Оқыту нәтижесін бағалаудың дәстүрлі құралдары туралы түсінік
Оқыту нәтижесін бағалаудың жаңа құралдары туралы түсінік
Дәстүрлі білім беру-білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп,ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Бұл жүйеде баланың тілін ой өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыта отырып,
Дәстүрлі білім беру-білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп,ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Бұл жүйеде баланың тілін ой өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыта отырып,
- оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Мұғалім өз пәні бойынша жалпы әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды.
Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары
Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.
Заманауи жаңа құралдар
Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау. Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты.
Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.
Диагностикалық іс-әрекет
Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай түрлері енгізіледі : сыртқы баға, ішкі баға және портфолио. Портфолио әдеттегі білім, білік, дағдыдан басқа оқушының компетенттілігін тексеруге, бағалауға көмектеседі. Портфолио бағалаудың бір түрі ғана емес, сондай –ақ ол оқушылардың оқу мотивациясына көмектеседі , оқу мумкіндіктерін кеңейтеді. Портфолионың міндеті–баланың неге қабілетті екендігін көрсету. Ол –жаңа оқу процесін ұйымдастыру құралы, оқушының бұрыңғыға қарағанда білімі мен білігіндегі ілгерілеу жолдарынайқындайтын көрсеткіш.