Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р



Дата19.12.2016
өлшемі107,54 Kb.
#4264
ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ

Тұрсынбай Е.Р

І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті , Талдықорған қ.

Enlik_t.94@mail.ru

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы Стамбекова А.С
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше. Бастауыш мектеп-орта мектептің табиғи құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы – табиғи нәрсе. Осы талаптарды орындау оқыту үрдісінде оқушылардың ой –өрісін кеңейтіп, интеллектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыта отырып, олардың өз бетіндік – танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады. Мақсаты мен міндеттері: өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесін зерделеу. Күтілетін нәтижелер: өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда қатаң талаптарды орындау іске асады. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Қазақ тілі, Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлері жүйеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі анықтамасын ғалым – педагог Б.П.Есипов өзінің еңбектерінде көрсетіп кеткен болатын. Ол «оқу-тәрбие үрдісінің ішіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмыстары-оқушылардың өздігінен, мұғалімнің қатысуынсыз, белгілі бір тапсырманың арнаулы уақыт ішінде орындалуы тиіс деп көрсетті. Осы үдерістің ішінде оқушы алдына қойылған мақсатты іске асыру үшін тапсырып, бар күш жігерін жұмсайды, сонымен қатар оқушының ақыл-ой, дене қабілеттерінің жұмыс деңгейін, іскерлік қабілеттерінің нәтижесі белгілі болады». Сондықтан өзіндік жұмыс оқушылардың пайымдау, сараптау, шығармашылық ойлау, бағалай білу сияқты қабілеттерін қалыптастырып, жаңалықтарды білуге, үйренуге асығып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Өзіндік жұмысты орындау қасиеттері біртіндеп жинала береді. К.Д.Ушинский тек оқушылардың өзіндік жұмыстары, оқушылардың ойлау, пайымдау, білім негіздерін қабылдау қабілеттерін дамытады деген. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының қажеттілігі туралы көптеген пікірлер айтылып жүр. Өйткені біздің оқушыларымыз мектеп қабырғасында тек білім негіздерін игеріп қана қоймай, жеке басы білімін өз бетінше терең дамыта алатындай тәжірибе жинақтап, мектеп қабырғасынан үлкен өмірге белсенді азамат болып шығуы керек.

Өз бетімен білім алу ежелгі грек философы Сократтың ой – пікірлерінен бастау алады. Философ еңбектерінде шәкірттің өздік іс- әрекеттерінің сана дамуында ерекше орын алатындығы, оқыту барысында оның өздік іс- әрекеттерін басқарып отыру маңыздылығы атап өтілген. Білім алушы мұғалімнің басқарумен өз бетінше шешім қабылдай алуы қажет екендігі айтылған. Сократтың әңгімелесу түріндегі эвристикалық оқыту әдісі ерекше сұрақтар арқылы білім алушыға өз бетімен мәселе қойып, оның шешімін табуға көмектеседі. Сократтың әдісі дамып , ғұлама педагогтар еңбектерінде көрініс тапты . Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактикасында» балаларды оқыту қажеттілігі туралы былай деп жазған: « бастаулары ашу және олардан жылғалармен шығару қажет». Осылардың негізінде өздік жұмыс ұйымдастырылса, қытай философы айтқандай «Естігенің ұмтылар, көргенің есіңде қалар, ал өз ақыл-ойыңмен істеген ісіңді түсінесің» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі.

Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.

Өзіндік жұмыстың тиімділігі:

1. Зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді тереңдетуге;

2. Өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға; ізденушілік қабілеті ұшталады;

3. Теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды;

Өзіндік жұмыс тапсырмалары сан алуан болып келеді. Атап айтқанда:

1. Мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойынша мәтін құрастыру; рөлдік және іскерлік ойындар

2. Түрлі кестелерді толтыру; сөзжұмбақтар құрастыру

3. Бастауыш сынып оқушылары үшін де өздік жұмыстың маңызы зор. Өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы – оқушыға шамасы жетіп, орындауға мүмкіндігі болатындай және танымын арттыратындай, өзіндік көзқарасын білдіріп, шығармашылықпен орындай алатындай тапсырмалар беру. Тапсырма арқылы оқу материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі

4. Тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу; слайдтар жасау;презентация жасау; альбом жасап, газет шығару т.б

Аталмыш жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларының жазбаша және ауызша тіл мәдениетін көтеруге қызмет етеді. Мұндай өзіндік жұмыс түрлері шығармашылықты дамытуды көздейді. Осыған орай берілетін тапсырманың шығармашылық сипатына басты назар аудару қажет. Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін жұмыс түрлері олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өз бетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады. Жоғарыда келтірілген кей жұмыс түрлеріне тоқтала кетейік. Қазақ тілі немесе әдебиеттік оқу сабақтарында ең жиі қолданылатын тапсырма түрі – шағын әңгіме жазу. Сондай-ақ баланың қызығушылығын арттыратын өзіндік жұмыстар қатарында альбом жасап, газет шығаруды, газетке материал дайындауды атауға болады. Төртінші сынып балаларына интервью жүргізуді үйретіп, осы бағытта тапсырмалар беруге болады. Өзіндік жұмыстың қызықты түрі ретінде рөлдік ойындарды, іскерлік ойындарды назардан тыс қалдыруға болмайды.

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

- Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

- Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

- Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

- Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

- Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

- оған әсер ететін мотивтер.Өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары: жеке оқушы, топпен жұмыс, барлық оқушылармен. Өздік жұмыстар әр сабақта міңдетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады.

Оқушының өзінідік әрекетінің нәтиежесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.

2.Оқуға деген қабілеттілігінің артуы.

3.Берілген білімді игеру.

4.Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуі.

5.Рухани байлығы молайады.

6.Өз ойының дербестігі байқалады.



Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • Мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;

  • олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер.т.б.

Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.

Оқушының дербестігін даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.

Өзіндік әрекет нәтижесінде оқушы бойында мынадай қасиеттер қалыптасады.

- Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы;

- Оқуға деген қабілетінің артуы;

- Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;

- Басқа оқушылармен сын көзбен қарауы;

- Өз ойының дербестігі;

- Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, экспиримент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Репродуктивті жұмыстарға-оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалім сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстіндеорындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау. т.б.) жатады.

Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.

Оқушының оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Бастауыш сыныптан бастап, оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыра білу дағдысын қалыптастыру ісінің бүгінгі күнгі білім беру мазмұнын жаңғырту процесінде мұғалімнің іс-тәжірибесінде ерекше орын алатыны анық.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.

Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша ашады. Бұл жұмыстарды жеке тұлға өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, сеніміне, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.

Г.Н.Кулагин өзіндік жұмысты жеке тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіреді.

И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс- біліктілік пен құзіреттіліктер жиынтығы.

Профессор Т.С.Сабыров өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарын анықтай отырып былай деп көрсеткен: «Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды: мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып,оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады.»

Оқушыларда өзіндік жұмыс түрлері еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты себебі еңбек тәрбиесі- өмір кілті, бақыттың тұтқасы. «Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», -дейді К.Д.Ушинский. Мектепте еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамның адамгершілікке және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.

Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. оның пікірнше тәрбие , «баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет» деді. оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды.

И.Г.Пестолоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой , дене тәрбиесін, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.

Ы.Алтырсарин «Өмірдің негізгі мәні –еңбек , ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек , мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу- кісіліктің басты белгісі» - деген.

Абай даналығы еңбек ет- мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты –еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді- деген Абай даналығы бұл күнде күшін жойған жоқ.Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі- деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін- бұлағын еңбектен іздеді. Ақын пікірінше еңбек ­–адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке , ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған.

Жеке адамның дамуында еңбектің рөлі өте күшті, адам еңбексіз дамымайды, азғындайды, кері кетеді. Еңбек туралы қазақтың тамаша мақалдары бар: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар».«Еңбек етпеген ішіп-жемейді», «Еңбек түбі береке» деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, өзгенің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуді бастауыш сыныпта үйретіп бастауы керек.

Мысалы: қазақ тілі пәні бойынша: Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Сөз таптарын өткенде «Қай, қандай сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбында «Әсем қандай қыз?» сұрағына жауап береді. Әсем сөзінің әрбір дыбысына Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін жазғызамын.

Ә – әдемі, әдепті, әсем.

С – сұлу, сүйкімді, сезімтал.
Е – еңбекқор, епті, елгезек.
М – мейірімді, мәдениетті, момын.
Енді әрі қарай дамыта отырып, осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыртым. Әсем – әдемі қыз. Әсем үлкенге де, кішіге де мейірімді. Сын есімдерді тауып астын сызу. «Қарындаш» сөзінен зат есімдерді ойлап тауып жазу. Қарындаш – қар, ар, шар, шана,арық шын.

Тақырыбы: «Мәтіннің түрлері» Үш қатарға бөліп беремін. «Ит» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.


1-қатар: әңгімелесу мәтіні;
2-қатар: сипаттау мәтіні;
3-қатар: пайымдау мәтіні.
Осы жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды,сөздік қоры молаяды.

Қорыта келгенде, оқушының өздік жұмысын жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімділік деңгейін көтеру болып табылады.Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды. Қорыта айтқанда өзіндік жұмыс – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , олардың өз бетінше әрекетінсіз мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады. Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.


әдебиеттер:

  1. Бастауыш сыныпта оқыту 2011ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпыортабілім. Негізгі ереже.Астана-2010ж

  2. Бастауыш сынып журналы №5,7,8-2004

  3. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. –М., 1961.-с.34

  4. «Бастауыш сынып әдістемесі» журналы. 2011. № 5,6


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет