Орындаған:Қуандық Амина Рашидқызы Тақырыбы: Дина Нұрпейісова



бет1/3
Дата25.02.2023
өлшемі22,79 Kb.
#170114
  1   2   3
Байланысты:
1 Балалар саз мектебі


1 Балалар саз мектебі


Рефарат

Орындаған:Қуандық Амина Рашидқызы
Тақырыбы:Дина Нұрпейісова
Сынып:5

Биыл еліміз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Жақында ғана Елордада еңселі ескерткіш орнады. Жер-жерде домбыра мен күй өнерінің бағын асқақтатқан шаралар өтуде.

Динаның өмір жолы өте күрделі, тағдыры сынаққа толы. Алла Тағала тұла бойына тылсым өнер дарытқан күйші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында әйел баласының басында кездесетін сан-түрлі қиындықтың бәрін жеңіп шығып, жеке тұлға ретінде өзіне жүктелген аманатты келешек ұрпаққа аман тапсырды деп ойлаймыз. Ол аманат – қазақ күйі, домбыра шанағындағы тылсым дүние болатын.

Әрине, осы күнге дейін Дина күйші туралы жазылған ақпарат көп-ақ. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен Смағұл Көшекбаев Астрахан өлкесіне келіп, 76 жастағы Динаны көндіріп, Алматыға алып кеткен сәтінен бастап күйші халықтың, өнер зерттеушілерінің көз алдында болды. 1938 жылы 23 сәуірде «Социалистическая Алма-Ата» газетінде Динаның Құрманғазы туралы «Ұстаз» деген мақаласы жарық көрсе, Ахмет Жұбанов «күй анасының» өмір жолы мен шығармашылығы туралы бірнеше еңбек жазды. Дина өмірден өткен соң екі жылдан кейін, 1957 жылы «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» Сәуірбек Бақбергеновтің «Дина» атты кітабы жарық көрді. Кейін де күйшінің замандастары мен ұрпақтары, тарихшы ғалымдар мен өнер зерттеушілері жазған мақалаларда қисап жоқ. Біз осыларды барынша сүзіп өтіп және бүгінге дейін беймәлім болған архив құжаттарын ақтарып, Дина күйшінің адами болмысын, өмір жолын қалпына келтіруге тырыстық.


Туған өлке, өскен ортасы

Осы кезге дейінгі деректердің бәрінде Дина күйші 1861 жылы дүниеге келгенін көрсетеді. Бұл шешеміздің өз айтуынан жазылған болса керек. Бөкей ордасында метірке жүргізу, архив ісі Жәңгір хан дәуірінен басталғанын ескерсек, болашақта нақты құжат та табылып қалуы ғажап емес.

Дина дүниеге келген өңір – сол кездегі Астрахань губернасына қарасты Ішкі қазақ ордасының Нарын қисымына жататын Бекетай құмы. Бұл қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы аумағында. Кең байтақ жерді алып жатқан Нарын құмындағы Бекетай, Жиделі, Жарқияқ қоныстары – ХІХ ғасырдың басынан бері қызылғұрт, бесқасқа беріш, төлеңгіт, кердері руларының аралас-құралас өсіп-өнген мекені болатын. Мұны бүгінде Уфа, Астрахань архивтерінде сақталған бөкейлік мешіттерінің метірке кітаптарынан айқын көруге болады.


Динаның әкесі Кенже Шалұлы – руы төлеңгіт, орта шаруалы адам болса керек. Анасының есімі – Жәниха. Ахмет Жұбанов жазбаларында Кенженің жасында палуан болғаны, ат баптап, домбыра да тартқаны, үйінен апталап, айлап кетіп қалатыны туралы айтылады. Атақты күйші Құрманғазы мен Кенже дос-жар адам болған, «Айжан қыз» күйін автордан үйреніп, Динаға алғаш үйреткен – әкесі көрінеді.

Орал қаласының тұрғыны, Динаның Қоңыр есімді қызынан туған жиені, 1944 жылы туған Бағила Бишаеваның айтуынша, Динаның әкесі Кенже – екі әйел алған кісі екен. Бірінші әйелінен бес қыз, бір бала болыпты. «Менің есімде қалғаны – Салтанат, Тойжан, Дина, сосын Малай деген ұл бала. Кенженің екінші әйелінен Шынияз, Шернияз деген балалар болған. Бұл балалардың тағдырын білмедім. Сонау аласапыран жылдары бұлар жан-жаққа босып, Қалмақ қырына дейін асқан көрінеді. Мына Саратов облысының Алғай (Александров Гай) деген жерінде Буденовка деген ауыл болған, сол жерге барған біздің ауылдың адамынан бір кісі: «Дина менің немере апам еді, ұрпақтары бар ма?» деп сұрапты. Мүмкін сол шашылып кеткен туыстарының бірі шығар» дейді Бағила апай.

Атыраулық белгілі тарихшы Аманкелді Шамғонов Дина Нұрпейісованың тегі, ұрпақтары туралы көп ізденіп, бірнеше мақала жазған. «Дина Нұрпейісованың тегі туралы не білеміз?» атты еңбегінде ғалым күйшінің руы төлеңгіт емес, төре болуы мүмкін екендігін де айтады. Бұған дәлел ретінде «кеңес өкіметі төре тұқымдарын мейлінше қудалады. Оларды жер аударды немесе атты. ...Аяусыз жазалаудан бой тасалаған көптеген төрелер ру таңбаларының бірдей екендігін пайдаланып, өздерін төлеңгіт руынанбыз дей бастады» дейді. Дегенмен, Динаның төлеңгіт екені шежіре деректерінде де, төңкерістен бұрынғы архив құжаттарында да анық жазылған.

Айтпақшы, 1897 жылғы метірке құжатынан Кенже Шалұлының Айжан есімді қызы болғанын білдік. Сол жылы мизан айының 6-сында кердері құлтай Мүсірәлі Қожамұратұлы мен төлеңгіт Айжан Кенжеқызының шаңырағында Маржан есімді қыз бала дүниеге келген екен. Бұл кезде олар Қамыс-Самар қисымының №10 ауылында тұрған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет