Нургазина Карлыгаш Амангельдиновна



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,55 Mb.
#14751
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3
Задания для учащихся дуального отделения

по предмету: «Экологические основы природопользования»

составитель: Нургазина Карлыгаш Амангельдиновна

преподаватель специальных дисциплин

Красноармейского аграрно-технического колледжа
Адрес электронной почты – karlygash.nurgazina@mail.ru

Контактные телефоны: 87184553487, 87773344274


Выданные темы проработать – самостоятельно и составить опорные конспекты по поставленным вопросам.
программа предназначена для реализации государственных требований к уровню подготовки и содержанию по дисциплине «клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» и предусматривает изучение:
Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау.

Бақылау аралық аттестация жүргізуді қарастырады, оның негізгі формасы:



  • Бақылау жұмысы;

  • Емтихан

Бақылау жұмысы мен сынақ пәнге бөлінген жалпы сағат есебінен жүргізіледі.

Әр кәсіптік білікітілік деңгейіне байланысты тест тапсырмаларының күрделілігі негізгі үш деңгейлі болуы шарт.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар облысының Білім беру басқармасы

Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі


Арнайы пәндер ПЦК




«Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәнінен

1513000 «Мал дәрігері» мамандығы бойынша білім алатын

оқушыларға арналған
жҰмыс баҒдарламасы

Красноармейка



БЕКІТЕМІН

Директордың ОЖ жөніндегі

орынбасары

__________ М. О. Жумабекова

«___» _______ 20_ ж.

Құрастырған: Нургазина Карлыгаш Амангельдиновна Арнайы пәндер пәндік циклдік комиссиясы.




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәні бойынша

1513000 «Мал дәрігері» мамандығының оқушыларына арналған.


Жұмыс бағдарламасы жалпыға ГОСО РК 4.05. 059.-2008ж.

міндетті Мемлекеттік стандартқа және типтік бағдарламасы негізінде 1513000 «Мал дәрігері» мамандығы үшін құрастырылған.

Арнайы пәндер пәндік комиссиясының мәжілісінде қабылданды.

Хаттама № 20 ж. «___» ______

ЦК төрағасы _____________ Баженов К.С.

Колледждің әдістемелік кеңесінде мақұлданды

Хаттама №1 20 ж. «___» ______

Колледж әдіскері___________ А. Ж. Қақабаева




Түсінік хат

Осы үлгілік оқу бағдарлама Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС тіркеу № 4.05.059 - 2008) сәйкес 1513000- «Ветеринария» мамандығы бойынша әзірленген.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәні мазмұнының міндетті минимумдарына және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеуге негіз болады.

Пәннің мақсаты - ветеринариялық клиниканың негізгі бөлімінде жаңа зерттеу әдістері мен аурудың жүйелі кезеңдерін, ауру малдардың жалпы жағдайын, емдеу және алдын алу шараларын оқытады. Мал шаруашылығын жаңа технология бойынша жүргізу, мал дәрігерінен «зоогигиена және мал дәрігерлік санитария» бойынша терең және нақты білімді, физикалық, инструменталдық зерттеулердің нәтижесін талдай білуді және осының негізінде малдың денсаулығы туралы қорытынды жаай білуді талап етеді.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы орта буын маманы деңгейінің төмендегі біліктіліктері бойынша жүзеге асырылады:

1513053 – Ветеринарлық техник

« Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәнінің типтік бағдарламасын жүзеге асыруда оқытудың келесі түрлері ұсынылады: лекциялар, семинарлар, таным жорықтар, тәжірибелік сабақтар, бақылау жұмыстары және т.б.

Оқу материалы мазмұнының ерекшеліктері мен күрделілігін ескере отырып, оқытудың келесі әдістері ұсынылады: сұхбаттасу, пікірталас, өндірістік жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, миға шабуыл, материалдарды жариялау, микротоптардағы жұмыс және т.б.

Оқылатын курс келесі пәндерден меңгерген білімдерге негізделеді:


  • Математика,

  • Биология,

  • Химия,

  • Зоогигиена

  • Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру.

Курсты оқу барысында меңгерген білімдер келесі пәндерді оқуда қолданылады:

  • Ауыл шаруашылығы малдарының анатомиясы мен физиологиясы

  • Індеттану микробиологиясы

  • Акушерлық гинекология және көбею биотехникасы, ветеринарлық хирургия.

  • Ветеринариялық хирургия.

Осы үлгілік оқу бағдарлама ауру малдарды зерттеудіңклиникалық әдістерін, мүшелер мен организмның физиологиялық жағдайына және кейбір заттардың жетіспеушілігінің жасырын кезеңін анықтау, жоғары өнімді малдарды диспансеризация жасау әдістері мен тәжірибелік тапсырмаларды шешуге дағдыландыратын, оқу материалын ойдағыдай игеруге әсерін тигізетін тәжірибелік сабақтарды жүргізуді қарастырады.

Мазмұны

Кіріспе. Пәннің мазмұны мен мақсаты. Зертханалық іс мамандығындағы алатын орны. Басқа пәндермен байланысы.

1-тақырып. Зертханалық жұмысты ұйымдастыру.

Зертханадағы бактериологиялық, вирусологиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиобиологиялық, паразитологиялық, иммунологиялық зерттеу әдістері.

1-зертханалық-тәжірибелік сабақ.

Клиникалық зерттеу әдістері. Клиникалық зерттеу кезінде малдарға жақындау, оларды ұстау, бағындыру. Жалпы клиникалық зерттеу әдістері: көру, ұстап, соғып, тыңдап білу, дене температурасын өлшеу (термометрия). Клиникалық зерттеулердің сызбасы. Анамнез жинау, габитус анықтау, тері жабынының, түгінің жағдайын анықтау, лимфа бездерін, кілегей қабықтарын, сүйек жағдайын анықтау. Жеке бастың гигиенасы мен кәуіпсіздік техникасын сақтау.


2-тақырып. Бүйректі, зәрді зерттеу.

Зәрді зерттеу. Малдардың несеп бөлуін зерттеу. Бүйректерді, қуықты зерттеу.

2 –зертханалық-тәжірибелік сабақ.

Малдардың несеп бөлуін зерттеу. Бүйректерді, қуықты зерттеу.Малдардың несебін алу. Несептің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу техникасы. Ауру малдан несеп алу. Оның рН-ын, тығыздығын анықтау. Несептің құрамындағы белок қант, қанды анықтау.


3-тақырып. Тыныс жүйесін зерттеу.

Тыныс жүйесі мушелерінің зерттеу схемасы. Тыныс қозғалыстарын зерттеу.

3-зертханалық-тәжірибелік сабақ.

Тыныс жүйесі мүшелерінің зерттеу схемасы. Тыныс қозғалыстарын зерттеу. Ауыл шаруашылық малдарының тынысының жиілігі, ритмі, типі. Тыныс қозғалысының күші, ентігу. Жоғары тыныс жолдарын тексеру, мұрын ағындысы, қосалқы мұрын қуыстарын, мұрын қуысын, көмекей, кеңірдекті зерттеу. Жөтелді зерттеу, көкірек қуысын ұстап, қағып білу әдісімен зерттеу. Өкпедегі негізгі физиологиялық тыныс дыбыстары. Негізгі және патологиялық дыбыстар.


4-тақырып. Зең саңырауқұлақтары туғызатын аурулар.

Зең саңырауқұлақтары туралы түсінік.

4-зертханалық-тәжірибелік сабақ.

Зең саңырауқұлақтары туралы түсінік. Трихофития, жылқының эпизоотиялық лимфогониты, аспергиллез, актиномикоздар, олардың улары, микологияда қолданылатын қоректік орталар, патматериалдарды алу, саралау, сараптауға жіберу.


5-тақырып, ас қорыту жүйесі.

Ауыз қуысын зерттеу, жұтқыншақ, өңеш, құстардың жемсауын зерттеу.


5-зертханалық-тәжірибелік сабақ.

Малдардың жем-шөп жеуін және су ішуін зерттеу. Ауыз қуысын зерттеу, жұтқыншақ, өңеш, құстардың жем-сауын зерттеу. Жылқының, шошқаның, иттің асқазанын, ішектерін зерттеу. ІҚМ, қой, ешкінің алдыңғы қарындарын және ұлтабарды зерттеу. ІҚМ магнит зондын еңгізу. ІҚМ зонд еңгізу, жылқыға мұрын –өңеш зондын еңгізу арқылы зерттеу. Малдардың жапасын, құмалағын, тезегін және дефекациясын зерттеу.


6-тақырып. Жүрек-қан жүйесі.

Әр-түрлі малдардағы жүректің топографиясы. Жүректің орналасу аймағын көріп бақылау, сипау әдісімен зерттеу.


6 зертханалық-тәжірибелік сабақ

Әр-түрлі малдардағы жүректің топографиясы. Жүрек тұсын көру, сипау әдісімен тексеру. Тыңдап білу әдісімен жүрек тондарын, соғу жиілігін, ритмін, ырғағын, жүректің соғу күшін, жүрек шуылдарын анықтау. Артериялық тамырдың соғуын, пульс жиілігін зерттеу. Аритмия туралы түсінік. Күре тамырдың кері және оң соғуын тексеру. Қан алу техникасымен танысу, қанның шөгу жылдамдығын, гемоглобин мөлшерін, қан қысымын, олардан шағынды дайындау, бояу, қанның қызыл және ақ түйіршіктерін санау және әр түрлі аурулар кезінде қанның құрамының өзгеруін зерттеу.


7-тақырып. Жыныс жолдары арқылы берілетін қоздырғыштарды зерттеу.

Жыныс мүшелерінің анатомиялық құрылысы, физиологиясы.


7- зертханалық-тәжірибелік сабақ

Жыныс жүйесінің топографиясы. Ұрғашы малдардың аналық безін, жатырын тік ішек арқылы зерттеу. Жыныс жолдары арқылы берілетін індеттік және инвазиялық аурулар, олардың мал организміне әсері. Малдардың шәуетін зерттеу.


Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау.

Бақылау аралық аттестация жүргізуді қарастырады, оның негізгі формасы:



  • Бақылау жұмысы;

  • Емтихан

Бақылау жұмысы мен сынақ пәнге бөлінген жалпы сағат есебінен жүргізіледі.

Әр кәсіптік білікітілік деңгейіне байланысты тест тапсырмаларының күрделілігі негізгі үш деңгейлі болуы шарт.


Тәжірибелік жұмыстардың орындалуы

бойынша әдістемелік нұсқау


Бұл ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау орта арнаулы оқу орындарында 1513000 «Мал дәрігері» мамандығы бойынша білім алатын оқушыларға арналған

Осы оқу әдістемелік нұсқауының басты мақсаты -

Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар. Зертханалық жұмысты орындаған кезде студенттер теориялық білімді дамытып бекітеді және ақау анықтау, комплектілеу, жинау, қозғауыштарды жөндеу, технологиялық операцияларды және технологиялық үрдістерді жобалау, техникалық анықталған уақыт нормасын, «Автомобильдердің күрделі жөндеу жұмысы» құжаттарымен қолдануының практикалық дағдыларына, «Пайдалану және ІЖҚ жөндеу» пәні бойынша жаңа ақпаратты біліп үйренеді.
Зертханалық жұмысты орындағанда студенттен шығармашылық және өздік жұмыстарын талап етеді. Сонымен бәрге сапа, еңбек және материалдың үнемділігіне назар аударылуы керек.
Әр зертханалық жұмыста: мақсаты мен мазмұны; зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлұматтар; ауысуларды орындауға керекті технологиялық нұсқаулар; зертхаланық жұмысты орындаудың тізбегін белгілейтін пиктограммалар жүйесі; кестелер мен бақылау сұрақтары берілген.
Зертханалық жұмысты орындау үшін топты екі топшаға бөледі, әрбір топша өз ішінде төрт студенттен тұратын буындарға бөлінуі керек. Сабақ, сабақ кестесі бойынша «ІЖҚ пайдалану және жөндеу» пәнінің зертханаларында жүргізілуі керек.
Зертханалық жұмысты орындауға дайындық. Зертханалық жұмысты атқару бір-бірімен байланысты төрт бөлімнен тұрады:
Үй жұмысы, өзіне жұмыстың берілгендерін үйден дайындау, кестелерді сызу, есеп бланкін дайындау;
Зертханалық жұмысқа студенттің дайындығын тексеру;
Бастапқы берілгендерді толықтыру және зертханалық жұмысты орындау;
Жұмыс орнының ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсету, есепті жасау және қорытындыларды қорғау.
Келешек инженерлердің шығармашылық және кәсіби дағдыларын, қозғауыштарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын атқаруын дамыту үшін, оларға өздік жұмыс көлемін үлкейту керек.
Осы мақсатпен студенттерге бастапқы берілгендерді, есеп формулаларын, эскиздерді, кестелерді өзі осы практикум конспектілерін және сәйкес оқулықтарды зерттеп дайындауы керек.
Студенттердің өздік жұмысының көлемін оқытушы өзі белгілеуі керек.
Студенттің өздік жұмыс көлемін атқармауы, жұмыстың сапасы төмен болуы және қауіпсіздік техникасының білмеуі зертханалық жұмысты қосымша сабақтарға көшіруге әкеледі.
Зертханалық жұмыстың ретін және студенттердің өзік дайындалуына пиктограммалар жүйесі берілген.
Зертханалық жұмыстың есебі. Жұмысты орындап болған студенттер буыны оқытушыға осы практикум талаптарына сейкес есепті көрсетеді. Жұмыс қорытындыларын қорғағаннан кейін оқытушы студенттер буынын келесі жұмысты орындауға рұқсат береді.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу жоспары

Зертханалық жұмыс уақыт бойынша келесі бөлімдерге бөлінеді:


1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Жұмысты орындауға студенттердің дайындығын тексеру.
3. Жұмыс орнының комплекттілігін тексеру.
4. Бастапқы берілгендерді толықтыру, операцияларды жобалау, эскиздерді жасау және т.б.
5. Техникалық қауіпсіздік ережелерін оқу және станоктардың басқару мүшелерін зерттеу.
6. Технологиялық операцияны жасау.
7.Жұмыс орнының техникалық-ұйымдастыру қызметін көрсету және жұмыс қорытындыларын қорғау.
Нақты жағдайға байланысты жұмысты орныдауда басқа да ұйымдастыру бөлімдері болуы мүмкін.
Кейбір түсініктер анықтамасы. Бөлшектердің ақаулау жұмыстарын жүргізгенде бөлшек деген түсініктің құрам элементтеріне бөлу керек, оларды бөлшектің конструктивтік элементтері деп атайды. Сонымен, бөлшектің конструктивтік элементі – нақты қызмет атқаратын бөлшектің конфигурациялық беті.
Конструктивтік элементтер беттері әр түрлі жүктемелердің, үйкеліс күштерінің және күрделі орта әсерінде жұмыс атқарады. Осы факторлар жинағы конструктивтік элементтің жұмыс шарты деп аталады.
Бөлшектердің конструкциясын талдағанда (қалың қабырғалы корпусты, дөңгелек, стержень, қуыс стержень, дөңгелек емес стержень және т.б.) әр қайсысына әр түрлі конструктивтік элементтерді қоюға болады. Осы элементтер әр зертханалық жұмыс мазмұнында берілген.

Технологиялық үрдісті жобалаған кезде бөлшектің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Осы жағдайда бөлшектің конструктивті-технологиялық мінездемесі деген түсінікпен қолданған ыңғайлы. Сол мінездеменің негізгі параметрлері: материал; дайындаманы алу тәсілі; термиялық өңдеу түрі; жұмыс беттерінің қаттылығы; өлшемдердің дәлдігі; орналасуы; беттерді өңдеу тәсілдері және олардың кедір-бұдырлығы; негізгі конструктивтік элементтері; базалар; массасы және бағасы.


Ақауды жою тәсілдерін таңдау және оның қолдануының оңайлығы бөлшектің конструктивті-технологиялық мінездемесіне сай болуын, нормативті-технологиялық құжат талаптарына сай болуын қамтамасыз етуі керек.
жұмыс орнының құрал-саймандары
Орналасуы, құралдар, жабдықтар. Зертханалық жұмысты орныдаудың материалдық базасын әр қайсысының ауданы 50...60 шаршы метр екі бөлмеде (ақау анықтау және комплектілеу және жөндеу бөлмесі) орныластыру керек. Әрбір жұмыс орнының комплектілері әр зертханалық жұмыс мазмұнында берілген.
Студенттерге екі жұмыс орын қамтамасыз ету керек, бірінші оқу – құжаттарды дайындауға, есептеуге, әдебиетпен жұмыс істеуге; екінші арнайы технологиялық операцияны жасауға.
Құжаттар. Құжаттар және көрнекілік материалдар келесіден тұрады:
жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқаулары (осы практикумде берілген);
КЖ талаптары (ақауды анықтау, жинақтау, комплектілеу, жөндеу және т.б. талаптары,);
жөнделетін және ақау анықталатын бөлшектер сызбалары;
анықтамалық ақпарат (кесу режимі, операциялық эскиздер, уақыт нормативі, кесу инструментінің мінездемесі, станокты басқару ықшам сызбасы, ақауды анықтаудың және комплектілеудің негізгі берілгендері);
жұмыс орнының құжатына жұмыс орнының планы және оның құралдары, негізгі ауысулардың атаулары және олардың тізбегі, құрал-саймандар, қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары.
Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шаралар. Жазатайым оқиғалар болмауы үшін зертханалық жұмысты атқарған кезде қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану керек. Осы ережелерді оқып білгеннен кейін дәптерге қол қойған студенттер ғана зертханалық жұмыстарға жіберіледі
Қауіпсіздік техникасы өртке қарсы шаралар зертханаларда кәсіби одақпен және университет әкімшілігімен белгіленген келесі құжаттардан тұрады: «Кіріспе таныстыру қауіпсіздік техникасының инструкциясы», «Жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының инструкциясы», «Өрт қауіпсіздігінің инструкциясы».
Өрт болған жағдайда:
құралдар мен жабдықтардың электр өрісінен айыру керек;
өрт ошағын сөндіру үшін өртсөндіргіштер мен басқа да құралдарды қолдану керек;
керек жағдайда өрт жайлы өрт сөндіруші бөлімге немесе университет әкімшілігіне хабарлау қажет.
Зертханалар белгіленген талаптар бойынша өрт сөндіруші құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Зертханаларда бірінші медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмегі бар аптечкалар болу керек.

2 тәжірибелік сабақ



Қазіргі заманғы нефрологияның актуальді қиындықтарына ерте диагноз қою және бүйрек қызметі нашарлауының алғашқы сатысында адекватты ем жүргізу жатады. Өзінің дамуы кезінде СБЖ алып келетін, жиі тараған ауруларға көбіне жастар ауыратын СГН және СП жатады. Бүйрек қызметі нашарлауының үдеуі еңбекке қабілетін жоғалтуға және мүгедектікке алып келеді, бұл бүйрек ауруларын ерте сатыда анықтау қажеттігін түсіндіреді. Амбулаторлы жағдайда бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларымен ауыратын науқастарды жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Науқасты емханада зерттеуге – шағымдарын, ауру және өмір анамнезін сұрау, сонымен қатар аурудың жасырын түрін анықтайтын, үрдістің белсенділік дәрежесін анықтайтын құрал аспаптық және лабораторлық әдістермен зерттеулер жатады.
Қауіп қатер факторлары. Созылмалы бүйрек аурулары үдеуі ажыратылады: модифицирленбеген (жасы, жынысы, раса, олигонефрония, генетикалық факторлар), оған әсер ету мүмкін емес, модифицирленген, дәрігер дұрыс әсер еткен жағдайда СБЖ үдеуін баялата алады. Кейінгісіне жатады: негізгі патологиялық үрдістің белсенділігі, протеинурия, жүйелі артериальды гипертензия, жоғары белокты диета, дислипопротеинемия, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің жоғарлауы, темекі шегу, сәйкес ауруларының болуы (инфекциялар, зәр шығару жолдарының обструкциясы, жүрек жетіспеушілігі, семіздік, жүктілік), ятрогенді факторлар (анальгетиктер, СҚҚД (НПВП), рентгеноконтрастты заттар, нефротоксикалық антибиотиктер).
Зәр шығару жолдарының ауруларымен ауыратын науқастар жиі бел аймағындағы ауру сезіміне, зәр бөлінудің бұзылуына, ісінулерге, бас ауруға, бас айналуға, көрудің нашарлауына, жүрек аймағындағы ауру сезіміне, ентігуге, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға, температураның жоғарлауына шағымданады.
Бүйрек ауруларын диагностикалауда зәрді зерттеу маңызды. Зәрдегі өзгерістер - көбіне тұрақты, ал кейде зәр жүйесі зақымдануының жалғыз белгісі болады.
^ Зәрлік синдром. Зәрлік синдром мағынасына зәр бөлінуінің бұзылысы (зәр мөлшерінің өзгерісі, зәр бөлінуінің жиілігі мен ырғағының бұзылысы, зәр бөлу кезіндегі ауру сезімі), сонымен қатар зәрде патологиялық өзгерістердің пайда болуы жатады. Зәрлік синдромды қысқаша түсіндіргенде зәр анализінде протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия, зәр тұнбасында тұздың құрамының өзгеруі тәрізді өзгерістердің болуы. Бұл өзгерістер жеке түрде немесе әртүрлі қосарланған түрде кездесуі мүмкін.
Зәрдің реакциясы негізінен қышқылды. ^ Зәр реакциясының өзгерісі: зәрдің қышқылды реакциясы етті тағамдарды шектен тыс қолданғанда болуы мүмкін. Қышқылды реакция гломерулонефрит, диабетикалық кома, сонымен қатар ураттардың, зәр қышқылдарының бөлінуі кезінде болады. Зәрдің сілтілі реакциясы көкөністік диета, сілтілі минеральды суларды қолданғанда, құсудың әсерінен хлор иондарын жоғалтқанда, сонымен қатар зәр жолдарының қабыну аурулары кезінде, гипокалиемия, фосфатурия, ісіктің қайтуы, ішекте бактериялардың шіруі кезінде болады.
Зәрдің түсі оның құрамындағы қанға, гемоглобинге, дәрілік заттарға байланысты, лайлануы (помутнение) тұздардың, лейкоциттердің, бактериялардың жоғары құрамы әсерінен болады.
^ Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі: қалыптыда - 1,012-1,025, ішкен және бөлінген сұйықтық көлеміне тәуелді. Салыстырмалы тығыздықтың 1,010 төмен тербелуі бүйректің концентрациялық қызметінің бұзылысын білдіреді; бұл жағдай гипостенурия деп аталады. әрдайым тұрақты салыстырмалы тығыздықтың болуы, бірінші зәрдегі тығыздыққа сәйкес (1,008-1,010), изостенурия деп аталады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі зәрдің бөлінуінен немесе өзекшелер аппаратының зақымдануы кезінде оның концентрациясының бұзылысынан болады, бұл тубулоинтерстициальды тіндердің ауыр зақымдануымен созылмалы гломерулонефрит, интерстициальды нефрит, бүйректің туа пайда болған және тұқымқуалайтын аурулары, созылмалы пиелонефрит интерстицияның склероздануы сатысы кезінде болады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының жоғарлауы - гиперстенурия ( 1,030 жоғары) – онда қант, белок, тұздар болғанда байқалады. Глюкозурия қантты шектен тыс қолданғанда, глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия, қант диабеті кезінде кездеседі. Глюкозурияның аталған факторлары болмаған жағдайда нефронның проксимальды бөлігінде глюкоза реабсорбциясының бұзылысын білдіреді (тубулопатия, интерстициальды нефрит).
^ Зәр бөлінуінің бұзылысы: Полиурия (тәуліктік диурездің қалыптыдағымен салыстырғанда 2 есе немесе одан да көп жоғарлауы, үлкен жастағы балаларда 1500 мл/м2 көп тәулігіне) суды шектен тыс ішкенде, осмотикалық диуретиктер мен салуретиктерді қолданғанда, ісіктердің қайтуы,бүйрек қызметінің ауыр зақымдануы [СБЖ немесе бүйректің жедел жетіспеушілігі (ЖБЖ) полиуриялық фазасы], қантсыз диабет кезінде кездесуі мүмкін. Олигурия - тәуліктік диурездің төмендеуі, жасына байланысты қалыптағыдан 1/3-1/4 құрайды (тәуліктік диурез 400 мл ден төмен), бұл бүйректен тыс себептерге байланысты (сұйықтықты аз ішу, тер бөлінуінің күшеюі, профузды іш өтулер, тоқтаусыз құсулар, жүректік ісінулердің жоғарлауы), сонымен қатар гломерулонефритпен, пиелонефритпен, уремиямен ауыратын пациенттерде бүйрек қызметінің бұзылысы жағдайларында кездеседі. Физиологиялық олигурия жаңа туылған сәбилерде өмірінің алғашқы 2-3 тәулігінде байқалады. Анурия – диурездің қалыптағыдан 6-7% дейін төмендеуі немесе зәр бөлінудің толық тоқтауы. Секреторлы анурия өзекшелік фильтрацияның айқын бұзылысы кезінде және шок, жедел қан кету, уремия кезінде болады. Экскреторлы анурия, зәр ағар каналы бойынша зәрдің бөлінуінің бұзылысында немесе бүйрек қызметі сақталған жағдайда қуық қызметінің төмендеуінде (ишурия деп аталады) болады.

Лейкоцитурия, протеинурия, гематурия және бактериурия сияқты аурудың кардинальды симптомдарын ерте анықтау мақсатымен зәр анализін жасайды. Зәр диагностикасының экономды заты тест-сызықша скрининг мақсатымен қолданылады. Тест-сызықша оң реакция болғанда зәрді микроскопиялық зерттеу керек.


Протеинурия – зәрмен белоктың бөлінуі, қалыптыдан жоғары (50 мг/тәул).
Плазадағы және зәрдегі белоктың құрамына байланысты селективті және селективті емес протеинурияны ажыратады.
Селективті протеинурия төмен молекулярлы массалы белоктан тұрады, 65 000 жоғары емес.
^ Селективті емес протеинурия орташа және төмен молекулярлы белоктар клиренсінің жоғарлауымен сипатталады.
Протеинурия айқындылығының дәрежесі бойынша бөлінеді:
жоғарғы протеинурия ( 3г/тәул. жоғары) нефротикалық синдромның дамуына әкеледі, жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефритте жүйелі аурулар кезіндегі (ЖҚЖ, ВГ және т.б.), бүйрек амилоидозында, миеломды ауруда.

әлсіз (умеренная) протеинурия (0,5-3 г/тәул) жоғарыда аталған аурулардың барлығында, сонымен қатар АГ, түйінді периартериитте және т.б. кездеседі.

Микроальбуминурия (30-300 мг/тәул) нефропатияның ерте сатысында байқалады.

3 тәжірибелік сабақ



Тыныс алу жүйесі ( ағзаларын ) мүшелерін зерттеу әдістері .
Сұрап тексеру . Негізні шағымдар және олардың ұстама болу механизмі . Құрғақ және ылғалды жөтел, жәй-ақырын немесе қатты күшейген , ұстама тәрізді әлсін-әлсін немесе тұрақты , пайда болу уақыты , пайда болу жағдайы және жөтелді тоқтату түрі .
Қақырық , пайда болу уақыты , түрі , түсі , көлемі , кілегейлі , иісі , қан араласуы .
Қақырықтың бөлінуінің науқастың қалпына байланыстығы . Қан қақыру ,
өкпелік қансырау , оның мұрын , өңеш және асқазан қансырауынан айырмашылығы .
Кеуде қуысының ауыруы – күшеюі , түрі , берілуі , жөтелмен және тыныс алумен байланыстылығы .
Ентікпе – түрі , пайда болу уақыты , ұзақтығы. Ентікпенің түрлері .
Қызу көтерілу , терлеу, қалтырау . Температуралық қисықтың түрлері.
Дауыс өзгерісі . Дыбыс шықпай қалуы ( афония ), дауыстың қарлығуы . Мұрын дем алысының бұзылуы . Диагностикалық маңызы . Қарап тексеру . Науқастың мәжбүр қалпы . Тыныс алу түрлері : мұрынмен , ауызбен , еркін және қиналып дем алу. Орталық (центральный ) көгеру , оның патогенезі .
Кеуде қуысының формалары : нормостеникалық , астеникалық , гиперстеникалық. Кеуде қусының патологиялық түрлері (эмфизематозды , паралитикалық , рахиттік , воронколық, ладья тәрізді ). Бұғана асты және бұғана үсті шұңқарларының қалпы . Бұғананың орналасуы . Кеуде қуысының симметриялығы ( томпайып тұру , ішке қарай кіріп тұру , бір жағының үлкеюі немесе кішіреюі ). Омыртқаның қисаюы : лордоз , кифоз, сколиоз , кифосколиоз
Кеуде қуысының шеңберін анықтау , дем алған , дем шығарған кездегі экскурсиясы.
Тыныс алу түрлері : кеуделік , құрсақтық, аралас . Тыныс алу қоғалысының симметриялығы . Қосымша бұлшық еттердің тыныс алуды қатысуы . Бір минуттағы тыныс алудың жиілігі , тереңдігі және ырғақтығы . Тыныс алудың тереңдігі мен ырғағының бұзылуы ; терең Куссмауль , аритмиялық – Чейн-Стокс және Биот , ентігудің объективті белгілері . Диагностикалық маңызы .
Пальпация . Кеуде қуысының пальпация әдістері . Ауыру сезімінің пайда болу аймақтары . Кеуде қуысының серпімділігін анықтау . Дауыс дірілін анықтау . Диагнотикалық маңызы .
Перкуссия: салыстырмалы перкуссия , оның ережесі . Қалыпты және патолгиялық жағдайда перкуторлық дыбыстың кеуде қуысының симметриялық бөліктерінде өзгеру түрлері ( анық өкпелік , тимпанит дабылды , қорпты , тұйықталған , тұйық , тұйықталған – дабылды ). Диагнотикалық маңызы .
Топографиялық перкуссия . Кеуде қуысының топографиялық сызықтары . Өкпе ұшының жоғарғы шекрасын анықтау : өкпе ұшының биіктігін алдынан , артынан , Кренинг аймағының кеңестігінің . Өкпенің төменгі шекраларын анықтау және өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығын анықтау , өзгеруі себептерін анықтау . Диагностикалық маңызы .
Аускультация . Өкпенің аускультация әдістері . Негізгі және қосымша тыныс шулары , олардың пайда болу механизмі және диагностикалық маңызы . Визикулярлы тыныс , оның әлсіреуі немесе күшеюі . Бронхиалды тыныс және оның түрлері .
Сырылдар , олардың пайда болу механизмі . Құрғақ сырылдар – төмен темберлі ( басовые) , жоғорғы темберлі (дискантты ). Ылғалды сырылдар : ұсақ , орташа және үлкен көпіршікті , ашық және ашық емес . Сырылдардың орналасуы және таралуы .
Крепитация . Плевралдың үйкелісу шуы . Қосымша тыныс шуларының диагностикалық маңызы .
Бронхофония , оны анықтайтын әдістері. Оның тыныс жүйесінің диагностикасындағы маңызы

Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:

         1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының  бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;

     2.Микроорганизмдердің өсері.

    Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:

      1.Ентігу   құбылысы   төлдер  организміне   тек   қатты   күш түскенде ғана білінеді;

    2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;

    3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.

    Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін.Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:

    1.Тыныс алу  жолдарының  аурулары   (ринит,   гайморит,фронтит, ларингит, трахеит);

    2.Өкпе   мен   оның   сірілі   қабықтарының  аурулары  (өкпе қабынулары; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі)    

     Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы  (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және   фолликулярлы болып бөлінеді.Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады.Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін.Белгілері. Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады.Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т.б.).Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн[2,6,8].



    Танау кілегей қабықтарының қабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегей қабына бетінің қабынуына  фибриннің кілегей қабына жиналып қабаттануына  және бездердің қабынуына өтуіне байланысты-жіті және созылмалы пайда болуына байланысты-басалқы және қосалқы түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Мал көбінесе катаральды қабынумен ауырады: крупозды және фолликулярлы қабынулар сиректеу кездеседі, ал кездескен жағдайларда жылқыларда болады.Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібінің бұзулары, көп жағдайларда, механикалық ыстық суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады. Құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен дем алу, аммиакпен қаныққап ауамен не ыстық бумен дем алу, ыстық асты суытпай жегізу, аммиак ерітіндісімен өңделінген сүрлем шөп қабынулары, күннің ыстық кезінде шаң жолдармен топтап айдағаннан пайда болады. Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін желорай, ылғалдылық т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы түрлерде қабынуларында қоздырғыш  микроорганизмдер /стрептококктар, стафилококктар, вирустар/ және организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі /аллергия/ аса маңызды орын алады.Танау қабынуларын бейімдейтін жағдайлар - азықтың құнарсыздығы, атап айтқанда, рациондағы карогиннің не ретинолдың аздығы, мал қораларының ластануы ауадағы бактериялардың қалыптан тыс көбейіп кетуі.Танаудың қосалқы түрде қабынулары басқа індетті, құрт немесс жұқпалы емес аурулардың асқынуларынан пайда болады. Дамуы Танаудың кілегей қабықтарының қабынулары мұрын жолдарын ісіндіріп, жалқыаяқа толтырады, сөйтіп ауаның өтулеріне кедергі  жасайды да дем алу кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен ербіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді. Себептерін жойып ем қолданбаса қабынулар көршілес орналасқан қосалқы қуыстарға, жұтқыншақ пен көмейге ауысып жайылып кетулері мүмкін. Белгілері. Танаудың кілегей қабықтарының беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малдарда аздаған ғана жабырқаушылықтық белгілері байқалынады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0,5-1"С дейін ғана көтеріледі, азыққа дсген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде мұрындарын аттақырға, қабырғаларға үйкелейді. Дем алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, дем алуы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтарын тексергенде алдында ұйымалы сонан-соң ұйымалы -сарысулы  ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқықтар мен бекітіліп қалады да кілегей қабықтары қызарып, домбығып кетеді. Ауыру қолайлы жағдайда өтсе, малдар 5-10 күннің ішінде толық айығып кетеді. Көмейдің кілегей қабығының қабынуы (Laryngitis - ларингит). Көмейдің қабынуы пайда болу себептеріне байланысты өздігінен және қосымша, барысы бойынша жіті және созылмалы, жалқықтың сипаты бойынша катаральды және крупозды фибринді түрлеріне бөлінеді. Катаральды шырышты қабының қабыну малдардың дерлік барлық түрлерінде де кездесе береді, ал крупозды қабыну сирек кездеседі, кездескен жағдайдың өзінде көбінесе жылқылар арасында ғана байқалынады [1,4,13].

    Себептері. Өздігінен пайда болатын кемей қабынуы малдарды азықтандыру және күту технологиясының бұзылғандығынан болады. Ауруды тікелей тудыратын ссбептер де біршама бар, олар: суыққа шалдықтыру, көмей кілегей қабықтарына тітіркендіргіштердің әсер етуі-ірі қара малды тастай суық сумен суғару, шошқаларды ыстықтай азықтандыру, көп мезгіл тітіркендіргіш газдармен, шаң-тозаңды ауамен дем алдыру. Малдарды спирт-сыра қайнату мекемелерінің қалдықтарымен азықтандыруға организмді бірте-бірте үйретпей, аяқ асты көшіру жаппай ауруға ұшыратады. Көмей қабынуы малдарға дәрілерді аузы арқылы күштеп бергенде не өңешке зонд енгізгенде де пайда болуы мүмкін. Крупозды қабыну көмей кілегей қабықтарына күшті тітіркендіргіштердің әсер етуінен /аммиак, қышқылдар, сілтілер, ыстық түтін, қызып тұрған малдарға суық ауамен дем алдыру т.б./ дамиды.Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді.Көмейдің қосымша түрдегі қабынуы басқа аурулардың асқынғандығының белгілері ретінде пайда болады. Крупозды қабынудың дамуына қоздырғыш микроорганизмдер мен дененің түршігушілік күйінің әсері көп. Дамуы қабыну көмейдің кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жалықты жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін[4,3,13].



    Белгілері. Көмей катаральды түрде қабынғанда аурудың жалпы күй-жайы көп өзгермейді не аздаған ғана жабығандық байқалады. азыққа деген тәбеті де көп өзгермейді, аздап төмендеуі мүмкін, дене қызуы қалыпты шама деңгейінде болады не аздап қана көтеріледі / субфебрильная/. Жылқылар мен ірі қаралар мойындарын созып, бастарын еңкейтіңкіреп ұстайды. Көмей тұсын сипағанда, тез қимыл жасағанда аурудың бастапқы күндері құрғақ жөтел пайда болады, кейінірек ол қақырықты күркіл жөтелге айналады. Крупозды қабынғанда жалпы жабыққандықтың белгілері айқын көрінеді, азыққа тәбеті шаппайды, дене қызуы 1-2° С дейін кетеріледі, дем алысы ауырлап ысқырыньш шығады, көмейді қолмен басқанда қатты ауырсынады, көмейдің тұсы ісініп домбығады, жөтелгенде фибрин талшықты қақырық түседі. Көмей крупозды түрде қабынғанда антибиотиктер сульфаниламидтер қолданады, сыртқы тұсына озокерит балшық тартады, диаметрия не УЖЖ-ті ультра жоғарғы жиілікт/ тогымен емдейді. Егер көмей жедел түрде ісініп мал тұншыға бастаса, дереу кеңірдекті тесіп, оған тыныс түтігін трахетубус орнатады. Жиналған жалқықты тарату үшін жылытқан сұйық азықтармен біріп-қақырық түсіретін дәрілер береді. ас содасын, аммоний хлоридін, терпингидрат, ипекакуана, термопсис т.б. Жылқы мен ірі қараны жылы судың буымен дем алдырған /ингаляция/ жақсы нәтиже береді. Көмейдің тұсын тәулігіне 2-3 рет грелкамен, Соллюкс лампасымен не инфрафружбен жылытады
4 тәжірибелік сабақ

Жұмыстың мақсаты: Жиналған азықтар мен тірі өсімдіктерде паразиттік тршілік ететін саңырауқұлақтармен танысу; кейбір саңырауқұлақтардың мицелийлерінің суретін салу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың улылығын анықтау әдістерімен танысу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды зарарсыздандыру және қолдану әдістерін зерттеу және азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуының алдын алу шараларымен танысу.
Дұрыс сақтамағанда және жаңбырлы ауа райында азықтар жиі саңырауқұлақтармен және микроб флорасымен зақымдалуға ұшырайды. Мұнда су тиген немесе кептірілмеген азықтардың өздігінен қызуы барысында бактериялардың саны бірте-бірте азаяды, ал саңырауқұлақтардың саны, керісінше, артатындығы маңызды дерек болып табылады. Қатты азықтарда әсіресе шөпте табылып жатқан саңырауқұлақтардың көпшілігі улы, ал олардың кейбіреуі – патогенді. Мұндай азықтар көбінесе малдардың жапай ауыр ауруы себебімен және өлімінің себебі болып табылады. Саңырауқұлақ және микрофлорамен зақымдалған азықтардың зиянды қасиеттері саңырауқұлақтар бөлетін улағыш заттардың түзілуімен, азықтың қоректік заттарының ыдырау өнімдерінің қорлануымен, сонымен қатар саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің азықпен және ауамен ағзаға түсу барысында жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде паразиттік тіршілік етуге қабілеттілігіне байланысты. Зиянды саңырауқұлақтардың ағзаға әсер ету механизміне тәуелді олар микоздар және микотоксикоздарға бөлінеді.
Микоздар – бұл мал ағзасына түскен саңырауқұлақтардың оның ұлпасы мен мүшелерінде өсіп - өніп, көбейіп, сондай - ақ жергілікті механикалық және жалпы улағыш әсерін көрсететін аурулар (актиномикоз, кандидомикоз, бұзаутаз).
Микотоксикоздар – әртүрлі улы саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды жеу нәтижесінде туатын аурулар. Олар токсиндер бөледі, бірақ ұлпаларда паразиттік тіршілік етпейді. Азықтарда қолданғанда жануарларда токсикоз тудыратын микотоксиндердің жинақталуы жүреді (эрготизм, фузариотоксикоз, стахиботриотоксикоз және т.б.). Микоздар мен микотоксикоздардың айырмашылық қасиеттерін кестеден қараңыз.
Көбінесе азықтарда кездесетін саңырауқұлақтарды шартты түрде екі негізгі топқа бөледі – егістік саңырауқұлақтары мен сақтау зеңдері. Біріншіге дәнде өсімдіктің вегетация кезеңінде енуге және дамуға қабілетті түрлерді жатқызады. Олардың ылғалдылық деңгейіне қоятын талаптары өте жоғары болып табылады– 20-25%.

45-кесте – Микоздар мен микотоксикоздардың айырма қасиеттері


Көрсеткіштер


микоздар

микотоксикоздар

Этиология


Инкубациялық кезеңі


Таралуы

Зақымдалу

Ауруды жою


Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі, ұлпалар мен мүшелерде өсіп өніп, көбейеді


Ұзақ

Жаппай (барлық мал басы)

Бар

Емдеу

Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі, бірақ өздері ұлпаларда тоғышарлық етпейді


Қысқа

Жаппай (жануарлар тобы)

Жоқ

Зақымдалған азықпен азықтандыруды тоқтату

Екінші топты Aspergillus және Penicillium туысының топырақта болатын, тек кейбір жағдайларда вегетациялық өсімдіктерде болатын, бірақ дәндердің сақталатын бөлігіне тән саңырауқұлақтар құрайды. Бұл саңырауқұлақтар дәннің сақтау кезіндегі ылғалдылығы – 13-18 % төмен ылғалдылықта дами алады, бірақ мұнда саңырауқұлақтардың ылғалы өнімнің ылғалдылығынан біршама жоғары болады. Зең саңырауқұлақтарының споралары табиғатта кең тараған (топырақ, су, ауа, азық). Қолайлы жағдайларда (температура 5-150 С және ылғалдылық 18-30 %) азықтарда жіп тәрізді, өрмек тәрізді, мақта тәрізді жабындар (ақ, сұр, қара, қызғылт, жасыл және басқа түсті) түзіп дамиды.



Тірі өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңырауқұлақтарды анықтау

Тат саңырауқұлақтары көпшілік астықтұқымдастарды және басқа бірқатар өсімдіктерді зақымдайды. Тат саңырауқұлақтарымен өсімдіктің жер үсті бөлігі зақымданады: оларда қызыл, қара және сары дақтар мен жолақтар пайда болады, мұнда тат саңырауқұлағымен зақымдалған жерлердегі жолақтар кетірілген тәрізді және бүтін емес болып көрінеді. Қарпайым көзбен немесе ұлғайтқыш әйнектің көмегімен тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтық өсімдіктерді қарағанда нүктелер мен жолақтар көрінеді. Тат саңырауқұлақтары жануарларда ауыр аурулар туғызатын патогенді саңырауқұлақтарға жатады. Тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған өсімдіктермен улану жасыл массамен де, сабан және шөппен де қоректендіргенде байқалады.

Қаракүйе әртүрлі өсімдіктерді зақымдайды, оларда қарайып кеткен масақтар мен сыпыртқылар түзіледі. Бұл өсімдіктердің тұқымы жағымсыз тұздалған балық иісті қара массаға айналады.
Қаракүйенің болуын төмендегідей анықтайды. Аздаған мөлшерде шөп алып, оны алақанда ысқылайды. Қолда қара шаңның пайда болуы шөптің қастауышпен зақымдалғандығының белгісі. Шөп үлгісінде қара күйенің болуын микроскоп көмегімен анықтауға болады. Шөп сынамасын жылтыр бетті қағазға сілкиді. Түскен шаңды жинайды да, оның аздаған мөлшерін заттық шыныға су немесе глицерин тамшысына салып, жабын шынысымен жауып, кіші ұлғайтқышпен қарайды. Препаратта қаракүйеге тән спораларды табуға болады. Қаракүйенің рұқсат етілетін мөлшері 0,06 %.

46-кесте – Азықтардың өсуі барысында саңырауқұлақтармен зақымдалуы


Көрсеткіштер


Тат саңырауқұлақтары


Қаракүйе

Қастауыш

Клавицепспали-токсикоз


1

2

3

4

5

Табылуы

Тат түсті дақтар мен жолақтар (бүкіл өсімдік бойында қоңыр)


Жағымсыз балық иісті қарайған масақтар мен сыпыртқылар


Тұқым орынына іші ақ, күңгірт сиякөк түсті мүйізшелер өсіп шығады


Масақтарында тамыздың басында мүйізшелер түзіледі


Зақымдалуы


Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері


Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері


Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері


Көбірек жылқылар, ірі қара мал, басқалары аздаған


Белгілері


Сілекей ағу, бас жақ қабынады, іш өту, көбінесе қан аралас, жүрісі қиралаңдаған, артық аяқтарының салдануы




Сілекейі, жас ағу, іш өту, жөтел, қарашық ұлғаюы, түсіктер


Түсіктер, шеткі мүшелердің ганренасы


Қиралаңдаған жүріс


46 кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

Алдын алу

Зақымданған азықтарды сілтілермен зарарсыздандырып беру


Буаз малдарға бермеу, қатты зақымдалған азықты жою, тұқымдарды гранозанмен өңдеу


Буаз малдарға бермеу, аз мөлшерде зақымдалған азықты бордақыланатын малға шектеп беру


Зақымдалған азықты рационнан алып тастау





Қастауыш бидай, қара бидай, сұлы, қылтанақсыз арпабас, түлкіқұйырық, қоңырбас сияқты өсімдіктерді зақымдайды. Тұқымның орнында мұндай өсімдіктердің масағында сырты күңгірт сиякөк, ал іші ақ үлкен мүйізшелер өсіп шығады. Қастауышта эрготоксин, эрготамин, эргометрин алкалиодтары бар.
Зертханада шөптің сынамасы немесе үлгісін ақ қағаз бетіне қағады, түскен ұсақ бөлшектерді скальпелмен жинайды. Олардың арасында күңгірт қаракөк түсті қастауыш склеродияларын кездестіруге болады. Ұнды азықтарда, сонымен қатар шөп ұнында қастауыш барлығын келесі әдіспен анықтауға болады: сыйымдылығы 100 мл болатын 10 г зерттелетін азыққа 70 %-дық спирт және 5 %-дық тұз қышқылының қоспасын құяды, су моншасында жарты сағат қыздырып, азықты суытады. Қастауыш болса, сұйық әлсіз қызғылт түске боялады. Бұл сынаманың көмегімен 0,03-0,04 % мөлшердегі қастауышты табуға болады. Қастауышпен уланудың алдын алу үшін 0,2 % мөлшерден жоғары қастауышы бар ұн қауіпті болып саналатындығын және азыққа шекті мөлшерде жіберілетіндігін (тек буаз малдарға емес) ескеру қажет. Құрамында көп мөлшерде жас аналық мүйізшелері бар дән қалдықтары мен ұнды малдарға беруге болмайды. Құрама жемдегі қастауыштың рұқсат етілетін мөлшері
0,05 % дейін.
Жиналған азықтарда тоғышарлық ететін саңырауқұлақтарды анықтау

Саңырауқұлақпен зақымданған азықтың түсі күңгірттеу, иісі жағымсыз, шоқты желімденген кесектерден тұрады. Азықтарды Aspergillus, Penicillium, Mucor, Fusarium және басқа туыстардың саңырауқұлақтары жиі зақымдайды. Саңырауқұлақтармен қоса, азықтарда әдетте азықтарды ыдырататын әртүрлі қышқылға төзімді бактериялар мен коккалар өсіп өнеді.


Азықтарды тексергенде вегетация кезеңінде азықтық өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңырауқұлақтардың, ең алдымен қастауыштың болуына назар аударады. Азықты сақтау кезеңінде саңырауқұлақтардың дамуы айқын білінетін ошақтылықпен ерекшеленеді. Ошақтар жатып қалған қабаттарға, күңгірттенген, қоңырайған ұяға немесе көбінесе арнайы зең иісі бар, шаңдауыт, қара, жасыл, сұр немесе басқа түсті саңырауқұлақ (зең) жабыны бар қабаттамалар түрінде болады.
Fusarium туысының саңырауқұлақтары. Олар вегетациялық та, өсіп келе жатқан дәнді астық тұқымдастарда да дами береді. Олардың өсуі үшін қолайлы шарттар кептірілмеген дәнді немесе егістікте қыстайтын өсімдіктерді нашар сақтағанда туады. Саңырауқұлақтар токсиндері жылуға және химиялық заттарға төзімді. Олар өз улылығын жылдар бойы сақтайды. Бұл туыстың ең бір улы саңырауқұлақтары Fusarium Sporotrichiella болып табылады.
Органолептикалық тұрғыдан Fusarium туысының зең саңырауқұлақтарымен зақымдалған дән нәзік, күңгірт, ақ, қызғылт-ақ немесе кейде біршама биік болатын қызылдау жабынмен көмкерілген болады. Микроскоппен жабын қырындысын дистильденген су тамшысында зерттегенде мицелийдің тізбек тәрізді, бұтақталған немесе қарапайым конидияларға айналатын жіпшелерін көруге болады. Конидийдің ұшында және айналасында сопақша, дөңгелек, ұршық тәрізді, орақ тәрізді немесе басқа пішінді макроконидийлер орналасқан болады.
Stachybotris alternans саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақтарға зерттегенде олардың дамуы үшін аса қолайлы шарттар сабанда, шөпте 5-300С температурада және 25-70 % ылғалдылықта туатындығын ескеру қажет. Сондықтан, қарайған жерлерден, су тиген жерлерден әрқайсысы 20-30 г болатын 10 сынама алады да әрбір сынаманы жеке қағазға орайды.
Бұл саңырауқұлақ тұтас сабанда немесе түйіндерінде ғана жеңіл алынатын қара жабын түзеді. Бірақ қара жабын жануарларға қауіпсіз басқа саңырауқұлақтар дамығанда да жиі түзіледі. Микроскоппен зерттегенде көбінесе түйіндерде кездесетін сұр күйелі жабынмен көмкерілген жеке шөп талдарын алады. Ұлғайтқыш әйнекпен қарағанда ол күйені еске түсіретін қара ұсақ ұнтақ түрінде көрінеді. Қолмен жеңіл сүртіледі. Бұл жабынның аздаған мөлшерін скальпельмен немесе инемен заттық шыныдағы су тамшысына қырып алып, жабын шынысымен жауып, микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышымен зерттейді. Мұнда сегменттелген мицелийдің түссіз жіпшелерін (гифалар) көруге болады. Мицелий массасынан қысқа, кейде жасыл-зәйтүн түске боялған конидийлерді көруге болады. Олардың ұшында өлшемі ұзынынан 8-12 мкм және ені 6-8 мкм болатын жетілген эллипс пішінді 6 дан 8 ге дейін күңгірт-қоңыр конидийлерді біріктіретін розетка түріндегі жапырақ тәрізді өсінділер – стеригмалар байқалады. Жетіліп түсіп қалған конидийлердің орнына жаңалары дамиды, кейде стеригмаларсыз конидийлерді көруге болады.
Dendrodochium toxicum саңырауқұлағы. Бұл улылығы жоғары саңырауқұлақ сабан бұзылуының көзге көрінетін белгілерін бермеуі мүмкін. Сабан сапалы сияқты болады. Бұл саңырауқұлақтың дамуы үшін қолайлы шарттар: 250 С температура, 50 % ылғалдылық, бидай, қара бидай, арпа мен сұлының үгіндісі мен сабан субстраты болып табылады. Органолептикалық зерттегенде саңырауқұлақтың сабақ ішінде дамуына байланысты сабан сыртынан қалыпты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шөпті сындырғанда немесе саңырауқұлақпен зақымдалған үгіндіде ақ, бөлек аумақтарда орналасқан жабынды табады. Микроскоп арқылы зерттегенде заттық шыныдағы су тамшысына қыру әдісімен алынған жабынның (мицелийдің) аздаған бөлшегін салады. Мұнда ағаш тәрізді бұтақталған, тығыз қабат етіп орналастырылған конидийлер мен дәл сондай түссіз ұсақ ұштары үшкірленген конидийлер байқалады. Бұл саңырауқұлақ бөлетін токсиндер, жоғары температура мен химиялық заттарға төзімді, сондықтан зақымдалған азық залалсыздандыруға жатпайды, оны жарамсыз деп таниды.
Penicillium туысының саңырауқұлақтары. Олардың саны шамамен 900 түрге жетеді. Бұл туыстың дамуы үшін қолайлы жағдайлар – оттегі жеткіліксіз болғандағы азықтардың біршама жоғары (22-350 С) температурасы және жоғары (18-30 %) ылғалдылығы. Олардың арасында улы және патогенді қасиеттері бар өкілдері кездеседі, бірақ көпшілік саңырауқұлақтар сапрофиттер. Азықтарда бұл туыстың саңырауқұлақтары аспергилл және мукор саңырауқұлақтарымен бірге өседі.
Органолептикалық пеницилл саңырауқұлақтарының азықтарды өсуінің сыртқы түрі төмен орналасқан көкшіл жасыл реңді зең басумен сипатталады. Микроскоппен зерттегенде түссіз немесе ашық түске боялған мицелий жіпшелері байқалады. Олардан стеригмалармен аяқталатын тік немесе өрлегіш конидийлер шығады. Соңғылары бір-, екі- немесе үш қабатты орналасады да, өзгеше құрылған шашақтардың қалыптасуына әкеледі. Оның ұштық бұтақталуларында конидийлер тізбегі орналасады. Әртүрлі типті шашақтар кездеседі. Конидийлері дөңгелек немесе сопақша пішінді және көпшілігі жасылдау түсті.
Aspergillium, Penicillium, Mucor туысының саңырауқұлақтары – сапрофиттер, өлі субстраттарда өскенде улы қасиеттерге ие болады және жануарлар мен құстардың ағзасында тоғышарлық етуге қабілетті, яғни патогенді (микоз қоздырушылары) болып табылады. Aspergillium туысының саңырауқұлақтары (Aspergillium fumigatus, Aspergillium flavus, Aspergillium niger жиі кездеседі). Органолептикалық зақымдалған азықтарда түтін тәрізді, қара сарғыштау, үлпек немесе төмен орналасқан зең жабыны байқалады. Бұл жабындардың қырындысын микроскоппен қарағанда көп клеткалы перделі мицелийлерді анықтайды. Саңырауқұлақтың кейбір түрлерінде ауалық мицелийі қалың қабырғалы жасуша-аяқшалар түрінде көрінеді. Олардан перпендикулярлы бағытта тік тұратын бұтақтар – ұштары томпиған болашақ конидийлер шығады. Аспергиллдердің басқа түрлерінде конидийлердің негізінде тірек аяқшасы болмайды. Кеңеюлердің бетінде өсінділер – стеригмалар түзіледі. Аспергиллдер түріне байланысты стеригмалар бір немесе екі қатарға орналасуы мүмкін. Стеригмалардың үшкір ұшынан конидий спораларының радиальды ұзын тізбектері шығады. Стеригмалары мен конидий тізбектері бар томпақ бас деп аталады.
Оның пішіні суы ағып жатқан су сепкішке ұқсайды. Осыдан Aspergillium туысының зең саңырауқұлақтарының “су сепкіш зең” деген атауы шыққан. Конидийлердің көпшілігі түссіз немесе боялған, шар тәрізді, жұқа немесе сәл қалыңдаған қабықты.
Mucor туысының саңырауқұлақтары. Органолептикалық Mucor туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарда үлпек күңгірт-сұр немесе қара борпылдақ киіз тәрізді, желімденген шоқтары мен жағымсыз иісті кесектері бар жабын түрінде байқалады. Микроскоппен зең кесегі бар препаратты зерттегенде бөлшектенбеген бұтақталған мицелийді табады, одан тік тұратын конидийлер шығады (спорангийлер). Ұшында шар тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий қабығы жырылғанда көптеген шар тәрізді, тегіс, түссіз немесе әлсіз боялған споралар шашылады.

5 тәжірибелік сабақ



Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжүтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.[1][2]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет