Психодрама



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі1,45 Mb.
#193645
  1   2   3
Байланысты:
Психодрама

Психодрама

Орындаған: Марип Г.; Дүйсенбай А.

Қабылдаған: Садуова Ж.

Психодрама – (психо… және грек. Drama – іс әрекет) топтық психотерапияның бір түрі; Мұнда қатысушылар актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталған психотерапия әдісі. Бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді.

  • Психодраманың мақсаты — адекватты емес күйлерді және эмоционалды реакциялар диагностикасы және терапиясы, оларды шеттету, әлеуметтік қабылдауды, терең өзін-өзі тануды өңдеу.
  • Психодраманың негізгі міндеті - адамды эмоционалды блокаторлардан арылту, оның айналасындағы әлемге деген көзқарасын оң жаққа өзгерту және бар ішкі мәселелерді шешу.
  • Психодрама ұғымын және процедурасын Дж. Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір құралы деп түсіндірді. Психодрама тұлғаны түзету бағыты ретінде қарастырылады. Ол бұл әдісті әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде түсіндірді.

Психодрама нұсқау

  • Топтағы қатысушылардың біреуінің айтуы бойынша оқиға сюжетi бойынша тұтқиыл шығарылған театр қойылымына ұқсас жүргiзiледi, бұл жерде клиенттер әртістер және көрермендер рөлінде болады, олардың рөлдері қатысушылар тұлғалық мағынаға ие өмірлік жағдайларға бағытталған, олар үшін өмірлік маңызы бар жағдайларға модельденеді. Әдетте қатысушылар қатысушылардың бірі ұсынған оқиға желісін, жағдаяттарды театрлық формада көрсетеді. Жұмыстың көптеген түрлерінде әңгімелеуші қатысушылар әрекетін және олардың рөлін анықтайды. Әдебиет мәтіндерін де қолдануға болады. Психодрманың элменттері мінез құлықтық терапияға, әлеуметтік психологиялық тренингке, іскерлік ойындарға кіреді.

Морено психодраманың үш негізгі түрін атап көрсетті. Олардың арасындағы айырмашылық мәселенің нақты неге арналғанында;

  • Жеке тұлғаның мәселесі. Мұнда толығымен топ мүшелерінің бірінің мәселесіне бағытталған психодрама кезінде жаттығуларды өткізу туралы айтып отырмыз.
  • Топтық мәселе. Мұнда топ ішінде қатысушылардың өздері, сондай-ақ процеске белсенді қатысатын көшбасшы арасындағы қарым-қатынасқа баса назар аударылады.
  • Тақырып мәселесі. Бұл әдіс топтың барлық мүшелерін қызықтыратын тақырыпқа негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет