Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Наурыз мерекесітуралы балалардың түсінігін кеңейту. Наурыз -жыл басы,ұлыстың ұлыкүні, қазақхалқының жаңа жыл мерекесі екенінбалалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем жап-жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп түр. Балалар алтыбақан ойнап, аналар наурызкөже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды.
Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Наурыз тойы несімен ұнады?
3.Дидактикалық ойын: «Бүл қай салт-дәстүр?»
Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол туралы толық айта білуі керек.
4.Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
(Қимылмен көрсетеді).
5.Дәптермен жүмыс: Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қос.
Үлттық ойын: «Қамшы алу».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе, сол баланың епті болғаны.