Не педагогика факультеті



бет1/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы
жоба, Ұлттық дүниетаным., Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері., Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі, Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары., Ювеналды педагогика, Диссертация Арын А.А., 5 syin ADEBIET 2014

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Педагогика кафедрасы


Ювеналды педагогика
пәнінен лекциялар жинағы

Шымкент 2022ж.


Дәріс 1. Ювеналды педагогика пәніне кіріспе. Ювеналды педагогика ғылым ретінде

Қазақстан Республикасы үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Жаңа ғасырдағы Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшаңдығы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде. Яғни, жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі.


Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымдарының кызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы жасөспірімдерінің бос уақытының шамадан тыс молдығы олардың арасында бақылаусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының күрт өсуіне негіз болып отыр.
Тұтас алғанда қазіргі қазақ жастарын бүгінгі қоғамдық және экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесіне жарым-жартылай бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ реттінде тани аламыз.
Біздің елімізде 2011 жылы жүргізілген сынақ нәтижесі бойынша 10 жас пен 19 жас аралындағы жастар мен жасөспірімдер жалпы халықтың 25 пайызын құрайды. Олай болса, жастар арасындағы маскүнемдік пен нашақорлықты және бопсалау, қарақшылық, тонау, ұрлық сияқты қылмыстардың күннен-күнге өршуі қаншалықты дәрежеде қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті.
Қырық жылға тақау уақыт қолданып келген ескі заңның дәурені озып, оның орнын толтырған жаңа Қылмыстық кодекстің 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгені мәлім. ҚР Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы көзделген алтыншы бөлім.
Алайда, оның баптары жұмыс істей бастаған жылдар ішінде Қазақстанда кәмелетке толмаған соттаушылар қатары кемудің орнына көбейіп кетті.
Сот сарабы олардың әсіресе қарақшылық, қорқытып алушылық, тонаушылық, ұрлық жасау сияқты қылмыстарға көбірек құмартатынын көрсетеді.
Сотталушылардың осы санатына сараптама жасаушы заңгерлер ахуалдың бұлай қалыптасуына ең алдымен отбасыларындағы тапшылық, одан кейін олардың оқуымен немесе жұмыспен қамтылмауы себепші деп санайды.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін қарау әдетте тәжірибелі судьяларға сеніп тапсырылады. Олар іс бойынша жинақталған әрекеттерді байыппен зерделеп, баға береді. Жазаларды даралау қағидасын ұстанып, оның мөлшері қателескен жеткіншектің түзелмеуіне мүмкіндік жасайтындай болуын ескереді. Сонымен бірге облыс соттарының қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас еркінен айыру жазасын тағайындауды едәуір азайтқанын атап өту керек.
Сонымен бірге сотталушы жасөспірімдерге қатысты еліміз Конституциясының маңызды бір тармағы жиі бұзылатынын жасыруға болмайды. Атап айтқанда, Ата Заңның 13-бабының 3 тармағында әркімнің білікті заң көмегімен алуға құқығы бар екен көрсетілген. Ал, біздің облыста кәмелетке жетпеген сотталушылардың тең жартысы дерлігі білікті заң көмегімен, яғни кәсіби адвокатпен қамтамасыз етілмейді. Адвокаттар жетіспеушілігінің кесірінен, әсіресе шалғайдағы аудандарда олардың қорғаушылары болып әдетте заңнан хабары шамалы ата-аналары, өзге де жақын туыстары белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілген конституциялық талаптардың бұзылуынан алдын ала тергеу мен сот процесінде бұдан да күрделі жағдайлар – қорғаушы ата-ананың заңнан мақұрымдығының салдарынан жасы жетпеген баланың жазықсыз сотталуы немесе жазасының негізсіз ауырлап кетуі кездесіп жатады.
Назар аударарлық және бір мәселе тәуелсіздігімізге ие болған соңғы онжылдықтың беделінде қылмыс жасаушылардың, түрмеге қамаушылардың арасында қазақ жастарының көбейіп кетуі. Тәжірибелі заңгерлер қалалық, аудандық соттарда кәмелетке толмағандар айыпталатын істердің қаралуын мамандандыруды тереңдету, оларды қараумен белгілі бір судьялардың үнемі айналысудың қамтамасыз ету, ал түптің түбінде арнаулы соттар құру қажет деп есептейді. Қалай болғанда да жасөспірімдердің қылмыс жасауы құқықтық органдардың үнемі бақылауында болуы, оның әлеуметтік-психологиялық тамырларын зерттеуге ғылым мен тәжірибе қатар жұмылдырылуы тиіс. Әйтпесе, заңды қанша әдемілеп, жаңалағанмен, өзгертулер мен толықтырулар енгізгенмен, ертеңгі жантүрші-герлік, ірі қылмыстардың қайнар көзі ретіндегі олардың қоғамға қауіпті әрекеттері бүгінгіден де көбейе беруі мүмкін.
Жасөспірімдер арасындағы қазіргі қылмыс түрлері негізінен өзінің әдейілеп зорлық жасау бағытын ұстанған. Жасалатын қылмыстық оқиғалардың көп бөлігін ұрлық, қарақшылық және тонау сынды заң бұзушылықтар алып отыр. Сонымен бірге, жастар арасында аса қатігездікпен жасалатын адам өлтіру, әйел зорлау сынды ауыр қылмыстардың саны күн өткен сайын артып келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көп жағдайда топтық немесе ұйымдасқан түрде болуымен ерекшеленуде. Бұл жағынан алғанда Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтістүк Қазақстан облыстары ең криминалды аудандар болып есептелінеді.
Бұл сияқты заң бұзушылықтардың алдын-ала мақсатында ішкі істер органдары білім беру, денсаулық сақтау және жергілікті атқару органдарымен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізіп, оң бастамалар көтеріп келеді. Мұнда әсіресе білім мекемелері мен жалпы білім беру мектептерінде оқитын оқушыларға зор мән берілуде. Дәстүрлі шаралармен бірге тәжірибеге қылмыстың алдын алу жұмыстарының жаңа формалары мен амалдары енгізіліп отыр. Олардың қатарында атап өтер бір оң бастама, жалпы білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер ісі жөніндегі «мектептегі» полиция инспекторлары штаттық лауазымдарының енгізілуі
Айтар кетер мәселе, бұл келеңсіздіктермен күресетін, оның алдын алуға бағытталған шаралардың жеткіліксіздігіне қатысты болып отыр. Алкоголизм және нашақорлық дертіне шалдыққан кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарды сауықтыруға арналған емдеу алдын алу мекемелері жоққа тән. Салауатты өмір салатын қалыптастыруға насихаттайтын жұмыстардың сапсын көтермейді.
Бұл істе жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен компьютер клубтарының да тигізер зияны орасан. Әр түрлі атыс-шабысы бар ойындар бүлдіршіндердің қылмысқа қадам басуын насихаттайды. Осыны түсінбеген кейбір атааналар балаларына тәулік бойы осы тәріздес клубтарда уақыт өткізуіне қарсылық білдірмеуде. Оның зияны жайлы ойланбайақ келеді.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер психикасына құрамында адам өлтіру, зорлық пен қатыгездіктің егжей-тегжейлі көрсетілімдері бар бейне тауарлар да зор кесірін тигізуде. Ең өкініштісі, бұл тәріздес фильмдер телевизияның барлық дерлік арналарынан тәуліктің қай мезгілінде болсын көрсетіледі. Осы сияқты фильмдердің көріп өскен бүлдіршін, өсе келе өзін Терминатор немесе Фредди Крюгер ретінде сезініп, әр түрлі категориялы қылмыстар жасауға бейім тұрмасына кім кепілдік бере алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет