Пәнінің оқу-әдістемелік кешені мамандығы 051201 Ветеринариялық медицина


Тақырып 3-4. Көру мүшесінің физиологиясы



бет3/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#28943
1   2   3   4   5

Тақырып 3-4. Көру мүшесінің физиологиясы.

Мақсаты: Көру мүшесінің қалапта және қалапты емес рефракциясын, аккомодациясын меңгеру.

Жоспар: 1 Эмметропия, аметропия.

2 Миопия.

3 Монокулярлы және бинокулярлы көру.


  1. Фотокамерены еске түсіретін көздің сыртқы капсуласы.

Миопия – жақыннан көру.

Гиперметротропия – алыстан көру.

Эмиотропия – дұрыс көру.

Анизометрия – бір көз дұрыс, екіншісі жақыннан немесе алыстан көреді, әлде керісінше.

Астигматизм – сәулелер бір фокустық нүктеде қиылыспайды.

Аккомудация – көздің анақ көру қасиеті, малдың қашықтықтағы нәрселерді көре алмау. Аккомудация көз бұршағының пішінін өзгертуіне байланысты ьолады, және қарашықтың ашылып жабылуына байланысты.

Монокулярлық және бинокулярлық көру – бір көзбен затты анықтап көре алмағанда екі көзбен анық көруге болады.

Дальтонизм – адам, кейбір малдар түрлі – түсті ажырата біледі екен, осы түрлі – түсті ажырата білу таяқша мен сауытша торшаларға байланыстытаяқша торша нейрондары күндізгі, түрлі – түсті көріністі анықтайды, ал сауытша торша нейрондары – түнгі көрінсті бейнелейді.

Әдебиеттер: 2, с. 422-424.

Бақылау сұрақтары:

1. Гиперметротропия және миопия дегеніміз не?

2. Эмиотропия және анизометрия не , айырмашылықтарын сипаттаңыз?

3. Монокулярлық және бинокулярлық көрудің өзіне тән ерекшеліктері.


Тақырып 5. Сүйек орбитасының аурулары

Мақсаты: көз орбитасының аумағының ашық және жабық жарақаттарын және мүйізше қабық флегмонасын оқып меңгеру.

Жоспар:

1 Көз флегмонасы

1. Көз флегмонасы (Phlegmona retrobulbaris)

Көз флегмонасы (ретробульбарная флегмона), немесе диффуздық іріңді көз клечаткасының жіті өтетін қабынуы.

Этиология. Флегмонаның ең жиі пайда болу әсері ол ең біріншіден, конъюктивиттің терең зақымдалуы. Ол әртүрлі жарақаттардан, қабынулардан асқынып флегмонаға әкеп соқтырады.

Патогенез. Флегмона кезінде көз клечаткаларының ішінде қабыну үрдістері жүріп, екін ұлпаның бұзылуымен және абцесске әкеп соқтырады. Кейен асқынған жағдайда ірің көз алмасының ішіне еніп, іріңді хориоидит және панофтальмит шақыруы мүмкін.

Клиникалық белгілері. Бұл аурудың сипатты белгісіне қабақта, құлақтың үстіңгі аумағында және екінші көзде жайылатын қатты домбығу байқалады. Қабақтың домбыққаны соншалықты, көз саңылауы жабылып қалған секілді болады. Қабақ шеттері сыртқа шығып тұрады.Домбығу қабақтың коньюнктивасына өтіп,ал соңғысы сыртқа шығады. Қабақтың жергілікті температурасы жоғарылаған. Палпациялау кезінде қатты ауырсыну байқалады. Көз алды саңылауы толып кеткен. Көз алмасы қозғалудан қалып, ретробульбарлы кеңістіктің домбығуынан шығып кетеді. Конъюнктива қызарып, үстіңгі жағы іріңді экссудатпен жабылады; бастапқыда оның консистенциясы сұйық болып, төмен қарай ағып кетеді, содан соң іріңді-фибринозды қабат жиналып мұздай (студенистый) сипатта болады. Көздің қасаң қабығы (рогови­ца) бұлдырлайды, эрозияның түзілуімен эпителидің десквамациясы байқалады. Көз алмасын зерттеу қиынға соқтырады.

Жануардың жалпы жағдайы әлсіреген, тәбеті төмендеген, дене қызуы жоғарылаған, көруі әлсіреген. Күшейген жас ағу, көз қарлығу (светобоязнь) байқалады. Көздің түбін зерттегенде анемия, үнемі көру жүйкесі емізікшесінің домбығуы, сондай-ақ оның атрофиясы байқалады. Қанды зерттеуінде қабыну процесінің дамуы бойынша ядроның солға жылжыған нейтрофилиясы байқалады.

Болжау. Жағымсыз.

Емі. Ретробульбарлы флегмонаны емдеу ерте, тез болуы қажет. Ауру дамуының бастапқы сатысындағы емдеу абцестің пісуіне бағытталуы қажет. Ол үшін 2% бор қышқылы ерітіндісінен жасалған қыздырғыш компрестер, грелкалар, физиотерапевтикалық процедуралар (соллюкс шамы, инфраруж және т.б). Флюктуация ошақтарының пайда болуымен абцестерді ашып, іріңді-некротикалық массаны алып, іріңді-эксудаттан босату үшін дренаж енгізеді. Жергілікті жерге новокаинды-пенициллинды блокада және бұлшық етке антибиотиктер белгіленеді, сульфаниламидті препараттар беріледі. Конъюнктивальды қалтаға сіңетін заттар қолданады. Сіңу үшін кеңінен қолданады 1—3 %-ды калий йодиді, 1—2 %-ды маз түріндегі сары окись сынабы, протеолитикалық ферменттер (трип­син, химотрипсин, дезоксирибонуклеаза). Септикалық құбылыстар кезінде А. П. Косых әдісі бойынша жалпы ұйқы артериясына антибиотиктер енгізеді.

Әдебиеттер: 2, б. 421-433; 4, б. 194-198.

Бақылау сұрақтары:

1 Механикалық зақымдалулардың себептері, патогенезі, клиникалық белгілері.

2 Жабық және ашық зақымдалулардың ерекшеліктері?

3 Ретробульбарлы флегмонаның себептері және патогенезі.

3 Ретробульбарлы флегмонаның негізгі клиникалық белгілері?

4 Ретробульбарлы флегмонаның емі қалай іске асырылады?

6-7 Тақырып Қабақ аурулары

Мақсаты: қабақ ауруларының себептерін, клиникалық белгілерін, өту ерекшеліктерін және оперативті емдеу әдістерін оқып үйрену.

Жоспар:

1 Қабақ жаралары

2 Қабақ қабынуы

3 Қабақтың айналып шығуы

4 Қабақтың сыртқа шығуы

1. Қабақ жаралары

Себебі. Жаралар себептеріне қорадағы мал орнының ыңғайсыздығы, қабырғалардағы шығып тұрған шегелер, бұталар арасында жануарларды жайғанда, қатты заттарға құлағандағы жағдайлар жатады. Қабақ жаралары жануарлардың мүйізі мен тістері әсерінен болады.

Клиникалық белгілері. Қабақ жаралары кесілген, жыртылған болады. Беткейлі, терең және өткір болып ажыратылады. Беткейліге тек қана қабақ терісі бұзылатын жаралар жатады. Формасы бойынша олар сызықтық немесе киықты болуы мүмкін.

Терең және өткір қабақ жаралары – маңызды аурулар. Осы жаралардың жазылуында пайда болатын үлкен тыртық, қабақтың деформациясы мен дұрыс орналаспауын шақырады. Осы кезде қабақ және кірпік шеті немесе қайта пайда болған тыртық конъ­юнктива мен көздің қасаң қабығында қабынуды шақырып механикалық зақымдайды. Кейбір жағдайларда деформирленген қабақтар жабылмайды, яғни лагофтальм («Қоян көзі») деп аталатын аномалия дамиды. Кейде жаралар қабақтың жартылай немесе толық бөлігін сипаттайды. Бұл иттер тістегенде, сондай-ақ жануарлар өткір заттарға секіргенде болады. Бұндай жағдайларда көмек көрсету қиынға соғып, қасаң қабықтың емделмейтін бұлдырауы пайда болады.

Емі. Қабақтың барлық жаралары хирургияда қабылданған жалпы ережелер бойынша антисептикалық заттарды және тігіс салуды қолданумен хирургиялық өңделуі тиіс. Бұл тыртық ұлпасының және қабақ айналуының дамуын алдын алумен қорытындыланады. Ол үшін жансызданған ұлпаны тіліп, жараға стрептоцит және сульфацилнатрий сеуіп, түйінді тігіс салады. Егер жарада тері қиығы болса, онда хирургиялық өңдеуден кейін оны орнына қойып, тігіспен бекітеді. Жануарларды операциядан кейін қысқа мерзімге байлап қояды,ал ұсақ жануарлар мойнына қорғаныс жағасын кигізеді.

2. Қабақ қабынуы (Blepharitis)

Себебі. Қабақ қабынуы әртүрлі себептер әсерінен болуы мүмкін. Көбінесе механикалық, термикалық немесе химиялық әсерлер нәтижесінде қабақтың тітіркенуі болады. Тері бүтіндігі бұзылуында микробтар,саңырауқұлақтар-паразиттер енуінен, паразитарлы және инфекционды аурулар дамиды. Қабақ қабынуы жаралардың, жарақаттардың, күйіктердің әртүрлі асқынуларын шақырады; қабыну процессі қабаққа және оның айналасындағы ұлпаларға өтуі мүмкін. Блефариттердің кейбір формаларының себептеріне зат алмасудың бұзылуы, жүдеу, авитаминоз, әсіресе А және С жатады.

Беткейлі блефаритті қабақ шетіне қабыну процесі өткенде, ал тереңді – қабақтың тері асты клечаткасының,бұлшықеттердің және басқа ұлпалардың зақымдалуымен клиникалық ажыратады.

Терең блефарит көбінесе қабақ жараларының, жарақаттарының ластануы мен инфицирленуі нәтижесіндегі асқынудан туындайды. Басқа жағдайларда терең қабынудың дамуы айналасындағы ұлпалардан өтуі нәтижесінде пайда болады. Ол абцестің түзілуімен диффузды флегмонозды про­цесс түрінде өтеді.

Беткейлі блефарит қабыршақты және ойық жара түрінде болады. Екі түріде бір процестің сатылары болу мүмкін.

Клиникалық белгілері. Қабыршақты блефаритте аурудың басында қабақ шеті және конъюнктиваның жабысатын аумағы гиперемирленіп, қышыма байқалып, көздің ішкі бұрышында көпіршікті экссудат жиналады. Қышыма жануарлардың көзін айналасындағы заттарға қасынуына мәжбүр етіп, нәтижесінде көздерін жарақаттайды. Қабақ шеттері қалыңдап, көз саңылауы кішірейеді. Кірпіктерде жеңіл алынатын қоңыр қабыршақтар түзіледі. Аурудың өтуінде кірпіктер түсіп қалады. Үнемі жас ағу байқалады.

Жаралы блефарит қабыршақты блефаритке қарағанда жіті түрде өтеді. Бұл аурудың дамуында ерекше орын алатындар ол іріңді микроорганизмдер болып табылады, соның ішінде стафилококктар. Олар қабыршақтар астындағы іріңде көп мөлшерде кездеседі.

Қабақ шеттері домбығып, гиперемирленіп, пустулалармен жабылады. Пустулалар жасырына отырып, астында іріңі бар сары қабықтар түзеді. Қабықтарды алып тастағанда жаралар табылады. Жеңіл жағдайларда қабақ шеттері ғана зақымдалып, бөлек жерлерде жаралар табылады. Ал ауыр жағдайларда қабақтың барлық шеті жаралар мен пустулалар жабады, ол ылғалды және жеңіл қанталаған. Аурудың жалғасуында кірпіктер түсіп қалады; ал кейде жаралар пайда болғанда кірпіктер ішке қарай өседі (trichiasis). Қабақ шеті қатты қалыңдап, салбырайды. Қатты жасаурау дамып, қабақ іші сыртына айналады.

Болжау. Сәйкес ем қолданса болжауы жайлы болады.

Емі. Қабыршақты блефаритте ең алдымен ауру себебін жояды,сосын жануарларды таза, вентиляциялы жерде жақсылап күту қажет. Қабыршақтарды 1 % жылы екі көмір қышқылды содамен және вазелин майымен жұмсартады, кейін 3 %-ды перекис водородпен малынған мақта тампондарымен алып тастайды. Сондай-ақ қабақ шеттерін күніне 2-3 рет 1 —2 % -ды сары окись сынабының мазын жағады. Фурацилинды мазьды (фурацилин — 0,01; ланолин — 2,0; вазелин — 2,0) немесе балық майындағы сульфа­ниламидты мазды (балық майы — 5,0; стрептоцид — 0,25; сульфацилнатрий — 0,5) қолданған пайдалы..

3. Қабақтың айналуы (Entropium palpebrae)

Қабақтың айналуы барлық жануарларда кездеседі, бірақ көбінесе иттерде байқалады.Қабақ айналуының ауыр дәрежесінде көзге қабақтың тері қабаты да кірпіктермен қоса кіріп, қасақ қабығын тітіркендіреді.Нәтижесінде кератит, ойық жаралар дамиды.Қабақтың айналуы көздің біреуінде немесе екеуінде де болу мүмкін.

Себебі. Ауру коньюнктива тыртығының тартылуы, шеміршек деформациясы, қабақ бұлшық еттерінің қысқаруы, үстіңгі қабақ терісінің салбырауы нәтижесінде туындайды.

Клиникалық белгілері. Қабақ айналуы кезінде қабақтың бос (кірпікті) шеті жартылай немесе тұтастай көз алмасына бағытталып ішіне қарай айналады. Көз саңылауы тарылып, жасаурау, коньюнктивит, қабақ және кірпіктердің дұрыс орналаспауы байқалады; асқынған жағдайда көздің қасаң қабығы қабынады, лайланады.Көз орбитаға қарай созылады.

Емі. Ең алдымен ауру себептерін жоямыз.Спастикалық айналудың жеңіл түрінде лейкопластер жабыстыруға немесе тері ішілік тігістер салып қабақты бекітуге болады. Қабақ айналуы кезіндегі кең таралған операциялардың бірі тері қыртыстарын кесу болып табылады.

4. Қабақ ішінің сыртқа айналуы (Ectropium palpebrae)

Қабақ ішінің сыртқа айналуы кезінде қабақ шеті жартылай немесе тұтастай сыртқа айналып, қасаң қабықтан алыстайды.

Себебі. Қабақ ішінің сыртқа айналуының себептеріне: 1) ұлпалардың зақымдалулары (жаралар, күйіктер, экземалар, дерматиттер), 2) конъюнктиваның аурулары;

Клиникалық белгілері. Қабақ шеті көз алмасына жабыспайды, сыртқа қарай айналған. Жасаурай байқалады. Конъюнктива ауа әсерінен тітіркенуі нәтижесінде қабынып, содан соң гипертрофирленеді.

Емі. Ең алдымен ауру себептерін жою қажет. Дарсонвализа­ция 2—3 апта 10—15 мин күнделікті; фарадизация 30 мин; диатермогаль-ванизация, бірінші 10 мин-та диатермикалық 0,5 А ток беріледі, содан соң гальваникалық ток 30 мА 20 мин-қа.

Әдебиеттер: 2, б. 434-439.

Бақылау сұрақтары:

1 Қабақ ауруларының себебі, клиникалық белгілері және емі.

2 Блефаритті клиникалық қалай ажыратады?

3 Қабыршақты блефариттің ерекшеліктері мен емі.

4 Жаралы блефариттің ерекшеліктері мен емі.

5 Флегмонозды блефариттің ерекшеліктері мен емі.

6 Қабақ айналуының себептері, клиникалық белгілері.

7 Қабақ айналуының оперативті емі.

8 Қабақ ішінің сыртына айналуының себептері, клиникалық белгілері және емі.



8-9 Тақырып Конъюнктива аурулары.

Мақсаты: конъюнктивиттер себептерін, патогенезін, клиникалық өтуінің ерекшеліктерін емдеу әдістерін оқып үйрену.

Жоспар:

1 Катаральды конъюнктивит (Conjunctivitis catarrhalis)



2 Беткейлі іріңді конъюнктивит (Conjunctivitis superficialis purulenta)

3 Фолликулярлы конъюнктивит (Conjunctivitis follicularis)

4 Терең іріңді конъюнктивит (Conjunctivitis phlegmonosa)

5 Конъюнктива жарақаттары (Traumae conjunctivae)

Конъюнктивит дегеніміз-жануарлар көзінің кілегей қабығының әр түрлі деңгейіндегі қабынуы.

Конъюнктивит Қазақстан аймағындағы шаруашылықтар мен әр түрлі қожалықтарда төрт түлік мал және басқа да жануарлар арасында кейіннен таралған.

Себебі. Көбінесе жануарлар көзіне механикалық әсерлерден (ұрылу, соғылу, бөгде заттардың түсуінен т.б.). Химиялық заттардың (әк, қышқылдар, негіздер т.б.) көзге әсер етуінен, көзге жоғарғы және төменгі температураның әсер етуі салдарынан және биологиялық факторлардан да коньюнктивит туындайды.

1. Катаральды конъюнктивит (Conjunctivitis catarrhalis)

Қабыну эпителиальды қабат мен базальды мембрананы жаулайды. В острых случаях они инфильтрируются экссудатом и клеточными эле­ментами, а в хронических — наблюдаются разрастание соединительной ткани и ее старение.

Клиникалық белгілері. Жіті жағдайларда көздің ішкі бұрышынан блефароспазм және жас ағу байқалып, уақыт өте келе ол бұлдырланып, кілегейлі сипатқа айналады. Конъюнктива гиперемирленген және домбыққан. Көз аумағы ауырсынады, жергілікті дене қызуы жоғарылаған.

Созылмалы конъюнктивиттер келесі факторлар қатарында дамиды: жүдеу, қартаю, осы кезде А витамин мөлшері кеміп, лизоцим белсенділігі азаяды. Жіті конъюнктивиттен айырмашылығы көз қарлығу болмайды, бөлінді қою және үнемі көп мөлшерде бөлінеді. Көбінесе конъ­юнктива құрғақтылығы, артериальды гиперемияның жоғалуы және көгерудің пайда болуы байқалады.

Болжау. Жіті жағдайларда болжау созылмалыға қарағанда көбінесе қолайлы. Ұзақ емді қажет етеді.

Емі. Ауру себебін жояды. Экссуда­цияны азайту мақсатында тұтқырлайтын дәрілер қолданады. Солардың ішінде цинк сульфат тамшысы, протаргол 2—8 %-ды, натрий тетраборат. Қатты ауырсыну кезінде тамшыларға дикаин және адреналин гидрохлорид қосады. Сондай-ақ жақсы нәтиже беру үшін В. П. Филатову бойынша новокаинды ретробульбарлы блокада және ұлпалы препараттар қолданады.

2.Беткейлі іріңді конъюнктивит (Conjunctivitis superficialis purulenta)

Коньюнктивада инфекцияның дамуы травма, резистенттіліктің әлсіреуі, жұқпалы ауруларда, гиповитаминозда болады. Іріңді конъюнктивит жасанды жолмен көз туберкулинизациясы немесе маллеиньзациясы кезінде туындайды.

Клиникалық белгілері. Көз аумағында ауырсыну және температураның жоғарылауы, көз қарлығу және жоғарғы қан тамырлардың қызаруы, коньюнктиваның домбығуы байқалады. Оның беткі жағы кілегейлі-іріңді бөліндімен жабылған. Кілегей қабықтары некрозға ұшырайды.

Болжау. Қазіргі заман емінде және шектелген процесте болжау қолайлы.

Емі.Асептикалық кератитті емдегендей, Ұзақ уақыт көп мөлшерде антибиотиктер мен сульфанилами­дтерді қолданады. Сондай-ақ протаргол және колларгол қолданады. Жансыздандыру заттары бар маздар мен линименттерде жақсы әсер етеді. Әсіресе аурудың бастапқы кезеңінде ретробульбарлы новокаинді блокада және кортикостероидтермен ем қолданса тиімдірек болады.

3. Фолликулярлы конъюнктивит (Conjunctivitis follicularis)

Үшінші қабақтың ішкі бетінде лимфалық фолликулалардың қабынуы фолликулярлы конъюнктивит деп аталады.

Себебі. Бұл ауру мәдениетті тұқымды иттер арасында тараған. Ауру негізінде әр түрлі ішкі және сыртқы факторлармен, яғни жұқпалы аурулар, зат алмасудың бұзылуы, ультра күлгін сәулесінің әсері кезіндегі интоксикация кезеңінде үшінші қабақ коньюнктивасының тітіркенуі нәтижесінде туындайды.

Клиникалық бейнесі. Ауру бастапқыда көз қарлығу, жас ағумен, содан соң кілегейлі-іріңді бөлінді бөлінумен өтеді. Көз аумағында қышыма пайда болып, ит қаси бастайды. Үшінші қабақ домбығып, қызарады. Ал содан соң ішкі бетінің фолликулалары домбығып,ұлғайып,қызарады. Содан кейін блефарит пайда болып, кірпіктер түсіп, қабақ шеті қалыңдайды және ішке қарай айналып, тітіркенеді.

Емі. Тамшы, маздар түріндегі дезинфицирлеуші заттар, А. Н. Голиков және С. Т. Щитов бойынша үстіңгі мойынның симпатикалық түйін блокадасын қолданады. Сондай-ақ ұлпалы препараттар тиімді болып келеді. Нитрат күмісінің таяқшасымен үшінші қабақтың ішкі беткейін күйдіру рациональды болып саналады. Мұндай күйдірулерді 2-4 рет істейді. Күйдіруден соң қатты тітіркену байқалады, бірақ 2-3 күн кейін жоғалады. Қайтарма күйдіруді 5-7 күннен соң жасайды. Егер күйдіру оңды нәтиже бермесе, онда үшінші қабаққа экстирпация жасайды. Қабақтың қалың қабатына 0,5 %-ды новокаин енгізеді, содан соң үшінші қабақты конъюнктивальды қалтадан пинцетпен алып, қайшымен көздің ішкі бұрышын тіледі. Қан кетуді тампонмен тоқтатады.

4. Терең іріңді конъюнктивит (Conjunctivitis phlegmonosa)

Ауру субконъюнктивальды ұлпаның флегмонасы секілді өтеді. Ол жарақаттар және кейбір жұқпалы аурулар кезінде өздігінен дамиды. (зілді катаральды қызба).

Клиникалық белгілері. Ауру қос қабақтың қысылып, конъюнктиваның қатты домбығуынан болады. Маңызды белгілеріне конъюнктиваның құрғақтығы, оның тамшылы қан кетуі жатады. Нәтижесінде конъюнктива кірпішті-қызыл түске еніп, беткі жағында іріңді бөлінді байқалады. Алдағы уақытта абсцедирлену болып, конъюнкти­ва арқылы абсцесті жарады және қуыстан өлген ұлпаларды табады.

Емі. Емнің принципі процестің сатыларына сай этиопатогенетикалық терапиядан тұрады.Тыныштыққа қойып, антибиотиктермен новокаинды терапия қолданады. Жылы дезинфицирлеуші ерітінділермен конъюнктивальды қалтаға ылғалдандыру жасап, оған антибиотиктері немесе сульфаниламидтері бар маз немесе линименттер қолданады. Жалпы септикаға қарсы ем белгіленеді. Абсцессті қабақ шетінен қарама-қарсы тіледі. Конъюнктиваның көзбен тұтасып кетуін алдын алуға назар аударады. Кейбір авторлардың ұсынуы бойынша уқалауды қолданумен қатар дәрілік заттарды, сондай-ақ конъюнктива астына натрий хлоридтің гипертоникалық ерітіндісін енгізбеу қажет.

5. Конъюнктивит жарақаттары (Traumae conjunctivae)

Травмалар қабақтың бір уақытта жарақаттануы немесе конъюнктивальды қалташаға бөгде дененің енуі нәтижесіндегі жаралар түрінде болады. Субконъюнктивальды ұлпаның серпімділігі мен үлкен көлімділігінен конъюнктиваның жабық жарақаттары сирек кездеседі.

Конъюнктивальды қалтаға түскен бөгде дене үлкен дефект шақырмайды, бірақ қатты ауырсыну реакциясы байқалады, сондықтан жануарлар тынышсызданып, аяқтарының немесе басқа заттар көмегімен оны алып тастауға тырысады, оның әсері біруақытта склераның және көздің қасаң қабығын зақымдап, инфекцияның дамуына әсер етеді.

Клиникалық белгілері. Ауру кезінде жас ағу, көз қарлығу, блефароспазм қатты болғаны соншалықты жансыздандырусыз қабақты ашу қиындыққа соғады. Конъюнктивада бөгде дене, қабыну гиперемиясы, домбығу байқалады. Жаралар әртүрлі ұзындықта, тереңдікте және бағытта,сондай-ақ қан кету,ауырсыну және үңірейген болады. Қан ағу мен гематома жағдайларында конъ­юнктивада нүктелік және сызықтық қан құйылулар көрінеді.

Емі. Қабақты қозғағаннан және үстіңгі анестезиядан кейін бөгде денені конъюнктивальды қалтадан алып тастайды (әсіресе ірі қара малда). Қабақты ішін сыртына айналдырып бөгде денені натрий хлорид ерітіндісіне батырылған инъекционды инемен немесе тампонмен алып тастайды. Алып тастаған соң хирургиялық инфекцияны алдын алу мақсатында антисептиктерді қолданады.Жаралар кезінде оған жіңішке тігіс салып,содан соң кәдімгі антисептикалық ем қолданады (маздар,ұнтақтар,тамшылар). Қанталау мен гематомаларда қан кетуді тоқтатып, салқын қолданады. Белгілі гематомаларда жиналған қанды шприцпен сорып немесе тілік арқылы алады.

Әдебиеттер: 2, б. 439-443; 4, б. 197-204.

Бақылау сұрақтары:

1 Катаральды конъюнктивиттің клиникалық белгілері, оның себептері мен емі.

2 Іріңді конъюнктивит, инфекционды, инвазионды кератитоконъюнктивиттердің себептері, патогенезі, клиникалық белгілері және емі.

3 Фолликулярлы конъюнктивиттің клиникалық белгілері, диагностикасы және емі.

4 Катараль­ды, іріңді және инвазионды конъюнктивиттерді емдеудегі қолданатын дәрілік заттар.



10 Тақырып Жасаурау аппаратының аурулары.

Мақсаты: Жасаурау аппараты ауруларының себептерін, клиникалық белгілерін және емін оқу.

Жоспар:

1 Жас безінің қабынуы (Dacryoadenitis)



2 Жас қалташасының қабынуы (Dacryocystitis)

3 Жас-мұрын каналының тарылуы, бітелуі (Stenosis, obturatio

et obliteratio cana is naso-lacrimalis)

1. Жасаурау безінің қабынуы (Dacryoadenitis)

Көз жасы безі қабынуы басқа көз жасы аппараттарының зақымдалуына қарағанда жануарларда сирек кездеседі.

Этиологиясы.Ауру инфекциялық аурулардың,құлақ маңы безінің және мұрын қуысы қабының қабынуының асқынған түрі ретінде пайда болады.Көбіне бұндайаурулардың пайда болуына механикалық жаралар себеп болады.

Клиникалық белгілері. Дакриоаденит жіті және созылмалы формада өтеді. Бездің терең орналасқанына байланысты аурудың алғашқы белгілерін байқау қиынға соғады,тек іріңдеу процессі дамығаннан кейін орбитаның бұрышында байқауға болады. Жоғары температура, аурушаңдық және кішкене іріңдеу,аурудың негізгі клиникалық белгілері болып табылады. Ісік үлкейген сайын көздің қимылдауы бәсеңдейді.Уақытша ісіну кезінде ауырмайтын без ісігі болады.Тез дамитын ісікте аурушаңдылықтың жоқтығы осы аурудың ерекше белгілері табылады.

Болжам. Көбіне сәтті аяқталады.

Емі. Аурудың алғашқы даму кезеңінде без айналасын новокаин ерітіндісімен сүртеді.Сонымен қатар жоғарғы қабаққа 5 %-ды камфорлық немесе 5 %-ды ихтиол мазын қолданады. Конъюнктивальды қалташаға сульфаниламидті препараттар, анти­биотиктер егіледі.Егер бірнеше күннен кейін ешқандай нәтиже болмаса, жылулық процедурасына көшіреді.Зақымдалудың соңғы кезеңінде безді түгелдей жояды.

2.Көз жасы қабының қабынуы. (Dacryocystitis)

Дакриоцистит барлық жануарларда кездеседі, бірақ көбіне жылқыларда, ит және мысықтарда кездеседі.

Этиологиясы. Дакриоцистит көбіне ісік процесстерінің нәтижесінде пайда болады.

Клиникалық белгілері. Көз жасы қабының қабынуы іріңді болып келеді және дамуы жағынан басқа көз ауруларына қарағанда үлкен мағына береді.

Кейде дакриоцистит ауруын тері асты абцесстің, флегмонаның ісік ауруларымен шатастырады.

Емі.Консер­вативтік ем қолданады.Ең алдымен көз жасы мұрын каналының тазалығын қамтамасыз ету керек. Ол үшін мұрын қуысы арқылы залалсыздандырғыш құралдармен каналды тазалайды.Каналды фурациллин ерітіндісімен (1:5000),күміс нитратымен (1:500) жууға болады, 2—3 %-ды протаргол ерітіндісімен, 1—2 %-ды мырыш сульфатымен, 1—2 %-ды бор қышқылымен, пенициллин ерітіндісімен (25 000 ЕД, 25 мл 1 %-ды новокаин ерітіндісімен) және т.б шаюға болады.

3.Көз жасы мұрын каналының тығындалуы,тарылуы. (Stenosis, obturatio et obliteratio cana is naso-lacrimalis)

Бұндай аурулар көбіне барлық жануарда кездеседі және туа біткен немесе патологиялық процесстердің нәтижесінде пайда болған болып екіге бөлінеді. Этиологиясы. Ауру мұрын қуысы каналының қабынуының,басқа денелердің, гельминттердің енуімен пайда болады.

Клиникалық белгілері. Аурудың алғашқы белгілері үздіксіз жасаурау. Каналдың ұзақ бітелуі жас қабы мен конъюнктиваның қабынуына әкеп соғуы мүмкін.

Болжам.Жас-мұрын қуысының толықтай бітелуі кезінде болжам ойдағыдай болмайды.Жасаураудың тоқтауы қабыну мен дегенеративті процесстерді туғызатындықтан, жас безін оперативті түрде жою анықталған мақсатқа жетпейді.

Емі. Ринит көп болған жағдайда мұрын қуысын жүйелі түрде 2 %-ды протаргол немесе бор қышқылы ерітінділерімен жуылады. Жылқылар мен ірі қара мал көзін полиэтиленді зондпен жабады да, жас – мұрын каналын жылы залалсыздандырғыш ерітінділермен жуады.


Әдебиет: 2, 443-446 бет.

Бақылау сұрақтары:

1 Көз жасы қабының қабынуы, этиологиясы, клиникалық белгілері және емі.

2 Көз жасы безінің қабынуы, этиологиясы, клиникалық белгілері және емі.

3 Көз жасы мұрын каналының тығындалуы,тарылуы, этиологиясы, клиникалық белгілері және емі.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет