ОҚушының танымдық белсенділігін және ізденісін қалыптастыру №52 негізгі мектептің физика пәні мұғалімі Башалова Гүлнұр Базарбайқызы



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі312,7 Kb.
#25260
  1   2
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖӘНЕ ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

52 негізгі мектептің физика пәні мұғалімі



Башалова Гүлнұр Базарбайқызы
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Физика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Сондықтан физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу – танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.

Оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруда мұғалім басты роль атқарады. Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушы арасындағы қатынас, әдістемелік шеберлігі – оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі. Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оқушының өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау оқу – тәрбие ісінде оң жетістіктер береді. Үздіксіз оқыту процесінің барлық бөліктерінде танымдық қызметтің артуына байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады. Оқушының алған қарапайым білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге жетелейді.

Танымдық қызметті арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір сабақтың өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады.

Осыған байланысты оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулуды сызба-нұсқа арқылы жүзеге асырамын:



Сондықтан әр сабақты жоспарлағанда мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1.Сабақтың мазмұны

2.Оны өткізу әдістері мен тәсілдерін таңдау

3.Сабақтың нәтижелігі

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының қабілеттері мен ерекшеліктерін, оқушының жеке психологиясын ескере отырып, сабақ өткізудің тиімді жолы қарастырылады.

Оқушы ізденісі ең алдымен өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыру, жеке тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін таным белсенділігін арттыру негізінде жүзеге асады. Өз бетімен жұмыстарды мақсатына қарай оқыту, жаттықтыру, дамыту, қайталау, іздену, бағалау, бекіту деп бөлемін.

Практикалық сабақты өткізудің маңызы өте зор. Олар төмендегідей ерекшеліктермен айрықшаланады:



  • не істеу керек екенін мұғалім айтып тұрады, ал оқушы бұл тапсырманы дереу орындайды;

  • мұғалім оқушылардан сұрақ қойып алған білімін сұрай алады, ал оқушы оған жауап береді;

  • мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексере алады;

  • оқушы есеп шығару барысында пайда болған қиындықтарды сол кезде шешуге болады;

  • кейбір амалдарды оқушылар өз бетімен орындайды.

Сабақ берудің мұндай түрі:

  • сынып оқушыларынан толықтай сұраққа жауап алуға;

  • зертханалық жұмыс істеп үйренуге;

  • алған білімді практикада бекітуге;

  • мүмкін қиыншылықтарды жеңуге және оқушы біліміндегі кемшіл тұстарды анықтауға;

  • білімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеуге;

  • білімі басқаларға қарағанда едәуір жоғары оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді.

Өзім сабақ беретін 7 – 9 кластарға оқушылардың деңгейіне байланысты түрлі тапсырмалар беремін: «Кім шапшаң?», «Кім білімпаз?», «Физикалық футбол» тәрізді ойын элементтерін жүйелі түрде пайдаланып отырамын. Мәселен, 7 - класта «Иінді таразылар. Жай механизмдер.» ашық сабағымды ойын элементтерін түрліше пайдаланып өткізуге тырыстым. Ашық сабақта қолданылған семантикалық карталар, деңгейлік тапсырмалар мен инсерт әдістері оқушының танымдық қызығушылығын арттыруға себін тигізді. Саяхат сабақта оқушылар әр аялдамаға тоқталып берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындауға белсене қатысты. Сол тапсырмалардың бір қатарына тоқталсақ:

І деңгей №2 бөгет Деңгейлік тапсырмалар.

1 - суреттегі иіндіктердің тірек нүктелерін және күш иіндерін сызба түрінде анықтаңдар.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет