Пән: әдебиеттік оқу Күні



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі77,3 Kb.
#161540
  1   2
Байланысты:
9 В 20.04, ТЖБ 2 ІІвар 9 сынып, « аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци, Жақсыбек Ринат, 416232.pptx, 416232.pptx, Же л атлетика сек рутехникасы

Пән: әдебиеттік оқу

Күні: 28.11.2019ж

Мұғалім: Бисенова Р.А.







Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:









Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІІ-бөлім. Уақыт







Сабақтың тақырыбы:

Үйрен білім жастықта!
Балалық шақ. Мағжан Жұмабаев.







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
3.2.1.1 шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқу;









Сабақтың мақсаттары:



Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады







Жетістік критерийлері:

Өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазуды біледі.







Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.







Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, қазақ тілі.







Бастапқы білім:

Бақыт құсы







Сабақ барысы







Жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар







Сабақтың басы
2 минут

Сабақтың ортасы


35 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Бүгін қарашаның нешінші жұлдызы?Жылдың қай мезгілі кіргелі тұр?
Дұрыс айтасыңдар!Қыс......Қыс дегенде бірден қандай ой келеді?
Боран,қар,мұз,жаңа жыл..........Осы қыстың боранды,қарлы қаһарына шыдамды құсты атаңызшы?Иә,пингвиндер.Олай болса,пингвиндер сияқты билейікші.

Топ басшысын «Кімнің қарындашы?» әдісімен таңдаймыз.


Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Әр топ қарлы кесек арқылы өткен білімді сұрақ-жауап арқылы еске түсіреді.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау


Мағынаны ажырату.
Ойқозғау.
Балалар,Әмзе әкесінен бақыт құсын сатып әпер дегенде неше жаста болды деп ойлайсыз?Ал,әкесі оралғанда Әмзе неше жаста болды деп ойлайсыз?Иә,бала болған еді.Әкесі оралғанда шашына қырау тускен егде жастағы кісі еді.Сонда бақыт құсы қай кезде қонады екен?Бала кезде,балалық шағында.
Тақырыпты болжау.

Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту. Бағалау критерийімен таныстыру.


Балалық шақтың қадірі туралы ақын сөзіне зер сала тыңда. «Балалық шақ»


1-тапсырма
Іштей түсініп оқу.Жеке оқу (әр топтан 2-3 оқушыдан)
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.
(ҚБ) «Смайликтер» арқылы топтық бағалау.


Дәптермен жұмыс
2-тапсырма
(Ж; Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, «Балалық шақ» өлеңінен өздері үшін маңызды сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікірлерін білдіреді.
Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Оқушылар сөздерді алып, жұптасып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтар талқылау соңында ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтадағы кірпіштерге қайта іледі және түсіндіреді.
Сұрақтар үлгісі:

  • Өлеңде автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз? (Жастық)

  • Балалық шақты немен теңейді? (Патшаның тағы)

  • Санасыз адам ненің қадірін білмейді дейді? (Жастықтың)

  • Жастық деген не? (Бағасыз уақыт, алтын)

  • Өлеңнен қандай қорытынды шығаруға болады? (Әрбір уақыттың қадірін білу керек. Бүгінгі уақыт ертең қайтып келмейді.)



Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп,идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
(ҚБ) «мадақтау» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.


Білу (оқушы әдістер мен жұмыстың орындалу ретін біледі).
Мақсатқа сәйкес оқушыларға бағалау критерийін шығарту.


3-тапсырма.
Әр топқа тапсырма беру.
1.Тірек сөздер арқылы шағын эссе жазу.
2.Қиынды қағаздардан сурет шығару.Сол бойынша ауызша әңгімелеу.
3.Суретке байланысты бір шумақ өлең құрастыру.
(ҚБ) «Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау



Психологиялық ахуал

Топқа бөлу мұз сынықтары арқылы


алдыңғы білімді еске түсіру


ойқозғау

кері байланыс


тыңдалым
айтылым

жазылым



жазылым









1 минут

Сергіту сәті. Тақырыпқа байланысты Мадина Садуақасованың «Балалық шаққа саяхат» әніне мұғалімнің нұсқауымен қимыл-қозғалыс жаттығулар жасау.

















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет