Дамыта оқыту технологиясы
Орындаған: Əлібекова Айым
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас
педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының
өзін-өзі өзгертуші субьект дəрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар
жасалады.
Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан
айырмашылығы: көздеген мақсатында, мəнінде,
мазмұнында, дамытудың негізгі факторында,
мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс-
тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің əрекеттестік
ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында,
танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Оқушы дамуының негізі-оқу əрекеті. Оқу əрекеті-əрбір сабақтың
өзегі. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта
оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету
тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің əдіс
– тəсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап,
көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-
зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта
оқыту технологиясы негізінде сабақ үш құрамдас бөліктен тұрады: