ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет8/13
Дата26.08.2017
өлшемі2,57 Mb.
#29090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торгайдың әр түрі (қараторгай, бозторгай, шымшық торгай) кездеседі.

Орманды даланың сүтқоректілері катарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырги, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарганың түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.

Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауга шығады. Күндіз жүретін аңдар тым ерте және кешкі мезгілде ғана далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта түбінде жатады. Шөл хайуандары жүйрік келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады, құстары да қонбай, алыска самғап ұша алады. Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар (суыр, құмтышқандары, торгайдың кей түрлері) ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстықта ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.

Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы болып келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне қарай бейімделе дамыған. Құмды шөл далаларда әр түрлі бұталы өсімдіктердің, сексеуілдің, ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты, соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жер-тесер, сарышұнақтың,құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, құстардан сексеуіл жорга торгайы кездеседі. Жылан, кесіртке сияқты ба-уырымен жорғалаушылар шөлді далаларда көп. Құстар сексеуіл бұтақтарына ұя салады, олардың ішінде дала бүркіті, бөктергі, ақ құйрық сауысқан бар.



Даланың аңдары бір зонадан бір зонаға ауысып, кейде сол жерлерді мекендеп қалады. Жайық өзені бойы мен Каспий маңы ойпатында Еуропадан ауысқан ормансусары, тогай бұгысы, Үстіртте оңтүстік және батыс облыстарға тән үстірт қойы (үстірт муфлоны), сілеусін және т.б. жануар түрлері үшырасады.

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар катарына Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (бұлгын, тиін, тоқал бұгы, ақ сары тышқан, саңырау құр, қара бауыр шіл, үкі, қаршыга, тоқылдақтың кей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Баркытбел) шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күшігенді, байгызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торгай, шақылдақ тышқан, шымшық торгай, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарга, суық торгай, шыбыншы тореай, ақтақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имек тұмсық балықшы,, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпы шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен құстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы орманда бұгы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.

Қазақстанның көлді аймақтарын, тоғайлы, бұталы жерлерін мекендейтін жануарлар түрі де әр алуан. Оларда құстар ұя салады. Тоғай ішінде бүркіт тққымдас қарақұс, бөктергі,ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық кездеседі. Қырларда дала мысыгы, Сырдария бойының тоғайларында шиебөрі, тогай бұгысы жүреді. Өзенді алқаптар мен бұталы жерлерде қабан, елік, ақ тышқан мекендейді. Өзен-көлдер бойы құска бай, теңіздер мен су қоймаларында балық түрлері де мол. Аралда балыктың 40, Каспий-де 50 түрі, итбалық бар.

Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін мен шабындық шөптерді жейді. Қарақұрт, бүйі, шаян, жылан, кененің түрлері адам өміріне қауіп туғызады. Көбелек құттары ағаштар мен жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу — мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауга омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүтқоректілерден (қарақұйрық, құлан, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шагыл мысыгы, күзенжәне т.б), құстардан (қоқиқаз, бұйра және қызгылт бірқазан, қара және ақ ләйлек, сұңқылдақ аққу, дала бүркіті, дуада,, қыргауыл, ұлар және т.б), бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған құлан, кара-құйрык, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен бұлгын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.

Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурзым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжың, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.


Шығыс Қазақстан табиғи аймақтар биоценозы

Шығыс Қазақстанның омыртқалы жануарлар фаунасын зерттеудің негізін академиктер И.Г.Гмелин және П.С.Палас салған.И.Г.Гмелин 1730 –1743 жылдары Алтай және алтай алды далаларға зертеу жасады. Ол өз “Путешествие по Сибирь” деген күнделігінде Өскемен қаласының маңында марал, елік, бұлан, жабайы шошқа, арқарлардың көптігін жазған.П.С.Паллас өзінің “Путешествия по разным провинциям Российского государства” (1773 – 1788жж) деген кітабында Алтай тау бөктерінде марал, жабайы шошқа арғалылардың барлығы туралы жазды. 18 – шы ғасырдың аяғында Алтайда П.И.Шангин болып, өлкедегі омыртқалылар фаунасы туралы өз есебінде жазған. 19 ғасырдың бірінші жартысында Алтай омыртқалылар фаунасына зерттеу одан әрі жалғасты . 1806 – 1809 жылдары профессор Г. Спаски Алтайға саяхат жасап оның оңт. шеті Қытайға дейін барды . Оның еңбектерінде сүтқоректілер туралы мәліметтер бар . Ол қасқыр , түлкі , сілеусін, қарсақ, арқар, күзен, құндыз, бұлғын, елік, марал, таутекелер меккендейтіні туралы жазды.



1830 жылдан 1850 жылдарға дейін Алтайдың омыртқалы фауналарын Ф.В. Геблер зерттеді. Алтай тауларына жолбарыстардың келуі , Бұқтарма өзенінің маңында жабайы шошқалардың кездесетіндігін айтқан . 1826 жылы Алтайда К.Ф. Ледебур, К.А. Мейер, А. Бунге Батыс Алтайға және оның бөктерлерін ландшафтарына зерттеу жасады. К.А. Мейер 1826 жылы Зайсан көліне саяхат жасады, оның зерттеу объектісі өлкенің өсімдіктері болғанымен, омыртқалылыр фаунасы туралы мәліметтер бар. 1840-1843 жылдары П. Романов Алтай, Зайсан қазаншұңқыры, Тарбағатайға экспедиция ұйымдастырды. 1840-1842 жылдары Г.С. Карелин Шығыс Қазақстанның омыртқалы жануарлары туралы кең көлемді коллекция жинады. Берлин жаратылыстану музейінің ғылыми қызметкері О.Финш және натуралист А.Брэм Алтай мен Тарбағатайға 1876 жылы экспедиция жасады, олардың маршруты Тарбағатай тауы арқылы Марқакөл және Зайсан көлдеріне, Бухтарма өзені аңғарларына, Нарым өзені арқылы Зряновск қаласына дейін өтті. Олардың есептерінде омыртқалы жануарлар тізімі және олардың биологиялық ерекшелігі туралы кейбір мәліметтер бар. 1877-1879 жылдары Н.М. Прежевальский Орта Азия мен Монголия бара жатқан жолында Алтай арқылы өтті. Шығыс Қазақстан шегінде зоологиялық материалдар жиналды.1878 жылы Алтай станицасынан Бухтарма өзені аңғары бойымен Укок және Сайлюгем қыраттар арқылы Монголияға сауда караваны өтіп оған зерттеуші М.В. Певцов қосылды. Бұл туралы есепте омыртқалы жануарлар туралы мәліметтер бар. 1882 жылы Оңтүстік Алтайды А.М. Никольский келді , оның маршруты Бухтарма өзені аңғарынан Алтай станицасынан өтіп Марқакөлге дейін барды. Ол ландшафты биотоптарды сипаттап, сүт қоректілердің коллекциясын жинады. 1897 жылы Алтайды С.Д. Демидов экспедиция құрамында зоолог М. Березовский зерттеді. А.Ивановскийдің “Очерки Алтая”, А.Черкасовтың “На Алтае” деген еңбектерінде Алтайдың құстары туралы мәліметтер жасаған. Кейінгі жылдары ұзаққа созылған стационарды зерттеу экспедициялары жұмыс жасады 1922 жылы В.Е. Мартино Батыс Алтай кемірушілер туралы статья жазды. 1828-1832 жылдары В.А. Селевин аңшылық-кәсіптік Шығыс Қазақстан аңдары туралы статья жазды. Қалба Алтайындағы қарағайлы ормандарындағы тиіннің жаңа түрлері туралы жазды. Осы өңірдің сүт қоректілері туралы 1929-1930 жылдары Б.А. Кузнецов жазды. 1928 жылы В.А. Хахлов “Зайсан қазаншұңқыры және Тарбағатай “ деген еңбегінде ландшафт динамикасы және құстар сандары туралы жазды. 1938 жылы П.П.Сушкиннің “Птицы Советского Алтая” деген екі томдық ғылыми еңбегі жарық көрді.1942 жылдары Қазақстан зоологтары А.В. Афанасьев. В.С. Бажанов өлкенің омыртқалалар фаунасына зерттеу жасады. 1946-1947 жылдары – И.А.Долгушин, М.В. Елизарева, Е.И. Страутман. Бұлардың зерттеулерінің нәтижелері 1953 жылы баспадан шыққан “ Звери Казахстана” монографияларында жазылған. 1956 жылы Зайсан қазаншұңқырыына Д.И. Бибиков барып жаңа сүт қоректі түрі Роборовский атжалманы ашылды. 1956,1961,1963 жылдары Шығыс Қазақстанның сүт қоректілерінің фаунасына зерттеуді Н.М. Воронцов басқарды. 1963 жылы Ю.С. Лобачев, 1965, 1967, 1968 жылдары Шығыс Қазақстанда И.Г. Шубин. М.И. Исмагилов, А.Б. Бекенов, 1975 жылы В.Н. Мазин , В.Н. Мурзов , Р.Т. Шаймарданов, кейінірек А.Ф. Ковшарь, Б.М. Губин зерттеулер жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысының хайуанантар әлемі Голарктиканың фауналық үш түрін қамтиды:

-Циркумборельдік подоблыс, Европа-Сібір тайгалық провинциясы, Алтай учаскесі;

-Орталық Азия подоблысы, Қазақстан Моңғол провинциясы, Қазақстан округі, Тарбағатай, Зайсан қазандығы; Қазақ ұсақ қыраты, Шығыс даласы, Жоңғар учаскесі;

-Жерорта теңізі подоблысы, Иран-Тұран провинциясы, Тұран округі; Алакөл, Оңтүстік Балқаш учаскелері.

Аймақтың омыртқалылар фаунасы өз құрамында 6 кластың өкілдерін біріктіреді: 2 түрлі дөңгелек ауыздылар, 36 түрлі сүйекті балықтар, 22 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 388 түрлі құстар, 114 түрлі сүтқоректілер. Бүкіл Қазақстан бойынша дөңгелек ауыздылардың 3, сүйекті балықтардың 104, қосмекенділердің 12, бауырымен жорғалаушылардың 49, құстардың 448, сүтқоректілердің 178 түрі бар.

Облыстың оңтүстігіндегі шөлейтте және Алакөл, Зайсан қазаншұңқырларының жартылай шөлейттерінде біздің заманға дейін өмір сүрген жер бетіндегі ең ежелгі жәндіктер - өрмекші тектестер өмір сүреді. Бұлар: улы шаяндар, бүгілер, онконотус-қанатсыз шегірткелер, қоңыздар және басқалар.

Қосмекенділердің және шөлдегі бауырымен жорғалаушылардың фаунасында кең тараған көлбақалар, сұр және жасыл бақалар қатарында сирек кездесетін қызыл кітапқа енген жәндіктер де бар. Зайсан қазаншұңқыры мен Алакөл маңындағы Сайқан жотасының оңтүстігінде толық зерттелмеген даната бақасы өмір сүреді.

Шөлдің құстар фаунасы да ғажап. Олар сор жапқан сусыз жазықтарға ұя салған, сондықтан ондаған, жүздеген километр қашықтықта жатқан шалғайдағы су қорларына ұшып баруға мәжбүр.

Сары топырақты жарларды жыртқыш құстардан ителгі, тілеміш және үкі мекендейді. Арабтар және басқа да саятқұмарлар тарапынан жоғалып бара жатқан ителгілерге қызығушылық бұл құстарды жаппай аулап, шетелге сатуға әкеліп соғып отыр. Бұл бағытта кәсіпқорлық сұңқарлар контрабандасын есірткілер мен қымбат бағалы металдар контрабандасымен қатар қоюға әкеліп соғуда.

Биік таулар мен кең дала , қарағайлы ормандар , Ертіс жайылмасындағы аралдар мен тармақтары сан алуан жануарлардың тіршілік үшін өте қолайлы орын .

Жазық алқапта дала , шөлейт шөл , шалған , өзен жайылмалары жатады . Әркелкі физтикалық географиялық жағдайға байланысты және шет жатқан әкелінген жануарларға табиғи кедергілер болмағандықтан Семей фаунасы өте бай . Дала және шөлейт , шөл зоналарында кеміргіштер басым . Оның ішінде қарапайым атжолман егеуқұйрық , пен дала тышқандары көптеп кездеседі . Барлық жерде ақ қоян , құлақты кірпі , қасқыр , түлкі , боз күзен , ақ тышқандар және борсық мекендейді . Құрғақ далада , Ертістің оң жағасында саршұнақ , норман тышқаны қосаяқ , дала алақоржыны бар . Қорсақтар да кездеседі . Құстардан : бозторғай , даудақ , балықшы , бөдене , қарлығаштар ұшырасады . Шөл мен шөлейт зоналарының жануарлар дүниесі біршама ерекше . Бұл жерде қоректің , паналайтын жерлердің аздығына , климаттың қолайсыз болцына байланысты жануарлар дүниесі аз . Шөлдегі судың тапшылығынан кейбір жануарлар жүйрік болады : бөкендер , жайраңдар , киіктер , тау арқарлары , кейбіреулері өсімдік бойындағы сулармен қанағаттанады мыс саршұнақ , кесіртке , дуадақ . Байырымен жорғалаушылар насекомдар және сүт қорктілер : ор қоян , кеміргіштер , тышқандар , кірпі , жұмыр басты кесіртке , кеселдер сансыз көп кездеседі , жыландар көп . Насекмдардан – қара құрт , шаян , бүйі бар . тоғайлар мен қамыстар арасында құстар мен аңдар мекендейді . Бұл жерлерде қабандар қасқырлар , түлкілер , қамыс мысығы , еліктер көп . Құстардан : қырғауыл . тоқылдақ , сарғалдақ , қырандар бар . Бұрын жолбарыс болған .

Насекомдар шегірткелер , маса , сона , шіркей , бүгелік , инелік , көбелектер көп . Қарағайлы орманның жануарлары . Бұл жерде дала және орман фаунасы таралған . Қайшы ауыздың солтүстік түрі , құр аулайтын қырғи , тиін кездеседі .

Тарбағатай фаунасы . Алтай тауы жануарларына ұқсас , онда қоңыр аю , қасқыр, түлкі , қарсақ тіршілік етеді . Тау етегінде суыр , дала тышқандарына суларында , андатр көп кезедеседі .

Қанатты жыртықыш құстардан құмай , бүркіт , лашын ителгіні сақтау үшін Қызыл кітапқа енгізілген .

1968 жылы Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы ұйымдастырылады . Бұл қорықшада кездесетін қара шұбар жылан , дуадақ , ақбас тырна , қара бауыр буылдырық , лашын , ителгі , үкі , арқар , қоян , суыр қорғауға алынған .

Қалба жотасында жалпақ жапырақты ормандар өскендіктен , бұл жерде аю , сілеусін , сібір күзені , ала тышқан , тиін секілді орман жануарлары мекендейді Жота етегінде көртышқан індері өте көп кездеседі . сондай-ақ бұлғын ақкіс , қара күзен , сібір күзені , су тышқаны – жонат тіршілік етеді . Сары шымшық ұзақ , құр қырғи т.б. мекендейді .



Шығыс Қазақстан облысының өсімдіктер әлемі

ШҚО флорасы 1283 түрлі өсімідікті құрайды, оның 87-сі сирек түрлерге жатады. Облыстың өсімдік жамылғысы Солтүстік тропикалық емес әлемге жатады. Өсімдіктер түрлері бореальдық (Орал-Сібір формациясы, Алтайдың оңтүстік, Сауыр Тарбағатай жэне Зайсан провинциялары) және шөлейттік (Тибет формациясы) тұрпатта болып келеді.

Мынадай өсімдік қоғамдастығынан тұратын геоботаникалық аймақтар айқын көзге түседі:

-Тау етегіндегі орманды-далалық, изенді-селеулі-далалық (селеулі-түрлі шөпті, бұта-қарағанды далалар)

-Тау етегіндегі далалық (жусанды бетегелі, жусанды-селеулі-бетегелі, жусанды -дәнді псаммофильді шөлейт далалар)- Зайсан және Алакөл ойпраттарының солтүстік пұшпағы;

-Шөлейттік (ксерофильді дәнді дақылдар басым кезігетін далалы және кәдуілгі шөлейттер) - Зайсан, Алакөл ойпаттарының оңтүстігі.

-Таулық және тау-беткейлік орманды - шалғынды-далалық (самырсын-бал-майқарағайлы бұта қарағанды жерлерге және далаларға ұласып жататын самырсынды тау ормандары);

-Таулы-тайғалық және шалғынды-тайгалық (май қарағайлы жэне самырсынды ормандар бұта қарағандарға, қарағайлы ормандарға ұласып жататын таудың қою түсті қылқанжапырақты бал қарағай ормандары );

-Тау беткейлік шалғынды (Алтай мен Тарбағатайдың субальпілік шалғындармен, қай жерлерде мүк біткен шалғындармен үласып жатқан альпілік таулар жэне далалар)

-Тау беткейлік тундралық (жасыл мүктері, қыналары басым, биік біткен гүлді өсімдіктері, жерге жайылған бұта-қарағанды және аласа бойлы бұта-қарағанды формалары)

Облыс аумағында жер бедерінің койнау бетінде қосымша ылғалдану жағдайында немесе тұйықталған қазандық беткейінде тіршілік ететін өсімдіктер де (жайылма ормандар, түрлі шөптер-шалғындар, қамыс, шилер, қылтанақты, ажырықты шалғындар жусанды қоғамдастықпен ұласқан) өркен жайып келеді.

Алтайдың, Сауыр-Тарбағатайдың, Қалба қыратының таулы аудандарында биіктік белдеу көзге айқын көрініп тұр.

Шығыс Қазақстан флорасында бағалы, пайдалы және дәрілік өсімдіктер көп. Бұлар мынадай мал азығындық шөптер:

тегіс түлкіқұйрық, тарғақшөп, жиынтықты арпабас, орақша түрдегі жоңышқа, шалғы жоңышқасы, т.б.:

эфирлік- майлы өсімдіктер; иіс түрлі зизифора, кәдуілгі киікшөп, сібір жебіршөбі, т.б.;

шипалы шөптер: қосмасақты эфедра, өгейшөп, құмдауытты өлмес шөп, алқызыл родиола т.б.;

азықтық шөптер: қарақат, биікқат, кәдімгі таңкурай, алтай пиязы, шағын рауғаш, т.б.;

витаминді өсімдіктер: қоңыр итмұрын, кэдуілгі қарағай, жасыл бүлдірген, қара және басқа да қарақаттар:

балбөлшектер, кәдуілгі киікшөп, қуыс жапырақты иван-шай, татарырғайлы,ешкітал, т.б.

Тұтас алғанда Шығыс Қазақстан флорасы тек мәдени маңызы ғана емес, пайдалы ерекшеліктері бар түрлі шөптерге бай.


Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Шығыс Қазақстан фаунасын зертешілері туралы не білесіздер?

2. Шығыс Қазақстаннаң табиғи аймақтар фаунасы туралы не білесңдер?

3.Шығыс Қазақстан флорасы мен фаунасы ерекшелігі неде?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

  2. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 ж.

  3. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.


20 Тақырып: Адамның шығу тегі және эволюциясы.

Дәрістін жоспары:

  1. Адам жаратылыстану ғылыми тану зат ретінде.

  2. Адамның жер әлемінде шығу тегі мәселесі.

  3. Адам мен жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

  4. Антропология.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Адам жаратылыстану ғылыми тану зат ретінде.

  2. Адамның жер әлемінде шығу тегі мәселесі.

  3. Адам мен жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

  4. Антропология.

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


21 Тақырып: Жер және әлем кеңістігі

Дәрістін жоспары:

1.Жалпы жертану пәнінің мазмұны, міндеті, мақсаты

2.Жер және әлем кеңістігі

3.Күн жүйесі планеталары



Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Жалпы жертану пәнінің мазмұны, міндеті, мақсаты

Физика – географиялық ғылымдар (физикалық география) табиғатты зертейтін жаратылыс тану ғылымдарына жатады. Физикалық географияны зерттеу объектісі – Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, организмдердің жанасуы, өзара араласуы және өзара әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып географиялық (ландшафтық) қабық деп аталады.

Біртұтас, ажыратылмас географиялық қабық бір тектес емес және оның құрылысы өте күрделі. Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыз контактіленген қабаты айрықша күрделілікпен ерекшеленеді. Мұны географиялық қабықтың компоненттері тау жыныстары және бұлардан пайда болған рельеф, су, ауа, топырақ, организмдер – оның әр түрлі учаскелерінің әркелкі дамуының нәтижесінде әр түрлі күрделілік пен әр түрлі масштабтағы ұштасуын қалыптастырады. Табиғат компоненттерінің мұндай тарихи қалыптасқан ұштасуын табиғат немесе физикалық – географиялық комплекстері деп атайды.

Географиялық қабық өзі ең ірі (планетарлық) табиғат комплексі бола отырып, көптеген салыстырмалы дербес, қарапайым және күрделі, ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) комлпекстерінен тұрады.

Біртұтас географиялық қабықшада жер қыртысы, атмосфера, гидросфера мен биосфера бір-бірімен себеп-салдарлы байланыста дамиды. Негізгі ерекшеліктері:


  1. заттар үш түрлі агрегаттық күйде болады;

  2. планетаға тән барлық химиялық элементтердің кездесуі;

  3. заттардың қозғалу формасының алуан түрлі болуы;

  4. энергия қорының жер қойнауынан, ал басым мөлшерінің Космостан, соның ішінде Күн системасынан жиналуы;

  5. тірі организмдердің болуы және олардан түсетін энергияның шоғырлануы;

  6. зат пен энергия айналымының ерекшеліктеріне байланысты құрылымының күрделеніп отыруы.

Географиялық қабықты табиғат комплексі ретінде тұтас оның зат құрасының ең жалпы ерекшеліктерін, географиялық құрылымы мен дамуын – физикалық география (жалпы жер тану ғылымы) зерттейді. Көпшілік географтардың айтуынша географиялық қабықтың табиғат комплексін құрайтын учаскелерін және адам әрекеті арқылы өзгертілге, сол сияқты өзгертілмеген учаскелерін зерттеуімен шұғылданатын физикалық географияның – ландшафт тану саласы.

Жалпы жер тану және ландшафт тану өзара тығыз байланысты: олардың зерттейтіндері – табиғат комплексі;; сондықтан бұлар кейде “комплекстік физикалық география” (Арманд Д.Л., Григорьев А.А.) немесе жай жер тануға бірігіп кетеді.

Географиялық қабықтың компоненттерін зерттеумен жеке (компоненттік) физикалық-географиялық деп аталатын ғылымдар шұғылданады. Бұған геоморфология (рельеф туралы ғылым), климатология ( климат туралы ғылым), океанология (Мұхит туралы ғылым), құрылық гидрологиясы (құрылықтағы сулар туралы ғылым), топырақ тану (топырақ туралы ғылым), биогеография (биоценоздің бөлінісі мен ұштасуының заңдылықтары және бұларды құрайтын организмдер туралы ғылым) жатады.

Географиялық қабықтың қазіргі жағдайын, оны құрайтын барлық табиғат комплекстерді түсіну үшін олардың даму тарихын білу қажет. Мұнымен палеогеография шұғылданады.

Егер физикалық география жаратылыс ғылымы болса, экономикалық география қоғамдық ғылымғы жатады, өйткені бұл өндіріс құрылымы мен орналасуын, оның әр түрлі елдер мен аудандарда дамуының ерекшеліктерін және жағдайын зерттейді.

Қарта, оны жасау және пайдалану методтарын зерттейтін географиялық ғылымының өз алдына саласы картография пәнін құрастырады










2.Жер және әлем кеңістігі 3. Күн системасы

Жер – сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттесе жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің (Космостың) бөлігі.Жер — күн системасындағы тоғыз планетаның бірі, ал күн системасы — орасан зор жұлдыздар шоғырының (150 млрд. мөлшерінде) бір бөлігі, ол Галактика деп аталады.

Жерден қазіргі радио және оптикалық телескоптардың көмегімен Әлем дүниесінің Жерден Күнге дейінгі аралықтан үш жүз мың миллиард есе көп қашық бөлігі байқалады.

Әлемнің негізгі массасы (98%) жұлдыздарда және ол ионданған ыстық газдан – плазмадан тұрады.

Метагалактикада 10 21 –ден астам жұлдыздар бар. Көптеген жұлдыздарда, планеталық система болуы мүмкін деп болжанады.

Жұлдызаралық кеңістік ерекше сирек газ, ұсақ шаң-тозаңдармен толы, олар кейбір жерлерде соншалық үлкен “бұлттар” – газды және тозаңды тұмандықтар түзеді.

Жұлдызаралық кеңістіктің барлық бағыттарында зарядталған бөлшектердің – космостық сәулелердің қатты ағыны байқалады. Әлемде магниттік, гравитациялық және электр күштері өрістері бар, олар космостық объектілерді бір жерге байланыстырады. Әлемдегінің барлығы да қозғалыста болады.

Жұлдыздар. Космостық объектілердің ең маңыздысы – жұлдыздар. Олар әр түрлі келеді, себебі олардың даму стадиясы түрліше жағдайда өтетіндіктен. Жұлдыздың химиялық құрамы, температурасы, жарқырауы, диаметрі, массасы, тығыздығы, қозғалысымен оларға дейінгі қашықтығы олардың сәулеленуіне қарай анықталады

Күн системасына: Күн, тоғыз ірі планета және олардың серіктері, астероидтар (кіші планеталар), кометалар және метеор денелер енеді.



Күн — күн системасындағы орталық дене, Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз, газ тәрізді, күйіп тұрған, шар тәрізді дене. Күннің диаметрі — 1391000 км. Күн бетінің температурасы 6000° болады да, ал ішкі жағында ол 15 000 000°-қа дейін артады. Біздің бақылауымызға қолайлы Күннің сыртқы қабаттары оның атмосферасын түзеді. Күннің көзге көрінетін сәулелерінің барлығы фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады. Фотосфера қабатының қалыңдығы 100-ден 300 км-ге дейін болады. Фотосфера үстінде хромосфера орналасқан, оның қалыңдығы 14 000 км-ге дейін жетеді. Хромосферадан жоғарыда Күн атмосферасының ең ыдыраңқы бөлігі — күн тажы бар.

Фотосферадан күннің бетінде дақтары бар екенін байқауға болады. Олар күңгірт ядродан және әлдеқайда мөлдір қоршаудан тұрады. Жеке дақтардың диаметрі 200 000 км-ге жетеді. Фотосферада күн дақтарынан басқа факелдер байқалады: олар фотосферадан жоғары көтеріліп тұрады да, температурасы өте жоғары болады. Әлсін-әлсін Күн дискісі жиегінде жарқырауық газдардан тұратын протуберанецтер пайда болады. Протуберанецтер мелшері жүздеген мың километрге жетеді.



Планеталар — Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.

Күн системасына тоғыз ірі планеталар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және күшті телескоп арқылы бақылауға болатын 1 600-ден астам кіші планеталар енеді. Кіші планеталардың көпшілігінің орбиталары Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында жатады

Физикалық қасиеттері жағынан Жерге ең ұқсас планеталар Марс пен Шолпан.

Марс. Марстың кесе-көлденең ені Жерден екі есе кіші. Оның үстіңгі беті өте көп кратерлерге толы. Марс Жерден мөлшері, орташа тығыздығы, жыл маусымдарының екі есе ұзақ болуымен ерекшеленсе де, Жерге ұқсастығы да бар: Марстың айналу осінің көлбеулігі Жердікіндей дерлік; тәулік ұзақтығы 24 сағат 37 минут 22 секундқа тең. Марс массасы Жер массасынан тоғыз еседей кіші болғандықтан оның атмосферасы өте сирек. Марс ат-мосферасының тығыздығы Жер атмосферасының 1-—2%-дей. Марстың Жерден атмосфера құрамы жағынан да айырмашылығы бар: Марс атмосферасында оттегі аз, оның негізгі құрамы — көмір қышқыл газ бен азот. Атмосфераның өте сирек болуы Жерде бар тіршілік формаларының көпшілігінің Марста өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Марстың қысқы үскірік аязы мен біршама жазы жылы жердегі тундра климатының жағдайларын еске түсіреді.

Марс полюстеріндегі ашық ақ дақтар — поляр қалпақтары — ғалымдардың пайымдауынша қар мен тұманның жұқа қабаттарынан тұрады. Қызыл-сары түсті дақтардың мөлшері де, орналасқан орны да ауытқымайды — онда шөлдер орналасқан болар деп жорамалдайды. Марс аспаннан жай көзбен қарағанда қызғылттау түсті жарқыраған жұлдыз болып көрінеді.


Шолпан. Шолпан планетасының да Марс сияқты Жерге ұксастығы көп. Оның көлемі Жер көлеміндей, ал орташа тығыздығы жердің тығыздығына жуық. Тәулік ұзақтығы әлі дәл анықталған жоқ. Жарқыл күші жөнінен Шолпан Күн мен Айдан кейінгі үшінші орында. Ол аспанға Күн бата немесе Күн шығар алдында пайда болады, сондықтан оны кешкілікті немесе таң жұлдызы деп атайды. Шолпан атмосферасы тығыз (Шолпанның газды қабығын тұңғыш ашқан М. В. Ломоносов); ол үнемі . бұлтпен қоршалып жатқандықтан, оның үстіңгі беті бақылаудан көлегейленіп тұрады.

Планеталардың көпшілігінің серіктері бар. Мысалы, Марста екі, Юпитерде — он екі, Сатурнда—тоғыз, Уран-да —бес, Нептунда екі серік бар, Меркурийдің, Шолпанның және Плутонның серіктері жоқ.


Ай -Жер серігі. Ай диаметрі Жер диаметрінің 0,027-сіне тең, ал массасы жердікінен 82 есе кіші. Айдың орташа тығыздығы да жердікінен кіші (3,3 г/смг). Ай өз осінің айналысында 271/3 жер тәулігінде айналып, осы мерзімде Жер төңірегінде де айналма жол салып өтеді, сондықтан да «ай жылы» оның тәулігіне тең. Жерге Айдың үнемі бір жағы қарап тұрады. Айға әдейі ба-ғытталған советтік космос станциясы көмегімен 1959 ж. октябрьде Айдың көрінбейтін жағы тұңғыш рет суретке түсірілді.

1965 ж. бұрынғыдан анағұрлым жетілдірілген ғылыми станция «Зонд-3» аппаратурасының көмегімен айдың көрінбейтін жағы қайтадан суретке түсірілді, Айдың жаңа түсірілген суреттері Ай бетінің көрінетін жағына қарағанда көрінбейтін жағында «теңіздердің» әлдеқайда аз деген 1959 ж.

алынған мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеп берді. Соңғы мәліметтерге қарағанда Айдың үстіңгі беті вулкандық процестер негізінде түзілген болар деп ойлауға болады. Қазіргі, кезде Айдың үстіңгі бетінің түзілуін бес типке ажыратады:

1) «теңіздер» —күңгірт үлкен аймақтар;

2) сақиналы таулар—цирктер немесе ай кратерлері;

3) тау тізбектері;

4) жарықтар;

5) жылылық шығару жүйелері. Цирктер немесе кратерлер Айдың үстіңгі бетінің негізгі ерекшеліктері болып табылады.Олардың жер кратерлерінен айырмашылығы: мөлшерлері үлкен болып келеді. Олардың кейбіреулерінің (Птолемей циркі) диаметрі 185 км-ге жетеді. Айдағы таулар жердегіден биік, Айдың оңтүстік полюсіне таяу асқарларының бірінің биіктігі шамамен 9 км. Ай бетіндегі сызат-жарықтар жіңішке де терең келеді, олар жүздеген километрге дейін созылып жатады.

1966 ж. 31 январьда Айға ұшырылған советтік автоматтық станциясы 3 февральда Айға жетіп, ай бетіндегі Дауыл Мұхиты аймағына жайлап қонды.

«Луна-9» станциясынан берілген телевизиялық кескін өте сирек табыс және ғалымдардың пікірінше Ай бетінің құрылысы мен ерекшелігін анықтау үшін ғылыми бағалылығы айрықша болып саналады.

Айда атмосфера да, су да жоқ, сондықтан жердегідей онда өсімдіктерде де, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ай аспаны үнемі қап-қара, одан жұлдыздар түндегідей күндіз де жақсы көрініп тұрады. Атмосфера болмағандықтан, онда жайма-шуақ күндізгі жылылық та болмайды. Ондағы көлеңкелер өте айқын.

Айдың Күн мен Жерге қатысты орналасуына байланысты Ай фазалары ажыратылады. Жаңа ай кезінде Ай Күн мен Жердің аралығында болады. Ол Жерге Күн сәулесі түспеген жағымен қарайды, сондықтан Жерден қарағанда көрінбейді.

Одан кейін «жаңа» айдың күн сәулесі түскен орағы пайда бола бастайды. Ол біртіндеп ұлғая келе жаңа айдан кейінгі 7-ші күні аспаннан жарты шеңбер болып көрінеді. 14—15-ші күндері Айдың Жерге қараған бетіне Күн сәулесі толық түседі — мұны толған ай дейді. Толық ай -соңынан Күн сәулесінің Ай бетіне түсуі кеми береді. Толық айдан кейінгі 7-ші күні — соңғы тоқсанда Ай түн ортасынан кейін ғана жарты шеңбер тәрізденіп туады, оның Күн сәулесі түскен бөлігі тек екінші жағына қарап орналасады. Толықсыған Ай жарығы күн жарығынан 450 мың есе әлсіз болады.

Метеор денелер темірден немесе силикаттардан құрылады. Олар Жерге планета аралық кеңістіктен құлап түседі. Бұлар кішкене планеталар — астероидтардың сынықтары. Әдетте метеор денелер жер атмосферасына тап болғанда бұрынғы жылдамдығынан айырылады да, кейде ұсақ бөлшектерге ыдырап кетіп, метеоритті жаңбыр түзеді.

1947 ж. Қиыр Шығыстағы Сихотэ-Алинь ауданына ірі метеоритті жаңбыр жауды. Жаңбыр болған жерден диаметрі 26 м 24 кратер және диаметрі 9 метрден кішілеу 176 шұңқырлар табылған. Жерге 3—4 км/сек жылдамдықтағы ірі метеорит құлап түскенде, өте күшті қопарылыс болады. Мысалы, 1908 ж. құлап түскен Тунгус метеоритінің қопарылысынан орасан зор аумақтағы ағаштар түгел оталып кеткен.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Жалпы жертану пәнінің мазмұны, міндеті, мақсаты туралы не білесіңдер?

2.Жер және әлем кеңістігі туралы түсінік?

3.Күн жүйесі планеталарына сипаттама беріңіз?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


22 Тақырып: Жердің формасы және қозғалысы.

Дәрістін жоспары:

  1. Жердің шар тәрізділігі және айналуы.

  2. Жергілікті жерді бағдарлау және өлшеу.

  3. Глобус және градус торы.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Жер мен космостың өз ара әрекеттестігі

Жер, космостың бір бөлігі болғандықтан, оған ол алуан түрлі әсер етіп отырады. Олардың ең бастылары мыналар:

1. Ай меп Күннің тарту күштернің әсерінен Жер үстінде, Дүние жүзілік мұхитта, атмосферада жәпе жер қабығында көтерілулер мен қайтулар пайда болады.

2. Жер Күннен жер бетіндегі жылу қоры ретінде пайдаланылатын, сондай-ақ құрылықта, мұхитта, атмосферада және организмдерде болып жататын процестердің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жылу энергиясын алады.

3. Жер массасы жерге құлап түсетін метеориттер есебінен үздіксіз артып отырады. Сонымен бірге жер атмосферасының жоғарғы қабаттарынан газ бөлшектері бөлініп шығып, планета аралық кеңістікке сіңіп кетеді.

4. Күннен Жерге зарядталған бөлшектер ағыны құйылады. Әлем дүниесі түңғиығынан жер атмосферасының жоғарғы қабаттарына көзге керінбейтін космостық сәулелер — әр түрлі химиялық элементтердің (ең алдымен сутек атомының ядросы) атомдары ядроларының түйдегі енеді.

Жер үстіндегі кейбір құбылыстар — поляр шұғыласы, магниттік дауылдар, ауаның иондануы, атмосферадағы кейбір газдардың молекулалық күйден атомдық күйге көшуі, т. б. космос бөлшектері мен сәулелерінің жер атмосферасына қаулап енуінің әсерінен пайда болады.

5. Жер әлем тартылыс күшімен аспан денелеріне әсер етеді және өзі күн жүйесіне, Галактика мен метагалактика жүйесіне енетін басқа аспан денелерінің әсеріне душар болады.



2. Жердің физикалық қасиеттері

Жердің нағыз беті, оның ауысып отыратын ұшы – қиыры жоқ және сан алуан қыраттары мен ойпаттары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жердің формасы туралы түсінік алу үшін жердің шын беті емес тек теориялық бетті зерттейді.

Ғылыми және практикалық мақсатта өте жиі Жер сфероидты түсінігі қолданылады (грекше sphaira - шар, eidos – түр), ол полюстерге қарай созыңқы, бірақ шарға жақын геометриялық фигура. Сфероид эллипсоид айналуына сәйкес те біркелкі тепе – тендіктігі сұйық массалы фигура. Оның барлық заттары бір – біріне тартылыс күшіне байланысты тартылады және өзгермейтін білік айналасында тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Жер біртекті сұйық масса болмаса да Жер сфероидының эллипсоидтық айналудан айырмашылығы аз. Сфероид пен эллипсоидтық айналуының ең жоғарғы ауытқуы 45 ендікте - 3-4 м. Барлық геодезиялыө есептеулер эллипсоид бетінде жүргізіледі.

Жердің полярлық сығылуы XVII ғасырда белгілі болды. 1672 жылы Парижден Каеннаға сағатпен қозғалғанда оның маятнигінің экватор маңында тәулігіне 2 мин 28 секундқа қалып отыратыны анықталды. Сондықтан сағаттың маятнигін 2,8 мм-ге қысқартуға тура келді. Ньютон мен Гюйгенс бұл құбылысты полюстен экваторға қарай ауырлық күшінің азаюымен түсіндірді. Мұндағы жаналық: дұрыс есептеулер нәтижесінде қоныржай ендіктерден экваторға қарай ауысқанда салмақ күшінің жылдамдығы сол бағыттағы орталықтан тебетін күштің көбеюінен едәуір тез кемитіндігін көрсетті.

Ньютон мен Гюйгенс жер полюстерінің қысылынқы және экватордың дөнес болуы мүмкіндігін айтты, демек жер шар емес, сфероид, яғни эллипстің кіші білігінде (осінде) айналуынан шыққан дене (сфероид сүреті).

Сфероидта меридиандар дөнгелек шеңбер емес - эллипс, ал полярлық және экваторлық радиустардың ұзындығы әртүрлі.



Алғаш рет жердің полярлық сығылуын француз математигі А. Клеро есептеп шығарды:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет