ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
1 апта бұлбұл 2018 сен, 1 апта бұлбұл 2018 сен, Бұлбұл 1-апта ноябрь цикло, Актуальность выбранной темы, Сынып сағаты Отбасымбақыт мекенім, Mektep psiholog esebi, агылшын эссе , Упражнения в движении физра срсп

«

Шетел тілі» оқу пәні 

Негізгі орта білім берудің «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз 



тілі»  оқу  пәндері  тілді  меңгерудің  жалпыеуропалық  жүйесіне  (Common 

European Framework of Reference, CEFR) сәйкес шетел тілін негізгі орта білім 

беру деңгейінде дайындауға бағытталған. 

Оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және ҚР Білім және 

ғылым  министрлігінің  және  Ы.  Алтынсарин  атындағы  ұлттық  білім 

академиясының сайттарында орналастырылған.  

Негізгі  орта  білім  беруді  аяқтағаннан  кейін  білім  алушылар  «Ағылшын 

тілі»  оқу  пәні  бойынша  В1  деңгейіне,  «Француз  тілі»  және  «Неміс  тілі»  оқу 

пәндері бойынша А2+ деңгейіне жетуі тиіс. 

Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты:  

1) 

талдау,  бағалау  және  шығармашылық  ойлау  дағдыларын  дамытуға 



ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар; 

 

130 


 

2) 


кең  ауқымды  ауызша  және  жазбаша  дереккөздермен  жұмыс  жасау 

арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған. 

Оқу  бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп  жасалған.  Бұл  тәсіл 

білім мен дағдыларды қоса алғанда, тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша 

біртіндеп  кеңейтілетін,  белгілі  бір  уақыт  аралығында  (оқу  жылында  немесе 

келесі  сыныптарда)  мақсаттар  мен  тақырыптарды  қайта  зерделеуді  көздейді. 

Сөйлеу қызметінің дағдылары бойынша мақсаттарға жету прогрессияда ойлау 

қызметінің  дамуы  «біледі,  түсінедіден»  «ажыратады,  салыстырадыға»  өтуін 

жобалайды. Білім, білік және дағдылары ең қарапайымнан жоғары ретті ойлау 

дағдыларына дейін қалыптасады және дамиды (Блум таксономиясы бойынша). 

5-9-

сыныптарға  арналған  «Шетел  тілі»  оқу  пәні  бойынша 



бағдарламалардың  мазмұны  бұрын  көрсетілгендей,  әрбір  жеке  сыныпта 

қарапайым  дағдыларды  қалыптастырудан  бастап  күрделі  дағдыларға  дейін 

прогрессия  түрінде  құрылған  әр  қайсысы  оқыту  мақсаттарына  бөлінген 

бағыттардан  тұрады.  Дағдыларының  дамуына  қарай  сыныптан  сыныпқа,  бір 

деңгейден екінші деңгейге өткен сайын мақсаттар күрделене түседі.

 

Оқу  бағдарламасы,  бөлімдері  оқу  жылында  меңгерілетін  және  мұғалім 



тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ 

мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.   

5-9-


сыныптарға  арналған  оқу  бағдарламалары  оқу  процесіндегі  әрбір 

пәннің  әдіснамалақ  әлеуетін  кеңейтуге  бағытталған.  Бұл  пәндік  білім  мен 

дағдыларды саналы меңгеруді қамтамасыз етеді және әлеуметтік және мәдени 

білімді,  оқытудың  әртүрлі  әдістерін,  жобалық  және  зерттеу  іс-әрекетінің 

дағдыларын меңгеру арқылы өзіндік мінез-құлықты көтермелейді. 

5-

9 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары дәстүрлі нормативтік білім 



беру  құжаттары  мен  бірқатар  инновациялық  әдіснамалық  стратегиялар 

функцияларының  үйлесімді  байланысын  қамтиды.  Бағдарламалар  әр  түрлі 

аудиториялармен  тиімді  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  береді.  Білім 

алушылар  бұл  мақсатқа  мектеп  ортасындағы  құрдастарымен,  мұғалімдермен 

және  мектепке  келушілермен  бейресми  және  ресми  ауызша  және  жазбаша 

презентацияларды қамтитын интерактивті тапсырмалар арқылы қарым-қатынас 

жасау  мүмкіндіктерінің  арқасында  қол  жеткізеді.  Сонымен  қатар,  онлайн 

режимінде  білім  алушылармен  және  басқа  мәдениеттерден  ағылшын  тілін 

тасымалдаушылармен бетпе-бет қарым-қатынас жасауға көп көңіл бөлінеді.

 

Жаңартылған  бағдарламалар  білім  алушылардың  тілді  шынайы  өмір 



жағдаятында  қолданудың  функциональдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

бағытталған.  Оқытуға  арналған  жағдайлар  өмірмен  байланысты  және  оларға 

түсінікті де таныс шындықты көрсетеді. Жаңартылған бағдарламалар ағылшын, 

француз  және  неміс  тілін  оқытуды  тек  лексикалық  жиынтық,  құрылымдық 

талаптар  және  тілді  пайдаланудың  коммуникативтік  конвенцияларының 

дәрежесі  шеңберінде  ғана  үйренуге  шек  қоймайды.  Прагматикалық  аспект 

контекстке,  қарым-қатынас  жағдайына  және  коммуникацияға  қатысушылар 

арасындағы  қалыптасқан  қарым-қатынас  ережелеріне  баса  назар  аудара 

отырып, тілдің барлық мүмкіндіктері мен бояуларын ашады. Лексикалық және 

грамматикалық  материалды  оқу  білім  алушының  қандай  да  бір  жағдайға  өз 



 

131 


 

көзқарасын  зерттеу  контексінде  жатыр.

 

Әдістер  мен  тәсілдер  арқылы  ойлау 



процестерін  белсендіруді  көздейтін  белсенді  оқыту  тиімді  және  мақсатқа  сай 

қолданылады.  Бағдарламалардың  әдебиеттер  тізімімен  шектелмейтінін,  білім 

алушылардың  жас  ерекшелігі  мен  қызығушылығына  сәйкес  әртүрлі 

ресурстарды пайдалануға ұсынатынын атап өткен жөн.

 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын 



тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының

 

тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық 



мазмұнына сәйкес келеді сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:

 

5-



сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems); 

6-

сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood; 



7-

сынып  –  Communication and Technology, Space and Earth,  Natural 

disasters; 

8-

сынып – Entertainment and Media; 



9-

сынып – Charities and Conflict, Science and Technology. 



Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар. 

5-

сыныпта  жаңа  лексика  мен  грамматиканы  оқытуға  көңіл  бөлу 



ұсынылады.  Тыңдалым  мен  оқылым  тапсырмаларында мәтіндердің  лексикасы 

мен  грамматикасының  білім  алушыларға  таныстығын  алдын  ала  тексеру 

ұсынылады,  сонымен  қатар  оқыту  процесінде  қосымша  ресурстар  мен 

ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.  

6-

сыныпта  өтілген  лексика  мен  грамматиканы  қайталау  және  білім 



алушылардың  коммуникативтік  құзіреттілігін  қалыптастыруға  бағытталған 

коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде 

қосымша  ресурстар  мен  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды 

қолдануға болады.  

«Ағылшын  тілі»  оқу  пәні  бойынша  7-сыныпта  грамматикалық 

тақырыптарды: шақ формаларын және сын есімдердің салыстырмалы шырайын 

қайталау  ұсынылады,  себебі  жаңартылған  білім  мазмұнының  бағдарламасы 

бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген болып саналады (2013 жылғы 

оқу  бағдарламасы  бойынша  7-сыныптар  А1  high  деңгейі  бойынша  оқиды, 

ағылшын  тілінің  Үлгілік  оқу  бағдарламасы  бойынша  7-сыныптар  В1  low 

деңгейі  бойынша  оқиды).  Оқыту  процесінде  қосымша  ресурстар  мен 

ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.  

Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде 

мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру 

ұсынылады.  Сонымен  қатар,  жоғарыда  аталған  себептер  бойынша  білім 

алушыларға  таныс  емес  грамматикалық  құрылымдарға  көңіл  бөлген  дұрыс. 

Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады. 

8-

сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау 



ұсынылады.  Сонымен  бірге  даралап  оқыту  технологиясын  қолданған  дұрыс.  

Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым 

дағдыларын қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады. 

9-

сыныпта  коммуникативтік-мәдениетаралық  құзыреттердің  барлық 



компоненттерін одан әрі дамыту жалғасады: грамматикалық және лексикалық 

 

132 


 

минимумдарды кеңейту, тілдік және сөйлеу дағдыларын нығайту, дискурстық 

және  әлеуметтік-мәдени  білікті  дамыту.  Білім  алушылардың  жоғары  ойлау 

дағдыларын талап ететін оқыту мақсаттарын таңдау ұсынылады.  

Шетел  тілі  сабақтарында  білім  алушылардың  тұлғалық  қасиетін 

қалыптастырудың  маңызды  аспектісі  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  іске 

асыру болып табылады: 

білім алушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көп 



мәдениетті  әлемдегі  рөлі  мен  маңыздылығы  туралы  түсінік  қалыптастыру, 

Шетел  тілін  мәдениаралық  қарым-қатынас  құралы  ретінде,  басқа  халықтар 

мәдениеті мен дүниені тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау; 

тілдерді  және  мәдениеттерді,  жалпы  қабылданған  адамзаттық  және 



негізгі  ұлттық  құндылықтарды  меңгеру  арқылы  азаматтық  бірегейлікті,  өз 

халқы,  туған  өлкесі,  өз  елі  үшін  патриоттық  және  мақтаныш  сезімін,  өз 

этникалық және ұлтқа қатыстылығын түсіну; 

коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни 



өзінің  сөйлесу  мүмкіндігі  мен  қажеттілік  деңгейінде  ауызша  (айтылым  және 

тыңдалым)  және  жазбаша  (оқылым  және  жазылым)  әртүрлі  үлгіде  тілді 

тасымалдаушымен  қарым-қатынасқа  дайын  болуы  және  коммуникативтік 

міндеттер  мен  әңгімелесу  әдебіне  сәйкес  қарым-қатынастың  тілдік  және 

сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану; 

басқа  елдердің  мәдениетімен  танысу  арқылы  өзге  (бөгде)  мәдениетке 



құрметпен қарауды қалыптастыру; 

ауызша  және  жазбаша  қарым-қатынаста  шетел  тілінде  өзінің  төл 



мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту. 

Ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  мақсатында 

шетел тілі пәні мұғалімдеріне: 

аутентті  оқыту  материалдарын  пайдалану  (аудио,  бейнежазбалар, 



фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар); 

шетел  тілінде  сипаттама  беру,  мінездеме  беру,  салыстыру,  талдау, 



диалог  жүргізу,  пікірталас,  қажетті  дәлелдемелер  келтіру,  жинақтау  және 

қорытынды  жасау  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  БАҚ  материалдарымен 

жұмыс жасау; 

білім  алушылардың  сөздік  қорын  байыту  мақсатында  өз  бетінше 



анықтамалармен  және  энциклопедиялық  әдебиеттермен,  электронды 

ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; 

білім  алушылардың  қауіпсіз  мәдениетті  тәртібін  қалыптастыру  үшін 



қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы 

мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады. 

Қосымша  материалдар  мен  Интернет-ресурстарды  қолдану  кезінде 

мәтіналды, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтаған дұрыс.   

Шетел  тілінің  оқу  процесін  ұйымдастыру  коммуникативтік 

технологияларды  (жобалар,  сұхбат,  рөлдік  ойындар,  пікірталас,  дебат, 

конференциялар,  конкурстар,  сахналандыру  және  т.б.)  жан-жақты  қолдануды 

талап  етеді.  Сонымен  қатар,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттердің  кең  мүмкіншіліктерін  белсенді  қолдану 


 

133 


 

шетел  тілін  оқуға  ынтасын  арттыруға,  білім  алушылардың  танымдық 

әрекеттерін  белсендендіруге,  олардың  өзара  тілдік  қарым-қатынастарының 

белсенділігін  арттыруға,  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға  жағдай  жасауға 

ықпал етеді.  

Сабақ  уақытын  ауызша  сөйлетудің    дағдылары  мен  біліктерін  дамыту 

және  жетілдіру  үшін  қолданған  дұрыс.  Коммуникативтік  жағдаяттарда  жаңа 

лексикалық  және  грамматикалық  материалды  енгізу  және  бекіту,  сабақта 

жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір білім алушының сөйлеу 

белсенділігін  арттыру;  мәтіндермен  жұмыс  жасау  кезеңдерін  міндетті  түрде 

сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.

 

Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

5-9-

сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 



«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар 

беріледі: 

1.  Білім  алушылардың  зерттеу  дағдыларын  дамытуға  бағытталған 

«Independent  project»  юнитына  назар  аудару  қажет.  Жоба  жұмысы  арқылы 

мұғалім  мақсаттар  мен  сөйлеу  дағдыларының  түрлеріне  бағытталған 

қалыптастырушы  бағалауды  жүргізе  алады.  Жоба  жұмысының  түрі  мен 

мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері,  күтілетін  нәтижесі, бағалау 

түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.

 

2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік 



нұсқауларды  белсенді  қолдану  керек.  Көркем  және  оқу  әдебиет  мәтіндерімен 

жұмыс  жасау  ағылшын  тіліне  оқытудың  міндетті  элементі  болып  табылады 

және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді. 

Шетел  тілі  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  жүргізудің  үлкен 

білімдік,  тәрбиелік  және  дамытушылық  маңызы  бар.  Бұл  жұмыс  шетел  тілі 

туралы білімді арттырып қана қоймай білім алушының мәдениеттану ой-өрісін, 

шығармашылық  белсенділігін,  эстетикалық  талғамын  тереңдетуге  мүмкіндік 

береді,  өзге  елдің  тілі  мен  мәдениетін  үйренуге  деген  қызығушылығын 

арттырады.  Міндетті  курспен  қатар  толық  практикалық,  тәрбиелік,  дамыту 

мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.  

 

Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері: 



• 

тақырыптық ойын кештері; 

• 

елтануға арналған үйірмелер; 



• 

шетел тілдері апталығы; 

• 

бейнеклубтар, тілдік орталықтар; 



• 

шетел тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.  

Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар: 

1.  Білім  алушылардың  тілдік  қателерін  атап  өту  керек  және  олардың 

назарын  жіберген  қателеріне  қарапайым  тәсілмен  аудару  қажет,  алайда  егер 

білім алушы өз білімін көрсете алған болса, қателердің бағалауға әсері болмауы 

керек.  Білім  алушының  ең  басты  мақсаты  –  өз  ойын  қарапайым  сөзбен  бере 

білуі, бұл жағдайда грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Уақыт 

өте  келе  оның  өзіндік  сөйлеу  дағдысы  қалыптасады,  нақтыланады  әрі 

дұрыстала түседі. 



 

134 


 

2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдана 

алады. Олардың шектеулі сөздік қоры мен мақсатты тіл бойынша білімдерінің 

аздығы сөз сөйлеу мен жауап беру кезінде кедергі болуы мүмкін болғандықтан, 

оқудың бірінші сатысында (кем дегенде ішінара) бұл рұқсат етіледі. Сондықтан 

барлық  білім  алушылар  мақсатты  тілге  қашан  көшуге  болатынын  келісіп 

алғаны жөн және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы 

керек. 


3.  Мұғалім  ережеге  сәйкес  ауызекі  сөйлеу  тілінде  кеткен  қателерді 

перифраз  көмегімен  дұрыстайды,  бірақ  білім  алушыға  дұрыс  түрін  қайталату 

міндетті  емес,  себебі  ол  айтқалы  жатқан  ойын  үзіп  және  өзге  тілде  өз  ойын 

сенімді жеткізе алмай қалуы мүмкін. 

4.  Егер  бір  рет  жіберілген  қате  тағы  да  қайталанса,  сәйкес  тақырыпты 

түсіндіру  соңында  мұғалім  дұрыс  үлгідегі  сөздерге  мысалдар  келтіреді  және 

қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан өзге, 

сынып  білім  алушылары  немесе  мұғалім  барлығы  ынтымақтасқан  іс-әрекет 

негізінде  кейбір  тақырыптарға  байланысты  лингвистикалық  мазмұндағы 

сөйлемдерге мысалдар келтіре алады. 

5.  Жазба  жұмысты тексеру  барысында тілдік қателер  ескерілмейді  (егер 

білдіретін  ойы  мен  мәтіні  түсінікті  болса),  бірақ  педагог  оны  өзінің 

түсініктемесінде көрсетеді. 

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

және  тоқсандық  жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу 

пәнінен  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты  саны 

көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


5-

сынып 




6-

сынып 





7-

сынып 





8-

сынып 





9-

сынып 





 

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» бойынша қорытынды аттестаттау 

Қорытынды  аттестаттау  білім  беру  стандарты  мен оқу  бағдарламасында 

белгіленген  талаптар  шегінде  білім  алушыларда  оқылатын  шетел  тілінің 

практикалық  меңгеру  деңгейін  бағалауға  арналған.  Білім  алушыларды 

қорытынды  аттестаттау  объектісі  коммуникативтік  құзыреттілікті  меңгеру 

болып  табылады.  Қорытынды  аттестаттаудың  мақсаты  білім  алушылардың 

негізгі  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес 

пән бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып 

табылады. 

Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 

кейінгі  білім  беру  ұйымдары  үшін  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы 

бақылауды,  оларды  аралық  және  қорытынды  аттестаттауды  өткізудің  үлгілік 


 

135 


 

қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  2008  жылғы  18  наурыздағы  №125  Бұйрығымен  бекітілген 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын 

іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушылардың  үлгеріміне 

ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 

үлгі  қағидалары,  сонымен  қатар  Қорытынды  аттестаттауды  ұйымдастыру  мен 

өткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.

 

2019-


2020 оқу жылында Шетел тілі мұғалімдерімен әдістемелік жұмысты 

жоспарлау  кезінде  педагогикалық  қызметкерлердің  мүдделері  мен 

сұраныстарын, олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ескеру қажет. 

Шетел  тілі  мұғалімдерінің  тамыздағы  пәндік  секцияларында  төмендегі 

сұрақтарды талқылау ұсынылады:  

1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында шетел тілін 

оқытудың ерекшеліктері.  

2.  Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  шетел  тілі  пәнінен  әдістемелік 

бірлестіктердің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.  

3. 2019-


2020  оқу  жылында  шетел  тілін  оқытуда  мұғалімдердің  тәжірибе 

алмасуы мен семинарларын жоспарлау.  

Жаңа  оқу  жылында  шетел  тілі  мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестік 

отырыстарында төмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:   

шетел  тілі  бойынша  білім  беру  процесін  ұйымдастыруда  заманауи 



тәсілдерді іске асыру;  

қалыптастырушы бағалауды өткізу;  



шетел тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және сабақтан 

тыс қызметті ұйымдастыру;  

шетел тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға 



дайындау.  

 

Назар аударыңыздар! 

10-

11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту 



ағылшын  тілінде  жүргізілетіндіктен,  неміс  және  француз  тілдері  оқытылатын 

мектептерге вариативті компонентке «Ағылшын тілін» қосу ұсынылады 

 

 

 



 

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ  САЛАСЫ

 

 

«

Математика  және  информатика»  білім  саласы  бойынша  келесі  пәндер 



оқытылады:  «Математика»  –  5, 6-сыныптар;  «Алгебра»  –  7-9-сыныптар; 

«Геометрия» – 7-9-сыныптар; «Информатика» – 5-9 сыныптар.  

Оқу  пәндері  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  төмендегі  кестеде 

көрсетілген. 

 

С

Оқу пәнінің атауы 



Жалпы жүктеме, сағат 

 

136 


 

ынып 


Апта

лық 


Жылдық 

Математика 



170 


Информатика  

34 


Математика 

170 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


 

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде  «Математика»,  «Алгебра», 

«Геометрия»  пәндерін  оқытудың  мақсаты  -  пән  мазмұнын  сапалы  игеруді 

қамтамасыз  ету,  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру,  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту,  ғылыми-жаратылыстану 

пәндерін  игеруге  қажетті  математикалық  білім  мен  дағдылардың  негіздерін 

игеру,  оқу  пәні  материалдары  негізінде  білім  алушылардың  интеллектуалдық 

деңгейін дамыту. 

Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған: 

«Сандар»,  «Алгебра»,  «Геометрия»,  «Статистика  және  ықтималдықтар 



теориясы»,  «Математикалық  модельдеу  және  анализ»  бөлімдері  бойынша 

математикалық  білім,  білік  және  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамытуға 

жағдай жасау;  

әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі 



математикалық  заңдарды  қолдануға,  сандық  қатынастар  мен  кеңістіктік 

формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;  

есептерді  шешу  мақсатында  білім  алушылардың  білімдерін 



математикалық  модельдерді  құруға  және  шынайы  процестерді  сипаттайтын 

математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;  

өздігінен  оқуға  және  болашақ  таңдаған  мамандығы  бойынша  білімін 



жалғастыруға  қажетті  физика,  химия,  биология  және  басқа  да  теориялық 

облыстарда  зерттеулер  мен  есептерді  шешу  үшін  және  практикалық  іс-

әрекеттерінде  математикалық  әдістерді  қолданудың  қарапайым  дағдыларын 

қалыптастыру;  

практикалық  есептерді  шешуде,  алынған  нәтижелерді  бағалау  мен 



анықтылығын  орнатуда  лайықты  математикалық  әдістерді  таңдап  алу  үшін 

логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; 



 

137 


 

коммуникативтік  дағдыларын,  оның  ішінде,  ақпаратты  дұрыс  және 



сауатты  түрде  беру,  сонымен  қатар  әртүрлі  ақпарат  көздерінен,  басылымдар 

мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту; 

өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, 



бастамашылдық,  табандылық,  шыдамдылық  пен  толеранттылық  сияқты 

тұлғалық қасиеттерді дамыту;  

математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу 



тарихымен таныстыру;  

математиканы  оқыту  процесінде  ақпараттық-коммуникациялық 



технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.  

«Информатика»  оқу  пәнін  оқудың  мақсаты  білім  алушылардың  бойында 

заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді 

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 

 

«Информатика»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  компьютердің  жұмыс  істеу 



қағидаларын  түсінуді,  объектілер  мен  жүйелерді  талдау  қабілеттерін,  

алгоритмдер  әзірлеу  және  бағдарламалауды,  шешімдер  мен  программалық 

қосымшаларды  модельдеу  және  жобалауды,  сондай-ақ  түпкілікті  өнімді 

бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды  көздейді. 

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:  

білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, 



адамзат  қызметінің  әр  түрлі  саласында  ақпараттық  технологияларды 

пайдаланудың  техникалық  мүмкіндіктері  мен  перспективаларын  түсінуін 

қалыптастыру; 

ақпараттық  технологияларды  күнделікті  өмірде,  оқуда  және  келешек 



еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;  

білім  алушылардың  жүйелерді  талдауда,  шешімдерді  әзірлеу, 



программалық  қосымшаларды  қалыптастыру  және  өз  өнімдерін  бағалауда 

компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;  

талдау,  абстракция,  модельдеу  және  программалау    арқылы  әр  түрлі 



міндеттерді шеше білулерін дамыту;  

білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау 



мен  үйлестік,  тапсырмаларды  құрамдас  бөлікке  ажырату  мен  ортақ 

заңдылықтарды  бөлу,  қойылған  міндеттерді  шешуде  тиімді  әрі  оңтайлы 

тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;  

білім  алушылардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  – 



жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің 

мүддесін көздеу;  

білім  алушылардың  ғылыми  тілді  меңгеруіне  және  пән  бойынша 



ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету. 

«Алгебра»,  «Геометрия»  пәндерін  оқыту  барысында  математикалық 

сауаттылықты 

қалыптастыру 

мақсатымен: 

білім 


алушыларға 

анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден 

анықтамаларды,  формулалар  және  басқа  да  тұжырымдарды  іздеу; 

математикалық  формулаларды  қолдану,  дербес  жағдайларды  жалпылау 

негізінде  шамалар  арасындағы  тәуелділіктің  формулаларын  өздігінен 


 

138 


 

құрастыру;  игерілген  математикалық  білім,  білік,  есептеу,  өлшеу  және 

графиктік  дағдыларды  пайдаланып  практикаға  бағытталған  тапсырмаларды 

шешу;  дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  талқылауға  қатысу  және  логикалық 

негізделген  қорытындылар  жасау;  математикалық  мәтінмен  жұмыс  жасау 

(талдау,  қажетті  ақпаратты  алу),  математикалық  терминология  мен 

символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және 

нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.  

 

«Информатика»  пәнін  5,  6,  7,  8,  9  сыныптарда  оқытудың  мақсаты  – 



оқушыларға  білімін  тәжірибе  жүзінде  тиімді  пайдалану  үшін  қазіргі  заманғы 

ақпараттық  технологиялармен  жұмыс  істеу  үшін  базалық  білімдер,  дағдылар 

мен қабілеттерін қамтамасыз ету. 

 

Оқу  мақсаттарына  сәйкес  келесі  міндеттер  анықталды:  оқушыларда 



қоғамдағы  ақпараттық  процестердің  рөлін  түсіну,  адам  қызметінің  түрлі 

салаларында  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  техникалық 

мүмкіндіктері  мен  перспективаларын  дамыту;  ақпараттық  технологияларды 

күнделікті  өмірде,  зерттеулер  мен  одан  әрі  жұмыс  істеуде  тиімді  пайдалану 

дағдыларын  дамыту;  оқушылар  жүйені  талдау,  шешімдерді  әзірлеу, 

бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және олардың өнімдерін бағалау үшін 

компьютердің  негізгі  принциптерін  үйренеді;  Талдау,  абстракция,  модельдеу 

және бағдарламалау арқылы түрлі тапсырмаларды шешу қабілеттілігін дамыту; 

оқушыларда  логикалық,  алгоритмдік  және  есептік  ойлауды  дамыту,  соның 

ішінде  қорыту  және  ұқсастығы,  мәселені  оның  құрамдас  бөліктеріне  бөліп, 

жалпы үлгілерге бөліп, міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу; оқушылар 

арасында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  -  жеке  тұлғаның  және  бүкіл 

Қазақстандық  қоғамның  мүдделерін  ескере  отырып,  жалпы  қабылданған 

ережелерді сақтау; пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту. 

Оқушылардың  білім  беру  және  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамыту 

мақсатында  жобалық  жұмыс  арқылы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге 

ерекше  назар  аудару  керек.  Жоба  бойынша  жұмыс  істейтін  оқушылар  жеке-

жеке  немесе  топпен  жұмыс  жасайды,  мақсаттарды  қойып,  қажетті  ақпаратты 

іздейді,  гипотезаны  ұсынып,  дәлелдеуге,  эксперимент  жүргізуге,  жасалған 

жұмыстың нәтижелерін ұсынуға, талдауға, бағалауға және өз жобаларын шебер 

қорғауға  тиіс.  Оқушылар  Интернеттің  қол  жетімді  ақпараттың  көптеген 

көздерінің бірі екенін, әртүрлі дереккөздерден деректерді жинай алатындығын 

біледі. 

Сонымен қатар оқушылар арасында танымдық қызығушылықты дамытуға, 

интеллектуалды  және  шығармашылық  қабілеттерге,  бағдарламаның 

компоненттерін  өз  бетінше  пайдалану  мүмкіндігіне  және  оқу  курсының 

мазмұны  арқылы  білімін  толықтыруға,  технологиялық  проблемаларға 

бағдарланған  оқытуды  қолдану  мен  өнертапқыштық  проблемаларды  шешу 

дағдыларын дамытуға назар аудару қажет  

 

«Математика  және  информатика»  білім  саласының  пәндерін  оқыту 



процесінде  білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  жеке  тұлғаға  бағытталған 

проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері 



 

139 


 

мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану 

ұсынылады.  

Пәнге  деген  қызығушылықты  арттыру  жолдарының  бірі  білім 

алушылардың  жобалық  іс-әрекеттерін  дамыту  жұмыстарын  жүргізу  болып 

табылады.  Жобалау  технологияларын  қолдану  пән  бойынша  оқу  сапасын 

көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін 

игерудің  тиімділігін  арттырады.  Жобамен  жұмыс  істеу  барысында  білім 

алушылар  топтасып  немесе  жеке  жұмыстарын  жоспарлауды,  мақсат  қоюды, 

қажетті  ақпаратты  іздеуді,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеуді,  тәжірибелер 

жүргізуді,  орындалған  жұмыстың  нәтижелерін  көрсетуді,  талдау  мен 

бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді. 

Сонымен  қатар  проблемаларды  өнертапқыштықпен  шешу  теориясы 

ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын 

пайдалану,  оқу  курсы  мазмұны  арқылы  өз  білімін  толықтыру  мен 

бағдарламаның  құрамдас  бөліктерін  өздігінен  қолдана  білу  қабілетін,  білім 

алушылардың 

интеллектуалдық 

және 

шығармашылық 



қабілеттерін, 

когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек. 

Бұл  білім  саласы  пәндерінің  мазмұны  бөлімдер  бойынша  берілген. 

Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша 

күтілетін  нәтижелер:дағдылар  немесе  біліктер,  білім  немесе  түсініктертүрінде 

оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген. 

Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық 

пәндер  бойынша  ұзақ  мерзімді  жоспар  берілген.  Онда  курс  материалы 

тоқсандарға  бөлініп  көрсетілген.  Ұзақ  мерзімді  жоспарда  тақырыптарды 

игеруге  және  бөлімшелерді  игеруге  жұмсалатын  сағат  сандары 

көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-

мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып 

болуы тиіс. 

2013  жылғы  оқу  бағдарламаларымен  салыстырғанда  оқу  пәндердің 

базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.  

1. 5-


сынып, «Математика» оқу пәні. 

5-

сыныпта  «Математика»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұны,  шамалы 

өзгерістерді  қоспағанда  толығымен  бұрынғыдай  қалды.  Атап  айтқанда, 

қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда  жаңартылған  мазмұндағы 

оқу  бағдарламасында  «Жиын»  тарауы  және  «шиыршық»  принципін  сақтау 

мақсатында  «Кеңістік  фигураларының  жазбалары»  тарауы  қосылған,  оларды 

оқуға  оқу  жылына  берілген  170  сағаттан  сәйкесінше  5  сағат  және  3  сағат 

бөлінеді.  

Сонымен  қатар  базалық  мазмұн  тарауларын  оқып  игеруге  бөлінген 

сағаттарда  айырмашылық  бар.  «Натурал  сандар  және  нөл  саны»  тарауын 

игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат 

сандары өзгеріссіз.  

2. 6-

сынып, «Математика» оқу пәні. 



1) 6-

сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы 

өзгерістер  енгізілген.  Атап  айтқанда,  қолданыстағы  оқу  бағдарламасы 

 

140 


 

бойынша  6-сыныпта  қарастырылатын  «функция»  ұғымына  қатысты  тарау  7-

сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы 

тәуелділіктер»  тарауы  қарастырылады  және  келесі  тақырыптардан  тұрады: 

«Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула 

арқылы),  кестелік,  графиктік  тәсіл»,  «Нақты  процестердің  графиктерін 

қолданып 

шамалар 


арасындағы 

тәуелділіктерді 

зерттеу», 

«Тура 


пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы 

бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. 

Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі 

айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық 

теңдеулер  жүйесін  қосу  тәсілімен  және  алмастыру  тәсілімен  шешу,  есептерді 

сызықтық  теңдеулер  жүйелері  арқылы  шығару  материалдары  ғана 

қарастырылады. 

5-6-


сыныптарда  «Математикалық  моделдеу  және  анализ»  бөліміне  баса 

назар  аударылған.  Әр  бөлімді  игерген  кезде  мәтінді  есептерді  шығару 

ұсынылады.  Статистикалық  мәліметтерді  ұсынуға  арналған  тапсырмаларды 

орындауға  көңіл  бөлінген.  Бұл  практикаға  бағытталған  есептерді  қарастыруға 

байланысты.  

3. 7-


сынып, «Алгебра» оқу пәні. 

Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 

5  тарау  оқытылатын  болса,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасында  6 

тарау  оқытылады.  Бұл,  «функция»  ұғымына  қатысты  материалдар  жеке 

«Функция.  Функцияның  графигі»  тарауы  етіп  берілген  және  бұл  тарауға  6-

сыныптан  «Функция  ұғымы»,  «Функцияның  графигі»,  «Сызықтық  функция 

және  оның  графигі»,  «Сызықтық  функциялардың  графиктерінің  өзара 

орналасуы»,  «Екі  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулер  жүйесін  графиктік 

тәсілмен  шешу»  тақырыптары  көшірілген.  Бұл  тақырыптар  6-сынып  білім 

алушыларының  игеруіне  қиындық  туғызады  деп  есептеп,  практик-

мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.  

Практикаға 

бағытталған, 

зерттеушілік 

және 


шығармашылық 

тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек. 

4. 8-

сынып, «Алгебра» оқу пәні. 



Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда  елеулі  өзгерістер  жоқ.  Курстың  базалық  мазмұнына 

«Статистика  элементтері»  тарауы  (Жиілік.  Жиіліктер  кестесі.  Интервалдық 

кесте.  Гистограмма.  Жинақталған  жиілік.  Орта  мән.  Дисперсия.  Стандартты 

ауытқу.  Алқап.)  қосылған.  Бұл  тараудың  кейбір  материалдары  қолданыстағы 

оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған болатын.  

5. 9-

сынып, «Алгебра» оқу пәні. 



9-

сыныпта  қолданыстағы  оқу  бағдарламасындағы  тәрізді  «Екі 

айнымалысы  бар  теңдеулер,  теңсіздіктер  және  олардың  жүйелері»,  

«

Тізбектер», «Тригонометрия» 



бөлімдері 

қарастырылады. 

Оқу 

бағдарламасының  мазмұны  комбинаторика  мен  ықтималдықтар  теориясы 



бойынша  материалдармен  толықтырылған.  Атап  айтқанда  «Комбинаторика 

 

141 


 

элементтері»  бөлімінде  келесі  тақырыптар  берілген:  Комбинаториканың 

негізгі  ұғымдары  мен  ережелері  (қосу  және  көбейту  ережелері).  Санның 

факториалы.  Қайталанбайтын    «орналастыру»,  «алмастыру»  және  «теру» 

ұғымдары.  Комбинаториканың  негізгі  формулалары.  Комбинаторика 

формулаларын  қолдану  арқылы  есептер  шығару.  Ньютон  биномы  және 

қасиеттері,  ал  «Ықтималдықтар  теориясының  элементтері»  бөліміне  «Оқиға, 

кездейсоқ  оқиға,  ақиқат  оқиға,  мүмкін  емес  оқиға.  Элементар    оқиғалар. 

Қолайлы  нәтижелер.  Тең  мүмкіндікті  және  қарама-қарсы  оқиғалар. 

Ықтималдықтың  классикалық  анықтамасы.  Статистикалық  ықтималдық. 

Геометриялық  ықтималдық»  тақырыптары  енгізілген.  Қолданыстағы  оқу 

бағдарламасы бойынша бұл бөлім 10-сыныпта қарастырылған болатын. 

6. 7-

сынып, «Геометрия» оқу пәні. 



7-

сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, 

сондықтан  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда  жаңартылған 

мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.  

7. 8-

сынып, «Геометрия» оқу пәні. 



«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

8. 9-

сынып, «Геометрия» оқу пәні. 



«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

7-9-

сыныптарда  «Геометрия»  пәнін  оқытуда  пәннің  практикалық 



бағыттылығы күшейтіледі. 

5-

8 сыныптардағы «Информатика» оқу пәнінің негізгі мазмұны өткен оқу 



жылымен салыстырғанда өзгеріссіз. 

2019-


2020  оқу  жылындағы  9  сыныпта  базалық  білім  берудің  5-9 

сыныптары үшін «Информатика» пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес 

жаңартылған  мазмұндағы  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  бұйрығына  9-қосымша)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 200). 

«Информатика»  пәнінің  9-сыныпқа  арналған  негізгі  мазмұны  мынадай 

бөлімдерден тұрады: 

1) «Компьютердің құрылғылары». Мақсатына байланысты компьютердің 

аппараттық конфигурациясын таңдау; 

2)  «Программалық  қамтамасыз  ету».  Пайдаланушының  қажеттіліктеріне 

байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау; 

3)  «Компьютерлік  желілер».  Бұлтты  технологияларды  қолдану  арқылы 

құжаттармен ортақ жұмыс істеу; 


 

142 


 

4)  «Ақпаратты  ұсыну  және  өлшеу».  Ақпарат  қасиеттері  (өзектілігі, 

дәлдігі, анықтығы, құндылығы); 

5)  «Ақпараттық  объектілерді  құру  және  түрлендіру».  Дерекқор,  өріс, 

жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау 

және сүзгілеу; 

6)  «Модельдеу».  Процесс  моделдерін  (физикалық,  биологиялық, 

экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру; 

7) «Алгоритмдер». Сұрыптау алгоритмі. 

8) «


Программалау».  Бір  өлшемді  массив.  Екі  өлшемді  массив. 

Массивтерді  өңдеудің  негізгі  алгоритмдері:  массив  элементтерін  іздеу, 

сұрыптау,  орнын  ауыстыру,  жою  және  қою.  PyGame  (пайгейм)  кітапханасы. 

Ойынның  артқы  фоны.  Ойынға  арналған  дайын  кейіпкерлер.  Кейіпкер 

қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін 

есептеу; 

9

)  «Эргономика».  Компьютерде  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу  тәуекелін 



бағалау; 

10) «


Ақпараттық  қауіпсіздік».  Желіде  жұмыс  істеудің  этикалық  және 

құқықтық нормаларын бұзу салдарлары. 

Сыныпты 2 топқа бөлу қалалық жалпы білім беру ұйымдарында 24 және 

одан  да  көп  оқушыларды,  ал  ауылдық  жерлерде  -  20  және  одан  да  көп 

оқушыларды,  ал  шағын  мектептерде  кемінде  10  оқушы  қамтитын  сыныпта 

өткізіледі.

 

 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  бағалау  процесін  өткізу  үшін 



мұғалімге  көмек  ретінде  (

http://smk.edu.kz

)  сайтқа  келесі  материалдарды: 

Критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық,  Қалыптастырушы  бағалау 

тапсырмаларының  жинағы,  Жиынтық  бағалау  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдамалар,  Тоқсанға  арналған  жиынтық  бағалау  спецификациясы 

орналастырған және еркін түрде кіруге мүмкіншілік жасалған. 

5-9-


сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына 

ерекше  көңіл  бөлінуі  керек.  Пән  үшін  айрықша  болып  танылатын  білім 

алушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ 

үшін  білім  алушылардың  тілдік  дағдыларын  дамыту  жолдарын  анықтауды 

қамтиды.  Мысалы:  «Білім  алушылар  әлеуметтік  желіні  пайдалану  мен 

атрибуттарын ауызша талқылай алады».  

Программалау  тілі  ағылшын  тілі  болып  табылатынын,  көптеген 

компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. 

«Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша 

ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде 

сақтаулары  керек.  Мұғалімдер  білім  алушылардың  назарын,  информатика 

бойынша  (

http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon

)  лексиконда  сипатталғандай 

академиялық  тілді  пайдалануға  аударту,  сондай-ақ  ұқсастықтар  мен 

метафораларды  пайдалана  отырып  күрделі  жүйелерді  түсіндіру  мүмкіндігі 

сияқты  информатика  саласындағы  жұмыстарға  қажетті  тілдік  дағдыларға 

аудартулары  керек.  Одан  бөтен,  мұғалімдер  білім  алушылардың  бойында  бай 

академиялық  тіл  қалыптастыру  мақсатында,  диалог/жазу  үшін  пайдалы 



 

143 


 

сөздерді  пайдалануды  қамтитын  мұқият  және  жүйелі  түрде  тілдік  қолдау 

көрсетулері керек.  

Мұғалімдерге көмек ретінде TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге 

білім алушыларды дайындауғаарналғанесептер жинағы әзірленді, ол Академия 

сайтында (



www.nao.kz

) орналастырылған. 



«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

 

Сынып 


Бөлім  бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


5-

сынып 




6-

сынып 





 

«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

«Тізбектер»,  «Тригонометрия»  бөлімдерінің көлемінің  үлкендігіне  қарай 

екінші  және  үшінші  тоқсанда  сәйкесінде  2  және  3  бөлім  бойынша  жиынтық 

бағалаулар ұсынылған.   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің 

нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


7-

сынып 




8-

сынып 





9-

сынып 








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет