Пәні: Анатомия, жасқа сай физиология және денешынықтыру гигиенсы Қайырлы күн білім алушы!



бет1/7
Дата16.09.2022
өлшемі78,02 Kb.
#149642
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
69562313-e346-44d9-bc67-20e98b1e174b
3 сынып 8 дурыс сабак 1 токсан, 8 сынып 3 сабак 1 токсан, 000f4063-7189f0c4 (1), Саяси тұРАҚтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу дайындаған -engime.org

Пәні: Анатомия, жасқа сай физиология және денешынықтыру гигиенсы


Қайырлы күн білім алушы!


Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Балалардың жүрек-тамыр жүйесінің ерекшеліктері, ақаулары
Жоспар:



  1. Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі

  2. Балалардағы жүрек ақаулары

1. Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты динамикалық құрылымы 7—10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арасында ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша (көлемінен өзге) ересек адамның жүрегіне ұқсас.
Жүрек жақтаулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эндокард, ортаңғы қабатт – миокард және сыртқы қабат – эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары болып табылады.
Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл соңдай мөлдір. Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.Эндокард жүректің ішкі жағын қаптап жатыр. Одан екі фжақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді әрі аздаған өзгешелігі болады.Жүрек жақтаушыларының анағұрлым күшті қабаты миокардында болып табылады. Оның талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ.7—12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11—12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық пісіп жетілуі кезеңінде жүрек қан тамырларынан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан әлдеқайда жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды оттегімен қамтамасыз етуге және нәрлендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауыруы, тез қалжырау пайда болады. Бұл құбылыстар қызздарда анағұрлым күрт көрініс береді, өйткені олардың жүрек салмағының өсуі ерте басталады да ертерек аяқталады. Ер балалар жүрегінің жалпы салмағы қыз балалардікінен гөрі көбірек. Алайда, бұл кұбылыстардың бәрі уақытша және олар жыныстық пісіп-жетілуі аяқталған соң басылады.
Жасөспірімдер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері физкультура, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұхият есепке алынуға тиіс. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан бас тартқан дұрыс.
Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар.Жүректің жұмысына, миокарда да патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді пайдалану, аурулар (мысалы ревматизм), психиялық зардаптар әсер етеді. Бұдан шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін тигізеді. Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен қарынша) сыйымдылығы бірте-бірте ұлғаяды. Бұл өсу әсіресе алғашқы жеті жылда айрықша байқалады. Мәселен, жаңа туған сәбиден ол 2,4 мл-ге, 7 жастағыда — 23,0, 12 жастағыда — 41,0, ересек кісіде — 60,0 мл-ге тең.Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүректегі тесіктердің көлемі бойынша біраз айырмашылықтары болады.Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты, бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет