Әйел жыныс ағзалары, organa genitalia feminina екі бөлімнен тұрады:
Жамбас астауында орналасқан ішкі жыныс ағзалары (organa genitalia feminina interna) - аналық без, жатыр түтігі, жатыр, қынап;
Сыртынан көрінетін бөлім – сыртқы жыныс ағзалары (organa genitalia feminina externa) - үлкен жыныс ернеулері, кіші жыныс ернеулері, қынап кіреберісі, кіреберістің үлкен бездері, кіреберіс буылтығы, клитор, қыздық перде (hymen).
Әйелдің сыртқы жыныс ағзаларының дамуының қайнар көздері – жыныс төмпешігі, жыныс буылтығы және жыныс қатпарлары. Sinus urogenitalis қынап кіреберісіне айналады. Ал Ostium urogenitale primitivum сагитальды бағытта ұзарып, жыныс саңылауын түзеді. Жыныс саңылауын шектейтін жыныс қатпарлары қалыңдап, кіші жыныс ернеулеріне айналады. Жыныс буылтықтарынан үлкен жыныс ернеулері және қасаға дамиды.
Әйелдің ішкі жыныс ағзаларының дамуы
Құрсақ ішілік дамудың 4-аптасында эмбрионда әйел жыныс безінің бастамасы пайда болады. Онда мезонефралды және парамезонефралды түтіктері бар алғашқы бүйрек орналасады. Эмбриогенездің 7-8аптасынан бастап жіпшелер арасында алғашқы жыныс жасушалары пайда болады. Парамезонефралды түтіктерден жатыр түтіктері дамиды. Оны қоршаған мезенхимадан жатыр мен қынап дамиды.