1 тақырып. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері Мақсаты: Экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп, жалпылай қарастырады және онда экономиканың инфляция, жұмыссыздық



Дата27.10.2019
өлшемі28,67 Kb.
#50701
Байланысты:
тапсырма 1 ответы

1 тақырып. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Мақсаты: Экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп, жалпылай қарастырады және онда экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құбылыстары зерттеу.

Негізгі сұрақтары:

Макроэкономика пәні.

Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді тірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі.

Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады.

Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің «денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде иняфляция бар, ал тағы біреулерінде жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.

Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Ол факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.



Макроэкономикалық талдау әдістері. Макроэкономикалық үлгілер.

Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде-бір үлгі макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.

Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:

1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өндірісі ана емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

  Макроэкономикалық зерттеуде негізгі үш әдіс қолданылады.

Олар: 1) агрегаттау, 2) модельдеу, 3) тепе – теңдік принципі

Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Қорлар мен ағындар.

Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Экономикалық ілімді макро және микроэкономика деп ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Д.М.Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер: меркантелистер, физиократтар, классикалық саяси экономияның өкілдері – ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамту деңгейі, инфляция және басқалар сияқты макроэкономикалық мәселелерге көңіл қойған.

Бірақ олардың әрқайсысы осы мәселелерді бір макроэкономикалық моделге біріктіруге дайын емес болды.

Кейнстің еңбегі, оның ілімі жалпы бірыңғай ретінде экономиканы мемлекеттік реттеу белсенділігінің қажеттілігін негіздеді және макроталдаудың дәстүрлі әдісі модельдерді құрастыру болып табылады.

Модель–  бұл басты факторларды есепке алатын және бірінші реттіктермен босатылған оңайтылған теориялық схема.

Модельде екі топ элементтері бар: анықтау керектілері, яғни белгісіз өлшемдер немесе “эндогендер” және берілгендер,яғни белгілі өлшемдер немесе “экзогендер”.

Модельді құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді.

Модельдер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді аз уақытқа белгіленеді, көбінесе бір жылға. Ұзақ мерзім үшін неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі беріледі.

Сонымен, макроэкономикалық модель дегеніміз – әр түрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген модель күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жауаптарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама модельдердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.



Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар,“сырттан”ендіріледі, яғни түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар, ал эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар модельдің өзінде қалыптасады, яғни экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар. Басқа сөзбен айтқанда, экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар модельдің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.

Қор айнымалылары – бұл уақыттың нақты бір мезетінде ғана өзгеруі мүмкін өзгермелілер, яғни жылдың басына немесе соңына сəйкес келетін уақытта қаралатын объектінің жай-күйі (мысалы, белгілі бір уақытта экономикада жұмыспен қамтылған азаматтардың саны, жұмыссыздар саны, капитал көлемі, белгілі бір уақыттағы үй шаруашылықтарының жинаған байлықтары, мемлекеттік қарыз, мүлік, т.б.). Қорлар белгілі бір уақытта ғана анықталады.

Ағын айнымалылары – бұл уақытқа байланысты өлшеніп отыратын өзгермелілер, яғни белгілі бір уақыт, күн, ай, квартал, жыл аралығында өзгеріске ұшыраған экономикалық құбылыстар ағыны (мысалы, халықтың жиынтық табыстары мен шығындарының өзгерістері, инвестициялар, жинақтар, мемлекеттік шығындар, экспорт пен импорт, бюджет тапшылығы, табыс, елдегі халық саны, күн сайынғы еңбекке жарамды жасқа кіретін жəне одан шығатын азаматтардың саны, жұмысынан айырылған жəне жұмыс тапқан азаматтардың саны, т.б.). Экономикадағы қорлар мен ағындардың арасында өзара тығыз байланыс бар: ағындар қорларды өзгертіп отырады. Мəселен, қор айнымалыларын көл дейтін болсақ, онда ағынды сол көлге ағатын өзен деп айтуға болады. Сондай-ақ, белгілі бір тұлғаның байлығын уақыт өлшемінен тыс қор ретінде қарастыратын болсақ, онда 2011 жылдың 1 қаңтарында Баян де- 16 ген азаматшаның байлығы 100 мыңға тең деп аламыз. Алайда сол азаматша табысының өзгерісі туралы айтсақ, онда оның белгілі бір уақыттағы табысын анықтаймыз: Баян ай сайын 10 мың теңге табыс табады



Айналым ағындарының үлгісі. «Ағу» және «инъекции» (құю).

Модельдің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық мәселелерді шешудегі жан жақтылық мароэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық модельдерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS, Кейнс кресі, IS – LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу моделі сияқты жалпылама макроэкономикалық модельдер макроэкономикалық талдау жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл модельдер қандайда бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген модель экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып – білудегі пайдалылығымен бағалануы тиіс.

Бағалаудың  объективтік қиындығы мынада болып табылады:



  • а)  алға   қойған    мақсаттарға жетуге байланысты модель құрарда   оны  жеткілікті   алғышарттармен   қамтамасыз  ету;

  • ә) макроэкономикалық  саясат  үшін  қате  шешімдерді  болдырмау.  Модель жеткілікті   дәрежеде    нақты   өмірді   көрсетуі  мүмкін, бірақ   бұл  жағдайда   ол  өте  күрделіленіп  кетуі  де  ықтимал.  

Ал  өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Модельдің шамадан тыс жеңілдетілуі модельде біраз маңызды факторлардың ескерілмеуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез  келген   модельді   құрудағы  басты қиыншылық нақты   мәселе   бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге  қажетті   факторлар   шеңберін  анықтау.

Сонымен бірге, статистикалық және динамикалық модельдерді айырады. Статистикалық бір жағдайдан екіншіге ауысуды қарастырмайды. Оны қатып қалған фотосуреттің бейнеленуімен салыстыруға болады. Динамикалық модель оған қарағанда күрделірек, айталық, ұлттық табыс бір жағдайдан екінші жағдайға өткен қозғалыста қарастырылады.

Макромодельдер де микрошешімдер негізінде құрылады. Мысалы, жалпы инвестициялардың макромоделін қадағалай отырып, макроэкономистер үй шаруашылығы инвестиция жөнінде қабылдайтын шешімдерді де ескереді. Барлық сұрақтарға жауап беретін бірыңғай модель болмайды. Сондықтан макроэкономистер әрқайсысы белгілі мәселелерді шешетін көптеген модельдерді қолданады.

Макромодельді құрып жатқан кезде экономика тепе – теңдікте тұратындай, барлық құрамалар арасындағы байланысты табу керек.

Жалпы экономикалық тепе – теңдік –  ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық агенттердің ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін өзгертуге қызықпағандай жағдайды айтады.

Нақты өмірде тепе – теңдік ерекшелік, сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Экономиканың қалыпты жағдайы жеке нарықтарда жалпы тепе – теңдік жағдайдан ауытқу мүмкіндігін жорамалдайды. Әйтсе де тепе – теңдік талдау кең  қолданылады, себебі тепе – теңдікке жетуге барлық экономикалық агенттер қызығады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі тепе – теңдік барлық тауарлар сатылған,  барлық  өндіріс құралдары  және  тұтыну  заттары   қайтарыл -ған жағдайда   ғана  мүмкін.  Бұл   жағдай белгілі   халық шаруашылық  пропорцияларды    сақтауды   болжайды.

Бірінші  рет  осындай  қорытындыға    келген  макроэкономикалық   талдаудың   негізін  салушы   болып  саналатын   физиократ   Франсуа   Кенэ.  Кейін    қоғамдық   ұдайы   өндірі деңгейіндегі тепе – теңдік мәселесімен айналысқан К. Маркс   болды.   Оның  айтуы  бойынша,   ұдайы   өндіріс  материалдық   игіліктерді,   өндірістік   қатынастарды   және   жұмыс   күшін    жаңартудың   бірыңғай процесі  болып табылады.   Ол тепе – теңдікке  жетуге болады,  егер  қоғамдық  өнімнің барлық  құн  және  табиғи  формада  қайтарылса  деп  есептеді.

Қазіргі  батыстық  экономикалық  әдебиеттерде  қоғамдық  ұдайы  өндірістің  үздіксіздігі  экономикалық  тұлғалары  үй  шаруашылығы,  фирмалар,  үкімет (мемлекет) болып  табылатын  экономикалық  айналым  моделін   қарастырады.

Барлық  тұлғалар  арасындағы  байланыс  ақшалай  формада  схемада   олар пунктермен  көрсетілген,  сонымен  бірге  табиғи  заттай (түзу  сызықпен)  жүргізіледі.

Бастапқы  және  соңғы  орын   үй  шаруашылығы  болып табылады.  Ресурстар  нарығы  арқылы  олар   фирмаларға жер,  еңбек,   капитал, өздерінің  кәсіпкерлік  қабілеттіктерін  береді.  Мысалы,  өнім   нарығы  арқылы  кәсіпорыннан   олар  тауар  және   қызметтер  алады.

Игіліктердің  ақшалай  формада  айналымы  кері  бағытта  жүреді (схемада  сағат  тілімен  көрсетілген).  Үй  шаруашылығы   үкіметке  тікелей  салық  төлейді,  ал  одан  жоғары  жалақы  және  түрлі төлемдер  алады.

Фирмалар  үкіметке   тікелей   және  жанама  салықтар   төлейді   және  мемлекеттен   белгіленген   жеңілдіктер  мен   төлемдер   алады.

Осы  процестің   үнемі   қайталануы   ұлттық   экономика   шегінде   қоғамдық   ұдайы  өндірісті  құрайды.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары.

Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.

Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыз байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе – теңдікті» қамтамасыз ететін фактроларды анықтау қажеттілігін тудырады.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезекте де тепе – теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін – бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе – теңдік және экономикалық динамика. Тепе – теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батис Сэйді (1772 – 1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай – ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірменген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс = шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең. Нақты өмірде Жан Батист Сэй моделінде көрсетілгендей, «сұраным ұсынымы болып табылады», яғни байланстанбайды. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан бастап өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.

Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.

Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе – теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің идеалды моделі мынаны ескереді. барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.

Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: «табыстар сұраным», бірақ «табыстар жинақтау» есем.

Жинақтау инвестициясының негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір бірімен тең екендігі Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.

Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарлаға бөлінеді.

Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным боп аталады.

Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден бір міндетті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе – теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуі мен сайма сай келеді.

Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.



Жиынтық ұсыным – кез келген баға деңгеціндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.олтлодтлот

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет