Өсімдіктерді микроклонды көбейту және отырғызу Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет1/3
Дата08.04.2024
өлшемі20,68 Kb.
#200567
  1   2   3
Байланысты:
YNFYDWCJATXM28032024161915
2-дәріс., Ders 9


Лабораториялық жұмыс № 11
Тақырыбы: Өсімдіктерді микроклонды көбейту
және отырғызу
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Микроклональді көбейтудің әдістемесімен, клондық микрокөбейту жұмысының кезендерімен, олардың тамыр түзуін индукциялаумен танысу.
Жұмыстың мазмұны: Маманданған ұлпаның кез келген тірі жасушалары лайықты қоректік ортада өсіргенде, өздерінің тотипотенттік қасиетін жүзеге асырып, регенерация арқылы бүтін өсімдікке айнала алады. Жеке жасушалардан сол өсімдік түріне тән барлық белгілері мен қасиеттері сақталған бүтін өсімдіктің түзілуі клондық көбейту технологиясының негізін қалайды. Клон деген -жыныссыз жолмен, яғни вегетативтік көбею жолымен, түзілетін ағза.
Өсімдіктердің клондык микрокөбеюі деген өсімдіктердің in vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбеюі. Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір-бірімен генетикалык тұрғыдан айнымастай бірдей болады.
Бұл биотехнологиялық әдістің дағдылы вегетативтік жолмен көбеюмен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар, атап айтқанда: көбею коэффициенті өте жоғары; микрокөбеюмен қатар өсімдіктер вирустар мен патогендік микроорганизмдерден сауықтырылады; сұрыптау процесін жылдамдату, жаңа сорттарды тез көбейтіп, оларды ауылшаруашылык өндірісінде пайдалану мерзімі едәуір қысқарады; вегетативтік жолмен көбейе алмайтын өсімдіктерді in vitro жағдайында көбейтуге болады; үнемділік; жас өсімдіктерді алу, кәрі дарақтарды жасарту; өсу процесін жыл бойы үзбеуге болады, әсіресе бұл дамуында тыныштық кезеңі болатын өсімдіктерді көбейтуге тиімді.
Клондық микрокөбейту әдістері in vitro жағдайында қолтық бүршік меристемаларын өсіруге және басқа экспланттардан немесе каллустардан бүршіктер мен эмбриоидтарды өсіруге негізделген.
Клондық микрокөбейту жұмысы 4 кезеңнен өтеді.
І-кезең. Эксплантты in vitro жағдайында өсіру. Бұл кезде толығымен залалсызданған эксплантты алып, лайықты қоректік ортаға отырғызып, оның жақсы өсуіне қолайлы жағдай туғызу керек. Бұл кезеңнің нәтижелілігі эксплантты дұрыс таңдап алуға байланысты. Ол үшін донор өсімдіктің әр даму кезеңінде ұлпаларынан немесе мүшелерінен экспланттар алынып, олардың in vitro жағдайында өсу және морфогенездік қабілеттері зерттеледі.
II -кезең. Микрокөбейту. Өркендердің пайда болуы және олардың санын көбейту.
III-кезең. Өркендерді тамырландыру және оларды сақтау. Жақсы тамыр жүйесі пайда болуына және дамуына жағдай туғызу. Ол үшін қоректік ортаға ризогендік факторы, яғни ауксин қосылады. Тамырлар өсіп жетілген соң өсімдіктерді топыраққа көшіруге дайындайды. Төмен температура өсімдіктердің дамуын тежеп, ұзақ уақыт сақтауға мүмкіншілік береді.
ІV-кезең. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу алдында оларды арнайы дайындайды. Сол үшін ауаның ылғалдылығын және жарықтың қарқындылығын арттырады. Өсімдіктер гетеротрофтық қоректенуден антотрофтык қоректенуге өтеді. Бұл ұқыптылықты талап ететін ең маңызды кезең. Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты.
Кинетин (0,5-1 мг/л) мөлшері жоғары қоректік ортаға отырғызылған бүлдіргеннің апикальді меристемасы, бұл гормонның әсерінен апикальді меристемасынын өсуін басып қолтық бүршіктерінің өсуін индукциялайды. Нәтижесінде меристемалық күмбез және бір екі жапырақ бастамасынан тұратын меристемаларды қоректік ортаға отырғызғаннан соң шамамен екі апта өткеннен кейін жапырақ бастамасының негізгі тұғыры жасыл түске ене бастайды, көлемі ұлғаяды да қолтықтарынан жапырақ көріне бастайды. Біраз өскеннен кейін жаңа жапырақтар қолтықтарынан тағы да бүршік түзеді. Бір-екі айдан соң экспланттар әртүрлі жастағы және көлемдегі жапырақтары бар бүршіктерге айналады.
Пайда болған бүршіктер бір-бірінен оңай ажырайды. Жаңа қоректік ортаға отырғызылғаннан кейін олар да жаңа бүршік пайда болады. Бүршіктерде тамыр пайда болуы үшін ауксині бар жаңа қоректік ортаға отырғызу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет