Психологтың міндеттері



Дата17.02.2023
өлшемі28,89 Kb.
#169117
Байланысты:
stud.kz 20219
m005-modal-verbs-past, ДЖТ СПЕЦИФИКАЦИЯ

Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады




Психологтың міндеттері
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететин көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.


Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Психологтың құқықтары:
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.
7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.
Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.).
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы).
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.).
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.
Мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- қиын оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың мақсат-міндеттері:
1. Оқушының жеке басын, отбасын жеке зерттеу;
2. Оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;
3. Қиын оқушылармен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
4. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
5. Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;
6. Арнайы комиссияларға апару;
7. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
8. Балаға сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
9. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
10. Ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл - кеңес беру.
Қиындық туғызатын оқушыны бақылау күнделігі
1 Аты-жөні
2 Жасы
3 Сыныбы
4 Отбасы құрамы, білімі, кәсібі. Ата-анасының қызметі
5 Отбасының педагогикалық жағдайына сипаттама
6 Педагогикалық қиындықтарды жою жолдары
7 Оқушымен, ата-анасымен жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі: сауалнама, диагностика, бақылау, міндеттерді алу, түзету жұмыстары, нәтижесі.
Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы
Оқушының аты-жөні, сыныбы ______________________________________
Туған жылы, айы, күні _____________________________________________
Мекен-жайы, телефоны __________________________________________
Ата- аналары туралы мәлімет
Деректер
Анасы
Әкесі
Ата – анасының аты – жөні

Жұмыс орны


Қызметі

Байланыс телефоны

Өзара қарым- қатынас беті


1. Оқушының ұжымдағы беделі?
Басшы, беделді, елеусіз, бөлектенген, енжар.
2. Ұжымның ескертпелеріне, сындарына, талаптарына қатысы?
Жағымды, ынтамен, қинала, бей - берекет, өштесе, селқос.
3. Достары бар ма?
Тек өзінің сыныбында, сыныптан тыс, сыныпта да, сыныптан тыс та, өзімен шамаластармен, өзінен үлкендермен, өзінен кішілермен, ешкімі жоқ.
4. Мектеп шараларына қалай және кім болып қатысады?
Басшы бола алады, ұйымдастырушы, белсенді мүше, енжар орындаушы, қарсы ұйымдастырушы, қатыспайды.
5. Кімдермен кикілжіңге түседі?
Сыныптастарымен, басқа сыныптағылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, туысқандарымен.
6. Қандай еңбек түрін қалайды?
Ақыл-ой, дене, екеуін де, еңбек етуді ұнатпайды.
7. Өзіне деген қатынасы?
Өзіне-өзі сенімді, өзіне-өзі сенімсіз, өзіне сынай қарайды, өзін-өзі бақылайды, жетістікке ұмтылады.
8. Мәдениет дағдыларын меңгерген бе?
Қоғамда мәдениетті, шектен шығып кететін кезі болады, мәдениетсіз.
1. Ерекше жасаған әрекеттері мен тәртіп бұзушылықтары?
Қашан жасады?
Себептері
Жүргізілген шаралар, уақыты
Нәтижесі
Қиындық туғызатын оқушының тәрбиелік деңгейінің диагностикасы
Оқушының аты-жөні: _________________________
Бағалау өлшемдері
Тәрбиелік белгілері
Баға
Эрудициясы
Білімі қанағаттанарлық, қосымша білім көздерін пайдаланбайды, сөйлеу мәдениеті, зеректілігі, тапқырлығы қанағаттанарлық.

Ынтасы
Ұмтылыс жоқ, жауапкершілігі төмен, өзіндік әрекеттері жоқ, бірақ өзара көмекке келуге даяр, зейіні төмен.

Еңбек сүйгіштігі
Жалпы жинақы, еңбекті жақсы көреді, еңбек қауіпсіздігін сақтайды, еңбегі өнімді, еңбек тәртібін сақтайды.

Адамгершілілігі,


саналылығы
Адамгершілігі бар, адамдық қарым-қатынасы дұрыс, мейірімді, мәдени мерекелерге баруды ұнатады, мінез-құлық ережелерін орындайды, бірақ мектеп жарғысын орындамайды.

Табиғатқа қатынасы


Жерге, табиғатқа, өсімдікке, жануарға аялы көзқараспен қарайды.

Эстетикалық


талғамы
Сырт пішіні жинақы, таза, ұқыпты киініп жүреді, жазуы таза, әдемі.

Өзін - өзі жетілдіру


дағдылары
Өзінің мінез-құлқын реттей алмайды, уақытын тиімді пайдаланбайды, денсаулығын күтпейді, жеке бас тазалығы орташа, өзін-өзі жетілдірмейді.

Экономикалық


санасы
Экономикалық сауаттылығы төмен, қоғамдық істерге белсенді болғанымен саналы әрекет жасай алмайды.

Азаматтық санасы


Пікірталасқа түсе аламайды, мақсат қоймайды, өз әрекетіне өзі баға бермейді.

Құқықтық санасы


Құқықтық білімі өте төмен.

Бақылау картасы


Оқушының аты-жөні ___________________ сыныбы ________

Бақылаудың мазмұны
Байқалмайды
Кейде
Жиі
1
Оқу-іс-әрекеті;
- Немқұрайлылық;
- Оқығысы келмейді;
- Оқу үлгерімі төмен;
- Оқу бағдарламасын меңгеруде қиналады;
- Бір немесе бірнеше пәндерден үнемі үлгерімі төмен

2
Құрдастарымен қарым-қатынасы:


Сыныптағы жағдайы:
- Бөлек жүреді;
- Өзін сыныпқа қарсы қояды;
- Мінезі қиын балаларды басқарушы ретінде өзін сезінеді;
Басқа балаларға қатынасы:
- Өзінен әлсіз және кіші балаларға күш көрсетеді;
- Құрдастарын ұнатпайды;
- Әр түрлі жастар тобына кіреді;

3
Бос уақытын өткізуі:


- Үйірмелер мен секцияларға қатыспайды;
- Сабақтан бос уақытын үйден тыс (ауладағы достарымен) өткізеді;
- Ішімдік ішеді;
- Темекі шегеді;
- Өмір сүруіне ақша табумен айналысады;

4
Еңбекке қатынасы, кәсіптік бағыттылығы:


Мамандық таңдау:
- Өз мүмкіндігі мен қабілетін білмейді;
- Кәсіптік айқындалмаған;
- Өзі таңдаған мамандығына қатысты қасиеттері дамыған;
Еңбекке қатынасы:
- Еңбек етуге қарсы;
- Мектепте және үйде еңбек міндеттерін орындамайды;
- Жауапсыз қарайды;

5
Үлкендермен қарым-қатынасы


Ұстаздарымен:
- Бір немесе бірнеше мұғаліммен қайшылықты сипаттағы қарым-қатынаста;
- Дөрекі;
- Өтірік айтады;
Ата-анасымен:
- Қайшылықты мінез – құлықта;
- Өтірік айтады;
- Дөрекі;

6
Мінез-құлық және әрекеттер


Мектепте:
- Сабақтан қалу;
- Мектеп тәртібін бұзу;
- Дөрекі сөйлеу;
- Мектеп мүлкін бүлдіру;
- Сабақты бөлу,
- Төбелесу;
Үйде:
- Үйден қашу;
- Үй міндеттерін орындамау,
- Ешкімді тыңдамау;
- Өтірік айту;
Құқыққа қарсы әрекеттер
- Қаңғыбастыққа салыну;
- Қайыр сұрау;
- Құмар ойындар ойнау;
- Есірткі қолдану;
- Жезөкшелікпен айналысу;
- Ұрлық жасау;
- Алаяқтық алдау;
- Мүлікті бүлдіру;
- Дене жарақатын салу (төбелесу)
Қиындық туғызатын оқушы ______________


Мерзімі


Тәртіп бұзушылық
Қолданылған шара
Қорытынды

Мектептегі тәрбиесі қиын оқушылармен әңгімелесу


Мақсаты: Мектептегі тәрбиесі қиын балалардың психологиялық даму деңгейін және шығу себептерін анықтау.
1. Сынып жетекшісімен әңгімелесу.
- осы мектеп оқушысының тәрбиесінде қандай қиындықтар бар?
- мектеп оқушысының мектептегі және үйдегі тәртібі қандай?
- үлгерімі;
- оның қиындығы туралы қандай нақты фактілер бар?
- осы оқушыны түзетуге қандай жұмыстар жүргізілді және ол қандай нәтиже берді?
- осы оқушының жанұясының әлеуметтік жағдайы?
2. Мектеп оқушысымен әңгімелесу:
- орта мектепті бітіргеннен кейін кім болғың келеді?
- қандай оқу пәнін жақсы көресің?
- не оқығанды ұнатасың?
- өзіңнің жолдастарың туралы не ойлайсың?
- сен үйдегі және мектептегі өзіңнің мінез -құлқыңа қанағаттанасыңба?
- сенің қоғамдық жұмыстарың және оның нәтижесі?
- сенің мектептегі және үйдегі сүйікті ісің?
- өмірде не қызықты және не маңызды деп ойлайсың?
- ата-анаңмен қарым-қатынасың қандай және не себепті ондай?
- үлкендермен қарым-қатынасың қалай?
3. Оқушы туралы басқа мұғалімдермен әңгімелесу:
- сіздің сабағыңыздағы осы оқушының үлгерімі және мінез -құлқы туралы пікіріңіз?
- оның тәртіпсіздігін сипаттайтын жағдай және сіздің оған кеңесіңіз?
- оның оқуға, жұмысқа қабілеттілігі, мүмкіндігі?
4. Қиын оқушының жолдастарымен әңгімелесу:
- достасқандарыңызға көп болды ма?
- сіздердің бірігіп істейтін істеріңіз, айналысатын нәрселеріңіз?
- саған досыңның қандай әрекеті ұнайды?
- саған досыңның қандай әрекеті ұнамайды және ол не себепті?
- сен оған қандай көмек көрсетесің?
- болашақтағы сіздің жоспарларыңыз?
5. Мектеп оқушысының ата-аналарымен әңгімелесу:
- сіз өзіңіздің балаңыздың оқуы және мінез-құлқына қанағаттанасыз ба?
- сізді оның мінез-құлқында және оқуында не қобалжытады?
- сіз оған қандай көмек көрсетесіз?
- күнделікті күн тәртібі және оны орындауы?
- ол үйде не істейді? үй ішіне көмек көрсетеді ма?
- сіз балаңызға болашақ мамандығын таңдауына қандай кеңес бересіз?
6. Оқушы туралы сынып старостасымен әңгімелесу:
- осы оқушы туралы сіздің пікіріңіз?
- сынып ұжымында оның мінез-құлқындағы кемшіліктер нелерден көрінеді?
- сыныптас жолдастарымен қарым-қатынасы?
- сіз және сынып ұжымы оған үлгілі оқушы болуына қандай көмек көрсетесіз?
- қоғамдық тапсырмаларға оның қатынасы және сынып өміріне қатысы?
Білім беру мекемелеріндегі психологтың жұмыс жоспарына қойылатын талаптар:
1. Жоспар құру барысында мыналарды ескеру қажет:
- өз жұмыс мекемесіндегі білім беретін іс-әрекет мақсаты мен міндеттерді;
- ҚР Конституциясына, Білім туралы заңға, Баланың құқы туралы Конвенциясына, Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына және облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес баланың қызығу құқықтары басымдылықтары және т.б.
2. Жұмыс жоспарына төмендегі бағандарды енгізу қажет:


Жұмыстың аты


Жүргізу жағдайы
Жауапты
Уақыты
Күтілетін нәтиже

Екінші бағанда әр түрлі іс-шаралардың (жиналыс, кеңес, әңгіме, сабақ және т.б.) аттары, сондай-ақ белгілі бағыт бойынша іс-әрекеттің бағдарлама аты (мысалы, сыныпты диагностикалық тексеру немесе түзету т.б.). Егер әр бағыттың жұмысын бөлек көрсету керек болса, онда осы бағаннан бағаншаларға бөлген дұрыс. Жұмыс жоспарын апталық, айлық немесе кварталдық немесе тоқсанға есептік ретінде құрастырылады.


3. Болашақ жұмыс жоспары психологтың жұмыс мақсаты мен бағыттарын ендіріп, бір жылға жасалады.
Оқу жылына арналған мектеп психологының іс-әрекеттік жұмыс жоспары
1. Мектеп психологының іс-әрекетіне қосымша жұмыстардың мазмұны:
- бірінші сыныпқа қабылдау;
- бастауыш сыныптағы оқушылардың мектепке бейімделуі;
- орта буынға өтуі;
- орта буынға бейімделуі;
- жасөспірім дағдарысы;
- жоғары сыныпқа бейімделу.
2. Педагогикалық ұжымдармен ағарту және топтық кеңестік жұмыстарының бағыттары (семинарлар) - 1-3, 5-8 және 9-11 сыныптарының әр топқа жылына 2 семинар жоспарланып жүргізген дұрыс. Семинарларда төмендегі жұмыс бағыттары қаралуы керек:
- ағарту бағыты-пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне оқушылардың белгілі жастағы психикалық дамуындағы заңдылықтары мен ерекшеліктерін таныстыру;
- әдістемелік бағыт-пән мұғалімдерін белгілі жастағы оқушыларды оқытудың негізгі психологиялық талабын, мүмкіндіктерін таныстыру;
- әдістемелік бағыт-сынып жетекшілерін белгілі жастағы оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі психологиялық талабын, мүмкіндіктерін тәрбиелеу мақсатында таныстыру.
Мектеп психологының күндік жұмыс жоспары (апталық жоспардың үлгісі)
- сабаққа белгілі бір мақсатпен қатысу (сабаққа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс);
- сынып оқушыларына психологиялық зерттеу жүргізу (оқу мотивациясы, мұғалімдерге қатынасы);
- пән мұғалімдеріне арналған топтық кеңес (жасөспірімдердің оқу мотивациясын диагностикалау мен қалыптастыру);
- белгілі бір тақырыпта дәріс өткізу;
- қауіпті топқа жататын оқушылардың ата-аналарымен жеке кеңестер жүргізу;
- жасөспірімдердің ата-аналарына арналған өзекті мәселелерге қатысты тақырыпта дәріс өткізу.
Педагогикалық ұжымды зерттеудегі диагностиканың маңызы
Педагогикалық ұжымды түбегейлі зерттеу үшін төмендегі
Көрсеткіштер бойынша мәліметтерге ие болу маңызды:
- психологиялық атмосфера;
- ұжымның даму деңгейі;
- ұжым мүшелерінің бағалары мен өзара бағасы;
- ұжымды басқару стилі;
- ұжымдағы басшы-қарамағындағылар қатынасы;
- ұжымдағы әлеуметтік коммуникативтік құзырлылықтың және тұлғааралық қатынастың деңгейлері;
- педагогтардың өзіндік бағалары, тартымдылық деңгейлері;
- ересектер мен балаларға қатынасы бойынша эмпатия деңгейі;
- ұжым мүшелерінің көңіл-күйі, белсенділігі;
- педагогтардың тұлғалық (қорқыныш) үрей деңгейі.
Жүргізілген психодиагностикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды
1. Зерттеу жүргізудің себебі;
2. Зерттеуге жоспар құру, болжам жасау, психологиялық зерттеудің әдістемелерін таңдауға негіздеу (әдістемелерді жасағандардың аты көрсетіледі);
3. Диагносттың аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс телефоны;
4. Зерттеуді жүргізу уақыты;
5. Кесте бойынша әдістемені сипаттау:
- мектептің аты;
- тесттің авторы, атауы;
- зерттелетін жұмыс;
- нәтижеге әсер ететін факторлар.
6. Бағалау шкалаларының аттары: мысалы, вербальды емес интеллект, мағлұматтылығы, жалпы баға, есте сақтаудың көлемі және т.с.с.
7. Зерттеудің нәтижелері:
- сандық мәліметтер, жеке немесе барлық оқушыларға кесте ретінде;
- мәліметтердің жалпылама интерпретациясы, сандық талдау мен қорытынды.
Тестілеудің нәтижесі бойынша нұсқаулар
Тестілеудің нәтижесін есептеу кестесі

Тестіден өтушінің аты-жөні
Диагностикалық тапсырманы орындау нәтижесі
Қорытынды

Күні
Жүргізушінің аты-жөні


Қорытынды пікір
Қолы
Психологтың кеңес журналының үлгі

Күні
Жүргізу
уақыты
Кеңес алушы
Келген
себебі
Мәселесі
Кеңестің
нәтижесі
Кеңесші

жасы
жынысы


аты

1
2




4
5
6
7

2 бағанда кеңестің басталған және аяқталған уақыты болашақта жұмысты жоспарлауда кеңестің ерекшелігін ескеруге болады.


3б бағанынында кеңес алушы қалай өзін атайды немесе анонимдік атаумен жазу керек.
7 баған, егер бір мекемеде бірнеше психолог қызмет ететін болса, әрі бір жалпы журналға тіркелген жағдайда ғана.
Топтық жұмысты есепке алу журналының үлгісі

Қатысушының
аты-жөні
Тренинг не сабақ
тақырыбы
Кездесу күні
Қатысқанын
белгілеу

Жүргізуші

Ескерту
1
2
3
4
5
6
7

Жұмыстың топтық формасына жататындар:


- балалармен, ересектермен тренинг;
- балалармен түзету және дамыту сабақтары;
- семинарлар, дәрістер, практикалық және әдістемелік сабақтар;
- мұғалімдермен, оқушылармен іскерлік ойын.
Әдебиеттер тізімі:
1. Садуахасова А.Б. Психологиялық қызметті ұйымдастыруға арналған әдістемелік материалдар жинағы. Оқу әдістемелікнұсқау. - Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2011№. - 58 б.
2. Алдамұратов. Қызықты психология. - Алматы: Қазақ университетi, 1992. - 112 бет.
3. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. - А, 2003 ж.
4. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М.: Генезис, 2000. - 298 с.
5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: Владос, 2000.
6. Психологиялық қызмет Ережелері проекциясы Өзгеріс - Перемена, Қарағанды, 2002.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет