Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


Ономастикаға ашықтық, атауларға әділдік



Pdf көрінісі
бет90/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Ономастикаға ашықтық, атауларға әділдік

Ғасырлар бойы отаршылдықта болған, жазба әдебиеті, мұрағаты, мұражайы 

кеш қалыптасқан біз сияқты елде  ономастикалық атаулардың мазмұны да, маңызы 

да аса айрықша. Себебі, ономастикалық атаулар әрі тарихымыз, әрі мәдениетіміз, 

әрі дүниеге, қоршаған ортаға, табиғатқа деген халықтық ұғымдарымыздың, ұлт-

тық санамыздың ғасырлар бойы жинақталған көрнекі және жинақы көз  қа рас-

тарымыздың  қазынасы.  Сондықтан  да  жаңадан  ономастикалық  атаулар  бе ру, 

байырғы атауларды жаңғырту, әлбетте, қазіргі дәуірдің қажеттілігінен туа оты-

рып,  сол  тарихи  дәстүрлерді  сақтаумен  сабақтасып,  бүгін  мен  бағзыны  және 

бо ла  шақты  жалғастырмағы  абзал.  Өйткені,  жас  тәуелсіз  мемлекет  тұрғысы-

нан  алғанда  ономастикалық  атауларға  мұқият  қарауымыздың,  тиянақты  ба-

йып    тауымыздың  қазіргі  күнде  кем  дегенде  екі  түрлі  өте  маңызды  қыры  бар. 

Бі рін шіден,  ономастикалық  атаулардың  тәуелсіздік  мұраттарына  сай  тарихи 

жа дымыз ды  жаңғыртар,  өркениеттілігімізді  танытар,  ұрпаққа  тағылым  берер 

маз мұ нын  қалыптастыру  болса,  екіншіден,  жаһандану  тағы  да  басқа  әлемдік 

гео саяси жағдайларға байланысты жер бүтіндігінің, ел қауіпсіздігінің бүгіні мен 

ертеңін ойламалдау.  

Ономастикалық атаулардың жоғарыда аталған маңыздылығы ең алдымен бұл 

саладағы  жұмыстардың  айрықша  обьективті  болуын  қалайды.  Тәуелсіздіктің 

бас тапқы  жылдарында  жасалынған  әртүрлі  деңгейдегі  бұл  ауқымды  және 

бел сенді  жұмыстар  жалпы  елдің  тарихи  құбылыстар  атаулары  мен  тұлғалар 

есімдеріне деген табиғи ұмтылысын аңғартумен бірге, өңірлік психологияның 

да  басым  болғандығын  айрықша  аңғартты.  Соның  нәтижесінде  сол  жылда-

ры ауылдар мен аудандарды былай қойғанда кейбір облыс орталықтарындағы 

көшелер  мен  мектептер,  нысандар  елімізге  аса  танымал  емес  тұлғалардың 

есімдерімен  аталып  кетті.  Әсіресе,  кеңестік  кезеңде  басшылық  қызметтерде 

болған немесе қазіргі кезеңде ұрпақтары билікте отырған, бақуатты кәсіпкерге 

айналған  адамдар  өңірлердің  ономастикалық  жұмыстарына  ықпал  ете  баста-

ды. Бұл қоғамдық ортада белгілі деңгейде алуан пікірлерді де тудырды. Бүгінде 

қалалық, облыстық, республикалық ономастикалық комиссияларға ұсынылатын 

өтініштерде осындай үрдіс байқалады. Сондықтан ономастикалық атаулар бе-

кі туде, әсіресе, республикалық деңгейде әділеттілік пен сарабдалдықты қа лып-

тастыру  қажет  деп  ойлаймыз.  Осыларға  қол  жеткізу  үшін  жалпыұлттық  дең-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет