Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері



бет1/3
Дата05.12.2022
өлшемі29,69 Kb.
#161220
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
жоба, Ұлттық дүниетаным., Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі, Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары., Ювеналды педагогика, Диссертация Арын А.А., Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы, 5 syin ADEBIET 2014

Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
Жоспары:
1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
2. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным.
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
3. Пидкасистый П. И. Педагогика. - М.: 2001
4. Подласый И. П. Педагогика. - Минск, 2006
5. Харламов И. Ф. Педагогика. - Минск, 2002
6. Коянбаев Ж. Б., Коянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2002.

Қосымша әдебиеттер:


1. Безрукова В. С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. - 344 с.
2. Бордовская Н. В., РеанА. А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Краевский В. В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999


Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.
Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады.
Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды.
Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет