ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  нақты  саны  бекітілген  бөлім  бойынша 

жиынтық  бағалау  (БЖБ)  және  1  рет  тоқсандық  жиынтық  бағалау  (ТЖБ) 

өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен  бөлім  бойынша  жиынтық 

бағалаудың (БЖБ) нақты саны көрсетілген. 

62 кесте - Бөлім бойынша жиынтық бағалау 

рәсімдерінің саны 

 

Сынып  



Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

10-сынып 





 

Шетел 



тілі 

бойынша 


білім 

беру 


процесін 

ұйымдастыру 

коммуникативтік  технологияларды  (жобалар,  сұхбаттар,  рөлдік  ойындар, 

пікірталастар,  дебаттар,  конференциялар, байқаулар, қойылымдар және т.б.) 

жан-жақты 

пайдалануды 

көздейді. 

Сонымен 


қатар, 

ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды 

және 


сабақтан  тыс 

іс-әрекет 

мүмкіндіктерін  белсенді  пайдаланған  жөн,  бұл  білім  алушылардың  шетел 

тілін  үйренуге  ынтасын  арттыру  үшін,  танымдық  қызметін,  өзара  тілдік 

қарым-қатынасын  жандандыру,  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  үшін 

жағдай жасауға ықпал етеді.

 

Шет  тілдік  қарым-қатынас  жағдайын  модельдеуге  мүмкіндік  беретін 



және  мәдениетаралық  қарым-қатынас  құбылыстарын  интерпретациялауда 

білім  алушылардың  дербестігінің  барынша  ықтимал  деңгейін  қамтамасыз 

ететін оқыту технологияларын үнемі пайдалану маңызды болып табылады. 

2019-2020 

оқу  жылында  жаратылыстану-математикалық  бағыт 

пәндерінің  (математика,  биология,  химия,  информатика)  мұғалімдерімен 

бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер 

үш  кезеңде:  бастауыш,  одан  кейін  орта  және  жоғары  сынып  білім 

алушыларымен  өткізіледі.  Аталған  іс-шара  пәннің  аясында  білім  алушылар 

мен  мұғалімдерді  жаңашылдықтарға  ынталандырып  қана  қоймайды; 

мұғалімдердің  өзара  тәжірибе  алмасуына,  қолданылатын  әдістердің 

жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол 

елдің  мәдениеті  мен  тарихын  терең  зерделеу  мақсатында  маңызды  күндер 

мен  мерейтойларға  назар  аудару  ұсынылады,  ол  өз  кезегінде,  білім  беру 

ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы 

тиіс.


 

Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар 

Шетел  тілі  сабағында  сөйлеу  қызметінің  барлық  түрлері  (айтылым, 

оқылым,  тыңдалым,  жазылым  /  жазбаша  сөйлеу)  және  коммуникативтік 

құзыреттілікті 

құрайтындар 

(сөйлеу, 

тілдік, 

әлеуметтік-мәдени, 

компенсаторлық, оқу-танымдық) болуы тиіс. 

Сабақта  оқу  уақыты  негізінен  ауызша  сөйлеу  дағдылары  мен 

қабілеттерін  дамыту  және  жетілдіру  үшін  қолданылады.  Жаңа  лексикалық 

және грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және 



236 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



бекіту  ұсынылады;  сабақта  жұппен,  топтармен  жұмысты  ұйымдастыру 

есебінен  әрбір  білім  алушының  сөйлеу  белсенділігі  уақытын  ұлғайту; 

міндетті  түрде  мәтін  алдындағы,  мәтіндік  және  мәтіннен  кейінгі  жұмыс 

кезеңдерін сақтай отырып, оқылым мен тыңдалымға үйрету. 

 

Жазбаша  жұмыстардың  түрлері  көрсетілген  оқу  бағдарламасының 



талаптарын  сақтауға  ерекше  назар  аудару  керек.  Жазбаша  тапсырмаларды 

орындау барысында сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу 

тапсырмаларын  орындау  сапасы  нашарлайды.  Білім  алушылардың  оқу 

жетістіктерінің  нәтижелерін  тексеру  кезінде  басымдылық  бақылаудың 

ауызша түрлеріне берілуі тиіс.

 

Білім алушылар ақпарат немесе хабарлама беру кезінде грамматикалық 



құрылымдар  мен  шақ  формаларын  дұрыс  пайдаланбауы  мүмкін.  Егер  білім 

алушы  өз  білімін  көрсете  алатын  болса,  олардың  тілдік  қателіктері  бағаға 

әсер  ете  алмайды,  бірақ  жіберілген  қателіктерді  ескеріп  оларды  қарапайым 

тілмен білім алушыларға түсіндіру қажет. 

 

Шетел тілін оқытуда үй тапсырмаларының әр түрлі: ауызша, жазбаша, 



міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық 

түрлерін  кезектестіру  және  үйлестіру  ұсынылады.  Шығармашылық 

сипаттағы  үй  тапсырмалары  білім  алушылардың  қалауы  бойынша  ғана 

берілуі  мүмкін,  берілген  жағдайда  келесі  сабаққа  емес,  алдын  ала  бірнеше 

сабақ бұрын.

 

Үй  тапсырмалары  тек  сипаты  бойынша  ғана  емес,  сонымен  қатар 



жоспарланған қызметі бойынша да әр түрлі болуы тиіс. 

Тамыздағы  пәндік  секцияларда  келесі  сұрақтарды  талқылау 

ұсынылады: 

1.  Жалпы  орта  мектепте  жаңартылған  білім  беру  мазмұны  аясында 

шетел тілін оқытудың ерекшеліктері.  

2.  Ағылшын  тілінде  оқытылатын  ЖМБ  (физика,  химия,  биология, 

информатика)  пәндері  мұғалімдерінің  және  шетел  тілі  мұғалімдерінің 

әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.  

3.  2019-2020  оқу  жылы  шетел  тілін  оқытуда  мұғалімдердің 

семинарларын және тәжірибе алмасуын жоспарлау. 

4. «Шетел тілі» оқу пәнінің білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік 

қолдау. 


Оқу 

жылы 


ішінде 

шетел 


тілі 

мұғалімдерінің 

әдістемелік 

отырыстарында  шетел  тілі  бойынша  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда 

қазіргі  заманғы  тәсілдерді  іске  асыру;  қысқа  мерзімді  және  орта  мерзімді 

жоспарларды  құру;  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалауды  жүргізу; 

сындарлы  кері  байланыс  пен  рефлексия  жүргізу;  шетел  тілі  бойынша 

сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру ұсынылады. 



  

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ  САЛАСЫ 

 

«Математика  және  информатика»  білім  саласы  бойынша  жаңартылған 



оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:  

237 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



1) «Алгебра және анализ бастамалары» – 10-сынып; 

2)  «Геометрия» – 10-сынып; 

3) «Информатика» – 10 сынып.  

 

Оқу  пәндері  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  төмендегі  кестеде 



көрсетілген. 

 

 



 

 


238 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



63-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі 

 

 



Сынып 

 

Оқу пәнінің атауы 



Апталық 

жүктеме 


Жылдық 

жүктеме 


10 

ЖМБ 


Алгебра және анализ бастамалары 

136 



Геометрия 

68 



Информатика 

34 



10  

ҚГБ 


Алгебра және анализ бастамалары 

102 



Геометрия 

34 



Информатика 

34 



 

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», 

«Геометрия»  пәндерін  оқыту  маңызды  болып  табылады,  себебі  оны  оқып-

үйрену  барысында  математиканың  практикалық  маңыздылығы,  тұлғаның 

логикалық  және  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетін  қалыптастыру  мен  дамыту 

арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

мүмкіндік  жасайды.  Сондай-ақ,  ғылыми-жаратылыстану  пәндерін  оқып-

білуге  қажетті  математикалық  білім  мен  білік  негіздерін  игеру  қоршаған 

ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.  

Мақсаты:  қазіргі  замандағы  қоғамда  өзін  еркін  сезінуге  адамға  қажетті 

ойлау  қасиеттерін  қалыптастыру  арқылы  оқушылардың  зияткерлік  деңгейін 

дамыту;  практикалық  іс-әрекеттерде  қолдануда,  басқа  пәндерді  үйренуде, 

білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру. 

Міндеттері: 

-  Бағдарламаның  «Алгебра»,    «Статистика  және  ықтималдықтар 

теориясы»,  «Математикалық  модельдеу  және  анализ»  бөлімдері  бойынша 

математикалық  білім,  білік  және  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамытуға 

жағдай жасау; 

- әртүрлі  мәнмәтіндегі  есептерді  шешуде  математикалық  тілді  және 

негізгі  математикалық  заңдарды  қолдануға,  сандық  қатынастар  мен 

кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету

- есептерді шешу мақсатында  оқушылардың білімдерін математикалық 

модельдерді  құруға  және  керісінше,  шынайы  процестерді  сипаттайтын 

математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау; 

- практикалық  есептерді  шешуде,  алынған  нәтижелерді  бағалау  мен 

олардың  нақтылығын  айқындауда  лайықты  математикалық  әдістерді  таңдап 

алу  үшін  логикалық  және  сыни  тұрғыдан  ойлауын,  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту; 

- коммуникативтік  дағдыларын,  оның  ішінде,  ақпаратты  дұрыс  және 

сауатты  түрде  беру,  сонымен  қатар  түрлі  ақпарат  көздерінен,  басылымдар 

мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту; 

- өздігінен 

және  топта  жұмыс  істеуде  қажетті  тәуелсіздік, 

жауапкершілік,  белсенділік,  табандылық  пен  толеранттылық  сияқты 

тұлғалық қасиеттерді дамыту;  


239 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



- математиканы 

оқыту  процесінде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды қолдану дағдыларын дамыту. 

2019-2020 

оқу  жылындағы  10-сынып  оқушыларына  арналған 

информатика пәнін оқып үйрену жаңартылған мазмұны бойынша жалпы орта 

білім  деңгейіндегі  әлеуметтік-гуманитарлық  пәннің  10-11-сыныптарының 

информатика пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады 

(Білім  және  ғылым  министрінің  бұйрығына  16-қосымша).  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  27  шілдедегі  № 

352 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 

жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  410-қосымша)  және  типтік  оқу 

жоспарларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 

жылғы  7  наурыздағы  №  105  бұйрығына,  Білім  және  ғылым  министрінің 

бұйрығына 191-қосымшаға сәйкес, жалпы орта білім  берудің  деңгейінің 10-

11  сыныптарына  арналған  «Информатика»  пәні  бойынша;  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 

бұйрығына қосымша 407-қосымша. 

Жалпы  білім  беру  мектептің  профильді  сыныптарында  информатика 

курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын 

тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер 

мен  үдерістерді  жобалауға,  өз  іс-әрекеттерін  жоспарлауға;  жоспарларды 

құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.  

Әлеуметтік-гуманитарлық  бағыттағы  10-сыныптағы  информатиканы 

оқыту  мақсаты  қазіргі  кездегі  ақпараттық  технологиялардың  теориялық 

негіздері бойынша  базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық 

мәдениетке  қалыптастыру,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 

құралдарымен  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру,  оқушылар  жаңа 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

үнемі 

пайдалануға 



дағдыландыру,  танымдық  және  зияткерлік  қабілеттерін  дамыту  болып 

табылады. 

Бұл  білім  саласы  пәндерінің  мазмұны  бөлімдер  бойынша  берілген. 

Бөлімдер  бөлімшелерге  бөлініп,  әр  бөлімшені  оқып  игеру  сыныптар 

бойынша  күтілетін  нәтижелер:дағдылар  немесе  біліктер,  білім  немесе 

түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген. 

Сонымен  қатар,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламаларында 

барлық  пәндер  бойынша  ұзақ  мерзімді  жоспар  берілген.  Онда  курс 

материалы  тоқсандарға  бөлініп  көрсетілген.  Ұзақ  мерзімді  жоспарда 

тақырыптарды  игеруге  және  бөлімшелерді  игеруге  жұмсалатын  сағат 

сандары  көрсетілмеген.  Бөлімшелердің  арасында  сағат  санын  бөлу 

құқығы  практик-мұғалімге  берілген,  бірақ  материал  көрсетілген 

тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс. 

2013  жылғы  оқу  бағдарламаларымен  салыстырғанда  оқу  пәндердің 

базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар. 

1.  10-сынып,  «Алгебра  және  анализ  бастмалары»,  жаратылыстану-

математикалық бағыт. 

Пәнді  оқытуға  аптасына  4  сағат  бөлінген.  Осыған  сәйкес  пәннің 



240 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



базалық мазмұны кеңейтілген.  

Бірінші.  Дәстүрлі  түрде  оқытылып  келе  жатқан  бөлімдер 

тақырыптармен толықтырылған. Атап айтқан:  

-  «Функция,  оның  қасиеттері  және  графигі»  бөліміне  «Бөлшек-

сызықты функция»; 

-  «Кері 

тригонометриялық 

функциялар» 

бөліміне 

«Кері 

тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»; 



-  «Туынды»  бөліміне  «Кері  тригонометриялық  функциялардың 

туындылары»;   

-  «Туындының  қолданылуы»  бөліміне  «Функция  графигінің  иілу 

нүктелері, функция графигінің дөңестігі» 

-  «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөліміне 

«Үлкен сандар заңы». 

-  «Ықтималдық» бөліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы 

(натурал  көрсеткішті)»,  «Толық  ықтималдық  формуласы  және  Байес 

формуласы»,  «Бернулли  формуласы  және  оның  салдарлары»,  «Нақты 

құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері». 



Екінші.  «Көпмүшелер»  жаңа  бөлімі  қосылған.  Бірнеше  айнымалысы 

бар  көпмүшелер  және  олардың  стандарт  түрі.  Біртекті  және  симметриялы 

көпмүшелер.  Бір  айнымалысы  бар  көпмүшенің  жалпы  түрі.  Көбейткіштерге 

жіктеу  әдісі  арқылы  бір  айнымалысы  бар  көпмүше  түбірлерін  табу. 

Көпмүшені  көпмүшеге  «бұрыштап»  бөлу.  Безу  теоремасы,  Горнер  схемасы. 

Анықталмаған  коэффициенттер  әдісі.  Бүтін  коэффициетті  көпмүшенің 

рационал  түбірлері  туралы  теорема.  Квадрат  теңдеу  түріне  келтірілетін 

жоғары  дәрежелі  теңдеулер.  Үшінші  дәрежелі  көпмүше  үшін  жалпыланған 

Виет теоремасы. 

2.  10-сынып,  «Алгебра  және  анализ  бастмалары»,  қоғамдық-

гуманитарлық бағыт. 

Пәнді  оқытуға  аптасына  4  сағат  бөлінген.  Қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен  салыстғанда  шамалы  өзгерістер  енгізілген.  Ол  өзгерістер 

комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.  

 

 Қолданыстағы  бағдарламада  11-сыныпта  оқытылатын  «Кездейсоқ 



шамалар  және  олардың  сандық  сипаттамалары»  тарауы  10-сыныпқа 

көшірілген.  

11-сыныпта  «Ықтималдық»  бөлімі  «Ықтималдықтарды  қосу  және 

көбейту 


ережелері» 

тақырыбымен 

толықтырылған. 

Бұл 


тақырып 

қолданыстағы  бағдарлама  бойынша  жаратылыстану-математика  бағытында 

ғана оқытылатын.   

3.  10-сынып  «Геометрия»  оқу  пәні,  жаратылыстану-математикалық 

бағыт. 

«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 



бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

Оқытудың  бұл  бағытында  «Геометрия»  пәнін  оқытуда  пәннің 

практикалық бағыттылығы күшейтіледі. 


241 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



4. 10-сынып,«Геометрия» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт. 

«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

Әлеуметтік-гуманитарлық  бағыттағы  10-сынып  «Информатика» 

пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:       

1) «Компьютерлік жүйелер». 

  Ақпараттық  қауіпсіздік:  «ақпараттық  қауіпсіздік»,  «құпиялылық»  және 

деректердің  «тұтастығы»;  қауіпсіздік  шаралары  -  резервтік  көшіру  және 

деректерді шифрлау; жеке сәйкестендіру әдістері

       2) «Ақпараттық объектілерді өңдеу және қайта құру»  

     Дизайн 

теориясы: 

«дизайн», 

«қолданылуы», 

визуалды 

дизайн 


классификациясы;  ақпарат  қабылдау  принциптері;  «жақсы  дизайн» 

қағидаттары 

(ыңғайлылығы, 

қарапайымдылығы); 

графикалық 

файл 


пішімдері;  графикалық  файлдарды  түрлендіру;  веб-сайт  дизайнының 

орналасуын дамыту; 

Бейнежазба  жасау:  видео  түсірілімнің  және  бейнежазбаның  негізгі 

қағидалары;  бейнемен  жұмыс  істеу  бағдарламалары;  бейнероликтерді 

монтаждау; 

Веб-дизайн:  сайтты  құрастырушы;  веб-беттегі  мультимедиа;  веб-сайтты 

дамыту әдістері; сайтты жариялау; 

      3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер» 

     Ақпараттық  технологияларды  дамытудың  заманауи  үрдістері:  машина 

жасау  принциптері,  нейрондық  желілер;  жасанды  интеллект  қолдану 

салалары; Blockchain(блокчеин) технологиясының мақсаты мен қағидаты.  

      Жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы 

10-сыныптағы 

«Информатика»  пәнін  оқып-үйрену  мақсаты  аппараттық-бағдарламалық 

қамтамасыз  ету,  деректерді  таныстыру,  ақпараттық  процестер  мен  жүйелер, 

ақпараттық  объектілерді  құру,  компьютерлік  желілерді  құру  және 

трансформациялау  және  ақпараттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша 

терең білім мен дағдыларды қамтамасыз ету болып табылады.  

10  сыныпқа  арналған  «Информатика»  пәнінің  негізгі  мазмұны  келесі 

бөлімдерден тұрады: 

1) аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: басқару блогының 

функциялары,  арифметикалық  логикалық  блок  және  жады  регистрлері 

процессордың бөлек бөліктері ретінде;       

2)  деректерді  ұсыну:  сандар  жүйесі:  ондық,  екілік,  сегіз,  он  алтылық. 

Компьютердің  логикалық  негізі:  логикалық  операциялар  (ажыратылу, 

біріктіру,  инверсия);  логикалық  өрнектер;  шындық  кестесі;  компьютерлік 

логика  элементтері  (конъюнктор,  дисюнктор,  инвертор);  логикалық 

схемалар. Ақпараттық кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)й) таңба 

кодтау кестелері; 

      3) ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциялық деректер базасы: өріс, 

жазба, индекс, бастапқы кілт; Bigdata (бигдейта)  (үлкен деректер). Деректер 

базасын құру structured query language («құрылымдық сұрау тілі») (бұдан әрі - 

SQL-код):  деректер  типтері,  бір  кестелік  және  көп  кестелі  дерекқорлар; 



242 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



нысандар; есептер; сұраулар. 

       4)  ақпараттық  объектілерді  құру  және  трансформациялау:  веб-дизайн: 

HTML  (Hyper  Text  Markup  Language  -  «гипермәтінді  белгілеу  тілі»),  CSS 

(Cascading  Style  Sheets  )  -  каскадты  стиль  кестелері);  сценарийлерді 

пайдалану; мультимедияны веб-параққа енгізу; 

       5)  қосымшаларды  жасау:  алгоритмдер  мен  бағдарламалар:  анықталған 

функциялар мен процедуралар; жолдармен жұмыс істеу; файлдармен жұмыс 

істеу; сұрыптау әдістері; графтарда іздеу алгоритмдері; 

       6)  компьютерлік  желілер  мен  ақпараттық  қауіпсіздік:  компьютерлік 

желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (түйіндер, маршрутизаторлар, 

ажыратқыштар); IP адресі; DNS  - домендік атаулар жүйесі; жеке виртуалды 

желілер.  Ақпараттық  қауіпсіздік:  ақпараттық  қауіпсіздік,  құпиялылық, 

тұтастық және қолжетімділік; деректерді шифрлау; Пайдаланушы деректерін 

қорғау шаралары - құпия сөздер, тіркелгілер, аутентификация, биометриялық 

аутентификация. 

Ұзақ  мерзімді  жоспар  жаңартылған  мазмұнның  барлық  оқу  жоспарларына 

қосылады, онда оқу материалы тоқсанға бөлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарларда 

тақырыпты  зерделеу  үшін  және  бөлімдерді  зерттеу  үшін  сағаттардың  саны 

көрсетілмейді. Бөлімшелер арасында сағат бөлу құқығы мұғалімге беріледі. 

10 сыныпта «Информатика» пәні бойынша оқыту нәтижесі: 

-  оқушыда  келесі  ұғымдарды  қалыптастыру:  қоғамдағы  ақпараттық 

процестердің  рөлін  түсіну,  адам  қызметінің  түрлі  салаларында  ақпараттық 

технологияларды 

пайдаланудың 

техникалық 

мүмкіндіктері 

мен 

перспективалары;  күнделікті  өмірде,  зерттеулерде  және  одан  әрі  жұмыс 



істеуде  ақпараттық  технологияларды  тиімді  пайдалану  дағдылары; 

ақпараттық  мәдениет  -  жалпыға  бірдей  қабылданған  ережелерді  ұстануға 

және жеке және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне сай әрекет етуге; 

компьютерлердің негізгі қағидаттарын түсіну, жүйелерді талдау, шешімдерді 

әзірлеу,  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  қолдану,  оларды  жетілдіру  және 

жетілдіру, сондай-ақ олардың өнімдерін бағалау

-  талдау,  абстракция,  модельдеу  және  бағдарламалау  арқылы  әртүрлі 

мәселелерді шешудің тиімді және ұтымды жолдарын табу мүмкіндігі; 

- логикалық, алгоритмдік және есептік ойлау қабілеті; 

-  пән  бойынша  концептуалды  аппараттарды  байыту,  информатиканың 

терминдерін түсіну. 

Сыныпты  2  топқа  бөлу  қалалық  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  24 

және одан да көп оқушыларды, ал ауылдық жерлерде  - 20 және одан да көп 

оқушыларды,  ал  шағын  мектептерде  кемінде  10  оқушы  қамтитын  сыныпта 

өткізіледі.  

 

«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық 

бағалау рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

243 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

 

 

 


244 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



64 кесте - Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

10-сынып 

ЖМБ 





10-сынып 



ҚГБ 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет