Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал



Дата20.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#129551
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрліг1


Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал

Жалпы, адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұны көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктерімен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократ үшін құндылық адамның өмірді бағалауы екен. Ал Аристотель-жақсылық, игілік ұғымдарын мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданады. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым рентінде этиканы білдірген. Аристотельдің пайымдауында–этиканың мақсаты-таным емес, ізгілікке үйрету. Адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Құндылық деп тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдарды айтамыз. Оларға: шындық, қайырымдылық, бостандық, махаббат, шығармашылық жатады.





Құндылықтар: Шынайы және Алдамшы, Ұлтық, Философиялық болып 3ке бөлінеді. Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән құбылыс. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де өмірінің мәні де болмайды. Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезуімен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдауымен қоса жүреді. Мәселен адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшелігімен көрінуге тырысады. Педагогикалық сөздікте құндылық - адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі, делінген. Сондықтан біз құндылық ұғымы адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немемсе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл ой-сана арқылы қабылданады және құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау сынды ұмытылысты білдіреді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданғанмен де оны сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де іс-әрекет етеді.



Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер: Ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылық, кешірімділік сынды құндылықтардыңқ өмірге еркін ене бастауы; Жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік ұлттармен бейбітшілікті сақтау; Оқушылардың белсенді өмір позициясын, жан-дүниесін адами құндылықтар арқылы руханилықты берік орнату.

Сыныптағы психологиялық ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл –күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Бүгінгі қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі өзара сын т.б.



Қоғамның орнықты дамуы белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нәтижесі ұғымының кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімділігі мен икемділіктері не ғана байланысты емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл күйіне де байланысты. Ахуал туғызу арқылы ортақ мүддеге келуді үйренеді. Психологиялық ахуал дегеніміз–ол ұжымдағы ахуалдың яғни әрбәр қызметкердің жанына психикасына әсер ететін ахуалдың жағдайы, ол мінез-құлық, эмоционалдық жағдайлардан тұрады. Ұжымдық іс-әрекетте әрбәр оқушының іс-әрекетте басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезім туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне кедергі туғызбай, керісінше бір біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады. Балалар тәрбиелейтін оқу–тәрбие мекемелерінде жағымды психолгиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі: Педагогикалық ұжымда қарым қатынас түрін жақсартады; Педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді; Кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбиелеу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызметкерлерге кеңестер береді.





Мектептегі психологиялық қызметтің негізі мақсаты-мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу, оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылығы, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіреді. Мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастырады. Сонымен қорытындылай келе, рухани-адамгершілік құндылықты белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе деп түсіндіреміз. Яғни, рухани адамгершілік құндылық адамның ішкі жан дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынуы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі. Өзін-өзі тануы, өзін –өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет