Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар
Дата 24.05.2017 өлшемі 15,6 Kb. #16842
Сабақтың тақырыбы: Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды орта ғасырлардағы найман, керей, жалайырлар тайпаларының тарихымен таныстыру. Дамытушылық: Орта ғасырдағы тайпалар туралы түсіндіре отырып, ойлау, сөйлеу, шығармашылығпен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: ұлжандылыққа, елді, отанды қастерлей білуге , бірлікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, карта, тірек – сызба, кесте плакат Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: интерактивтік тақта, сұрақ-жауап ,топтық жұмыс Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын сұрау 3. Жаңа сабақ түсіндіру 4. Қорытындылау, бағалау 5. Үйге тапсырма І. Сұрақ- жауап. 1. Қарахан мемлекеті Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? (Жетісу аймағы, шығыс Түркістанның бір бөлігі) 2. Исламды мемлекеттік дін деп жариялаған хан? (Мұса Богра) 3. Қарахан мемлекеті орталығы? (Баласағұн) 4. Жікіл тайпасының тотемі? (арыстан) 5. Әли Арслан қай жылдары хан болды! (960-990ж) 6. Қарахандықтардың Орта Азияға жорығы нешінші ғасырда басталды? (х ғасырда) 7. Шығыс қарахандықтың орталығы: (Орда) 8. Қарахандарды 1089 жылы басып алды? (Селжұқтар) 9. Шығыс Қарахан елін найман ханы қай жылы, кім басып алған ? (1212ж. Күшілік ) 10. Ханның саяси – әкімшілік іс жүргізетін орны? (Орда) ІІ. Термин сөздерге түсінік «ихта» - (жер иеленудің бір түрі) «мұқта» - (жер иеленуші) «вақф» - (діни жер иелігі) «музари» - (алым- салық жинаушы) «коммендация» - (әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді) ІІІ. 1. Тарихи диктант 1212 жылы ... Қарахан мемлекетін құлатты. (Мұхаммед.) 2. Соғдылар мен Түріктердің әдет-ғұрпы, бір-біріне өте ұқсас екендігін жазған ... . (М.Қашқари) Жаңа сабақ жоспары: Наймандар Керейіттер Жалайырлар НАЙМАНДАР МЕКЕНІ: Орхон өзені-Алтай НАЙМАН СӨЗІ МАҒЫНАСЫ: Сегіз тайпа бірлестігі Секиз өзені бойында тұратын тайпалар Мемлекеттің аты шықты:ХІІ ғ екінші жартысы Орталығы: Балықты Билеушісі: Хан Наркеш Дайын хан(1160-1203) саясаты: Отырықшы қалалық өмір салты орнады Елді өнерге, күнкөріске баулыды. Бейбіт өмірді насихаттады. Наймандар одағын біріктіріп, мемлекетті күшейтті. Қарақытайлар үстемдігінен құтылды. Бұйрық пен Даян хандар саясаты: Бұйрық хан Қара Ертістегі Орунгу Маңын мекендеген 1202 жылы Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді, оның ұлы Күшілік хан Жетісуға қашады Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван Хандардан жеңіліп, Енисей қырғыздарына қашты Керейіттер. Мекені: Орхон, Керулен, Селенга, Аргун өзендері. Керейіт сөзінің мағынасы: Керлин өзені атынан шыққан. Мемлекеттін аумағы: Долы өзені – Завхан аймағындағы Қазақ тауы. Орталығы: Битөбе. Хандық құрамына 8 аймақ кірді Жазуы: Көне түрік. Мемлекет шарықтады: Х – ХІІ ғғ – Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында. Орталығы ауыстырылды: Қарақорымға 1202 жылы Шыңғыс хан Керейіттерді жаулады. Керейіттердің деректері: «Монголдың құпия шежіресі» Рашид ад-Дин: «Монгол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғғ өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғыс хан әсерінен әлсіреді. Жалайырлар. Мекені: Селенга, Хилок, Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттары. Жалайыр Мұқылай – Шыңғыс ханның ең жақын адамы түменбасы. Жалайыр Жамұқа – 1201 жылы өзін гурхаан деп жариялап таққа отырды. Шыңғыс хан Жамұқанда жеңіп Жалайырларды бағындырды. Тарихшы Әбілғазы ханның « Түрік шежіресінде» жалайырларды Шыңғыс ханның қолға түсірген тұтқындары есебінде көрсетеді. Қазақ халқынын құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан. Қоғамдық құрлысы. Басқару жүйесі: Хандық билік. Басқару: Ұлыстық жүйемен жүргізілген. Басқару оталығы: Орда. Ұлыстың ішкі істерін жүргізушілер: Шербилер. Қорытындысы: Найман, Керей, Жалайырлар ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмаған. Топтық жұмыс. Сыныпты 3-топқа бөлу. 1 топ. Наймандар. 2 топ. Керейіттер. 3 топ. Жалайырлар. « Сен - маған, мен – саған» Әрбір топ кітаппен жұмыс жасай отырып, бір – біріне 5- сұрақ дайындау. 1. Шыңғыс ханнан көмек сұраған Керейіттер ханы кім? 2. Жетісу жеріне қашып кеткен Күшілік кімнің баласы? 3. Секиз өзені бойында тұрған тайпаны Монғолдар атаған 4. Бұл үш-... бейбіт қатынаста тұра алмады 5.Шыңғыс ханның ең жақын досы 6. Найман мемлекетінің орталығы 7. Үш тайпаның басқару жүйесі 8. Ұлыстың ішкі істерін жүргізген 1.Керейіт мемлекетінің орталығы: а) Суяб ә) Битөбе б) Тараз Ә 2. Ұлыстардың ішкі істерін жүргізген. а) герди ә) түмен б) шерби Б 3. «Монгол жеріндегі ІХ-ХІІІғ. өмір сүрген керейлер күшті дамыған ел» - деп айтқан тарихшы. а) Рашид ад-Дин ә) Әл-Индри б) М.Қашқари А 4. Найман мемлекетінің астанасы Балықты қай өзеннің бойында орналасқан а) Ертіс ә) Іле б) Орхон Б 5. Жолайыр Жамұқа өзін гурхан деп жариялап , таққа отырды? а) 1201ж ә) 1202ж б) 1204ж А Қорытынды: Бағалау. Үйге тапсырма. 11 Тайпалар туралы мәнжазба жазу, оқулық соңындағы сұрақтарға жауап дайындау Достарыңызбен бөлісу: