Пән: химия Мектеп



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі260,65 Kb.
#23817
түріСабақ
  1   2
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән: химия

Мектеп: «№16ЖОББМ» КММ

Күні: 24.01.17

Мұғалімнің есімі: Хамзина А. К.

СЫНЫП: 9

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Тақырыбы

Алюминий және оның қосылыстары

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Алюминий және оның қосылыстары, Қазақстандағы алюминийдің кен орындары туралы біледі, түсіндіре алады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Барлық оқушылар: алюминийдің периодтық жүйедегі орнын жалпы сипаттамасын біледі




Оқушылардың басым бөлігі: алюминийдің қасиеттерін, қосылыстарының қолданылуын біледі




Кейбір оқушылар: формуланы пайдаланып есеп шығарады, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: алюминийдің алыну әдісін, қасиеттерін, қолданылуын түсіне алады, формуланың тұжырымдамасын түсіндіре біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер: Алюминийдің табиғи қосылыстары, алюминат, тетрагидроксоалюминат, ашудас, екідайлы қасиет

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер:тыңдалым, айтылым, жазылым

Периодтық жүйедегі орны бойынша алюминийдің сипаттамасы?

Алюминийдің алыну әдісі?

Алюминийдің физикалық, химиялық қасиеттері?

Алдыңғы тақырып

Судың кермектігі және оны жоюдың жолдары.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

«Ой қозғау»

«Кім жылдам?»


Жағымды психологиялық ахуал туғызу. (топқа бөлу)

Бағалау критерийлеріне тоқталып өту

Үй тапсырмасын тексеру

І-топқа сұрақ:

1Атауымен адамзат тарихында бір дәуір аталған элемент? (Ғе)

2.Аса қымбат, саф күйінде кездесетін металл? (Аu)

3.Судың кермектілігі деген не?

4. Уақытша кермектікті қалай жояды?

5.Ең жеңіл металл? (Lі)

6.Тұрақты кермектікті жою үшін қандай реактивтер қолданылады? (Nа2СО3, Са(ОН)2, Nа3РО4)

7.Бор, мәрмәрдің химиялық формуласы? (СаСО3)

8.Жалпы кермектікті қалай кетіреді?(ионалмастырғыштармен)

9.Химиялық сүт? (Са(ОН)2)

10.Тіс жуатын паста құрамына кіретін кальцийдің қосылысы қалай аталады? (Кальций фториді)

ІІ-топ: 1.Кермектіктің неше түрі бар?

2. Тұрақты кермектікті қалай жоюға болады, әдістерін ата?

3. №28 элемент? (Nі)

4.Тұз түзушілер топшасындағы жасанды жолмен алынған элемент (Rn)

5.Ең ауыр металл? (Оs)

6.Ұлы Қытай қорғанын салғанда қолданылған зат? (СаСО3)

7.Кермек судың қаедай зияны бар?

8.Уақытша кермектікті жою әдістері?

9.Жердің бетін күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғап тұратын ауа қабаты (О3)

10.Үй жағдайында кермектікті қалай жояды?

ІІІ-топ:

1.Сөндірілмеген әк? (СаО)

2. Кальций тұздары суда ерігенде қандай қасиет береді? (кермектік)

3.Уақытша кермектікті қалай атайды? (карбонатты)

4.Медицинада қолданылатын кальцийдің қосылысы? (СаSО4 * 2Н2О)

5.Күйдірілген ғаныш қалай аталады? (алебастр)

6.Кальцийдің суда ерімейтін тұздары? (СаСО3, СаSіО3, СаSО4, Са3(РО4)2)

7. Ақ түсті қиын балқитын ұнтақ зат? (СаО)

8.Адам ағзасындағы кальцийдің массалық үлесі?

9.Доломит? (СаСО3*2МgСО3)

10.Кермек су деген не?

Химиялық айналымды жүзеге асыру




Интер.тақта



Ортасы

Кластер құру

Химиялық диктант

Химиялық анаграмма


Есеп шығару


Берілген суреттегі заттарға не ортақ?

Болмасам да айтарлықтай салмағым,

Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын,

Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым ,

Дюралюминий дейтін менің қоспамды,

Әспеттейді химияның достары.

Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен,

Бағандардың бұйдаларын қос тағы.

Қағаз да мен қант-шайды сәндеген,

Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен.

Ой қозғау сұрақтары қойылады: Мына суреттерді не байланыстырады?



Алюминий туралы не білесіңдер?

Демек,сабақ тақырыбы Алюминий және оның қосылыстары

Алюминий (лат. Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.

Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660С, қайнау температурасы 2500С; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабықша оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий. Алюминий кендерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Боксит –Al₂O₃-nH₂O Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.

 Ересек адам күніне алюминийдің 30-50 мг қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда  20-200 есе көп болады. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіс сулардың, алюминийден жасалған ыдыстарда болады. Алюминий зат алмасуға, жүйке жүйесінің қызметіне, жасушаның көбеюі мен өсуіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ағзадағы көп мөлшері қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, есінен тануына да әсер етеді. Кейбір зерттеулерде алюминий мидың зақымдануына да әсер етеді. Алюминий тұздарының көп болуы ағзадағы кальцийді төмендетеді, фасфордыңадсорбциялануын азайтады, сүйектегі, бауырдағы, мидағы алюминийдің құрамын 10-20 есеге арттырады.

Al2O3 - алюминий оксиді.Табиғатта глинозем, боксит, корунд түрінде кездеседі. Ол -ақ түсті, қатты зат. Суда ерімейді.

Алынуы: 4Al + 3O2 = 2Al2O3 - тотықтыру;

2Al(OH)3= Al2O3 +3H2O - айыру реакциясы

Құрылымдық формуласы: О=Аl - O - Al= O

Химиялық қасиеттері: Алюминий оксиді - екідайлы оксид.

Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O

Al₂O₃+2NaOH=2NaAlO2 + H2O

Al₂O₃ - қаттылығы алмаздан кейін екінші орында, сондықтан бұрғылар мен тегістігіш құралдар жасалады.

Алюминий гидроксиді. Al(OH)3 - іркілдек, ұйыған айран тәрізді ақ түсті зат.Сатылап диссоцияланады.

AlCl3- органикалық синтезде катализатор.

Al2(SO4)3*18H2O - су тазалауда, қағаз өндірісінде

KAl(SO4)2*12H2O - ашудас мата бояу, тері өндірісінде қолданылады. Алюминий қосылыстары Қазақстанда - Мұғалжарда (Ащысай), Торғайда, Арқалықта кездеседі. Өндірістік мөлшерде алюминий Павлодардың (2007) алюминий зауытында алынады.

Алюминий - электротехникада кеңінен қолданылатын металл. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда, жиһаздарды, ыдыстарды және т. б. жасауда маңызы зор. Таза металл түрінде алюминийді химиялық аппаратураларда электр сымдарын дайындауда пайдаланады. Алюминий жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады, кабель қаңылтыр және айна өндірісінде пайдаланады. Металдық алюминийді мыс, магний, титан, никель, мырыш, темір негізінде құймаларды легирлейтін қоспа ретінде кең қолданады.
1. Алюминийдің атомдық құрылысы ........
2. Алюминий табиғатта таралуы бойынша....... орында тұр. 3. Жер қыртысының негізгі массасын....құрайды.
4. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі......
5. Алюминийдің табиғаттағы негізгі қосылыстары............
6. Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары ...
7. Алюминийдің балқу температурасы......
8. Қайнау температурасы........
9. Алюминий гидроксиді .......

10. Алюминий және оның қосылыстары ... қасиет көрсетеді


Француз ғалымы Сент – Клер Девиль 1854 жылы тұңғыш рет өндірісте қолдануға жарайтын тәсілмен осы металды алды. 1855 жылы бүкіл дүниежүзілік Париж көрмесіне «Девиль күмісі» деген атаумен салмағы 0,5 кг күміс түсті жаңа металл қойылды. Ол металл алтыннан да қымбат еді. Наполеон ІІІ бұл жаңа металға қатты қызығып бүкіл армияға төсбелгі мен бассауыт жасатқан екен.

1.Осы металды тауып, қасиетін сипаттаңдар.

2. «Девиль күмісі» қойылған көрменің қандай маңызы бар? Ол қандай көрме?

УНДРКО AL2O3

ДАСАШУ KAL(SO4)2*12H2O

РИНАКВАМА 3BeO*AL2O3*6SiO2

ОКЛОАЗРТ K2O*AL2O3*6SiO2

ЮДСЛА K2O*3AL2O3*6SiO2

ФЕНИНЕЛ Na2O*K2O*AL2O3

БИТОКС AL2O3 * 2H2O

№3. Массасы 5,4 г алюминий темір (ІІІ) оксидімен әрекеттескенде неше грамм алюминий оксиді түзіледі?


Bilimland сайты

оқулық, дәптер




Аяқталуы


§ 35-36 бет В (1-3)

Өз-өзін бағалау парақшаларын толтырады



оқулық, күнделік

Қосымша ақпарат

Деңгейлік тапсырмалар орында

Теориялық білімді практикамен ұштастыру

матем, физика

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет