Қоршаған ортаны қорғау шараларының экологиялық тиімділігі Рысбекова Мерей



Дата21.10.2022
өлшемі404,39 Kb.
#154247
Байланысты:
kor7

Қоршаған ортаны қорғау шараларының экологиялық тиімділігі

Рысбекова Мерей


Қоршаған табиғатты тиімді пайдалану – бұл әлеуметтік процестерден ажырамайтын тарихи және диалектикалық процесс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі.
Табиғат қорғау құқығы – табиғатты қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің, талаптардың жиынтығы.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.
Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуден, табиғаттың қымбат ескерткіштерін қираудан қорғауды білдіреді.
Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау жануарлар мен өсімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, талантараж болудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.
Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің ісәрекетінен де зиян көріп жатады.
Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлекеттік шекараға тоқтамай желмен, ағын сулармен өтіп, бір елдің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр қашықтықта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын, орманын ластап, оны тазалауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр ететіндігі белгілі.
Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің ғана қолынан келмейді. Сондықтан бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасалып, тез уақытта және арзан бағамен сондай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау бір аймақтың немесе бір елдің проблемасынан көп елге қатысы бар, әлемдік проблемаға айналады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті. Онда өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жойылып кету қаупі төнген түрін қорғау, теңізден балық пен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қол жетті.

Еңбек сапасы мен күрделілік дәрежесі

Балмен бағалау

Күрделілік бойынша орындалған жұмыс:Қызметтік нұсқауды едәуір арттырадыҚызметтік нұсқауды бірнеше есе арттырадыҚызметтік нұсқауға сәйкес келедіҚызметтік нұсқауда талап етілгенге қарағанда бірнеше төменҚызметтік нұсқауда талап етілгенге қарағанда едәуір төмен

5 43 2 1

Орындалған жұмыстың сапасы:Жоғары деңгейдеЖақсы деңгейдеҚанағаттанарлықОрташа деңгейден төменҚанағаттанарлықсыз

54321

Мемлекеттік заңдар мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын қоршаған ортаны қорғау деп атайды. Табиғатты қорғау- бұл жалпыға ортақ шаруа, оны тек әртүрлі салалар мен техникалар мамандарының бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде іске асады. Қоршаған ортаны кәсіпорындардың зиянды ықпалынан қорғаудың ең тиімді тәсіліне шығыны аз және шығынсыз технологияға өту, ал ауыл шаруашылығы жағдайында арамшөптер мен бүлдіргіштермен күресу кезінде биологиялық тәсілдерге көшу. Бұл әрине күрделі технологиялық, конструкторлық және экономикалық міндеттер кешенін қолдануға мәжбүр етеді.
Өндірісті эколизациялау келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс:
- технологиялық процестерді жетілдіру және қоршаған ортаға зиянды қалдықтар мен қоспалардеңгейін азайтатын жаңа жабдықтарды ойлап табу;
- барлық өндірістік өнімдер мен өнеркәсіптерді экологиялық сараптама жасауды енгізу;
- зиянды, улы және пайдалануға келмейтін қалдықтарды ауыстыру;
- қоршаған ортаны қорғау шаралары мен әдістерін қосымша әдістерді енгізу.
Қазір қоғам мен табиғаттың бір-біріне үйлесімді әрекет жасау проблемалары шиеленісе түсуде. Өндірістің өркендеуіне, оның экономикасының арттыруына үлкен ықпал жасайтын табиғи ресурстардың кейбір түрлері азаюда. Сонымен бірге зиянды қалдықтар көбейіп, қоршаған табиғи ортаны ластауда. Осыған орай адам әрекетінің барлық саласында табиғатты, жерді және оның қойнауындағы байлықтарды, ауаны, өзендер мен көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану қазіргі заманның кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Олай болса ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі – табиғат байлығының қадірін жете бағалап, оған келтірген залалымыз үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз абзал.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет