Тақырыбы: Жеке тұлға
Жоспар:
1.Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.
2. Жеке тұлға мотивтері.
3. Жеке тұлға бағыт-бағдары.
4. Жеке тұлға психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері.
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.
Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады.
Алайда «тұлға»жалғыз психологиялық ғана емес оны басқа да қоғамдық ғылымдар зерттейді. Оллардың ішінде философия, социология, педагогика және педагогика және басқа ғылымдар бар. Бұл күндері тұлға болып туылмайды, қалыптасады деген пікір нақты қалыптасып отыр ,алайда тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынады деген сұрақ туралы әр түрлі пікірлер бекіген. Мұндай айырмашылықтар тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәнін әр түрлі түсінумен, сонымен қатар даму процестерін жеделдету мүмкіндіктері, тұлға дамуындағы дағдарыстар,даму сатыларымен заңдылықтарымен басқад сұрақтармен байланысты болып отыр.
Тұлға жайындағы әрбір анықтамалар теориялық тұрғыда негізделіп зерттеулермен бекітлген болғандықтан олардың бәрін ескеру керек.
Көбінесе тұлға деген ұғым әлеуметтік даму процесінде меңгерілген өмірлік және әлеуметтік маңызды сапалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тұлға қоғамдық байланыстармен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызда мәнді болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам.
Достарыңызбен бөлісу: |