«Бекітемін» ______________________ «Келісемін» ______________________
№73 орта мектеп директоры: А.Алимжанов Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: О.Бекжанова
2020-2021 оқу жылына арналған
10 «Б» сыныбының жылдық тәрбие
ж о с п а р ы
Сынып жетекшісі: А.Әбішева
2020-2021 оқу жылы
2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарына талдау
2019-2020 оқу жылын 9 «Б» сыныбы 28/15 оқушымен аяқтады. Оның 13-і ер бала, 15-сі қыз бала. Оқу жылының қорытындысымен 2/2 оқушы «үздік» (Еркінқызы А., Айкөрген Б), 13 оқушы «екпінді» (Абдулла Қ., Алпамыс А., Есеналиева А., Қазақова З., Қаналы Н., Мамбетжанова А., Мылтықбаева А., Өмірзақов А., Сейдалы Н, Теңізбаев Б., Төлебай А., Хамзеқызы Г., Шындалы Н.), қалған 13 оқушы «қанағаттанарлық» көрсеткішпен оқу жылын қорытындылады. Оқу жылы барысында оқушылар түрлі апталықтар мен байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Мәселен, Өмірзақов Алдаберген аудандық, халықаралық ән байқауларынан бас жүлде иеленсе, Абдулла Қарақат ағылшын пәнінен олимпиададан жүлделі ІІІ орын, Мамбетжанова Анелья география пәнінен ІІІ орын, Еркінқызы Айман орыс тілі пәнінен ІІІ орынмен марапатталды. Сонымен қатар оқушылар мектепшілік сайыстардан түрлі номинациялармен марапатталды.
9 «Б» сынып оқушылары мектептің қоғамдық өміріне араласып, әр апта сайын өткізілетін сенбіліктерде, тазалық жұмыстарында өз белсенділіктерін танытты.
Қадағалауды қажет ететін оқушы – Бержанов Бекнұрмен жүргізілген жүйелі жұмыстар (шараларға, сенбіліктерге қатыстыру, ата-анасымен байланыс), өзінің оң нәтижесін берді. Оқушылардың психологиялық – физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, алдағы уақытта ата-аналармен байланыс ұстау, оқушы үніне назар аудару арқылы тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіре отырып, еркін форматтағы жұмыстарға назар аударамын.
Жалпы сыныптың өзін-өзі басқаруы, берілген тапсырманы уақытылы жауапкершілікпен орындауы, сабақ үлгірімі төмен оқушыларға әрдайым қол ұшын беруі сыныптың ұжым ретінде қалыптасып, көшбасшылар санының артуынан көрінді. Алдағы уақытта да сынып өзінің қалыптасқан ұжымдық сипатын сақтай отырып, төменгі сынып оқушыларына үлгі көрсетеді, ұлттық рух пен ұлттық құдылықтарға баса назар аударады.
ІІ Мақсаты
Тәрбие үрдісіне жаңа мазмұн беру арқылы оқушыны жан-жақты, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілетін дамыту, әрбір оқушының құқықтық санасын қалыптастыру;
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын насихаттау арқылы оқушылардың өз еліне, жеріне деген патриоттық рухын көтеру;
Зиянды заттардың ( арақ, темекі,есірткі, т.б) алдын алу және СӨС насихаттау;
Интернет кеңістігіндегі мінез- құлық мәдениетіне, киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу
Шаңырақтың жасы кіші мүшелеріне қамқорлық таныту.
ІІІ Міндеттері:
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын насихаттау;
Фукционалды сауаттылықты арттыру;
Әрбір оқушылардың құқығының сақталуын қамтамасыз ету;
Оқушылардың зиянды әдеттермен әуестенуінің алдын алу;
Сапалы білім бере отырып, салауатты, белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |