Национальный



Дата07.02.2022
өлшемі34,53 Kb.
#85293
Байланысты:
Касенова А.С. психология тарихы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Казахский национальный 
педагогический 
университет 
имени Абая


СОӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой – пікірлер
Орындаған: Касенова А.С.
Тексерген аға оқытушы: Тәжібаев Т.Б.

Алматы, 2020 жыл


Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой – пікірлер
Жоспары:
Кіріспе
1. Ежелгі Шығыста психологиялық ойдың дамуы.
2. Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар.
3. Дербес мән ретіндегі «Мен»-ге қарсы Локаята ілімі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыста қазіргі таңдағы ғылыми ілімге алып келген ұлы өркениет дамыған: египеттік, үнді, қытай және т.б. Мұндай қозғалысқа негіз болған өндірістік әрекет пен материалдық мәдениет болып табылады. Өндірістік күштің дамуы қоғамдағы слойларға бөліну, құл иеленушілік мемлекеттердің пайда болуына негіз болды. Мемлекеттерде діни идеология, рухтың мәңгілігі, тән өлгенде жанның ұшып өзге тіршілік иелеріне қонатыны жайлы мифтер дамыды. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін жеткен психикалық әрекетке діни тұрғыдан түсінумен қатар жаратылыстану білімдері тұрғысынан берілген түсінік аралас болды.


Телеология-мифологиялық түсіндірулер шеңберінде оларға қарама-қайшы пікірлер де туындап дами бастады. Ескі көзқарастар жаңа мәнге ие бола бастады. Египеттік «Мемфистік теология естеліктерінде» (б.э.д. төртінші мыңжылдықтардың соңында) барлық тіршіліктің жаратушысы Птах Құдайы болып табылады, адамдар не ойласа , айтса да олардың жүректері мен тілін сол басқарады дейді. Сезім органдарының мәнін былайша түсіндіреді: «Құдай көру үшін көзді, есту үшін құлақты, тыныс алу үшін мұрынды жүрекке хабар жеткізу үшін жаратты. Ал жүрек сананың бір ерекшелігіне бағынады» дейді. Өзгеше түсіндірсек, сол ежелгі пайымдауларда «барлық сананың» негізі орталық дене органы болып табылады. «Мемфистік теология естеліктерінде» тіл жүректің ойлағанын қайталайды,- деп түсіндіреді. Яғни, сезім органдарынан «сана басқаруымен» дене органына келген хабарды тіл қайталайды дейді. Ежелдегі бір ойшылдың пікірінше барлық жұмыстар, өнер туындылары, адмның қоғалысы мен жүрісі т.б. осылайша туындаған деп негіздейді. Бұл құбылыстың барлығын Птах жаратып, өз құрылымы бойынша әрекет ететін тәннің көмегімен жоспарын жүзеге асырады деп түсіндірген.
Мұндай пайымдаулар теологиялық көзқарастармен қатар ежелгі шығыс медицинасының қол жеткізген табыстарына алып келді. Ағзаның құрылымы фантастикалық болғанымен, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды.
Шығыс елдерінің барлығында (кейінірек Грецияда да) басты рөл қан айналымына берілді де, өмір сүрудің негізі екі нәрседен: қан сұйықтығы мен оның ауасына байланысты деді.
Қытай дәрігерлік еңбектерінде (Конфуций, Лаоцзы) («Ішкі әлем жайлы кітап» негізгі мәтіні б.э.д. УІІІғ. тән) органдардың ең бастысы «тәннің князі» жүрек деп есептеліп, ал тіршіліктің негізі ауа тәріздес бастама – ци деп ұғындырады. Организмде өзге бөліктерімен бірігіп, ци физиологиялық қызметпен бірге психикалық функцияны да атқарады, ол адамға сөйлеуге мүмкіндік беріп, «ойлауды жүзеге асырады». Ой жүректе, сезім- бауырдан негіз алады делінген.
Ал Ежелгі Үндінің дәрігерлері де психикалық әрекеттердегі басты орган жүрек, «жүректен бастау алып» содан соң «ми орталықтар» кестесі туындайды деп пайымдайды.
Осы дәрігерлер темперамент жайлы ілімді де бастаған. Адамдар арасындағы дара айырмашылықтарды стихиялық-материалистік түсіндіруді туғызды. Мұндай гуморальды ерекшеліктер айырмашылықтары жайлы пікірлер тәннің бөлшектерін зерттеуден туындады. Үнді және қытай дәрігерлері темпераменттің негізі ретінде үш элементті алады: ауа тәрізді бастама (қытайларда -ци), өт (кейде қан) және шырыш. Осыларға сәйкес элементтердің бірінің басым болуы бойынша типтерге бөлінді.
Қытай дәрігерлері адамдарды келесі типтерге бөлді:
1. Өттің (немесе қанның) басымдығы: күшті, батыл, жолбарысқа ұқсас.
2. Цидің басым болуы: ұстамсыз, қозғалмалы, маймылға ұқсас.
3. Шырыштың басымдығы: баяу, аз қозғалатын.
Адам организмі жайлы жаратылыстану ғылымдарындағы білімдердің дамуы тиым салынатын діни ұғымдармен байланысты түсіндірілгенімен, психофизиологиялық құбылыстарды дұрыс түсіндіруге бірқатар жолдар ашылды. Олар ауаны жан үрдістерінің қозғаушы күші , тірі ортамен тікелей байланыстырады; жан тәнге тәуелді өмір сүретіні жайлы идея; бұл тәннің қасиеттерін табиғи элементтермен (және психикалық ) байланыста түсіндірді.
Жаңа әлеуметтік сұраныстар дінмен байланысты болса да философиялық мектептердің туындауына негіз болды. Философиялық бағыттар Үнді және Қытай елдерінде б.э.д. бірінші мыңжылдықтардың ортасында өткір әлеуметтік-саяси күрестер жағдайында дамыды.
Бұл мектептер бұрынғы категориялар мен ұғымдармен байланысты, тек оларды жаңа идеологиялық сұраныстарға сәйкес өңдеді. (Заратуштра) Үнді елдері үшін бастауы Вед мәтіндері (б.э.д. екінші мыңжылдық), Упанишадтармен аяқталған (б.э.д. 1000 ж.). Ведтің құпия тілі жан мәселесін дұрыс тәртіп, мінез-құлық, тұлғаның жетілуі, ғажайыпқа қол жеткізуді этикалық тұрғыда түсіндірді.
Осы бағытта б.э.д.УІғ. негізі пайда болған діни бағыттағы джайнизм және буддизмге сүйене мазмұндалды. Этикалық мәселелерді шеше отырып екі бағыт та жан құбылыстарының тәнге қатынасы жайлы белгілі көзқарастарды негіздеді. Джайнизм тән жанның тәуелділігінің негізі десе, буддизм жанды ерекше мәнге ие екенін жоққа шығарып,: психикалық күй- бір-бірін алмастыратын жәй-күйлердің атын қайталанбас сәттері деп түсіндірді.
Бұдан кейін пайда болған философиялық мектептер (Санкхья, Веданта, Йога, Миманса, Ньяя, Вайшешика) жанды зерттеуді метафизикалық-этикалық тұрғыдан түсіндірді. Веданта Упанишадтың субьективті-идеалистік ағымдарын дамытты. Нағыз Мен – жеке тән емес, тіпті сергу сәтіндегі немесе ұйқыдағы әсерлердің тұрағы ретіндегі субъект те емес, ол ерекше интуитивті сана дейді. Бұл-Атман, Брахманға яғни әлемнің негізі болап табылатын шексіз космостық санаға тәуелді.
Йога- (ойды қосу) ежелгі үнді діни-философиялық жүйесіндегі адамды жетілдірудің психиканы оғын ерекше зейін шоғырландыру нәтижесінде өзгертумен байланысты бағыт. Сол кезеңдерде йогаға үйрету 8 кезеңнен тұратын:
1. Тәртіптерді қадағалау (күш көрсетуден аулақ болу, шындықайту, ұрлық жасамау, ойланып әрекет ету); 
2. өзін тізгіндеу (тазалық, қанағаттану, аскетикалық жаттғу, қасиетті мәтіндерді дауыстап қайталау, құдайға табыну); 
3. Денені дұрыс ұстау (84 «асан», немесе поза жүйесі); 
4. Тыныс алуды қадағалау (пранаяма)- тыныс алу ырғағын біртіндеп баяулату, соның нәтижесінде Йогтардың түсінігінше барлық психикалық процестер мен ең бастысы ойлауды да реттеу; 
5. сезімдерді тоқтату- сыртқы сезімдерді жоғарғы зейін шоғырландыру үшін тоқтату; 
6. Зейінді сытрқы бір объектіге тұрақтандыру;
7. Медитация- зейінді тұрақтандырудың ең жоғарғы деңгейі объектіге«бату, сіңіп кету» ; 
8. Транстық медитация (самадхи) зейіннің шоғырлануы, соның нәтижесінде өзіндік Менді жоғалту. 
Йогамен шұғылдану адам психикасын терең өзгертумен байланысты. Бұған йогтардың ішкі органдарын реттей алуы, тым қатты суық пен ыстыққа төзімділік, ұзақ уақыт аштық пен шөлге шыдау т.б.
Миманса бойынша сөз көптеген объектілердің ырықты белгісі тәрізді образды бұзып, заттардың қайталанбастығына кедергі келтіреді деп негіздейді. Миманс мектептерінің бірқатар өкілдері ведантистер мен буддистерді сынай отырып, анықталмаған қабылдау екі аспектіден тұрады: туа біткен және спецификалық, алайда олар әлі бөлшектенбеген. Туа біткен белгілері көптеген жеке объектілерге тән болса, спецификалық - тек жекелеріне ғана дейді. Анықталмаған қабылдау кезінде объект өзінің даралығын білдіре алмайды, ол үшін өзгелерден оңашалауды талап етеді. Алайда, ол мұндай жағдайда туа біткен аспект ретінде қабылданбайды, өйткені өзгелермен біріккенде ғана мұндай қасиетке ие, ал бұл өз кезегінде тек тілдің көмегімен ғана айрықшаланып, бөлшектеніп, өзіне тән қасиеті көрсетіледі.
Индустардың психологиялық ілімдерінде негізгі орынды қабылдаудағы иллюзия, галлюцинация, түс көрулер мен Йогадағы өте сезімтал қабылдаулар алды. Буддалық философтардың кейбіреулері бастан өткерген толғаныстардан өзге ешнәрсе болмайды дейді. Осылайша шындық пен иллюзиялық қабылдаулардың мәнді ерекшеліктері жойылған.
Алайда бұл индустардың тек бір ғана немесе басты түсініктері емес. Үнді елдерінде Локаяттар мистикалық және діни метафизикамен күресте Мен жайлы дербес мән ретіндегі түсінікті жоққа шығарды. Олардың дәлелдері сезім органдары бізге Мен жайлы ештеңе де бере алмайды, жанама түсіндіреді, сондықтан ол бұрыс болуы мүмкін. Сана- табиғаттың негізгі төрт элементінің жанама жемісі дейді.
Осылайша, ғылыми ойлаудың дамуы өндіріс пен әлеуметтік қатынастардағы қайта құру, еуропалық елдердегі психологияның дамуына байланысты жаңа дәуірде феодалдық қатынастарға тікелей қатысты Шығыстан өзгеше дами бастады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. История психологии М.Г. Ярошевский
2. Философия Ә.Х.Тұрынбаев
3. Философия Досмұхамед Кішібеков, Ұлықпан Сыдықов
4. История психологии А.Н Ждан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет