Орындаған: Бт-49/3 тобының студенті Илёсова А.Р.
Тексерген: Хұсан П.Х.
Өндірістік практикасының өткізілген орны: Туран Бизнес Групп сертификаттау орталығының зертханасында орындалды.
Өндірістік практикасының болған уақыты: 03.01.2022- 03.05.2022.
03.01.2022
Практиканың алғашқы күні микробиологиялық зертхана үшін таза және инфекциялық аймақтарға бөлінген бөлмелер кешенінен тұратын арнайы бөлмелермен таныстырылды.
Таза аймақта сыртқы киімдерге арналған бөлме, дайындық жұмыстарына арналған бөлме, залалсыздандыру бөлмесі, тоңазытқыш камерасы немесе қоректік орталар мен диагностикалық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштары бар бөлме, демалуға және тамақтануға арналған бөлме, киім киюге арналған бөлме, құжаттар мен әдебиеттермен жұмыс жасайтын бөлме, менеджер кабинетімен және қосалқы бөлмелермен таныстым.
Инфекциялық аймақта материалды қабылдауға және тіркеуге арналған бөлме, боксты бөлмелер немесе биологиялық қауіпсіздік құралдармен жабдықталған бөлмелер, термостат бөлмесі, стерилизацияға арналған автоклав және бактериологиялық, серологиялық, гельминтологиялық және басқа жұмыстар жүргізілетін арнайы бөлмелермен таныстым.
17.01.2022
Сүтті алып, талдауға орташа сынама алу ережелерін зерттедім. Сүтке талдау жасадым. Сүттің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтадым: қышқылдық, майдың массалық үлесі, ақуыздың массалық үлесі, тығыздығын есептедім.
20.01.2022
Зертханада сүттің адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы және басқа да аурулардан таза аймақтағы сау ауыл шаруашылығы жануарларынан алу керектігін білдім. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша сүт талаптарға сай болуы керектігін үйрендім: