрылымдық бөлімшелерінен қызметкерлері енгізіледі, дайындық кезінде қызығушылық танытқан басқа да ұйым мен мекеме өкілдері де қатыса алады.
Жұмыс тобында арнайы көрме дайындығын бақылайтын және оның өткізілуіне толықтай жауап беретін жетекші (куратор) тағайындалады. Көрме жетекшісі жоспар кестесіне сәйкес әрбір орындаушы қызметінің көлемін белгілейді және орындалуын толықтай бақылап отырады

Бірлескен ұйымдармен, мекемелермен және жеке азаматтармен көрмеге дайындық және көрмені өткізу жұмыстары ақылы қызметте жүргізіледі. Соған сәйкес құқықтары мен міндеттері келісімшартпен реттеліп және екі данада жасалады.

  • Бірлескен ұйымдармен, мекемелермен және жеке азаматтармен көрмеге дайындық және көрмені өткізу жұмыстары ақылы қызметте жүргізіледі. Соған сәйкес құқықтары мен міндеттері келісімшартпен реттеліп және екі данада жасалады.

Нақты көрмені ұйымдастыру үдерісі жұмыстың төмендегідей дербес көрінісінен құралады:
  • көрменің тақырыбын анықтау;

  • 2) көрме тақырыбын толық ашу үшін мұрағаттық құжаттар әлеуетіндегі қордың ауқымын анықтау;
    3) мұрағаттың ғылыми-анықтамалық аппараты мен әдебиетті оқу;
    4) көрме тұжырымдамасын (тақырыптық жоспарын) жасақтау;
    5) мұрағат құжаттары мен деректерді табу мен сұрыптау;
    6) мұрағаттық құжаттар мен экспонаттарды аннотациялау;
    7) көрменің тақырыптық-экспозициялық жоспарын құру;
    8) мұрағаттық құжаттарды экспонаттауға дайындау;
    9) көрме таныстырушы сөзінің мәтінін дайындау;
    10) бөлме мен жабдықты таңдау, көрмені монтаждау;
    11) көрмені көркемдік жағынан безендіру;
    12) шақыру билеттерді, бұқаралық ақпарат құралдарына пресс-релизді дайындау және көрме буклетін шығару.
    13) көрмені ашу, өткізу және жабу;
    14) көрме құжаттары мен экспонаттарды қайтару.

Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары – музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі. Музей қоры бірнеше жолдармен толықтырылады. Негізігі түсім көзі - жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, жеке адамдардан сатып алу, сондай-ақ жинақтау жұмыстарын жүргізу және арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған археологиялық және этнографиялық, тарихи, жаратылыстанулық экспедициялар нәтижесінде алынған заттар болып табылады. Экспедициялар көбінесе ғылыми мекемелермен бірлесіп жүргізіледі.

  • Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары – музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі. Музей қоры бірнеше жолдармен толықтырылады. Негізігі түсім көзі - жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, жеке адамдардан сатып алу, сондай-ақ жинақтау жұмыстарын жүргізу және арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған археологиялық және этнографиялық, тарихи, жаратылыстанулық экспедициялар нәтижесінде алынған заттар болып табылады. Экспедициялар көбінесе ғылыми мекемелермен бірлесіп жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет