ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан);  11. Республикалық  «Казахстанская  правда»    газетінің  шыққанына



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


125 жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

11. Республикалық  «Казахстанская  правда»    газетінің  шыққанына 



100 жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

12. Кеңес 

Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар 

медальдардың  иегері  Сұлтан  Біржанұлы  Баймағамбетовтың  туғанына    100 



жыл. (1920 жыл.1 сәуір); 

13. 


Қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы,  ойшыл,  жазба  қазақ  әдебиетінің, 

қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына

 175 жыл. (

1845 жыл.10 тамыз



); 

14. Ұшқыш-шабуылдаушы,  КСРО  еңбек  сіңірген  әскери  ұшқыш,  екі 

мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»,  төрт  мәрте  «Қызыл  Ту», 

«Александр  Невский»,  I  дәрежелі  «Отан  соғысы»,  «Қызыл  Жұлдыз» 

ордендері  мен  бірқатар  медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың 

туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз); 

15. Кеңес 

Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар 

медальдардың  иегері  Төлеген  Тоқтаровтың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.19 желтоқсан); 

16. Иса  Тілембайұлы  және  Досан  Тәжиев  бастаған  Патшалық  Ресейге 

қарсы ұйымдастырылған Ұлт-азаттық көтеріліске 150 жыл. (1870 жыл). 

Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 

асады: 


-  базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 

мұражайларда; 

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 

олимпиадалар жүргізу; 

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  білім  алушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырып,  алған  білімдерін  тереңдетіп,  өздігінен  іздене 

білуге  үйретеді.  Сонымен  қатар  теориялық  білімін  кеңейтіп  толықтырады 

және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 



211 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 

«Құқық негіздері» оқу пәнін оқытудың ерекшеліктері 

 

Азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекеттің  қалыптасуының 

басты   алғышарттарының  бірі  –  азаматтардың  құқықтық  білімін  жетілдіріп, 

құқықтық  сауаттылық  пен  мәдениениетін  қалыптастыру.  Сондықтан  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  «Құқық  негіздері»  пәнін  оқыту  оқушылардың 

қоғамда  әлеуметтік  бейімделуі  үшін  қажетті  негізгі  құқықтық  білімдері  мен 

дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.  

 «Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  мақсаты  -  құқық  жөнінде  негізгі 

білімдерді  игеру  арқылы  құқықтық  тұрғыдан  сауатты  азаматты  тәрбиелеу 

және  олардың  бойында  заңды  құрметтеу  дәстүрі  мен  құқықтық  мәдениетті 

қалыптастыру,  өз  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыруға 

қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. 

Пәнді  оқыту  оқушыларда  азаматтық  құқықтарын  жүзеге  асыруға, 

мiндеттемелерiн  орындауға  қажетті  білім  мен  дағдыларды,  саяси-құқықтық 

сананы қалыптастырады.  

 «Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұны:  Құқық  және 

мемлекет,  Конституциялық  құқық,    Азаматтық  құқық,  Еңбек  құқығы,  

Отбасы құқығы,  Әкімшілік құқық,  Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.  



«Құқық  негіздері»  оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі:  9-сыныпта 

аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

Ұзақ  мерзімді  жоспардағы  тақырыптар  проблемалық  сұрақтар  түрінде 

құрастырылған.  Оның  басты  себебі  –  кез-келген  тақырып  оқушыларды 

бірден  ойландырады  және  оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлауға, 

проблемалық  сұрақ  қоюға,  өздігінен  талдау  жасау  дағдыларын  дамытуға 

жәрдемдеседі. 

«Құқық  негіздері»  пәнін  оқытуда  келесі  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді 

қолдану ұсынылады: 

−  «Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, 

пікірлерін  айту,  дәлелдеу,  гипотеза  ұсыну,  зерттеуді  одан  әрі  жоспарлау 

қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай 

туғызу; 

−  белгілі  бір  тақырып  бойынша  «миға  шабуыл»,  «фишбоун»,  «автор 

орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының 

идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау  және шешімнің дұрыс 

нұсқасын қабылдау); 

−  сабақта  оқушылардың  белсенділігін  қажет  ететін  құқықтық  

проблемаларды талқылау; 

−  оқушылардың  пікір-талас  өткізу  және  құқықтық  мәселелерді 

талқылауына  игі  ықпал  ету  үшін  компьютерлік  қарым-қатынас  құралдарын 

(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. 

Оқушылардың  құқықтық  мәселелер  мен  жағдайаттарға  талдау  жүргізу 

үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және 



212 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.  

 

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау  



рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

59  кесте  -  Бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау 

рәсімдерінің саны 

 

Сынып 


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

9-сынып 




 

 Өзін-өзі тану 



«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның 

құндылықтар  жүйесін,  қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді 

шығармашылықпен 

шешудің 


іс 

жүзіндегі 

дағдыларын 

анықтау; 

оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған 

әлемге,  жалпы  адамзатқа  қатысына  себепші  болатын  адамгершілік  тәртіп 

негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-

әрекет  субъектісі  ретінде  дамыта  отырып,  әрбір  адамның  табиғатына 

салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару. 

5-9-сыныптардағы  «Өзін-өзі  тану»  базалық  мазмұны  төрт  тарауды 

қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»; 

«Адамзаттың рухани тәжірибесі». 



Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  аптасына  1  сағат,  5-9 

сыныптарда – 34 сағат.  



Оқушылардың  білімін  бағалау.  Рухани-адамгершілік  білім  берудің 

ерекшеліктеріне  сәйкес  сандық  емес,  сапалық  баға  маңызды,  сондықтан 

әрбір  жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  «Сынақ»  бағасы 

қойылады. Егер оқушы  Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына 

арналған  "Өзін-өзі  тану"  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 

бағдарламасында  көрсетілген  дайындық  деңгейіне  қойылатын  барлық 

талаптарды  орындап,  жоба  күнделігін  әзірлесе,  оқушыға  «Сынақ» 

қойылады. 



 

                                         

 

   «ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ 

 

5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 



213 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



оқу  бағдарламасы  оқу  мақсаттарының  жүйесі  арқылы  ұзақ  мерзімді 

жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  қазақтың  дәстүрлі  музыкасы,  әлем 

халықтары  шығармашылығы,  әлемдік  классика  және  заманауи  музыканың 

үздік  үлгілері  негізінде  білім  алушылардың  музыкалық  мәдениеттілігін 

қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту 

Пәнді  оқытудың  міндеттері:өзге  өнер  түрлері  мен  оқу  пәніне  музыка 

өнерін  кіріктіре  отырып  әлем  тұтастығының  бейнесі  жөнінде  түсінігін 

қалыптастыру;  музыка  өнерінің  жалпы  адамзаттық  қажеттілікті  құбылыс 

ретінде,  оның  адам  өміріндегі  рөлі  мен  маңыздылығы  туралы  түсінігін 

қалыптастыру;  сын  тұрғысынан  ойлауы  мен  музыкаға  жағымды  қарым-

қатынасын,  музыкалық  іс-әрекет  дағдыларын  қалыптастыру;  музыкалық 

шығармалар  мен  тапсырмаларды  талдау,  зерттеу  және  орындаушылық  пен 

импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды 

аясында  дамыту;  музыкалық  қабілеттілігін,  белсенді  шығармашылығын, 

орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка өнері негізінде 

коммуникация  формалары  жөнінде  білімін  қалыптастыру;    музыкалық-

шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі 

тану  және  өзін-өзі  дамытуын  қалыптастыру  (шығармалар  жазу, 

импровизация  және  өңдеу);  ақпараттық-коммуникациялық  технология 

құралдарын 

қолдану 


барысында 

музыкалық-орындаушылық 

және 

техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту. 



«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;  

2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

«Музыка»  пәнінің  оқу  бағдарламасының  мазмұны  бөлімдер  бойынша 

ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол 

жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.  

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: 

1. «Музыка  тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді 

қамтиды:  «Музыка  тыңдау  және  талдау»;    «Музыкалық  сауаттылық»; 

«Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет». 

2.  «Музыкалық-шығармашылық  жұмыстар  жасау»  бөлімі  келесі 

бөлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка 

шығару және импровизация». 

3.  «Музыкалық-шығармашылық  жұмысты  таныстыру  және  бағалау» 

бөлімі  келесі  бөлімшені  қамтиды:  «Музыкалық-шығармашылық  жұмысты 

таныстыру және бағалау».  

«Музыка»  пәнінің  5-сыныпқа  арналған  базалық  мазмұны:  «Қазақ 

халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және 

заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі 

– достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды. 

«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық 

музыканың  үздік  туындылары»;  «Заманауи  музыка  мәдениеті»;  «Музыка 

және  өнер  түрлері»;  «Музыка  –  өмір  тынысы»;  «Өлкетану:  Туған  жердің 


214 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



таланттары» бөлімдерін қамтиды. 

Әрбір  бөлімшелерде  көрсетілген  оқу  мақсаттары,  мұғалімге  үш  түрлі                     

іс-әрекет  арқылы  (білім  алушылардың  музыкалық  сауаттылықты  зерделеу, 

музыкалық-орындаушылық  және  музыкалық-шығармашылық  іс-әрекеті) 

жұмысты  жүйелі  жоспарлауға,  олардың  жетістіктерін  бағалауға  және 

оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып 

табылатын  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  түрінде  ұсынылған  күтілетін 

нәтижелері  қалыптастырылған.  Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары 

білім  алушыны  өзін-өзі  оқыту  субьектісі  және  тұлғааралық  қарым-қатынас 

субьектісі  ретінде  тәрбиелеуде  нақты  оқу  пәнінің  қосатын  үлесін 

айқындайды. 

«Музыка»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  өткізілмейді.  «Музыка» 

пәні  бойынша    жарты  жыл  және  оқу  жылының  соңында  «есептелінді» 

(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 

«Туған  өлке  симфониясы»    және  «Туған  жердің  таланттары» 

тақырыптары  2018-2019  оқу  жылынан  бастап  «Өлкетану»  кіріктірілген 

курсына  енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде 

оқытылады.  «Музыка»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  

«Көркем  еңбек»  оқу  пәнінің  5-9-сыныптарға  арналған  оқу 

бағдарламасының  мазмұны  оқыту  мақсаттары  жүйесінің  шығармашылық 

әрекет  үдерісі  барысында  тәжірибелік  және  негізгі  білім  қалыптастыруға 

бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған: 

1) 

«Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі; 



2) 

«Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі; 

3) 

«Таныстырылым,  талдау  және  шығармашылық  жұмыстарды 



бағалау» бөлімі. 

  Оқу  бағдарламасының  мақсаты  –  өнер  және  еңбек  технологиясы 

саласында 

функционалды 

сауаттылықты 

қалыптастыру, 

шындыққа 

шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту. 

  5,  6,  7,  8,  9  -сыныптарға  арналған  «Көркем  еңбек»  пәнінен 

жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасы  оқу  мақсаттары  жүйесі  арқылы 

ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  

 

«Көркем  еңбек»  оқу  пәнінің  бағдарламасы:  қоршаған  ортада  өнер, 



дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және 

әлем  халықтарының  көркем-мәдениет  мұрасын  оқып  үйренуге;  өнер  мен 

дизайнның  көркем  тәсілдері  арқылы 

шығармашылық  идеяларды, 

технологиялық  дағдыларды  дамытуға;  зерттеу,  жасау,  талдау,  нысандарды 

көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын 

тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға;  оқу қызметінің барлық түрлерінде 

ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  пайдалану  арқылы  тәжірибе 

алуға  (зерттеу,  идеялардың  шығармашылықпен  іске  асыру,  жұмыстардың 


215 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



таныстырылымы);  жұмыс  нәтижесі  үшін  түрлі  ақпарат  көздері  мен 

ресурстарының  маңыздылығын  түсіне  отырып,  зерттеу  мен  пайдалануға; 

эстетикалық,  еңбекке  баулу,  экономикалық,  экологиялық,  патриоттық 

тәрбиелеу  мен  рухани-өнегелік  құндылықтарын  қалыптастыруға;  уақыт, 

материалдың  қасиеті  мен  басқа  да  факторлардың  әсерін  анықтап  және  оны 

ескере  отырып  қызметін  өз  бетінше  жоспарлай  алуға;  оқу  мақсаттарына 

жетуде  бірігіп  жұмыс  істеуді  ұйымдастыру  (жеке,  жұптық  және  топтық 

жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған. 

Жалпы  негізгі  білім  беру  жүйесіндегі  «Көркем  еңбек»  пәнінің 

ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы 

көрсету,  әмбебап  (тұрмыстық)  және  арнайы  (пәндік)  білімдер  мен 

икемділікті,  материалдар  мен  нысандарды  түрлендіру  және  көркем  өңдеу 

дағдыларын,  үй  шаруашылығын  жүргізу,  технологиялар  мен  техниканы 

қолдану машықтарын иелену болып табылады.  

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

-  5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 

-  6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 

-  7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты; 

-  8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды

-  9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 

Оқу  бағдарламасының  мазмұны  материалдарды  5  ортақ  білім  беру 

бағыттары  арқылы  оқып-үйренуді  қарастырады:  «Визуалды  өнер»;  «Сәндік-

қолданбалы  шығармашылық»;  «Дизайн  және  технология»;  «Үй  мәдениеті»; 

«Тамақтану мәдениеті».  

«Визуалды 

өнер» 


мен 

«Сәндік-қолданбалы 

шығармашылық» 

бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей. 

«Визуалды  өнер»  бөлімінің  мазмұны  төмендегі  бөлімшелерді: 

классикалық 

және 

заманауи 



өнер; 

қазақстандық 

суретшілердің 

шығармашылығы;  бейнелеу  өнерінің  жанрлары  мен  түрлері;  сандық  өнер 

(фотосурет,  анимация,  медиа  құралдар);  бейнелеу  (визуалды)  өнерінің 

көркем 


тәсілдері; 

көркемдік 

материалдар 

және 


техникалармен 

эксперименттеу бөлімдерін қамтиды. 

«Сәндік-қолданбалы  шығармашылық»  бөлімінің  мазмұны  төмендегі 

бөлімшелерді:  сәндік-қолданбалы  өнер  ерекшеліктері  мен  негізгі  пішіндері, 

Қазақстанның  және  басқа  елдердің  сәндік-қолданбалы  өнері;  сәндік-

қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық ою-

өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.  

«Дизайн  және  технология»  (ер  балалар)  бөлімінің  мазмұны  төмендегі 

бөлімшелерді:  негізгі  конструкциялық,  табиғи,  жасанды  және  дәстүрлі  емес 

материалдарды;  материалдарды  өңдеу  құралдары  мен  жабдықтарын; 

материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым 

дизайнын;  ұлттық  тұрмыстық  заттарды  дайындау  технологиясын; 

қазақстандық  және  әлемдік  сәулет  ескерткіштерін;  макеттеуді;  ішкі  көрініс 

дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.  

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі 


216 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



бөлімшелерді:  негізгі  тоқыма,  табиғи,  жасанды  және  дәстүрлі  емес 

материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; 

тоқыма 

материалдарын 



әртүрлі 

тәсілдермен 

өңдеуді; 

тоқыма 


материалдарынан  бұйым  дизайнын;  сән  индустриясын,  стиль  және  образ, 

ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды. 

«Үй  мәдениеті»  бөлімінің  мазмұны  (ер  балалар)  төмендегі 

бөлімшелерді:  тұрғын  үйдің  экологиясын;  өсімдік  шаруашылығы,  сәндік 

өсімдіктер  шаруашылығы,  ландшафтты  дизайн  негіздерін;  электр  қуатының 

көздері  туралы  жалпы  мәліметтерді,  тұрмыстық  техника  және  электр 

құралдарын  қолдану  мен  жөндеуді;    тұрмыстық  жөндеу  жұмыстарын,  ішкі 

көріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.  

«Үй  мәдениеті»  бөлімінің  мазмұны  (қыз  балалар)  төмендегі 

бөлімшелерді:  жеке  гигиенаны,  тұрғын  үй  экологиясын;  өсімдік 

шаруашылығы,  сәндік  өсімдіктер  шаруашылығы,  ландшафтты  дизайн 

негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды. 

«Тамақтану  мәдениеті»  бөлімінің  мазмұны  төмендегі  бөлімшелерді: 

дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, 

дастарқанды 

жабдықтауды; 

тағам 

әзірлеу 


технологиясын; 

Әлем 


халықтарының тағамдарын қамтиды. 

Жалпы  негізгі  білім  беру  жүйесіндегі  «Көркем  еңбек»  пәнінің 

ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы 

көрсету,  әмбебап  (тұрмыстық)  және  арнайы  (пәндік)  білімдер  мен 

икемділікті,  материалдар  мен  нысандарды  түрлендіру  және  көркем  өңдеу 

дағдыларын,  үй  шаруашылығын  жүргізу,  технологиялар  мен  техниканы 

қолдану машықтарын иелену болып табылады.  

Ұзақ  мерзімді  және  орта  мерзімді  жоспарларда  ұсынылатын  әрекет 

түрлері,  «Өнер»  білім  саласы  бойынша  тақырыптар  бейнелеу  өнері  мен 

көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған. 

Оқу  жоспарының  мазмұнына  сызу  және  компьютерлік  графика  мен 

АКТ,  сызулар  құру  үшін  технологиялық  құжаттарды  орындау  дағдыларын 

дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері 

қосылған. 

«Көркем 

еңбек» 


пәні 

бойынша 


жиынтық 

бағалау 


өткізілмейді. «Көркем  еңбек»  жарты  жыл  және  оқу  жылының  соңында 

«есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 

«Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  

 

Назар аударыңыздар! 

«Көркем  еңбек»  пәнінің  оқу  бағдарламасын  бейнелеу  өнері  және 

технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, 

еңбекке  баулу  және  технология  пәндерінің  мұғалімі  сабақ  бере  алатындай 

құрастырған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес 

екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады. 



217 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерге 

жетекшілік  жасайтын  мұғалімдер  сағаттарын  жоғалтуы  негізсіз  болып 

табылады. 

 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

Дене шынықтыру.  

5-9-сыныптарға  арналған  «Дене  шынықтыру»  пәнінен  жаңартылған 

мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін 

дамыту,  оқушылардың  физикалық  қасиеттерін  және  олармен  байланысты 

қабілеттерін жетілдіру болып табылады.  

Дене  шынықтыру  пәнінің  жеке  тұлғаны  тәрбиелеуде  алатын  орны 

ерекше.  Ол  оқушының  дене  дамуына,  әлеуметтік,  дербес  және  рухани 

қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде 

дене  шынықтыру  білім  алушылар  арасында  салауатты  өмір  салтын 

насихаттайды. 

Оқу  бағдарламасы  білім  алушылардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  дене  және  психикалық  денсаулығын  нығайтуға  уәждемесін 

(мотивация)  арттыруға,  білім  алушылардың  арнайы  спорттық  (спорттық-

спецификалық)  қимыл  дағдыларын  меңгеруіне  және  дене  қабілеттерін 

дамытуға бағытталған. 

Оқу  бағдарламасында  дене  шынықтыру  мен  спортты  дамыту  тарихы 

бойынша  білімді  қалыптастыру;  негізгі  физикалық  қасиеттерді  жетілдіру, 

арнайы  спорттық  біліктер  мен  дағдыларды  дамыту;  коммуникативтік 

дағдыларды  дамыту,  атап  айтқанда,  әртүрлі  дереккөздерден  алынған 

ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және 

зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін 

қалыптастыру қарастырылған. 

Оқу  бағдарламасы оқу жылы  ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың 

бірізділігін  анықтайтын  ұзақ  мерзімді  жоспарға  сәйкес  жүзеге  асырылады. 

Сағаттарды  бөлу,  сондай-ақ  тақырыптарды  оқу  реті  мұғалімнің  қалауы 

бойынша өзгеруі мүмкін. 

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1)  5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;  

2)  6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;  

3)  7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;  

4)  8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты; 

5)  9-сыныпта  –  аптасына  3  сағатты,  оқу  жылында  102  сағатты 

құрайды. 

Бұл  бағдарламада  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 

тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 

нысандарының  мазмұны  қамтылған  және  бұл  міндеттерді  барлық  оқу 

жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты 

оқушылардың  белсенділігін  арттыруға  (спорт  және  қозғалмалы  ойындар 

санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 



218 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет