Оқу мақсаты: Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау. 9.2.4.1 шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау.
Тірек сөздер: Азаматтық, жасанды зият, жаулап алу, жаппай жұмыссыздық, тиімділігі жоғары
Кіріспе тапсырма:айтылым ұйымдастыруға бағыттау мақстында оқушылар «Әлемді роботтар жаулап ала ма?» мәтінін қарайды. Өзіндік көзқарастарымен бөліседі.
ТЖ Негізгі тапсырма:«Әлемді роботтар жаулап ала ма?» тақырыбында мәтіннің идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалайды. Автордың ойын бағалау үшін кесте толтырады.
ТЖ Тапсырманы қорытындылау мақсатында «ПОПС формуласы» әдісін қолданады.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем:«Себебі мен оны былай түсіндіремін, ...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын, ...» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім, ... » ТЖ Бекіту тапсырмасы:оқушылар өз тұжырымдар тізбегін флипчартқа жазып, басқа топтарға ұсынады.
Мысалы:
Жасанды зиятқа ие болған роботтар көбейді.
Жасанды зият былай тұрсын, азаматтық алып жатқан роботтар кездеседі.
Роботтар адам баласы жасайтын қызметтерді оңай алмастыруда.
Жасанды зиятқа ие роботтар осындай қарқынмен дамитын болса, болашақ керемет болады.
Кері байланыс. Сабақтан алған әсерім... Бүгінгі сабақтан не білдім? Келесі сабақта нені білгім келеді?
Оқушылар сабақты смайликтермен бағалайды.